Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері



бет33/53
Дата04.11.2016
өлшемі22,18 Mb.
#324
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53

Мақсаты: Жері шүйгін, отын- суы мол жердің «Бетпақдалаға» айналуы жайлы аңызбен таныстыра отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғаттағы тіршілікті сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, бетбақдала суреттері. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қошанның атасы кім болып істейді? Ол атасымен қайда барды? Жол-жөнекей Қошан не істеуден шаршамады? Олар жолдан не көрді? Атасы не деді? Қошан атасының сұрағына қалай жауап іздеді? Жауабын таба алды ма? Сонымен, арқарға мүйіз не үшін керек екен?

ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: Арқарға мүйіз не үшін керек? Қошан қандай бала? Мінездеме беріп көр. Сенің көзқарасың?

ІҮ.Мақсат қою : 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасымен жұмыс

Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Нәубет деген не? (тағы бір қасірет) Мәтіннен осы сөздің мағынасын ашатын жолдарды тауып оқы. Табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен байланысты екенін мәтінге сүйеніп айтып көр. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді тауып жаз. «Жері байдың-елі бай», «Байлық не дегізбейді», «Ел іші-алтын бесік», «Есті ханның қайғысы ақылменен басылар, есер ханның қайғысы ашу болып шашылыр» , «Жұт жеті ағайынды».

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Құрт-құмырсқа, бақа-шаян, құстар атын және тышқан түрлерін, т.б. жан –жануарлар аттарын дұрыс оқып, жазылуын есте сақта. Суретпен жұмыс. Мәтінге сүйеніп, суретті салыстыра сипатта. Әр суретке тақырып ойла. Өзің қандай жерде тұрар едің?

ҮІІ. Бекіту: Бүгін қандай тақырыпты өттік? «Бетпақдала» деп неліктен айтады? Сен туған жеріңнің табиғатын көркейту үшін қандай үлес қосып жүрсің? Ойыңды қорытып, суреттерді салыстыра әңгіме құра.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.1. оқу, әңгімелеу. 2.Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Шығарма « Сүйемін мен-ана тілін»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша өздік жұмыс . Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Шығарма жазуда мына жоспарға назар аудар.

Мазмұндау жоспары:

  1. Тіл, сөйлеу, дегенді қалай түсінесің, тіл не үшін қажет. (айту, пікірлесу, сөйлесу, дәлелдеу, ойын жеткізу, сәлемдесу т.т.) 2. Адамдар сөйлемесе қалай болар еді деп ойлайсың? 3.Ана тіліңді неліктен жақсы көресің? 4.Ана тілің туралы көптеген мақал- мәтелдер, өлеңдер бар. Білсең жазып, мәнін түсіндір.5.Ойыңды қорытындыла.

Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Ана тіліңе сенің құрметің?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Өз біліміңді тексер. (бөлімді қайталау,тест.)

Мақсаты: «Табиғат-менің өз үйім.» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрену қабілетін дамыту; әдептілікке, инабаттылыққа және табиғатты қорғау, бақылау, зерттей білуге тәрбиелеу.

Түрі: қайталау. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, тест материалы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын хабарлау, оқушы зейінін сабаққа аудару. Біз қандай тарауды аяқтадық? «Табиғат-менің өз үйім» тарауынан неге үйрендік, не білдік? Қандай ақын, жазушылардың еңбегімен таныстық?

ІІІ. Өткенді қайталау:

1.«Түсіндіреміз және дәлелдейміз» деген ұғыммен таныстыру. Түсіндіргенде себебі анықталады. Бір нәрсені түсіндіру барысында дәлелдейді де.

Көркем шығармада да дәлелдеу бар. Онда әрбір оқиғаның неге олай болғаны дәлелденіп отырады.

Мысалы: Ә.Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» әңгімесін алайық. Бір топ киіктің суатқа келуінің себебін олардың шөлдеп су ішкісі келгенмен дәлелдейді. Сол сияқты автор ақсақ текенің өз тобынан дараланып, жеке қашқанын қасқырдың киіктерге тап бергенімен дәлелдейді. Әлгі текенің шынында ақсақ емес, лақтарын аман сақтау үшін істеген айласы екенін қасқырлардан аман-есен құтылып кеткенімен дәлелдейді.

Міне, көрдің бе, шығармадағы әрбір оқиғаға автордың дәлелі бар.Осындай үлгімен осы бөлімдегі шығармаларды талдап көрелік.

2.Өздігінен тапсырмаларды орындау:


  1. М. Сүндетовтің «Қайрымдылық» әңгімесіндегі Мұхтардың үстін ластап алуының себебі неде? ( Үш-төрт баланың күшікке тас атып, суға түсіруі. Мұхтардың оны құтқаруы, қайырымдылық жасауы.)

