Сабақтың тақырыбы: Қайталау - білім анасы.
Сабақтың мақсаты: а) Бастауышта өтілген тақырыптарды қайталау және алған білімдерін жан-жақты тексеру; ә) Мәнерлеп оқу дағдысын, тілін дамыту; б) Сауатты, таза жазуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Білімді қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі карточка, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық.
Жаңа тақырып: Қайталау – білім анасы.
Қазақ тіліне саяхат.
I. Фонетика аялдамасы: Бірі айтылады да, естіледі.
Екіншісі жазылады да, көрінеді.
Ол не? (дыбыс пен әріп)
Балалар сөз неден құралады?
Дыбыс => буын => сөз => сөйлем.
Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2 топқа)
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
Жуан: а,о, ұ, ы, у(5) Жіңішке: ә,ө,ү,і,е,е,й,э.(7)
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (3)
Тапсырма: Дыбыстық талдау жасау.
Балапан, жапырақ, дәптер.
Қосарлы дыбыстарды ата: я (й+а), ю (й+у), ё (й+о).
Қазақ тіліне тән дыбыстар: ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,і,һ (9)
Жұмбақ: Маған да, саған да.
Жақын туыс бес адам,
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, сролға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәріде өз жұртың,
Айтады кәне кім атын?
(аға, апа, ата, іні, ата)
II. Лексика аялдамасы: Сөз деген ақсақалдың үйіне қонаққа барамыз.
Оның үш атауы бар екен.
1. Мағынасы мәндес 2. Қарама-қарсы 3. Айтылуы бірдей мағынасы
сөздер сөздер басқа сөздер.
Сөзді құрамына қарай талдаймыз.
Теміршілер, Жылқышының, Үйшіктің.
III. Морфология аялдамасынада келдік.
Сөз таптарын атауға жұмбақ жасыру.
1. Зат есім 4. Етістік 7. Шылау
2. Сан есім 5. Есімдік 8. Одағай
3. Сын есім 6. Үстеу 9. Еліктеу
Сөз таптарының тапсырмалары.
1. Сөз таптарына талдау.
1) Атай алда, біз артта ирелең жолмен келе жатырмыз.
2) Зат есім Сан есім
/ \ / \
Жалпы Жалқы Реттік Есептік
тау Алатау бірінші бір
оқушы Аманат оныншы он
қала Ақтөбе төртінші төрт
3) Зат есімнің жіктелуі 4) Зат есімнің тәуелдену
Мен дәрігермін, оқушымын Менің кітабым
Сен дәрігерсің, оқушысың Сенің кітабың
Сіз дәрігерсіз, оқушысыз Сіздің кітабыңыз
Ол дәрігер, оқушы Оның кітабы
IV. Синтаксис аялдамасы
1. 1) Сөз тіркесі дегеніміз не?
2) Сөйлем дегеніміз не?
Әжем жіп иірді. Әжем жіп иіріп, одан кеудеше тоқыды.
2. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін сөйлемдегі сөздермен
байланысатын сөздер.
Сөйлем мүшесіне талдау.
1) Жазда құм шоқтан ыстық болады.
2) Біз табиғатты, ауаны, қоршаған ортаны қорғаймыз.
3) Балалар, ертең сынақ болады. (қаратпа)
4) Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. (қыстырма)
5) Қап, оны кеш білдік. (одағай)
Балалар, сендерге ақ жол!
Бесінші сынып аялдамасына да жеттік.
Сұрақ-жауап.
Қорытындылау: Бағалау.
Ақтөбе облысы, Алға ауданы,
Тоқмансай орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мамутова Лиза Турганбевна
Сабақтың тақырыбы: « Ата салтым асыл қазынам»
Мұғалімнің сөзі :
1 жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып
Ел боп қарсы алайық ,
2 жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар
Көңілің бар алаңдар,
Ата менен анаң бар ,
Үлкен кіші ағаң бар ,
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар
1 жүргізуші: Наурыз тойың,, Наурыз тойың
Құтты болсын халайық
Күй төгілсін күй төгілсін ,
Шырқап әнге салайық
Ән: "Наурыз"
Би: "Қазақ биі"
2 жүргізуші: Бауырласқан тәніміз ,
Бұзылмаған антымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз
1,2 жүргізуші: хор ; Өзге үлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз
Ән: "Дос болайық бәріміз"
1 жүргізуші: Қазақ халқы өмірге келер сәбиді асыға күткен, себебі бала өмірдің гүлі жалғасы ,отбасының үлкен қуанышы
2 жүргізуші: Айтпақшы бүгін атаның үйіңде қуаныш, той болады деп естідім
1 жүргізуші: Ендеше бекер тұрмайық,
Қызықтан құр қалмайық ойын тойды тамашалайық кеттік атаның үйіне
Көрініс:
2 жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Мандайынан сүйіп жатыр күн көктем .
