Сабақтың түрі : Танымдық дамытушылық сабақ



бет1/3
Дата27.12.2016
өлшемі1,62 Mb.
#5868
түріСабақ
  1   2   3
Сабақтың тақырыбы: Жылқы . С. Мұқанов.

Білімдік мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға баулу,оның мазмұнын ашу, жылқы туралы білімдерін кеңейту .сөздік қорын молайту,білімді өздігінен алуға үйрету.

Дамытушылық мақсаты :Оқушылардың ойлау қабілетін, өй-өрісін кеңейту ,тілін дамыту , шығармашылық танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Зеректілікке баулу ,салт-дәстүрді үйрете отырып салауаттылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі : Танымдық дамытушылық сабақ

 Сабақтың әдісі : Топтық жұмыс, сұрақ – жауап, иллюстративті-түсіндірмелі,жартылай ізденіс,әңгімелеу,СТО стратегиялары



Пәнаралық байланыс : дүниетану, музыка

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд,тірек сызба, С. Мұқанов портреті.

І. .Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.Оқушыларды түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару.

А)Психологиялық дайындық Оқушыларға жай, орташа, қатты үш түрде айтқызу.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

ІІ.Қызығушылығын ояту :

Бәйшешектерді тере отырып үй тапсырмасын тексерейік. “ Ара мен шыбын” тақырыбына сай әр бәйшешек астында орындайтын төмендегідей тапсырмалар бар



1-тапсырма Шығарманы рөлге бөліп оқу,кейіпкерлердің іс-әрекетін ,сезім-күйін дауыс ырғағы арқылы мәнерлеп оқу.

2-тапсырма Өлеңді қара сөзбен сахналау.

3-тапсырма Қонаққа бару және қонақ күту рәсімдерін әңгімелеу.Қазақы қонақжайлылық- қа тоқталу.

ІІІ. «Ой қозғау» стратегиясы а.)Слайдпен жұмыс. - Қаңбар ата не атасы ?

ә. Жылқы туралы білетіндерін әңгіме , тақпақ айтқыза отырып, жаңа сабақты хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ : Жылқы. С. Мұқанов.

А). Жазушы өмірі мен қызметіне қысқаша тоқталу.

Сәбит Мұқанов 1900-1973 ж.

Солтүстік Қазақстан обл.

Жамбыл ауданы, Жаманшұбар

өңірінде туған. Аса көрнек-

ті жазушы,қоғам қайраткері.

Шығарманың авторы және оның

шығармалары туралы әңгімелеп,

«Ботакөз», « Балуан Шолақ» киноларына тоқталу.



Ү.Кітаппен жұмыс. Өзіміз оқып танысайық ,әңгімелейік.

Класс оқушыларын қатар бойынша 3-топқа бөлу,әр топқа жаңа сабақ бойынша

тапсырмалар беру. Оқушылардың білімді өздігінен алуына бағыт беру.

1-топ- Мәтіннің басынан бастап – кіріседі . сөзіне дейін оқиды,

2-топ- Қос сөзінен бастап - қалады . сөзіне дейіноқиды,

3-топ Тағы сөзінен бастап –соңына дейін оқиды..

Әр топ өзіне берілген « Жылқы» әңгімесіндегі жолдарды түсініп оқып , жоспар құрады және жоспар бойынша мәтінді мазмұнын ашып әңгімелеп береді.Соңынан мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы әңгімені толық мазмұндайды.



ҮІ. Сөздік жұмысы және оны қолданысқа ендіру. Шығармадағы түсініксіз сөздерге түсініктеме беріліп ,сол сөздерді қатыстырып ауызша сөйлем құрастырылады. ҮІІ.Танымдық – дамытушылық жұмыстар Слайд арқылы оқушылардың жылқы туралы білімдерін кеңейту,жобалау жұмыстарын жүргізу.

а ) Адам мен жылқының достығы өте ерте кезде басталған. Ертеде жылқы кең далада еркін өскен тағы жануар еді. Адам баста жылқыны тамақ ретінде көптеп аулаған. Келе – келе оның құлындарын қолға үйреткен , сол құлындардан қазіргі сәйгүліктер өсіп-өнген . Қазіргі жылқының ата тегі Тарпан мен Пржевальский жылқылары болды деген болжам бар Бұл жылқылардың тағы үйірін 1881 жылы орыс саяхатшысы Н.Пржевальский Тянь-Шань таулары сілемдерінде кездестіреді, көптеген зерттеулер жүргізеді. Бұл жылқыларды Монғолияда күні бүгінге дейін кездестіруге болады. Олар қорғауға алынған. (Слайдпен жұмыс)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет