Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақ барысы: I ұйымдастыру кезеңі



Дата21.01.2022
өлшемі36,84 Kb.
#112893
түріСабақ
Байланысты:
2 сынып


Күні:

Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Ормандағы кірпілер

Мақсаты: 1.Балаларға ермексазды пайдаланып,кірпіні мүсіндеп үйрету.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кірпінің суреті.

Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін біз ермексаздан орман кірпісін мүсіндеп үйренеміз!

V Жаңа сабақ

Жұмбақ: Үсті-басы түрпі

Тышқан аулар... (кірпі)

Балалар жұмбақтың жауабын айтуға көмектеседі.Балаларға орман жануарларын көрсетіп,әңгімелеу.Кірпінің мүсіндеу жолын көрсетіп,түсіндіру.



  1. Сұр түсті ермексазды домалақ қылып айналдырамыз.Біржақ шетін үшкірлеп кірпінің басы мен денесін шығарып аламыз.

2.Қара ермексаздан көзін,мұрынын жасаймыз.

3.Қара ермексаздан арқасындағы инелерін жасаймыз.


Сергіту сәті: Қуыр-қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әй-әй балақай

Жамандықтан қаш

VI Пысықтау

-Балалар кірпінің тұрі қандай болады ?

-Ол қайда өмір сүреді ?

-Күзде қандай азық жинайды ?

-Ол азықты қалай тасиды ?
VII Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен кірпінің мүсінін жасайды.


VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы: Натюрморт

Мақсаты: 1.Балаларды натюрморттың мазмұнымен,композициясымен таныстыру..

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Натюрморт.

Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін біз натюрморт мүсіндеп үйренеміз!

V Жаңа сабақ

-Балалар айналаларыңа мұқият қараңдаршы.Қандай көп,әдемі заттар бізді қоршап тұр.Суретшілер өте зейінді,көреген адамдар.Оларға не ұнайды,не толғандырады,солардың барлығын оларр суреттерінде не жасаған мүсіндерінде бейнелейді.Суретшілер,мүсіншілер айналадағы заттардың әсемдігін жақсы көре біледі.Олар арнайы бірнеше заттарды таңдайды және оларды әдемілеп қойып көреді де сондай әсемдікті біз де көрсін деп оның суретін не мүсінін жасайды.Міне осындай суретшілердің,мүсіншілердің туындыларын НАТЮРМОРТ деп атайды.

Жемістер мен көкөністерден жасалған натюрморттың суретін көрсету.

Оны ермексазбен жасалу жолын көрсету.
Сергіту сәті: Бас бармақ-әке

Балаң үйрек-шеше

Ортан терек- мен

Кішкентай бөбек-сен


VI Пысықтау

-Балалар қандай жемістерді білесіңдер?

-Көкөністерді ата.

VII Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен натюрморт жасайды.

VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Күні:


Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Күзгі жапырақ

Мақсаты: 1.Балаларға ермексазды пайдаланып,жапырақты мүсіндеп үйрету.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Күздің,жапырақтың суреті.

Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзе дала қандай түске боянады?

-Ендеше біз ермексаздан күзгі жапырақты мүсіндеуді үйренеміз!

V Жаңа сабақ

Өлең: Жапырақтар

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

-Ермексазбен күзгі жапырақтарды мүсіндеу жолын түсіндіру.

Сергіту сәті: Отырып ақ орнында,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең егерде,

Былай ескек есейін

VI Пысықтау

-Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске өзгереді?

-Шіріген жапырақтың бізге қандай пайдасы бар?
VII Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен жапырақтың мүсінін жасайды.

VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Күні:

Пәні:Мүсіндеу



Тақырыбы:Зергерлік бұйымдар

Мақсаты: 1.Балаларға ермексазды пайдаланып,зергерлік бұйымдардың ішінде білезіктерді мүсіндеп үйрету.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зергерлік бұйымдар бейнеленген сурет.

Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Ермексаздан зергерлік бұйымдардың ішінен білезікті мүсіндеп үйренеміз.

V Жаңа сабақ

Тақпақ: Білесің бе бұл істі

Зергерлікке кім дайын?

Балқытып ап күмісті

Сапырады судайын

Осы жұмыс ырғағы,

Білезік пен алқаны

Сақинаны сырғаны

Күміс сымнан тартады.

Ермексаздан білезіктің жасалу жолы түсіндіреді.0


Сергіту сәті:Бойымызды ұзартып

Биікке қол созайық

Бармақ басын қозғалтып

Беске жұмыс жасайық.


VI Пысықтау

-Қандай зергерлік бұйымдарды білесің?

-Зергерлік бұйымды неден жасайды?
VII Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен білезіктің мүсінін жасайды.


VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.


Күні:


Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы: Құстарды мүсіндеу

Мақсаты: 1.Балаларға ермексазды пайдаланып,құстардың бірнеше бөліктен мүсіндей білуге үйрету.

2.Олардың дене бөліктерін дұрыс орналастыру,таяқшаларды пайдалана отырып өзіндік сипатын ерекшелеп мүсіндеу дағдысын қалыптастыру,дамыту.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа,құстарды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құстардың суреті.

Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар Қазақстанда қандай құстарды білесіңдер ?

-Ендеше бүгін біз ермексаздан құстарды мүсіндеп үйренеміз!

V Жаңа сабақ

Суреттерді көрсетіп әңгімелеу.

Олардың дене бөліктеріне (көлеміне,пішініне) түстеріне назар аударады.Содан кейін құстарды мүсіндеудің әдіс-тәсілдеріне тоқталады .Оқушылармен келісе отырып торғайдың мүсінін мүсіндеу.

Торғайды мүсіндеу үшін денесін сопақша дөңгелек етіп есіп аламып,мойнын сәл созып шығару.Басын домалақтап жасап алып,мойнына әкеліп біріктіріп жабыстырады,саусақтармен тегістейді.Берік орналасуына мән беру.Тұмсығын басынан шымшып,созып шығарады.Қанаттарын таяқшамен (стекалар) екі жақ бүйіріне сызып бедерлеп түсіру.


Сергіту сәті: Бойымызды ұзартып

Биікке қол созайық

Бармақ басын қозғалтып

Беске жұмыс жасайық.

VI Пысықтау

-Қазақстанда қандай құстар мекендейді екен ?

-Торғайды мүсіндеу үшін қандай заттар керек ?

VII Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен торғайдың мүсінін жасайды.

VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.
Күні:

Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Балапандарын ерткен қаз

Мақсаты: 1.Балаларға ермексазды пайдаланып, балапандарын ерткен қазды мүсіндеп үйрету.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұнды сурет.

Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Жұмбақ: Қоңыр мамық шапаны,

Жұқа жарғақ табаны.

Өр кеудесі қайқаңдап,

Жүретін кім байпаңдап? (Қаз)

-Балалар бүгін біз ермексаздан балапандарын ерткен қазды

мүсіндеп үйренеміз!

V Жаңа сабақ

Қаздың мүсіндеу жолын көрсетіп,түсіндіру.


  1. Қоңыр түсті ермексазды домалақ қылып айналдырып,денесін жасап аламыз.Біржақ шетін үшкірлеп ұзартып мойны мен басын шығарып аламыз.

2.Қара ермексаздан көзін,мұрынын жасаймыз.

3.Қызыл ермексаздан тұмсығын,аяқтарын жасаймыз.

Сол жолмен кішірейтіп балапандарын жасаймыз.
Сергіту сәті: Қуыр-қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әй-әй балақай

Жамандықтан қаш

VI Пысықтау

-Балалар қаздың түрі қандай болады ?

-Ол қайда өмір сүреді ?

-Қаздың адамдарға пайдасы қандай?

