Сабақтың түрі: Аралас сабақ Формалары: топтық, жекелей Ұйымдастыру кезеңі: А. Сәлемдесу. Ә. Күн тәртібі


Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев “Қарағым” өлеңі



бет2/3
Дата23.08.2017
өлшемі0,65 Mb.
#24980
түріСабақ
1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев “Қарағым” өлеңі


Сабақтың мақсаты: М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру. Ақының “Қарағым” өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, оқу, білім алуға деген оқушылар ынтасын қолдау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс – тәсілдері: мәнернлеп оқу, талдау, баяндау, кестемен жұмыс, көрнекілікті қолдану

Көрнекілік: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар

Пәнаралық байналыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру

III Жаңа сабақ:

  1. М. Жұмабаев туралы оқулық материалымен танысу.

  2. Сөздік жұмысын өткізу:

жаны нәзік

сыршыл ақын

дәл бейнеленеді

көзі жұмғылғанша

бостандық

аңсаумен өтті



  1. Сөздікте берілген сөздердің қолдану аясын анықтау. Мысалы:

Сыршыл ақын. Сыршыл ақын сезімдерін нәзік бейнеленген. Сыршыл ақын- М. Жұмабаев.

  1. М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кесте толтырып, оны жауаптарында пайдалану:

Маңызды оқиғалар

Жылдар

Шығармалары













  1. Ақынның өмірбаянынан “Қандай?”, “Қайда?” деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазу.(Тақтаға шығу)

    Қандай?

    Қайда? Сөз тіркесі

    Сөйлем










  2. Қарағым” өлеңімен жұмыс:

а) өлеңді мәнерлеп оқу;

ә) өлеңге берілген сөздікпен жұмыс:

Қарағым

Құр қаларсың



Босқа

Кідірме, аяңдама

Ұмтыл

Қолың серме


Қарап қалмас

Жан жетпес

Көңілі жүйрік кемеңгер

Құр қалтақтап жүргенменен

б) өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру:

-ақын өлеңі кімдерге арналған?



    • Мағжан ағаларың балаларды қандай болуға шақырады?

    • “Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

Ойынға, құр қаларсың, көңіл берме.” – деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

в) өлең түйіні берілген жолдары табу, мағынасын ашуға тырысу.


IV Сабақты бекіту


Ақын өлеңін Ы. Алтынсарин атаның “Кел, балалар, оқылық!” өлеңімен салыстыру. Қандай ұқсастық тапқандарын көрсету.

“Қарағым” “Кел, балалар, оқылық!”

Ұқсастықтары






V Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау


Білімнің, оқудың пайдасы туралы парталасымен сұхбат құру.

VI Үй тапсырмасы


1 Өлеңді жаттау.

2. Өнер-білім, оқу туралы мақалдарды дәптерлеріне жазып келу, естеріне

сақтау.

Сабақтың тақырыбы:Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) “ Әнші” әңгімесі

Сабақтың мақсаты: 1. қазақ халқының ұлы ақыны М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру. Ақынның “Әнші” әңгімесінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, балаларды әнді, өнерді құрметтеуге үйрету.

Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар, тірек сызба, үнтаспа



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, баяндау.

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Қаңтардың қай күні?



II Үй тапсырмасын тексеру.

А. Байтұрсынұлы “Егіннің бастары”



Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру.

III Жаңа тақырып.

  1. Ақын туралы оқулықта берілген мәтінмен жұмыс:

А) “Сұрақ-жауаппен қатынас” техникасын пайдалану.

3 оқушы екі сұрақтан дайындап, оны қағазға жазып, басқа оқушыларға беріліп , ал олар жауап береді. Егер жауап болмаса келесі оқушыға беріледі.

Жұмыс соныңда барлық сұрақтар мен жауаптар оқылып, тақтаға жазылады.

ә) сөздік жұмысын өткізу:

сыншы

аудармашы



сауат ашады

шығаруға көмектеседі

ел қорғаны

б) Тақтада көрсетілген кестені толтыру:



Ақын Жылдар

Маңызды оқиғалар

Шығармалары











IV Бекіту

  1. Ақынның “Әнші” әңгімесімен жұмыс:

а) әңгіме мәтіні үзіндісі үнтаспадан тыңдалады.

