Сабақ жоспары
Топ: 13.12.21
Күні: .05.11.2012 сағат 15.00.кабинет № 13
Пән: «Экономика негіздері».
Тақырып: «Ақша тарихы және оның қазіргі қалпы».
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын оқыту сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, топтық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ХУІІІ-ХХІ ғасырлар арасындағы қолданылған ақша түрлерімен таныстыру, ақша айналымы тарихынан мағлұлмат беру.
2. Дамытушылық: Нарықтық экономикаға деген ой-өрісін, қолдану аясын жете білуменен байланысты студенттердің мүмкіндігін дамыту, өздерін еркін сезіну.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз Отаны Қазақстанға мақтаныш сезімін ояту
Пәнаралық байланыс: «Нарықтық экономика негіздері», «Кәсіпорын экономикасы».
Квалификациялық талаптар: білу керек: ақша теориясын, атқаратын қызметтерін, инфляция (құнсыздану) түрлерін; орындай білуі керек: ақшаның маңызын, қазіргі қаражат түрлерін;
Сабақтың оқу жабдықтары: Көрнекілік құралдар: буклеттер, әр елдің ақша түрлері, жұмбақтылық тест, «Ұлттық валюта-теңге» слайдтар, «Сиқырлы сандықша» сұрақтарымен.
Техникалық құралдар: мультимедиа, компьютер.
Қолданылған әдебиеттер: «Экономикалық теория негіздері» авторы: Осипова, «Нарықтық экономика негіздері» авторы: Б.Жүнісов., Ұ.Мәмбетов., Ұ. Байжомартов.
Қосымша материалдар: интернет сайдтары, газет журналдар,
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1). Оқушыларды топқа бөлу
2). Анограммалық сөздер шешу арқылы, тобының атын анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ой қозғау, сергіту.
Сұрақ – жауап.
Мекшік қатынстары және оның экономикадағы орны
Меншік қатынастарының экономикалық жүйедегі орны
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
Нарықтық экономикадағы меншік қатынастарының өзгеруі
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
1). Қызығушылықты ояту. Көрнекілік арқылы тақырыпты болжау.
2). Дәріс оқу. Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Ақша тарихы
2.2.Теңге Қазақстанда
2.3.Теңге әдебиетте
2.4.Ақша қаржы жүйесінде
2.5.Ақша психологияда
2.6. Ақша философияда
2.7. Ақша бизнесте
Қортынды
IV. Жаңа сабақты тест сұрақтары бойынша бекіту.
V. Студенттерді бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру
Сабақтың жүру барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Мұғалімнің кіріспе сөзі, студенттерді түгендеу, сабақтың жүру барысын түсіндіру.
III. Ой қозғау, сергіту. Өткен тақырыпты анограммалық сөздерді орнына қою арқылы табу, қайталау сұрақтары арқылы студенттерге тапсырмалар беру, кеңестер беру.
IV. Қызығушылықты ояту. Сабақтың тақырыбын анықтау: көрнекілік арқылы болжау. Жаңа сабақты жұмбақтылық тест арқылы анықтау, түсіндіру және сұрау арқылы білімдерін тексеру.
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
VI. Жаңа сабақты тест сұрақтары бойынша бекіту. Студенттердің жауаптарын бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттер төрт топқа бөлініп отырғызылған. Топтық жұмыс студенттердің ұжыммен жұмыс жасауына, ақылдасуына және бағалауға өте тиімді. Өткен тақырыпты еске түсіру үшін әр топқа экономикалық мәндегі анограммалық сөздерлі таратамын. Топтан бір студент тұрып жауап береді. Оған уақыт белгілеймін (бір минут).
1. ҚҰН ӨЛШЕМІ (імешлө нұқ)
2. АЙНАЛЫС ҚҰРАЛЫ (ыларұқ сыланйа)
3. Төлем құралы (ыларұқ мелөт)
Осы анограммалық сөзді дұрыс тапсаңдар, топтың аты болып саналады.
