б) Жаңа сабақты түсіндіру: Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып,өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрамалас дейміз. Мысалы: Айгүл аттан түсіп еді,су қайта таязданып қалғандай екен. Жер қара,күн жылы кезінде бұл қалада болған адам өзен ортасындағы арал орманды жақсы біледі,өйткені қаланың тұрғындары жазғы демалыс күндерінде бұл араға қауырт келеді.Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемдерінің баяндауыштары (түсіп еді,біледі) екінші жай сөйлемдерінің баяндауыштары сияқты (таязданып қалғандай екен,келеді) тиянақты,сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.
Құрамындағы жай сөйлемдер екі түрлі жолмен байланысады: 1.Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
2.мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып,,интонация арқылы байланысады.