ә) әңгімеге берілген сөздік:

ойын-сауық күйледі

айт ынтық едім

ат жарыс қомданып алды

үй қыдырған

көкке шыққан

масайраған шат көңіл

сырнай-керней

қызық думан

жеңеше

б) Әңгімені мәнерлеп оқу, және аударып отыру.



Сұрақтарға жауап беру. Деңгейлік жұмыс.

1 Жетішатыр қандай қала?

2 Бұл қала қазір қалай аталады?

3 Шәкет кім?

4 Әншінің аты кім екен? Студенттер әншіні қандай мейрамға шақырды?

1 Қымыз деген не? Ол қалай дайындалады? Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?



  1. Әмірқанға мінездеме беріңдер, дәптерлеріңе жазыңдар.

  2. Әмірқаннның жұртты сүйсіндірген іс-әрекеттерін мәтіннен тауып, жазып алыңдар.

4 Әншінің сахнада өзін қалай ұстағанын суреттеңдер. Оқып беру.

V Қорытынды.

“Көктем келді “ Ш. Қалдаяқовтың әнінің әуенінде.

Ән айтып отырғанда, өздерін қалай сезесіңдер?
VI Үй жұмысы. Ж. Аймауытов. Әнгімені оқу.

VII Бағалау

Сабақтың тақырыбы:Бейімбет Майлин (1894-1938)

Сабақтың мақсаты: 1. қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру.

Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылығын оятуға ықпал ету.

Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар, тірек сызба.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, баяндау.

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Қаңтардың қай күні?



II Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру.

III Жаңа тақырып. Кіріспе.

Ұлттық әдебиетіміздің классигі Б. Майлин әдебиет жанрларының қалыптасуы мен дамуына үлкенүлес қосты. Оның қаламынан екі жүз елуге жуық өлең, жүзден артық прозалық және драмалық шығармалар, опералық либреттолар туды. Б. Майлин - әңгіме жанрының, фельетон өлеңдердің хас шебері.



  1. Ақын туралы оқулықта берілген мәтінді түсініп оқу.

  2. Сөздік жұмысын жүргізу:

Хас шебер

Табиғилық

өмір шындығы

нақты суреттейді

қаламгер

Сөздермен лексикакалық жұмыс орындау.



3. Жұппен жұмыс: берілген мәтінді пайдаланып, тірек сызба жасау, баяндап беру.
1894 жылы Қостанай облысының Троицк Уәзифа медресе,

Таран ауданында туған Қостанай орыс-қазақ мектебі

Уфа Ғалия медреседе оқыған
Бейімбет Майлин

Мұғалім болды сатирик
Жазушы

Шығармалары

Өлеңдер: “ Мырқымбай”, “Кедейдің кейістігі”, “Қазақ туралы”

Повесі: “Шұғаның белгісі”

Поэмалар: “Кемпірдің ертегісі”, “Маржан”



IV Бекіту .“Ой-тапқыр оқушы” оқыта үйрету ойынын ойнау.

Ойын шарты: 2 оқушы жүргізуші болып сайланады. Оқушылар мәтінді (Бейімбет өмірбаяның) бір рет жылдам және мұхият оқып шығады. Ойынның бірінші кезеңінде белгілі бір уақыт аралығында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді! Ойынның екінші кезеңінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап қысқа нұсқада болуы керек. Қай оқушы көп сұрақтарды қойды, сол “Ой-тапқыр оқушы” анықталады.

V Қорытынды. Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.


VI Үй жұмысы. “Бейімбет не Майлин” сөздеріне негіздеп сөзжұмбақ құру



VII Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Сабақтың мақсаты: 1. қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру.

Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Абай қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы екендігі, шығармаларының өзіндік ерекшеліктеріне назар аударып, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылығын оятуға ықпал ету.

Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар, тірек сызба.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, баяндау.

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Бүгін нешісі?



II Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру.

III Жаңа тақырып. Кіріспе.

Абай-19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің Бас ақыны. Абай Құнанбаейұлы-қазақ сөз өнерінің әлемдік деңгейге көтерілген ұлы өкілі.

Абай өзінің өмірден түйген тұжырымдарын қарасөз үлгісінде де жазған. Қарасөздерінде ол тәлім-тәрбиелік мәні терең ойларын шебер жеткізеді.