VII Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен балапандарын ерткен қаздың мүсінін жасайды.


VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Күні:

Пәні:Мүсіндеу



Тақырыбы:Пиала

Мақсаты: 1. Ермексазды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру,кесені мүсіндеудің техникасымен таныстыру,Құс қанаты өрнегімен таныстыру.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кесенің суреті.

Керекті құрал: ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.


IV Мақсат қою

-Балалар шәйді қандай ыдысқа құйып ішеміз?

-Ендеше сол кесені мүсіндеуді үйренеміз үйренеміз.
V Жаңа сабақ

Ұлттық ою-өрнек элементтерінің суреттерін көрсетіп,олардың аттарын атауды ұсынады.(Тұмарша,төртқұлақ,қайнар,сынық мүйіз,қошқар мүйіз).

Кесені мүсіндеудің жолдары түсіндіріледі:кесекті дөңгелектеу,қалың диск сияқтыжапыру,бүгу және шеттерін созу.Содан кейін кесенің шетін әшекейлейтін әшекейге назар аудару керек.

Сергіту сәті: Қуыр-қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әй-әй балақай

Жамандықтан қаш

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен кесені мүсіндейді.

Еңбек,еңбек

Еңбек бәрінде жеңбек
VII Бекіту

-Қандай оюмен таныстық?

-Кесе не үшін керек?

-Ыдыс жуып аналарыңа көмектесесіңдер ме?

-Әңгімелеп бер.

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Күні:

Пәні:Мүсіндеу



Тақырыбы: Дастарқанды жаяйық

Мақсаты: 1. Ермексазды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру,Қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық ыдыстарының суреті.

Керекті құрал: ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.


IV Мақсат қою

-Бүгін біз қызық сабақ өтеміз.Мен сендерді қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтар көрмесіне шақырамын.Көрмеде экспонаттар бар.

Алға жайып тұз-дәмін,

Келтіреді үй сәнін,

Ол халқымның ақжаны

Жақсы дәстүр маржаны,

Кең пейіл де арайлы,

Осы жерден тарайды. (Дастарқан)

-Дастарқан жаямыз.

V Жаңа сабақ

Балаларға көрмеге қойылған заттарды қарап көруге және олармен танысуға мүмкіндік беру.Содан кейін ыдыс-аяқтардың пайдасын,ерекшелігін қандай материалдардан жасалғанын,тұрмыста қолданылуын талдап,ол туралы түсінік беру.Ыдыстардың кейбірулері теріден жасалғанын айту.Осындай ыдыстарды шеберлер жасайтынын айту.

Сергіту сәті

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен дастарқан жаяды.

Еңбек,еңбек

Еңбек бәрінде жеңбек


VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Тамақ ішкенде дастарқанға не қойылады?

-Қазақтың ұлттық ыдыстарын ата.

-Олар неден жасалады?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Күні:


Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы: Билеп тұрған адамдар

Мақсаты: 1. Ермексазды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру,адам бейнесін мүсіндей білуге үйрету.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: адам бейнеленген не мүсінделген суреті.

Керекті құрал: ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:


I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.


IV Мақсат қою

-Балалар бүгін ермексазбен адамның мүсінін жасап үйренеміз.

V Жаңа сабақ

Суретті көрсетіп адам туралы,оның мүсіндеу жолы туралы әңгімелесу.

Адам бейнесінің суреттерін қарап,олардың дене мүшелерінің орналасуына көңіл бөлу.Қимыл-қозғалыстарды сөзбен айтып жеткізулерін сұрау.Саз балшықтан осындай өздеріне ұнаған бейнелерді мүсіндеуге тапсырма беріледі.
Сергіту сәті: Бала,бала балақан

Қане қайсы алақан

Саусақтарын әбат

Былай,былай ойнат

Топ,топ,топ топ басайық

Жалаумен күн жасайық

Жаса,жаса жарқын күн

Жаса,жаса алтын күн!


VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен ермексазбен адамның мүсінін жасайды .

Ұран:

Еңбек,еңбек



Еңбек бәрінде жеңбек
VII Бекіту

-Бүгін ненің мүсінін жасадық?

-Оның жасалу жолын жасадық

VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау


Күні: Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Қысқы серуендегі балалар

Мақсаты: 1. Балаларға қыс қызығы бейнеленген суретті әңгімелету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,тіл байлығын дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Ендеше қыста болатын қызықтар жайлы әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ

Қыста балалар қар атысып ойнайды.Шанамен сырғанақ теуіп ойнайды.Қардан шаңғы тебеді.Мұз айдынына барып коньки тебеді.Жаңа жауған қардан аққала жасайды.Хоккейшілер мұзда хоккей ойнайды.Қыста балалар жақсы көретін жаңа жыл мерекесі болады.


Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты орнына

Оңға қарады,солға қарады

Үлкен тау деп ойлады

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен ермексазбен қар атысып жатқан,аққала жасап жатқан немесе шана теуіп жүрген қысқы киімдегі екі баланың мүсінін жасайды .


VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Қыста қандай табиғат құбылыстары болады?

-Қыста қалай киініп жүру керек?

-Қыста қандай қызықтар болады екен?

-Қандай мерекелерді білесің,қыста болатын?

-Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау
Күні: Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Алдар көсе-қазақ ертегілерінің бас кейіпкері

Мақсаты: 1. Адар көсенің бейнесін мүсіндей білуге үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,тіл байлығын дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Балалар Алдар көсе ертегісімен танысып,соның бейнесін мүсіндейміз.

V Жаңа сабақ

Алдар көсе ертегісінің үзіндісін оқу.

-Ақылмен алдай білетін айлакер кім болды екен? (Алдар көсе)

Балалар ертегіге салынған иллюстрацияларды қарастырып,Алдар көсенің кейіпіндегі ерекше бөліктеріне,оның киіміне,жүзіне назар аударады.Балаларға адамның фигурасын мүсіндеу тәсілдерін естеріне салу.

Сергіту сәті: Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен ермексазбен Алдар көсенің мүсінін жасайды .


VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Алдар көсе қандай адам ?

-Алдар көсе жақсы істер үшін ,кедейлерге көмектесу үшін адамдарға жаны ашымайтын байларды алдайды.


VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау
Күні: Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Жұмбақ шешу

Мақсаты: 1. Жұмбақтың шешуін таба білуге,бір бейнені көрнекі көрсетпей- ақ мүсіндей білуге үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,логикалық ойлауын,тіл байлығын дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар мен жұмбақ шешемін сендер жауабын ауызша айтпай,ермексазбен мүсіндеп көрсетесіңдер.

V Жаңа сабақ

Оларды ауқымды,көлемді етіп мүсіндеуге немесе рельефті мүсіндеуге болатынын айтады.Егер жұмбақ шешуін жалпы копазицияға біріктіріп жіберсе тіптен жақсы болады.

Аталған жұмбақтар шешуі бойынша бір шағын топ жиналып,композиция жасауына болады.,мұнда рельефті мүсіндеу тиімді.

-Сондай –ақ,жан-жануарларды,үй жануарларын, ыдыс-аяқтар,оқу құралдарын,құстарды т.б. тақырыпқа сәйкес ұсынуға болады.

Мысалы:

Жайнаған бақтың әншісі

Тамсанған оған сан кісі (Бұлбұл)

Мойны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы? (Аққу)

Сергіту сәті: Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы
VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар жұмбақ жауабының мүсінін жасайды.

VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Бұлбұл қандай құс?

-Аққу қандай құс?