  2. Б. Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесіндегі бүркіттің соқыр болып қалуы қандай оқиғамен дәлелденеді? (жауыз адамдар сатып алғылары келді, бірақ досты сатуға бола ма? Мұхтар сатпады. Содан соң олар бүркіттің көзін күйдіріп түсірді.)

  3. А. Сейдімбектің «Бетпақдала» ертегісіндегі оқиғаларды пайдаланып, табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен байланысты болатынын түсіндіріп көр. (Жусанды жұлу құрт-құмырсқа, кене мен бүйінің қаптап кетуіне келтірілді. Шаян шағып ханның тұлпары өледі. Құрт-құмырсқа, кене мен бүйі-шаян, өрмекші, қарақұрт, жылан, кесірткені қырады. Құстар қырыла бастайды жейтін зат таппай. Енді тышқан мен жыланның алуан түрі қаптайды. Осылай, жері тозып, елі босқан хан жұртта қалған жетім күшіктей ұлып, осы далада азып-тозып өліпті дейді. Содан бері ел-жұрт бұл даланы «Бетпақдала» деп атап кеткен екен.)

  4. Осы бөлімдегі табиғатты қорғауда балалардың жақсы істері жөнінде жазылған шығармаларды ата. (Қайрымдылық. Торғай.Қамқорлық.)

  5. Бөлім неліктен «Табиғат-менің өз үйім.» деп аталған? Өз ойыңды білдір.

ІҮ. Білімін тексеру: Тест. (жауабы: 1. А- Өзен; 2. Ә-Ж. Аймауытов. Торғай; 3. Б-ә.Қоңыратбаев киіктің айласы; 4. А-Құралай; 5. А-И.Байзақов. Алтай аясында; 6. Б-Сипаттау; 7. А-Гайдар; 8. Ә-Қожа; 9. Б- Арқар биіктен секірген кезде аяғымен емес,мүйізімен жерді сүзе құлайды да, аунап тұрып,кете береді- сол үшін керек; 10. А- А. Сейдімбек. Бетпақдала;

Ү. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Сонымен, «Табиғат-менің өз үйім» тарауынан неге үйрендік, не білдік?

ҮІ. Үйге тапсырма:1. Өткенді қайталау. 2. бағалау.

ІХ тарау. Жаздыгүн шілде болғанда

104. Сабақтың тақырыбы: Жаз. Абай



Мақсаты: «Жаздыгүн шілде болғанда» бөлім жайлы түсінік беру, оқушыларды түсініп оқып, өзіндік пікір айтуға үйрету, тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту; адалдыққа, адамгершілікке, табиғатты сүюге баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру. Көрнекілік: оқулық, суреттер.Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Неше жыл мезгілі бар? Жаз айларына қандай айлар жатады? ( маусым, шілде, тамыз).

Ү. Жаңа сабақ: 1.Суретпен жұмыс: Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден аңғардың? Сурет бойынша әңгіме құр. 2. Абайдың жыл мезгілдеріне арнап жазған өлеңдерін есіңе түсір. (Қыс. Жазғытұры.) Жатқа айтып көр. 3. Оқулықпен жұмыс. Жаз мезгіліне арнап жазған өлеңді түсініп оқы. Жаз мезгілін ақын тілімен сипатта:

1. Жаздыгүнгі табиғат. 2. Жан- жануарлардың жазғы тіршілігі. 3. Жазғы жайлау.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру.1.Өлеңге сүйеніп, сурет салсаң қандай түсті көп пайдаланар едің? Жазды күні шілдеде айнала неге толады? Өз ауылыңда қандай қандай өзгерістер болады?

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Саған жаз айы ұнай ма? Ұнаса несімен?

ҮІІІ Үйге тапсырма: 1. Жаттау. 2. Бағалау
105 . Сабақтың тақырыбы: Шілде. Міржақып Дулатов

Мақсаты: Шілде айында болатын жағдайларды, істелінетін жұмыстар жайлы айта келе, оқушыларды түсініп оқып, өзіндік пікір айтуға үйрету, тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту; табиғатты сүюге баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Абайдың «Жаз» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Жаздыгүні табиғат қандай болады? Жан- жануарлардың жазғы тіршілігі туралы не білесің? Жазда жайлауда болдың ба? Болсаң не айтар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суретке қарап жаз жайлы білетініңді айт.

Ү.Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Мәтінді түсініп,іштен, дауыстап, жалғастырып оқы. Мәтінді бөліктерге бөл:

1. Басы: Жаз келіп,шілде жетті. Шілдеде күн ұзын, түн қысқа болады. ...2. Ортасы: Үлкендер сол күндерін ...3. Соңы: Қазақ шөпті бел орақпен шабады. ...