Сөздік жұмысы:

Бас ақыны

Сөз өнерінің өкілі

әлемдік деңгей

тіл кестесі

тұжырымдар

қарасөз


тәлім-тәрбиелік мәні
Тақтада көрсетілген кестені толтыру:

Жылдар

Маңызды оқиғалар

Шығармалары











Қосымша материалдармен жұмыс:

  1. Абай туралы мәтінді түсініп оқу.

  2. Сұрақтарға жауап беру:

-Абай қай жерде туған?

-Абайдың шын аты кім?

-Абай қандай білім алған?

-Қандай орыс классиктерінің шығармаларыноқыған?

-мәдениет пен білімге арналған қандай өлеңдері бар?

-Абай кімдердің шығармаларын аударған?

-Крыловтан қандай мысалдарды аударған?

-Абай қай жылы қайтыс болды?



IV Бекіту


  1. жұппен жұмыс: берілген мәтін бойынша тірек сызба құрастыру. Сызба бойынша бір-біріне “Абай туралы мен не білдім?” тақырыбына сұхбаттасу.


1904 жыл өлеңдері аудармалары
Абай орыс тіліндегі шығармалары

әжесі Зере, анасы Ұлжан мысалдары



Ахмет-Риза медресесі


V Қорытынды. Оқушыларға сұрақ

-Абайдың балалық шағын қалай елестетесіңдер?

-Бала Абай қандай болған деп ойлайсыңдар?

-Ойларыңды, пікірлеріңді ортаға салыңдар?



VI Үй жұмысы. VII Бағалау


Оқушының аты – жөні

Сұрақтарға жауап беру

Жұппен жұмыс

Қорытынды баға












1. Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов



Көрнекіліктер: Ұлы жазушының суреті, кластер, сызбалар, слайдтар, тапсырма жазылған парақша, мақалдар тізбегі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Формалары: топтық, жекелей

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А. Сәлемдесу.

Ә. Күн тәртібі.



  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Күнделікті қажет жаңа сөздермен жұмыс

Оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап береді



  • Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер?

  • Оның шығармалары қандай?

  1. Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\

  • Ол қандай ақынды ерекше бағалаған?

  • Оның өмірі туралы қандай шығарма жазған?

  1. Мақсат қою кезеңі:

А.Оқушылардың Ұлы жазушы туралы және оның шығармашылығының туралы меңгеріп, өз ойындағы сауатын жазып, жеткізуіне ықпал ету, баса шығармашылығы жөнінде мәліметін беру.

Ә. Ұлы Мұхтар тақырыбынан мәлімет бере отырып, тілдік білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік беру, ол туралы қосымша әңгімелеуге дағдыландыру.

Б. Оқушылардың Ұлы Мұхтар шығармаларының мәдениеттік үлгілеріне мән беріп, жазба тіл мәдениетін меңгеруіне бағдар беру.


  1. Материалды түсіндіру кезеңі:

  • Оқушыларға мәтіндегі тарауларды мәнерлеп оқып, жаңа сөздіктер арқылы өз тарапынан ажыратуға үйретемін.

  • Қосымша кластер жұмысына толық мәлімет ретінде мәтін ұсынамын.

Мұхтар туралы ұлы адамдардың сын-пікірін баяндаймын.

  • Оқулық тапсырмаларымен жұмыс

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

  • Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу

  • Мәтінге сұрақ қою арқылы ой өрбіту

  1. Бекіту кезеңі: Мұхтардың өмірбаянын баяндай отыра, оның басқа тақырыптарға жазған шығармаларына сөз беру.. Білімдерін бағалау.

  2. Үйге тапсырма беру кезеңі:

Ол туралы білгім келеді? Оқушылардың зерттеу жұмысы

2. Сабақтың тақырыбы: Көксерек



Көрнекіліктер: Ұлы жазушының суреті, кластер, сызбалар, слайдтар, тапсырма жазылған парақша, мақалдар тізбегі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Формалары: топтық, жекелей

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А. Сәлемдесу.

Ә. Күн тәртібі.



  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Күнделікті қажет жаңа сөздермен жұмыс

Оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап береді



  • Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер?

  • Оның шығармалары қандай?

  1. Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\

  • Оның қандай шығармасын оқитын боламыз?

  • Көксерек фильмін кім көрді?

  1. Мақсат қою кезеңі:

А.Оқушылардың Ұлы жазушы туралы және оның шығармашылығының туралы меңгеріп, өз ойындағы сауатын жазып, жеткізуіне ықпал ету, баса шығармашылығы жөнінде мәліметін беру.

