V. Қорытындалау
- Сонымен бүгін қандай мамандықтармен таныстық?
- Оқушылар. өздерің өскенде кім болғыларың келеді? Ендеше, сыныбымыздағы болашақ дәрігер, солдат, аспазшыны ортаға шақырайық. /Шапағат, Мейіржан, Жаннұр/ /Болашақ мамандықтары жөнінде әңгімелейді/
Шапағат:
Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді Өзім жақсы көремін.
«Дәрігермін» мен деймін,
Кәрі әжемді емдеймін.
«Көп – көп ішіп дәріні,
Кәрілікті жең», - деймін.
Мейіржан:
Ар – намысын сақтаған,
Жүректе сыр жаттаған.
Жан тәніммен ел қорғап,
Солдат болғым келеді
Жаннұр:
Балаларға, сәбиге,
Тәттілерді беретін.
Ас даярлап күн сайын,
Мен аспазшы боламын.
- Оқушылар, біз күнде мектепте қандай маман иелерін көреміз? Ал балабақшада қандай маман иелері қызмет етеді? Сендердің ата – аналарыңның мамандығы қандай?
- Осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып көп нәрсені үйрену қажет. Білімді болу керек екен. Осындай мамандықта жұмыс жасап жүрген үлкен кісілердің, аға- апалардың, ата-аналарыңның еңбегін бағалап, құрметтеуіміз керек.
Мамандық алғың келе ме?
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Тыңдайық, кәне, ойлайық,
Білімге терең бойлайық
Оқыған маман шын маман,
Мамандық алмай қоймайық.
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта
Қолыңнан жұмыс келмесе
Тие ме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі мамандық,
Жер көктің бәрі мамандық
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамды, - деп сабағымызды аяқтаймыз. Бүгін сабаққа барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Сол үшін сендерге мынандай жұлдызша таратып беремін.
Достарыңызбен бөлісу: |