Әр бөлікке ат қой. 1. Жазда. 2. Жайлаудың қызығы. 3. Оқуға бару. Сергіту сәті

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Жоспар бойынша шілде айы туралы әңгімеле.

ҮІ. Қорыту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Міржақып Дулатов шілде айы жайлы не дейді? ҮІІ.Үйге тапсырма. Оқу, әңгімелеу. Бағалау
2.04.2013

Сабақтың тақырыбы: Шыбынсыз жаз. Сәбит Мұқанов

Мақсаты: Шілдедегі өзгерістер жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғатты бақылай білуге баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер. Түрі: аралас

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Жазда қандай өзгерістер болады? Ел жайлауда қандай қызықтар болады? Балалар жайлауды неге қия алмай жүр? Олар қайда барады?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Саған жаз айлары несімен ұнайды? Өзің жазғы демалысты қалай өткіздің сол жайлы айтып бер.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың шыбынсыз жаз болады ма?

Ү. Жаңа сабақ. 1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, жалғастырып оқу. Салыстыру: М. Дулатов пен С. Мұқановтың шығармаларын салыстыру:

1. Екі шығармада да жылдың қай мезгілі суреттелген? Оны неден аңғардың? (жаздың шілде айы.) 2. Шілдедегі ауа райы туралы қай шығармада сөз болады? С. Мұқанов жаз табиғатының суретін неге теңейді? ( Шыбынсыз жаз) 3. Қазақ халқында қандай салт-дәстүр бар? Ол жөнінде қай шығармада айтылған? (Шілде) 4. Екі шығарманың қайсысы бұрынырақ жазылған деп ойлайсың? Оны неден аңғардың?



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: «Шыбынсыз жаз» дегенді қалай түсінесің? С.Мұқанов «Шыбынсыз жаз» тіркесіне байланысты кімді есіне алады? Қалайша? (Абай «Сөзімде жаз бар шыбынсыз»)

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Масасыз, шыбынсыз салқын жайлаудың малға қандай пайдасы бар? ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2.Бағалау.

3.04.2013

Тақырыбы:Таңның атуы. Мұқан Иманжанов

Мақсаты: Таңның ату әдемілігі жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету; оқушылардың ой-өрісін дамыту; табиғат әсемдігін бақылай отырып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» шығармасында не жайлы әңгімеленеді? Шынында да шыбынсыз жаз болады ма екен? Салқын жаздың қандай пайдасы бар?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Шілдеде ауа райы қандай болады екен? Тағы кімнің шілде айы жайлы шығармасы бар?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. .Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Арайлап таңның атып келе жатқанын көрдің бе? Көрсең саған қандай әсер қалдырды? Әңгімелеп көр.

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен? Таң атарда жұлдыздар қайтеді? Шолпан жұлдызы қай уақытта туады? Таң атып келе жатқанда тағы нені байқауға болады?

ҮІ. Сабақты пысықтау: Мәтіннен самал, ауа, Шолпан жұлдызы сөздеріне қатысты теңеулерді тап. (салқын самал, таза ауа; электр шамындай жарқырап)
ҮІІ.Қорыту: Бүгін Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы» әңгімесінен не білдік? Саған ұнай ма таңның атуы? Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген? Мәтінге сүйеніп атып келе жатқан таңды суреттеп, ойыңды қорытып, «Таңның атуы» атты сипаттау мәтінін құр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу.

2. Бағалау



4.04.2013

Сабақтың тақырыбы: Дала. Сәкен Сейфуллин

Сабақтың мақсаты: С. Сейфуллиннің «Дала» өлеңімен таныстыра отырып, оқушыны түсініп, мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғат әсемдігін бағалай білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй жұмысын сұрау: Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы» өлеңінде таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен? Таң атарда жұлдыздар қайтеді? Шолпан жұлдызы қай уақытта туады? Таң атып келе жатқанда тағы нені байқауға болады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Арайлап атып келе жатқан таң саған қандай әсер береді? Таңғы ауа қандай? Бақылап көр.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген? Атып келе жатқан таң жайлы әңгімеле.

Ү. Жаңа сабақ: 1.Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Іштен, жалғастырып оқу. Өлеңде не туралы айтылған? Өлеңнің бірінші шумағында ақын жазғы даланы кімдерге теңейді? Неліктен? (анаға, балаға) Жазғы дала неліктен «кестелі жібек көрпедей». (көкпеңбек жасыл шөппен жайқалған көктемгі гүлдер басқан). Ақын нені көк ала кілемге теңейді? (көк шөп). Ақынның көк шалғынға, гүлдерге «жан бітіріп» суреттеген жолдары қай шумақта және қалай берілген? (соңғы шумақта)

Сергіту сәті. ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: «Дала» суреті бойынша өз ойын әңгімелеу. Сен тұрған жергілікті жерде қандай далалы жер бар? Ақынның өлеңімен салыстырып айтып көр.

