ІV. Жаңа сабақты бекіту 1 тапсырма. Вирустарға қатысты төмендегі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екендігін анықтаңыз. (Оқушылар қағазға «Дұрыс», «Дұрыс емес» деп жазып алып мұғалімнің келтірген мәліметтерін анықтап жауап көтереді.).
Тұмау - Стерилденбеген маникюрлық және медициналық құрал – жабдықтарды пайдаланғаннан жұғады.( Дұрыс емес)
Вирустар – бұл жасушасыз ерекше тіршілік формасы. (Дұрыс)
Вирустар – тек ғана жасуша сыртында көбейеді.(Дұрыс емес)
Мидың қабынуы (энцефалит) - таратушылар – қан сорғыш кенелер(Дұрыс)
Науқас жатқан бөлмені күн сайын ылғалдап тазалау. Еденді жуған кезде жуғыш заттар қосу керек.(Дұрыс)
Жанасу арқылы –қоздырғыш адамнан – адамға ауа арқылы сілекей тамшыларымен түшкіргенде , жөтелгенде, күлгенде , сөйлегенде беріледі. (Дұрыс емес).