-Құстар туралы қандай өлең,тақпақ білесіңдер?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Күні: Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Қазақстан жануарлары

Мақсаты: 1. Қазақстан жануарлары мүсіндей білуге үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,логикалық ойлауын,тіл байлығын дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Жұмбақ: Ауылдан рте тұрып,кетер сыртқа,

Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа.

Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап,

Қайтады қуанышпен бір уақытта.

(Жайылған қой,қозы)

-Балалар бүгін жануарлар туралы әңгіме айтып,оларды мүсіндеуді үйренеміз.

V Жаңа сабақ

Қой мен қозының суретін немесе ойыншықтарын көрсетіп әңгімелесемін.Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін түсіндіру.Бірнеше бөліктерден тұратынын:денесі,мойын,басы,аяқтары және құйрығы.Дәптердегі үлгі-суретке қарай отырып,мүсіндеу жолдары түсіріледі.

Сергіту сәті: Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы


VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар қой мен қозының мүсінін жасайды.


VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Қойдың пайдасы қандай?

-Қойдың төлін қалай атайды?


VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Күні: Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Балауыз шам қойғыш

Мақсаты: 1.Шам қойғышты мүсіндей білуге үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,логикалық ойлауын,тіл байлығын дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін біз сабақта май шам қойғыш жасаймыз.

V Жаңа сабақ

Майшам қойғыш жасау үшін үстел керек.Мерекелік үстелдің құралдары қандай?Әрине шамдар.Ол үшін шамның астына қоятын қойғыш қажет.Негізгісін үлкен кесек ермексазбен жасаймыз.Дөңгелектеп алып,оны жалпақтаймыз.Кесек ермексаздан кішірек етіп домалақтап,көлденеңінен ортасына қойып,мықты ұстап тұру үшін берік етіп жапсырамыз..Шам қойғышты немен әшекейлеуге болады?Домалақтап алынған ермексазды жайып бір жағынан кесеміз,тарақ сияқты оны спираль сияқты етіп қиылған жағын жоғары көтеріп қоямыз.Міне ,раушангүл!Енді раушангүлін шам қойғышқа жапсырамыз,көлденеңнен айналасына жапсырамыз.Шам қойғыштың көлемі әр түрлі болуы мүмкін.

Сергіту сәті: Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы
VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар майшам қойғыштың мүсінін жасайды.


VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Шам қойғыш жасау үшін қандай құралдар керек?

-Майшам мен оны қойғыш не үшін керек?

-Шам қойғыштың жасалу жолы қандай?

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау


Күні: Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Тұмарша

Мақсаты: 1. Балаларға тұмарды қазақтың ою-өрнектерімен әшекейлеуді үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,халық өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін біз тұмарша жасаймыз.

V Жаңа сабақ

Балаларды қазақтың тұмаршасымен таныстыру.Бұл зат «Қазақстан зергерлік әшекейлері» альбомынан тұмаршаның қалай әшекейлегенін көрсетеді.Балаларға үшбұрыш қатырма қағазды тартып беріп,тұзды қамырмен оюлап әшекейлеуді ұсынады.Балаларды өз қиялдарымен толықтыруға дағдай жасау қажет.Қосымша материалдар:табиғи материалдар немесе мата қиындылары,ұсақ моншақтарды беруге болады.Асыл тастармен әшекейленген тұмаршаны тақса,ол адамға бақыт әкеледі деген ұғым бар екенін айту.

Сергіту сәті: Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы
VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар тұмаршаны жасайды.


VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

- Тұмаршаны жасау үшін қандай құралдар керек?

-Тұмарша не үшін керек?

- Тұмаршаның жасалу жолы қандай?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Күні: Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Теңіздегі жел айдаған қайық

Мақсаты: 1. Балаларға сурет бойынша әңгімелей отырып,оның мазмұнына композиция құрау,мүсіндеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,халық өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Жұмбақ

Аяғы жоқ,қолы жоқ,



Не жүретін долы жоқ.

Мініп алсаң зулайды,

Бірақ ізі қалмайды. (Қайық)

-Балалар бүгін біз қайық жасаймыз.