Ү. Бекіту кезеңі: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Жазғы дала несімен әдемі екен?

ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. 2.Бағалау

5.04.2103

Тақырыбы: Көлде. Ғабит Мүсірепов

Мақсаты: Ғабит Мүсіреповтың өмірбаянымен таныстырып, көлдегі құстар өмірі жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғат әлемінің әсемдігіне зер сала отырып, бағалай білуге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: С.Сейфуллиннің «Дала» өлеңін жатқа айту. Ақын жазғы даланы кімдерге теңейді? Жазғы дала неліктен «кестелі жібек көрпедей» деп суреттеп отыр? Ақын нені көк ала кілемге теңейді? Ақынның көк шалғынға, гүлдерге «жан бітіріп» суреттеген жолдары қай шумақта және қалай берілген?

ІІІ.Білімдерін тексеру:Жазғы дала несімен әдемі екен?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Суреттер топтамасымен жұмыс істеу.Ғабит Мүсірепов кім?

Ү.Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс:

Ғабит Мүсірепов – қазақтың аса көрнекті жазушысы. (1902-1985). Тұтқын қыз, Қазақ солдаты, т.б. шығармалар жиынтығын жазған. «Көлде» әңгімесін түсініп оқу. Жаңа көтеріліп келе жатқан күн, құстар әлемі үшін немен басталады екен? Аққу, қаздар бір-бірімен не істейді? Қарғалар ше? Сөздік жұмыс. Доңыз - мұнда: арам ниетті, қаскүнем. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Суретте нелер бейнеленген? Оқыған мәтін мен осы суреттің арасында қандай байланыс бар?

Сергіту сәті.

ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау: Мәтінге сүйеніп сурет бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеде сыланып отырған аққу, мыңдаған үйрек, сырласып отырғандай, суылдап келіп көлге қонады деген сөздерді пайдалан.

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Онда не жайлы әңгімеледік?

ҮІІІ . Үйге тапсырма: 1.түсініп оқу, әңгімелеу. 2.бағалау
10.04.2013

Тақырыбы: Малсақ бала. Өтебай Тұрманжанов

Мақсаты: Оқушыларды қойшы өмірімен таныстыра отырып, кешке қойшы баласының еңбегі жайлы айта келе, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; еңбек сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа әзірленуі. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Көлде» әңгімесінде не жайлы айтылады? Жаңа көтеріліп келе жатқан күн құстар әлемі үшін немен басталады екен? Аққу, қаздар бір-бірімен не істейді? Қарғалар ше?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Көлдегі құстар өмірі саған ұнады ма? Сенің пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақты мақсатымен таныстыру.

-Балалар, сендер үй тіршілігіне көмектесесіңдер ме? Араларыңда қойшының баласы бар ма? Сендер кешкісін қандай жұмыстар істейсіңдер?



Ү. Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс: Өтебай Тұрманжановтың «Малсақ бала» атты өлеңін түсініп оқу. Атасы немересіне не тапсырды? Ол туралы өлеңнің қай шумақтарында айтылған? Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген?

ҮІ. Сабақты пысықтау: Мал шаруашылығына байланысты өзің қандай еңбектер атқарасың? Кітаптағы № 5 тапсырмаға ойланып жауап бер. Баланың атасына берген жауабына қарап мінездеме бер.

ҮІІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Онда не жайлы әңгімеледік? Кітаптағы түсініктемені пайдаланып бақташының еңбегі туралы әңгімеле.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Түсініп, мәнерлеп оқу.

ҮІІ. Бағалау


Ана тілі

11.04.2013

Тақырыбы: Кешкі дөң басында. Мұхтар Әуезов

Кеш. Әбдіжәміл Нұрпейісов

Мақсаты: М. Әуезовтың, Ә. Нұрпейісовтың шығармаларын түсініп оқи отырып, уақыт мезгілі және ауылдағы кеш уақыттың өзіндік ерекшелігімен таныстыру; салыстыра білуге үйрету; есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру; әсемдікке, табиғатты тыңдай, сезе білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: ауыл кеші суреттері

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.



- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өтебай Тұрманжановтың «Малсақ бала» атты өлеңінде не жайлы айтылады. Атасы немересіне не тапсырды? Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мал шаруашылығына байланысты өзің қандай еңбектер атқарасың? Бақташының еңбегі туралы не білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Кеш мезгілі саған ұнай ма? Кешке сенің жанұяң қандай жұмыстар істейді?