Ә. Көксерек тақырыбынан мәлімет бере отырып, тілдік білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік беру, ол туралы еркін әңгімелеуге дағдыландыру.

Б. Оқушылардың Көксерек шығармасының үлгілеріне мән беріп, жазба тіл мәдениетін меңгеруіне бағдар беру.


  1. Материалды түсіндіру кезеңі:

  • Оқушыларға мәтіндегі тарауларды мәнерлеп оқып, жаңа сөздіктер арқылы өз тарапынан ажыратуға үйретемін.

  • Қосымша кластер жұмысына толық мәлімет ретінде мәтін ұсынамын.

Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашуда тапсырмалар орындау

  • Оқулық тапсырмаларымен жұмыс

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

  • Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу

  • Мәтінге сұрақ қою арқылы аудармасын түсіну

  1. Бекіту кезеңі: Мұхтардың шығармасының мазмұнын әңгімелеу.. Білімдерін бағалау.

  2. Үйге тапсырма беру кезеңі:

Жаңа сөздерді таңдау бойынша жаттау

3. Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов



Көрнекіліктер: Ғ. Мүсіреповтің суреті, кластер, сызбалар, слайдтар, тапсырма жазылған парақша, мақалдар тізбегі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Формалары: топтық, жекелей

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А. Сәлемдесу.

Ә. Күн тәртібі.



  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Күнделікті қажет жаңа сөздермен жұмыс

Оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап береді



  • Ғабит Мүсірепов туралы не білесіңдер?

  • Оның шығармалары қандай?

  1. Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\

  • Ол көбіне ана тақырыбына жазғанын білеміз бе?

  • Оның өмірі туралы қандай шығарма оқыдың?

  1. Мақсат қою кезеңі:

А.Оқушылардың жазушы туралы және оның шығармашылығының туралы меңгеріп, өз ойындағы сауатын жазып, жеткізуіне ықпал ету, баса шығармашылығы жөнінде мәліметін беру.

Ә. Ғабит Мүсірепов тақырыбынан мәлімет бере отырып, тілдік білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік беру, ол туралы қосымша әңгімелеуге дағдыландыру.

Б. Оқушылардың жазушы шығармаларының мәдениеттік үлгілеріне мән беріп, жазба тіл мәдениетін меңгеруіне бағдар беру.


  1. Материалды түсіндіру кезеңі:

  • Оқушыларға мәтіндегі тарауларды мәнерлеп оқып, жаңа сөздіктер арқылы өз тарапынан ажыратуға үйретемін.

  • Қосымша кластер жұмысына толық мәлімет ретінде мәтін ұсынамын.

Жазушы туралы ұлы адамдардың сын-пікірін баяндаймын.

  • Оқулық тапсырмаларымен жұмыс

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

  • Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу

  • Мәтінге сұрақ қою арқылы ой өрбіту

  1. Бекіту кезеңі: Жазушының өмрібаянын баяндай отыра, оның басқа тақырыптарға жазған шығармаларына сөз беру.. Білімдерін бағалау.

  2. Үйге тапсырма беру кезеңі:

Ол туралы білгім келеді? Реферат жазу

4. Сабақтың тақырыбы: Автобиографиялық әңгіме



Көрнекіліктер: Ғ. Мүсіреповтің суреті, кластер, сызбалар, слайдтар, тапсырма жазылған парақша, мақалдар тізбегі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Формалары: топтық, жекелей

1.Ұйымдастыру кезеңі:

А. Сәлемдесу.

Ә. Күн тәртібі.


  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Күнделікті қажет жаңа сөздермен жұмыс

Оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап береді



  • Ғабит Мүсірепов туралы не білесіңдер?

  • Оның шығармалары қандай?

  1. Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\

  • Ол көбіне ана тақырыбына жазғанын білеміз бе?

  • Оның өмірі туралы қандай шығарма оқыдың?

  1. Мақсат қою кезеңі:

А.Оқушылардың жазушы туралы және оның шығармашылығының туралы меңгеріп, өз ойындағы сауатын жазып, жеткізуіне ықпал ету, баса шығармашылығы жөнінде мәліметін беру.

Ә. Ғабит Мүсірепов тақырыбынан мәлімет бере отырып, тілдік білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік беру, ол туралы қосымша әңгімелеуге дағдыландыру.

