Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
11.1В Математикалық статистика элементтері
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 11
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар
|
Сабақтың түрі
|
Бекіту сабағы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
11.2.2.2 дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру үшін таңдалым мәліметтерін өңдеу
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушыларға берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдай білу дағдыларын қалыптастыру.
|
Бағалау критерийлері
|
дискретті және интервалды вариациялық қатарларды біледі;
берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
статистикалық зерттеулердің нәтижелерін сипаттайды;
вариациялық қатарлардың деректерін талдау кезінде пәндік лексиканы және бөлімге сәйкес терминдерді қолданады;
Пәнге қатысты лексика мен терминология
бас жиын және таңдама;
дискретті және интервалды вариациялық қатарлар;
дискретті кездейсоқ шама;
математикалық күтілім, дисперсия, кездейсоқ шаманың стандарттық ауытқуы;
дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы.
|