Ү.Жаңа сабақ: М. Әуезовтың «Кешкі дөң басында», Ә. Нұрпейісовтың «Кеш» шығармаларын түсініп оқу. Екі шығармадан кешкі батып бара жатқан күнді суреттейтін тұсты тауып оқы. Бұл шығармаларда не суреттелген? Екі шығарманың айырмашылығы неде? Жазушылар жазғы кешті суреттегенде күннің түсі қандай болады дейді? Кешкі ауыл көрінісі қай шығармада берілген? (Кеш). М.Әуезовтың «Кешке жақын шу көбейіп, азан-қазан болған ауылдан шығамыз» дейді. Ә.Нұрпейісовтың «Кеш» шығармасын пайдаланып, неге кешкі ауыл у-шуға толы, азан-қазан болатынын айт.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Ә. Нұрпейісовтың шығармасындағы малдардың атын ата. Мыс: мөңіреген сиыр, маңыраған қой, кісінеген жылқы, шұрқыраған қозы, лақтар. Екі шығармадан күнге, аспанға қатысты теңеулерді тауып көр. Мысалы: Қызулы өрттің жалынындай аспан... ; Зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп таудан асып, ұясына кіріп барады... ; Қара көк тұңғиық аспан ...; Дамылсыз күйдірген күн көзінің... ;

ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта қандай тақырыптарды өттік? Онда не жайлы әңгемеледік? Жаздың кешкі мезгілінің суретін салсаң, қандай бояу түстерін пайдаланар едің? Суретпен жұмыс. Осы сурет қай шығарманың мазмұнын ашады деп ойлайсың? Қандай бояу көбірек қолданылған? Әңгімеге ат қой.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Әңгімелеу, кешкі ауыл суретін сал. ҮІІІ. Бағалау

Ана тілі

12.04.2013

Сабақтың тақырыбы: Жаңбыр. Қабдыкәрім Ыдырысов

Мақсаты: Қабдыкәрім Ыдырысовтың «Жаңбыр» өлеңін мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғаттың құбылыстарын бақылай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілік: мазмұнды суреттер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезең:1. Сабаққа дайындақтарын тексеру. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: М. Әуезовтың «Кешкі дөң басында», Ә. Нұрпейісовтың «Кеш» шығармаларында не жайлы әңгімеленеді?. Екі шығармада кеш батып бара жатқан мезгілді қалай суреттейді? Екі шығарманың айырмашылығы неде? Жазушылар жазғы кешті суреттегенде күннің түсі қандай болады дейді? Кешкі ауылдың неге у-шуға толы, азан-қазан болатынын айт.

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Кешкі ауыл мезгілі саған ұнай ма? Саған қандай әсер қалдырды?

ІҮ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңбыр қай кезде жауады? Саған жаңбыр жауғаны ұнай ма?

Ү. Жаңа сабақ: Өлеңді мәнерлеп оқу. Ақын нөсер алдындағы аспанды қандай адамға ұқсатады? Неліктен? (долы, ашулы адамға) Табиғаттағы өзгеріс жөнінде қай шумақта айтылған? ( екінші шумақта). Нөсердің алдында қандай қарбалас болды? Өлеңді ақын қандай көңіл күймен жазды деп ойлайсың? Жаңбырдан кейін балалар қуанышы жөнінде не айтылған?

ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Зер сал. Табиғат адамға не береді?

ҮІІ. Бекіту кезеңі. «Табиғат-ана» деген сөз тіркесімен суреттің арасында байланыс бар ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу, « Нөсерде», «Жаңбырлы күн» тақырыбына шығарма жаз.

2.Бағалау

Тақырыбы: Мазмұндама «Еліктің лағы»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау . Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Еліктің лағы

Бір топ елік жайылып жүрді. Араларында кішкентай лағы бар.Кенеттен бір көкжал қасқыр шыға келді. Ол еліктерге тап берді. Еліктер лақты ортаға алып, қаша жөнелді.Қасқыр лақты жегісі келді. Еліктер қасқырды лаққа жолатпады. Мүйіздерімен жасқап, қорғап келеді.

Жүгіре-жүгіре қасқыр шаршады. Аузына ешнәрсе ілікпестен жөніне кетті.

Аман қалып, есін жиған еліктің лағы, өзінің апа-ағаларына риза болды.



Жоспар:

  1. Жайылып жүрген еліктер.2.Көкжал қасқыр мен еліктер.

  2. Еліктердің кішкентай лақты қорғауы.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Ал, сен қалай ойлайсың, адамдарда осындай баласына қамқорлық жасай алады ма?

Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
114. Тақырыбы: Қайталау. Өз білімінді тексер.

Мақсаты: «Жаздыгүн шілде болғанда» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрену қабілетін дамыту; әдептілікке, инабаттылыққа және табиғатты қорғау, бақылау, зерттей білуге тәрбиелеу.