Б. Оқушылардың жазушы шығармаларының мәдениеттік үлгілеріне мән беріп, жазба тіл мәдениетін меңгеруіне бағдар беру.


  1. Материалды түсіндіру кезеңі:

  • Оқушыларға мәтіндегі тарауларды мәнерлеп оқып, жаңа сөздіктер арқылы өз тарапынан ажыратуға үйретемін.

  • Қосымша кластер жұмысына толық мәлімет ретінде мәтін ұсынамын.

Жазушы туралы ұлы адамдардың сын-пікірін баяндаймын.

  • Оқулық тапсырмаларымен жұмыс

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

  • Автобиографиялық әңгімесін оқып түсіну

  • Мәтінге сұрақ қою арқылы ой өрбіту

  1. Бекіту кезеңі: Білімдерін бағалау.

  2. Үйге тапсырма беру кезеңі:

\Менің сүйікті ұстазым\ тақырыбына ой толғау жазу

5. Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Мағауин. Бір атаның балалары



Көрнекіліктер: М. Мағауиннің суреті сызбалар, слайдтар, тапсырма жазылған парақша, мақалдар тізбегі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Формалары: топтық, жекелей

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А. Сәлемдесу.

Ә. Күн тәртібі.



  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Күнделікті қажет жаңа сөздермен жұмыс

Оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап береді



  • М. Мағауин туралы не білесіңдер?

  • Оның шығармалары қандай?

  1. Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\

  • Ол қандай тақырыпқа жазғанын білеміз бе?

  • Оның өмірі туралы қандай шығарма оқыдың?

  • \Бір атаның балалары\ шығармасы Ұлы Отан соғысы кезінде болған оқиға екенін, ол кездердегі қазақ батырларын еске алуға болады ғой.

  • Олар кімдер?

  1. Мақсат қою кезеңі:

А.Оқушылардың жазушы туралы және оның шығармашылығының туралы меңгеріп, өз ойындағы сауатын жазып, жеткізуіне ықпал ету, баса шығармашылығы жөнінде мәліметін беру.

Ә. Мұхтар Мағауин тақырыбынан мәлімет бере отырып, тілдік білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік беру, ол туралы қосымша әңгімелеуге дағдыландыру.

Б. Оқушылардың жазушы шығармаларының мәдениеттік үлгілеріне мән беріп, жазба тіл мәдениетін меңгеруіне бағдар беру.


  1. Материалды түсіндіру кезеңі:

  • Оқушыларға мәтіндегі тарауларды мәнерлеп оқып, жаңа сөздіктер арқылы өз тарапынан ажыратуға үйретемін.

  • Қосымша кластер жұмысына толық мәлімет ретінде мәтін ұсынамын.

Жазушы туралы ұлы адамдардың сын-пікірін баяндаймын.

  • Оқулық тапсырмаларымен жұмыс

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

  • Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу

  • Мәтінге сұрақ қою арқылы аудармасын жасау

  1. Бекіту кезеңі: Жазушының өмрібаянын баяндай отыра, оның басқа тақырыптарға жазған шығармаларына сөз беру.. Білімдерін бағалау.

  2. Үйге тапсырма беру кезеңі:

Шығармасын оқып, мазмұндама жазу.

6. Сабақтың тақырыбы: Қадір Мырза Әлі. Жеті.



Көрнекіліктер: Қадыр мырза Әлі суреті, Алдар Көсе кітаптары, Оның шығармаларына жазылған әндер таспасы, кластер, сызбалар, слайдтар, тапсырма жазылған парақша, мақалдар тізбегі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Формалары: топтық, жекелей

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А. Сәлемдесу.

Ә. Күн тәртібі.



  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

М.Мағауин шығармасының мазмұндамасын тексеру

- Қадыр Мырза Әлі сөзіне жазылған әнді тыңдап көрейік.

Оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап береді


  • Қадыр Мырза Әлі туралы не білесіңдер?

  • Ол осы жылы дүниеден озды. Сондықтан үнсіздік жариялаймыз.

  1. Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\

  • Оның шығармалары балаларға арналатынын білеміз бе??

  • Жеті шығармасын оқып, талдаймыз.

  1. Мақсат қою кезеңі:

А.Оқушылардың жазушы туралы және оның шығармашылығының туралы меңгеріп, өз ойындағы сауатын жазып, жеткізуіне ықпал ету, баса шығармашылығы жөнінде мәліметін беру.