II. Ой қозғау, сергіту. Әрі қарай өзіміздің ойымызды жинақтап алу үшін әр топқа бір сұрақтан жасырамын. Топтан біеуің шығып сандықшадан сұрақты ала қойыңдар. Сұраққа қысқа әрі нақты жауап берейік.
Бірінші «Құн өлшемі» тобына сұрақ: Экономиканы алғаш ашқан ғалымдар?
Жауабы: Аристотель, Конфуций, Ксеофонд және А.Смит.
Екінші «Айналыс құралы» тобына: Аристотельден кейінгі қазақтан алғаш шыққан ғалым кім?
Жауабы: Әбу - Насыр әл – Фараби.
Үшінші «Төлем құралы» тобына: Экономика дегеніміз не?
Жауабы: Экономика дегеніміз - тауарларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қызметтерін, адамдар іс әрекетін зерттейтін ғылым.
III. Қызығушылықты ояту. Сабақтың тақырыбын анықтау: көрнекілік арқылы болжау.
- Жұмбақтылық тест: Ұлы тұлғалары бар,
Керек құнды қағаздар. ( Ақша ).
Ұлттық банк тұрағы,
Өзі айналыс құралы. (Теңге).
Шешімін экранда жазу
- Ал мына сөздерге қараңдаршы: қаржылық мекеме, құнды қағаздар, несие беру, ақша жинау, валютамен түрлі операциялар бұл сөздер қандай ұғыммен байланысты.
- Ақшамен. Ендеше сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
- Сонымен сабақтың тақырыбы: «Ақша тарихы және оның қазіргі қалпы»
IV. Әрекеттік кезең.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тақырыбы: «Ақша тарихы және оның қазіргі қалпы».
І. Ақша тарихы-Экономикадағы ақшаның пайда болуы, мәні, қызметінің көп ғасырлық тарихы бар. Бұл сұрақтар Аристотель, А.Смит, Д. Рикардо, К. Маркс еңбектерінде қарастырылған. Ақша теориясын ХХ ғасырдың бірінші жартысында А.Маршалл, П.Самульсон, Дж. Тобин және т.б. қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты. Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіріші халықтары малды, егін егуші халықтар астықты, қалаларда металды, қорғасынды, бағалы металдарды қолданды. Ақшаның формасы дегеніміз ақшаны белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, нарық міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс, монеталар, қағаз және несиелік ақшалар қолданылады. Ақша өзінің даму кезінде мынадай сатыларды сипаттайды:
1. Металдық;
2. Қағаздық;
3. Несиелік;
4. Электрондық ақша.
Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) алдымен бірлікті, содан соң салмақтық болып әртүрлі формада болады. Олар монета түрінде шығарылған.
Метал ақшалар біздің дәуірімізге дейінгі ІІ – ІІІ ғасырларда мыс монета түрінде Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар таңбалармен (Мысыр,Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.
Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279 жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Қағаз ақшалар нағыз ақшалардың өкілі. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады. Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қағаз ақша екі қызмет атқарады: айналым құралы және төлем құралы. (Ұлттық банк)
Несиелік ақшалар толық құнды ақшаларды алмастыратын және несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. (Банк жүйесі)
Компьютерді кең қолдануға өту электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті. Электрондық төлемдер жүйесі пластикалық карточкалар көмегімен сатып алуды, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметткерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбекақыны төлейді.
Ақшаның шығу тарихы.
жез
қола
ҮІІ ғасырдан бастап күміс қолданылды
алтын
Қазіргі қолданыстағы қағаз ақша алғаш рет біздің дәуіріміздің 812 жылы Қытайда пайда болды. Әлемдегі ең алғашқы банкноттар 1661 жылы Стокгольмде басып шығарылды. Қазақстандық теңге түріктің «тамға» сөзінен шыққан, ол көпестің рулық таңбасын білдіреді. Теңгеге дейін «тиын» деп аталған тиін терілері қолданыста болған, ол тауардың құнын білдірген (құны сусар терісі).
Достарыңызбен бөлісу: |