Түрі: қайталау. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, өзіндік

Көрнекілігі: арнайы суреттер, тест материалы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын хабарлау, оқушы зейінін сабаққа аудару. Біз қандай тарауды аяқтадық? «Жаздыгүн шілде болғанда» тарауынан неге үйрендік, не білдік? Қандай ақын, жазушылардың еңбегімен таныстық?

ІІІ. Өткенді қайталау:

1.«Сипаттау» деген ұғыммен таныстыру. Сипаттап айтуға үйрен.



Заттың белгілерін белгілі бір мақсатқа қарай ашып көрсетуді сипаттау дейді. Жазушы кейде табиғат құбылыстарын, мезгілді, өзіне әсер еткен басқа да көріністерді сипаттап жазуы мүмкін. Осы бөлімде мұндай сипаттауға мысал бола алатындай шығармалар көптеп берілді.

2.Өздігінен тапсырмаларды орындау:

  1. Жаздың әдемі көрінісін сипаттауға арналған шығармаларды ата. 2.Абайдың «Жаз» өлеңіндегі жаз көрінісін өз сөзіңмен әңгімеле. 3.Мезгілді сипаттауға арналған шығармаларды ата. (Жаз. Шілде. Шыбынсыз жаз. ...) 4.Осы сипаттауға сүйеніп сурет салып көр.

ІҮ. Білімін тексеру: С. Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» әңгімесіндегі жаз келбетін суреттеген жолдарын тауып оқы. «Жаз» тақырыбына әңгіме құр.

Ү. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Сонымен, «Жаздыгүн шілде болғанда» тарауынан не білдік, неге үйрендік? Тест: 1.В- Сипаттау; 2. Ә -Әңгімелеу; 3. А - Сипаттау; 4. В – Ұшып тұрса сымпылдап ; 5, А - Шілде; 6. В - Жаз; 7. Ә - Таңғы; 8. Б – Екеуінде де жазғы кеш суреттеледі; 9.Ә – Жаңбыр жауғанда; 10.А - Автордың;

ҮІ.Үйге тапсырма: «Жаз» тақырыбына сурет салу

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Тақырыбы: Бесік жыры. («Бесік жыры» кітабынан)

Мақсаты: Оқушыларға қазақ салт-дәстүрі және атадан келе жатқан ауыз әдебиетінің бір түрі бесік жыры жайлы түсінік беру, мәнерлеп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; ананы қадірлеу, сыйлауға, салт-дәстүрді жалғастыра білуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу,әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Қазақ ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады? 1,2 кластарда осы жайлы қандай тақырыптар өтіп едік? («Атадан қалған асыл мұра» атты бөлімнен: ертегілер,жырлар, аңыздар, мысалдар, жұмбақ, мақал-мәтелдер, шешен сөздер, асыл көркем сөздер, ...)

ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша жас туылған баласын бесікке салған. Таза, әрі жайлы болады деп есептеген. Ұрпағын дәріптеген қазақ, жас баласын бес жасқа дейін атасындай (құдайындай) сыйлап, тек демей өсірген. Сонда , балапанын мәпелеген ана, баласын бесік жырын айту арқылы жұбатқан. 2. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Әр шумағын талдау. Не жайлы айтылған? деген сұраққа жауап беру.

Сергіту сәті:

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Анасы баласын қалай жұбатқан? Жақсы көру сезімін қалай жеткізген? Анасы баласына деген тілегін қай жолдарда айтады? Баласының үлкейіп, адам болуын армандаған шумақтардан не байқадың? Анасы баласының кім болғанын қалайды? Сенің кім болғың келеді? Санамалап дәптеріңе жазып ал. (жылқышы, батыр, ұста, шешен, балуан, ғалым)

ҮІІ. Бекіту. Бүгінгі сабақта не жайлы білдік? Өлең неге «Бесік жыры» деп аталған? «Көп қиыннан өтерсің» дегенді қалай түсінесің? Қазақ баланың тұсауын кескен. Ол жайлы не білесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу, өзіңе ұнаған шумағын жаттап ал, мазмұнын әңгімеле. 2.бағалау.

Тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар.

Мақсаты: Төрт түліктің төлдері құлын, ботақан, қошақан, бұзауқан өлеңдері туралы түсінік беру; шапшаң мәнерлеп оқуға дағдыландыру; тілін сөздік қорларын дамыту.Төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу.

Көрнекілігі: төрт түлік суреті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді мәнерлеп оқу, жатқа айту. Анасы баласын қалай жұбатқан? Жақсы көру сезімін қалай жеткізген? Анасы баласына деген тілегін қай жолдарда айтады? Баласының үлкейіп, адам болуын армандаған шумақтардан не байқадың? Анасы баласының кім болғанын қалайды? Санамалап айтып көрші? Сенің кім болғың келеді?