Ә. Жеті тақырыбынан мәлімет бере отырып, тілдік білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік беру, ол туралы қосымша әңгімелеуге дағдыландыру.

Б. Оқушылардың жазушы шығармаларының мәдениеттік үлгілеріне мән беріп,қасиетті сандар бетін ашып, тәрбиелік мәнін ұғындыру, жазба тіл мәдениетін меңгеруіне бағдар беру.


  1. Материалды түсіндіру кезеңі:

  • Оқушыларға мәтіндегі тарауларды мәнерлеп оқып, жаңа сөздіктер арқылы өз тарапынан ажыратуға үйретемін.

  • Қосымша кластер жұмысына толық мәлімет ретінде мәтін ұсынамын.

Жазушы туралы ұлы адамдардың сын-пікірін баяндаймын.

  • Оқулық тапсырмаларымен жұмыс

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

  • Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу

  • Мәтінге сұрақ қою арқылы қасиетті сандарды білуге үйрету

  1. Бекіту кезеңі: Жазушының өмірібаянын баяндай отыра, оның басқа тақырыптарға жазған шығармаларына сөз беру.. Білімдерін бағалау.

  2. Үйге тапсырма беру кезеңі:

Қасиетті сандар тақырыбына мәтін дайындау.
7. Сабақтың тақырыбы: Шығарма. Қазақ жазушылары

Көрнекіліктер: Жазушыларды4 суреті, кластер, сызбалар, слайдтар, тапсырма жазылған парақша, мақалдар тізбегі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Формалары: жекелей

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А. Сәлемдесу.

Ә. Күн тәртібі.



  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Күнделікті қажет жаңа сөздермен жұмыс

Оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап береді



  • Жазушылар туралы не білесіңдер?

  • Олар туралы өз білгндеріңді қағазға түсіріп, шығарма жазыңдар.

  1. Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\

  2. Мақсат қою кезеңі:

А.Оқушылардың жазушылар туралы және оның шығармашылығының туралы меңгеріп, өз ойындағы сауатын жазып, жеткізуіне ықпал ету, баса шығармашылығы жөнінде мәліметін беру.

Ә. Қазақ жазушылары тақырыбынан алған білімдерін бекіте отырып, тілдік білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік беру, ол туралы қосымша әңгімелеуге дағдыландыру.

Б. Оқушылардың жазушы шығармаларының мәдениеттік үлгілеріне мән беріп, жазба тіл мәдениетін меңгеруіне бағдар беру.


  1. Материалды түсіндіру кезеңі:

  • Оқушыларға мәтіндегі тарауларды мәнерлеп оқып, жаңа сөздіктер арқылы өз тарапынан ажыратуға үйретемін.

  • Қосымша кластер жұмысына толық мәлімет ретінде мәтін ұсынамын.

Жазушылар туралы ұлы адамдардың сын-пікірін келтіруді сұраймын.

  • Оқулық тапсырмаларымен жұмыс

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

  • Шығармаларын жазу барысын қадағалаймын.

  1. Бекіту кезеңі: Жазушылардың өмірі мен шығармашылығын баяндай отыра, олардың есте сақтау абілетін оятамын. Білімдерін бағалау.

  2. Үйге тапсырма беру кезеңі:

Көркем әдебиет оқу
Сабақтың тақырыбы:Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

Сабақтың мақсаты: 1. халқымыздың бір туар перзенті қазақ әдебиетінің алыбы С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, сүйіспеншілігін арттыру.

2. Сұлтанмахмұт шығармасын талдай отырып, оқушы білімін жинақтау, қорытындылау.

3. Шығарма арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу.Ақының азаматтық бейнесін көрсету арқылы оқушыны үлгі-өнеге алуға шақыру.

Көрнекіліктер:С. Торайғыровтың суреті, шығармалар жинағы, тірек сызба.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, іздену, әңгімелесу.

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Қаңтардың қай күні?



II Үй тапсырмасын тексеру.

А. Құнанбайұлы. Отыз тоғызыншы сөз.



III Жаңа тақырып.

-Балалар, бүгін сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Сабақтың мақсаты: С. Торайғыров өмірбаянымен танысамыз, шағын конспект жазамыз, сұрақтарға жауап беріп, “Шығамын тірі болсам адам болып.” өлеңімен танысамыз.