1 жүргізуші: Жарығыңмен, шуағыңмен, Жер ана.
Алып келдің жер бетіне гүл көктем .
Би: "Шашу"
Ән: "Наурыз думан"
2 жүргізуші: Ия, наурыз тойына жиналған халайық
Ойын тойымызды жалғастырайық.
1 жүргізуші: Қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестеге үш күннен
қалдырмай ат қойылады .Әдетте ат қою рәсіміне ауыл ақсақалдары ие болады .
Көрініс: «Ат қою» рәсімі 3 сынып ата - аналары ;
2 жүргізуші: Біздер бұрын көрмеген
Салт дәстүрім өнегем.
Үйренеміз дәріптеп .
Заманында өрлеген.
1 жүргізуші: Мәнге толы қазағымның ғұмыры .
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз деп тастаған .
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.
Ән; "Қазағымның дәстүрлері"
Би; "Қара жорға"
1 жүргізуші: Әдетте жаңа туған баланың кіндігі түскен күннен бастап бесікке бөлейді .
2 жүргізуші: Бесік ата бабамыздан қалған асыл мұра .
Дұрыс бөленген баланың дені сау ,тәрбиесі түзеу болады . деп халқымыз бекер айтпаған.
Көрініс: «Бесікке салу» 1 сынып
1 жүргізуші: Әдет-ғұрып салтынан туған өлеңдердің бірі – бесік жыры. Бесік жыры – жаңа туған баланың алғаш тыңдайтын сазды әуені.
2 жүргізуші: Бесік жырын бізде аналарымыздан, әжелерімізден тыңдап өскен жоқпыз ба? Бұнда ананың махаббаты мен мейірімі жырланған.
Би: "Құмыра"
Ән: "Жаңа жыл"
1 жүргізуші: Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз балам!
2 жүргізуші: Мен әжеммен талай «Тұсау кесер» тойында болғанмын. Ия... бал бөбектің басқан қадамы құтты болсын деп «Тұсау кесер» тойын өткереді.
Көрініс. «Тұсау кесер» 4 сынып ата-аналары.
1 жүргізуші: Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін.
Азамат боп еліне біздің жігіт
Тұғырыңа биіктен қона берсін!
2 жүргізуші: Кезекті және әнге береміз.
Ән: "Қазақ деген осындай"
1 жүргізуші: Халқымыз түрлі жаман әдеттерден аулақ болу үшін балаларына тәрбиелік мәні бар мақал-мәтел , ырым – тыйым сөздерді айтып отырған. Олай болса кезекті мақал-мәтел, ырым-тыйым сөздерге береміз.
1-оқушы: Малды теппе, ақты төкпе.
Отты шашпа, күлді баспа.
Бүйіріңді таянба, жағыңды таянба.
2-оқушы: Бос бесікті тербетпе.
Бесікті ашық қалдырма.
Екі қолыңды төбеңе қойма.
Есікті керме.
Тұзды шашпа, баспа.
3-оқушы: Асты оң қолыңмен алып же.
Нанды бір қолмен үзбе.
Аяқты көкке көтерме.
Түнде тырнақ, шаш алма.
4-оқушы: Ана сүті - бал.
Баланың тілі бал.
Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді.
Бала тәрбиесі бесіктен.
Бала өз несібесін ала туады.
1 жүргізуші: Біз ендігі кезекті «Тапқыш болсаң тауып көр» ойынына береміз.
(сұрақ-жауап)
2 жүргізуші: Құт-береке Наурыз айын келді деп.
Жер түледі, жасыл желек желбіреп.
Айналайын атамекен, кең далам,
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.
1 жүргізуші: Аспанында ақша бұлттар аунайды,
Наурыз бойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғатта мәз-мейрам
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
2 жүргізуші: Ендеше ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт – дәсүрімізді сақтай білейік деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
1 жүргізуші: Қазақта «Алтын алма, бата ал» деген ғибратты сөзіміз бар. Барлығымыз қолымызды жайып атамыздан бата сұрайық.
2 жүргізуші: Қорытынды сөзді мектебіміздің директоры Амирбаев Айбек ағайға беріледі. Және тәрбие ісінің орынбасары Ескельдина Айзада апайға беріледі.
1 жүргізуші: Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім.
Наурыз сыйлап қуаныш, бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің
Наурыз көжеге келіңдер бәрің, бәрің....
Достарыңызбен бөлісу: |