ІІІ. Білімдерін тексеру: «Көп қиыннан өтерсің» дегенді қалай түсінесің? Қазақ баланың тұсауын кескен. Оның неше түрі бар? Ол жайлы не білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Кіріспе әңгіме төрт түлік туралы. Қандай үй жануарларын білесіңдер? Пайдасы қандай?

Ү. Жаңа сабақ. Торы құлын, сиыр, қой, ешкі жайлы өлеңді оқу, талдау, суретін көрсету, таныстыру.Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу, тізбектей оқу, қайталанып тұрған сөздерді табу. Қимыл-әрекетін білдірген сөзді табу. Сөздік жұмыс: (жағы-қалақтай, оқыра, сәйгел, мөңкіген, жөңкіген, қақтаған, қалақтай, бұлақтай, жасқаған) мағынасын талдау. Түйенің, қойдың, ешкінің, сиырдың төлін қалай атайды? Сүтін ше? Пайдасы қандай?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Өлеңде қандай төлдер жырланған? Қылықтары туралы не дейді? Төлдерді қалай шақырады?

Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.



  1. Мал өсірсең қой өсір

Өнімі оның көл көсір.

Қойдың сүті қорғасын

Қойды ұрған оңбасын


  1. Нар жолында жүк қалмас.

  2. Бақырауық демесің,

Бағалы көлік түйе

Жұмбақ шешу:

Иір-иір денесі

Сахараның кемесі

Ашы шөптер тамағы



Шөлге шыдап бағады (түйе)

ҮІІ. Бекіту: Өлеңде қандай төлдер жырланған? Қылықтары туралы не дейді? Төлдерді қалай шақырады? Төрт түлікті қалай күтеміз? Төрт түліктің пайдасы?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Ұнаған өлеңді жаттау, суреттерін салу. 2.бағалау.


Тақырыбы: Ертегілер. Ажалдан құтқарған асыл сөз

Мақсаты: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып,өз сөздерімен әңгімелей білуге,ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету, сөздік қорын байыту, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ойлап сөйлеуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Балалардың өзіне ұнаған шумақтарын жатқа сұрау. Өлеңде қандай төлдер туралы жырланған? Қылықтары туралы не дейді? Төлдерді қалай шақырады? Төрт түлікті қалай күтеміз? Төрт түліктің пайдасы?

ІІІ. Өткенді қорыту: Өздерің салған суреттерің жайлы әңгімелеп беріңдер? Неге салдың? Ол төл саған неге ұнайды? Несімен? Төлдер жайлы қандай жұмбақтар білесің? (Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.(қой). Иір-иір денесі, сахараның кемесі. Ащы шөптер-тамағы, шөлге шыдап бағады. (түйе) т.с.с.)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ертегі қандай әдебиет түріне жатады? Оның қандай түрлері болады?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі кімдер жайлы? Кейіпкерлерін ата. Мәтіннен қойшының жауаптарын теріп оқы. Сөздеріне мән бер. Қойшыны ажалдан құтқарған не? Ол қандай хикая айтып берді? Мәтін неліктен «Ажалдан құтқарған асыл сөз» деп аталған? Басқаша қалай атауға болады?

Сергіту сәті: ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп, шегін тауып оқы және әңгімеле.

  1. Шөл қысқан хан шеруі (Ерте кезде бір хан шеру ...)

  2. Қойшы мен шабармандар (Шапқыншылар адырдың ...)

  3. Ханның әмірі ( Шақыртқанда неге келмейсің, ...)

  4. Сұңқар мен шөже торғай хикаясы ( - Тақсыр, хан, дат! – дейді. ...)

  5. Ханның сөзден жеңілуі (Хан райынан қайтып, қойшыны ...)

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Кімдер жайлы әңгімеледік? Саған ертегі ұнады ма? Несімен? ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу. 2.ба

Тақырыбы: Алтын балта

Мақсаты: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, қанағатшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену,әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер,сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қанағат, нысап деген сөздер жайлы естігенің бар ма? Олар жайлы не білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі кімдер жайлы? Кейіпкерлерін ата. Неліктен «Алтын балта» деп атаған деп ойлайсың? Ертегідегі жасыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт. Қара түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ертегіден көңіліңе не түйдің? Кедей кімнен балта алды? Не істеді? Балтаға не болды? Кедей диірменшіден не деп жалынды? Диірменші не істеді? Диірменші кедейге қандай жан екенсің деді? (дүниеқоңыз емес, ақ пейіл, адал жан екенсің) . Ал, байға не деді? ( Қоя тұр, құлқыны тоймаған қу неме!)

Ү. Бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Қанағатшылдық, нысап деген не екен? Берілген күн сәулелерін ертегі кейіпкерлерімен ата.(Кедей, диірменші, бай). Күннің әрбір сәулесін қандай бояумен бояр едің? Неге?

ҮІ. Үйге тапсырма: оқып, түсінгенін әңгімелеу. 2. бағалау.


Тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты

Мақсаты: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету, сөздік қорын байыту, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту, оқушыларды нысапшылдыққа, ойлап сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Құмырсқа суреті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ертегі кімдер жайлы? Кейіпкерлерін ата. Неліктен «Алтын балта» деп атаған деп ойлайсың? Кедей кімнен балта алды? Не істеді? Балтаға не болды? Кедей диірменшіден не деп жалынды? Диірменші не істеді?

ІІІ. Өткенді қорыту: Қорыта келгенде, диірменші кедейге қандай жан екенсің деді? (дүниеқоңыз емес, ақ пейіл, адал жан екенсің) . Ал, байға не деді? ( Қоя тұр, құлқыны тоймаған қу неме!). Ертегіден көңіліңе не түйдің? Сенің пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі кім және не жайлы? Кейіпкерлерін ата. (ғалым, құмырсқа) Олай болса, оқыған ертегіні пайдаланып, құмырсқаны сипатта. (нысапты). Ғалым қандай адам еді? Ғалым құмырсқаға қандай сұрақ қойды? Құмырсқа не деп жауап берді? Жауабын тыңдаған ғалым не деді? (Ақылың мен қайратың көп екен. Енді қанағатың қандай екенін білейін, ...) Сені қоршаған адамдардың арасында осындай мінез-сипаттағы адамдар бар ма? Оларға сенің көзқарасың?

ҮІ Сабақты қорыту: Қорыта келгенде, қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік? Неге құмырсқа дәнді жеп бітірмеді? Оның бір жылдан кейінгі жағдайы қандай болды? Неге бидайды тауыспапты? Құмырсқаның жауабы? Бұл жауаптан қандай шешімге келуге болады? Сенің бойыңда осы аталған мінез сипаттары бар ма? Тағы қандай жақсы мінездерің бар? Жаман қылығың бар ма?

Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Құмырсқадан нені үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: Оқу, әңгімелеу

Бағалау



120 . Тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту, оқушыларды қайырымдылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіріп, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ертегі не жайлы еді? Ғалым қандай адам? Ғалым құмырсқаға қандай сұрақ қойды? Құмырсқа не деп жауап берді? Жауабын тыңдаған ғалым не деді? Неге құмырсқа дәнді жеп бітірмеді? Оның бір жылдан кейінгі жағдайы қандай болды? Неге бидайды тауыспапты? Құмырсқаның жауабы?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Құмырсқа қандай жәндік? Өз сөзіңмен құмырсқаны сипаттап көр. Өз басыңа құмырсқадан қандай үлгі алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . 3.Қандай құстарды білесің? Қарлығаш қандай құс?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі не жайлы? Кейіпкерлерін ата. (Айдаһар, Түлкі, Маса, Қарлығаш). Ауруға ұшыраған Айдаһардың хәлін суреттеген жерді мәтіннен тауып оқы. Түлкінің қандай өнері бар еді? Масаның зұлымдығын көрсеткен тұсты оқы. Маса қандай жануарлардың қанын татты? Неге баланың қанын сорды? Қарлығаш нені аңсаған құс еді?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Маса, Қарлығаш, Айдаһар – үшеуінің айқасқан көрінісін қарасөзбен әңгімеле. Осы мәтін бойынша суретті фильм жасап көр. Берілген суреттерді пайдалан. Тағы қандай суреттер жетпейді? (баланың, үшеуінің айқасының т.б.)

ҮІІ. Қорытындылау: Бүгінгі сабақтан не білдік? Қарлығаш қандай құс? Ол адамға кім? Саған суретті фильм ұнады ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма : ертегіні оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
121. Тақырыбы: Қарлығаш пен Шөже торғай (мысал)

Мақсаты: Оқушылардың мысалды түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге мінездеме беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту, оқушыларды ұстамдылыққа, сабырлыққа, өзін-өз түсіне, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: . Ертегі не жайлы? Кейіпкерлерін ата. Ауруға ұшыраған Айдаһардың халі қандай еді? Түлкінің қандай өнері бар еді? Масаның мінезі қандай? Маса қандай жануарлардың қанын татты? Неге баланың қанын сорды? Қарлығаш нені аңсаған құс еді? Ол адам баласы үшін қандай күреске түсті? Ол адамға кім деп ойлайсың?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет