Сабақтың тақырыбы:Арал тағдыры – адам тағдыры
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Арал теңізінің экологиялық жағдайымен, оның сыртқы ортаға және адам денсаулығына әсерімен, экологиялық жағдайдың туындау себептерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ой таным қызығушылығын арттыру,өз ойларын ашық айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Арал теңізінің экологиялық жағдайының нашарлауына, қоршаған ортаның ластануына адамзаттың тікелей қатысы бар екенін оқушыларға көрсете отырып, табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.