Жаңа тақырыпқа кіріспе. Мұғалімнің сөзі.

С. Торайғыров-қазақ халқының 20 ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны. Ол – ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы.

Сұлтанмахмұт-әдебиеттің әр жанрында жазған қабілетті, таланты ақын-жазушы.Қиыншылықпен өткен қысқа өмірі ішінде ол 110 өлең, 5-6 поэма, 2 роман, 7-8 мақала,очерк, әңгіме жазды.

Кластер арқылы ақынның өмірбаяның қысқаша түрінде беру.

1893жылы ақын

туған

“Қамар сұлу”



романы С. Торайғыров

жазушы


110 өлең
IV Бекіту “Сыр сандықты ашып қара “ ойыны.

Біріншіден, “Шығамын тірі болсам адам болып.” өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу.


Сандықша ішінен билет бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. “Шығамын тірі болсам адам болып” өлеңін мәнерлеп оқы.

а) Ақын өлеңін кімдерге арнаған?

ә) Осы өлеңімен ақын не айтқысы келген?



  1. Ақының 1 шұмағын қалай түсінесің?

Жастарға қандай тілек айтады?


  1. Сұлтанмахмұттің қандай әңгімелерін білесің?

  2. Ақын өлеңінің ең басты қорытындысы қай жолдарда берілген? Жолдарды тауып, оқып шық.

  3. Ақын өлеңінде өзіне қандай мақсат қояды?

  4. Неліктен надандықтан қашады?

V Қорытынды.

1.Өлең мәтіні бойынша өздеріңе ұнаған сөз тіркестерін теріп жазыңдар.



  1. Надандық, жамандық, өнер-білім туралы мақал-мәтел айтып беріңдер.

VI Үй жұмысы. С. Торайғыров, өлеңді жаттау. VII Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы

Сабақтың мақсаты: 1. халқымыздың бір туар перзенті қазақ әдебиетінің алыбы А. Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, сүйіспеншілігін арттыру.

2. Ахмет шығармасын талдай отырып, оқушы білімін жинақтау, қорытындылау.

3. Шығарма арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу.Ақының азаматтық бейнесін көрсету арқылы оқушыны үлгі-өнеге алуға шақыру.

Көрнекіліктер:А. Байтұрсынұлының суреті, шығармалар жинағы, тірек сызба.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, іздену, әңгімелесу.

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Қаңтардың қай күні?



II Үй тапсырмасын тексеру.

Өлеңді жаттау



III Жаңа тақырып.

-Балалар, бүгін сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы.

Сабақтың мақсаты: А. Байтұрсынұлы өмірбаянымен танысамыз, шағын конспект жазамыз, сұрақтарға жауап беріп, “Егіннің бастары” өлеңімен танысамыз.

Жаңа тақырыпқа кіріспе. Мұғалімнің сөзі.

Ахмет Байтұрсынұлы- қазақтың көрнекті ғалымы, жан-жақты дарын иесі. Ол ұлтының қамын ойлаған асыл перзенті. Әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі ақын ретінде Ахметтің соңындап қалдырған рухани муралары өте көп.

IV Бекіту

“Егіннің бастары.” өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқу.

Жаңа сөздермен танысу:

Сайран


Егін

Қайран қалу

Тәкаппар

Данышпан


Сұқтанба

Бәйге ойының өткізу:

(11 сұрақ қойылады, жауап нақты да тез болуы керек. Қай оқушы қолын тез көтерсе, сол оқушы бірінші жауап береді. Дұрыс жауап – 5 ұпай

Сұрақтар


  1. А. Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдары. (1873-1937)

  2. А. Байтұрсынұлы кім?

  3. А. Байтұрсынұлы кімнің мысалдарын аударған?

  4. А. Байтұрсынұлы қандай өлеңдерің білесің?

  5. Әкесі мен баласы қайда барды?

  6. Бидайлар қандай болып тұр?

  7. Бала неге таңданды?

  8. Ол әкесінен не туралы сұрады?

  9. Әкесі не деп жауап берді?

  10. Бидайдың иілуінің себебін қалай түсіндіреді?

  11. Автор әке мен бала диалогында қандай тұжырым жасайды? Тауып оқу.

V Қорытынды.

Оқушылар 3 топқа бөлініп, тапсырмаларды орындап беру.

1. Өлең мәтіні бойынша өздеріңе ұнаған сөз тіркестерін теріп жазыңдар.



  1. Өлеңдегі кейіпкерлердің сөзін өз сөздеріңмен айтыңдар.

  2. өлең мазмұныншағын мәтін түрінде жазыңдар.

VI Үй жұмысы. А. Байтұрсынұлы. Өлеңді мәнерлеп оқу. VII Бағалау

Сабақтың тақырыбы:Озық ойлы Сәкентанушы

Сабақтың мақсаты: 1. халқымыздың бір туар перзенті қазақ әдебиетінің алыбы С. Сейфуллинның өмірі мен шығармашылығымен қорытындылай отырып, Сәкеннің ұлылығын дәріптеу, сүйіспеншілігін арттыру.

2. Сәкен шығармаларын талдай отырып, оқушы білімін жинақтау, қорытындылау.

3. Шығарма арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу.Ақының азаматтық бейнесін көрсету арқылы оқушыны үлгі-өнеге алуға шақыру.

Көрнекіліктер: С. Сейфуллиннің суреті, шығармалар жинағы, тірек сызба.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, интеллектуалдық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау, жарыс, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Қаңтардың қай күні?



II Үй тапсырмасын тексеру.

Ақынның өмірбаяны



III Жаңа тақырып.

Жаңа тақырыпқа кіріспе. Мұғалімнің сөзі.

20 ғасырда қазақтың жаңа әдебиетінің негізін сашы, қазатың бәйтерегінің бірі Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында артына өлмейтін мол мәдени мұра қалдырған жан.

Сондықтан бүгінгі сабағымызды “Сәкен –жырдың сарқылмас дариясы, Сәкен даңқы-қазақтың кең даласы” деп атағалы отырмыз.

1 кезең. Бәйге. (10 сұрақтар –5 ұпай)

Сұрақтар


  1. Сәкеннің өмір сүрген жылдары

  2. 1908-1913 жылдары қай мектепте оқыған?

  3. тұңғыш шыққан өлеңдержинағы қалай аталады?

  4. омбы мұғалімдер семинариясында оқығанжылдары.

  5. озық әдебиеттанушы негізінде жазылған зерттеу еңбегін ата.

  6. сәкеннің досқа жазылған хат үлгісіндегі өлеңі

  7. ақынның “Өткен күндер” атты алғашқы жинағы қайда, қай жылы шықты?

  8. Сәкеннің бір романның ата.

  9. “Асау тұлпар” жинағы қашан, қайда шықты?

  10. Сәкен қай жылы, неден қайтыс болды?

2-кезең Сөз білгірі” (Жұмбақты шешу, жасырылған сөзді тауып, оның орысша, ағылшынша аудармасын табуы керек.) 5 ұпай



  1. Дүниеде жақсының аты өлмейді. Ғалымның несі өлмейді?

  2. Шебердің қолы ортақ, шешеннің несі ортақ?

  3. Сендерге, қарындастар,

Сендерге, інілер,

Сендерге арналды бұл .......!



  1. Көп қорқытады-терең ...........

  2. Сексен көл Көкшетаудың саясында, әрқайсы алтынкесе аясында.

3 кезең Көкпар. Сәкен өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу сайысы.


IV Бекіту “Жорға “ ойыны.

Әр оқушыға сұрақтар қойылады, бір минутта қанша дұрыс жауап берілсе, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.




  1. Қазақтың үш арысы.

  2. Сәкен 2011 жылы неше жасқа толды?

  3. Қостанайда Сәкен көшесі бар ма?

  4. Мәңгілік махаббатты жырлаған поэмасын ата.

  5. “Көкшетау” поэмасындағы лирикалық кейіпкерлерді ата.

  6. Сәкен өлеңдері орыстың қай ақынының үлгісімен жазылған?

  7. Сәкеннің өлеңдер жинағын ата.

  8. Сәкеннің туған жерін ата.

  9. Қазақтың бас ақыны кім?

  10. Астанадағы Сәкен ескерткіші қай жылы ашылды?

  11. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

  12. “Әдебиет” деген сөз қандай мағына береді?



V Қорытынды.

Қай оқушы көп ұпай алды, сол “ Озық ойлы сәкентанушы” атанады.

VI Үй жұмысы. Қайталау VII Бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет