Жаттығумен жұмыс: 124-жаттығу. Төменде берілген шартты мәнді құрмалас сөйлемдердің сыңарының баяндауыштарын кестеде көрсетілген жолдармен жасап көріңдер.
Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара
Егер жау берілмесе оны құртар болар.
Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай.
Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?
Салалас құрмалас сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 125-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8