V Жаңа сабақ

Суретті көрсетіп әңгіме жүргізу.Суретте теңіз бетінде жел қатты соғып тұрғаны байқалады.

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар,ермексаздың көмегімен осындай қайықты мүсіндеуге бола ма?Ол суреттегі сияқты емес ауқымды,жан-жағынан көруге болатын етіп мүсіндейтіндерін айту.Сондай-ақ,рельефті мүсіндеу әдіс-тәсілдерімен. Жасауға болатынын түсіндіру.Түрлі-түсті ермексаздың әр түрінен бірнеше (2,3)кесек бөлшектерді бөліп алып,оны ақ қағаздың бетіне қойып,саусақтарымен басып,жан-жағына жайып,жабыстыра жағады.Түстерді бір-біріне үйлестіре араластырады..Мұндай әдіс-тәсілмен аспан мен теңізді бейнелеп,қайықты салады.

Сергіту сәті: Бас бармақ-әке

Балаң үйрек-шеше

Ортан терек- мен

Кішкентай бөбек-сен

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар теңіздегі жел айдаған қайықты мүсіндейді.
VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Біз шеберміз,біздің қолымыздан жақсы істер келеді.

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау


Күні: Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Біздің ғарышкерлер

Мақсаты: 1.Балаларға ғарыш туралы түсініктеме беріп,қазақ елінің тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтар жайлы балалардың өздеріне әңгімелету.Ғарышкерлерді мүсіндеудің ең оңай,тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.

2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін дамыту.

3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтың суреттері

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою

-Балалар мынау ненің суреті?

-Зымыран,ғарыш туралы түсінік беріп «Ұшқыш болам»-деген тақырыпты өтетінімізді айту.

Мен ақылдымын,

Қиындықтан қорықпаймын

Мен жаспын қандай әдемімін,

Мен ұзақ өмір сүремін.

Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.

Мен халқыма қызмет етемін

Айға ұшамын,жерге түсемін,

Халқыма тыныштық тілеймін.

V Жаңа сабақ

Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтың өмірбаянын әңгімелеу.
«Ұшқыш болам» Т.Молдағалиев.-өлеңін оқып беру.

Оқып берген өлеңді сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

«Тұңғыш қазақ ғарышкері» С.Қалиев

Ғарышкерлерді мүсіндеудің ең оңай,тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.

Сергіту сәті:Арман қуып жасынан

Көктен көзін алмаған.

Ұшқыш болды жас ұлан.

Аспанда еркін самғаған

VI Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар ғарышкерлерді мүсіндейді

VII Қорыту

-Балалар қандай тақырып өттік?

-Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.

-Ғарыш әлеміне нелер жатады?

-Кім ғарышкер болғысы келеді?

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы

Күні: Пәні:Мүсіндеу

Тақырыбы:Жұлдызқұрт

Мақсаты: 1. Балаларға модульдік мүсіндеудің дағдыларын түсіндіру.Бейнеден бірдей бірнеше модульдік (элементтер) бөлшектер жасауды үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,халық өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Жұмбақ:


Денесі буылтық,

Сырты жасылтүк. (Жұлдызқұрт)

-Балалар бүгін біз жұлдызқұрттың бейнесін жасаймыз.

V Жаңа сабақ

Жұлдызқұрттың мүсіндеудің технологиясын түсіндіру.Мүсінделген жұлдызқұртты көрсетіп,оны домлақ ермексаздан жасалатынын айтып, оған кесілген бөлігін орналастырады.

Ермексазды бөліп,оны алақанға салып,кішкентай домалақтар жасайды.

Сергіту сәті: Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы


VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар жұлдызқұрттың бейнесін жасайды.


VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Жұлдызқұрт қандай болады?

-Жұлдызқұрттың жасалу жолы қандай?



-Түсі қандай?

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет