1. Мазмұны. Тақырыбы: Философиядағы қоғам мәселесі. Таным теориясы.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Пікір талас, жарыс.
Оқу сағатының көлемі: 90 минут (2 сағаттық)
Сабақтың мақсаты: Білімділік:оқушыларға философиядағы қоғам мәселесіндегі ерекшеліктерін тереңірек ұғындыру,түсінік беру (оқушыларды біліммен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру).
Студент білуі қажет:Философиядағы қоғам мәселесі. Таным теориясын білу.
Студент меңгеруі :Қоғам мен адам арасындағы қарым қатынас сипатын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларға Философиядағы қоғам мәселесін тереңірек түсініп ,және философия пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге тіл мәнері мен сөйлеу мәдениетіне баулу.Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый –кішіге жол көрсету.
Дамытушылық:Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалынан ең бастысын бөліп алу.