Сабақтың тақырыбы: Қазақтың аңыз-әңгімелері.
Сабақтың мақсаты: А)білімділік: Аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсініктеме беру.Білімдерін толықтыру арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытып, әңгімелердің тақырыптары туралы түсінік беру.
Ә)дамытушылық: Оқу арқылы тез ойлану, тез жауап беру қабілетін дамыту.
Б)тәрбиелік: Адамгершілік, имангершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың әдісі мен тәсілдері: Әңгімелеу, баяндау.сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе.
Жұмыс формалары:топтық
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты тексеріп тыныштық талап ету.
2.Үй тапсырмасы: тексеру,бағалау.
3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
Аңыз әңгімелер –бұл қазақ халқының ауыз әдебиетінің бір түрі. Аңыз өмірде болған адамның іс-әрекетіне байланысты туған. Кейде аңызда өмірде болмаған адамның іс-әрекетіне байланысты. Қиял –ғажайып оқиғалар араласып келеді.
Сөздік. Өмірде болған адам-человек который жил
Іс-әрекет-действие
Байланысты туған-рождаются в связи
Кейде-иногда
Бұл жағынан-с этой стороны
Ертегіге ұқсайды-похоже на сказку
Айырмасы-разница
Сұрақтар.
1.Аңыздар қалай туады.
2.Аңыздар ертегіге ұқсай ма?
3.Аңыздың ертегіден айырмасы қандай?
Тапсырмалар.
1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтыңдар.
2.диалог.
3.Мына сөздерді пайдаланып ,сөйлем құраңдар.
4.Сөздер мен сөз тіркестерін, қазақ тіліне аударыңдар.
5.Мәтіннен «айырмашылық» сөзінің антонимін табыңдар.
6.Өздерін білетін аңыздар туралы айтып беріңдер.
Қожанасырдың тойға баруы.
Түсіндірмелі сөздік.
Елемеу-көзге ілмеу, керек қылмау.
Сұрақтар.
1.Қожанасыр қайда барды?
2.Той иесі не себептен Қожанасырға назар аудармады?
3.Қожанасыр не істеді?
4. Той иесі Қожаға не деді?
5.Қожанасыр не деп жауап берді?
Сабақты қорытындылау: Қожанасыр кімдерді жақтады? Қандай адам болған?
Үй тапсырмасы: Қожанасырдың тойға бару. Әңгімені оқып, талдаңдар.
Бағалау: оқушылар білімін.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңдар.
Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен ешкі » ертегісі.
Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ертегілерінің бірі «түлкі мен ешкі» ертегісі туралы түсінік беру.
Ә)дамытушылық: Ертегі тыңдау арқылы оқушылардың шығармашылық,ойлау қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ертегідегі кейіпкерлер мінезі туралы түсінік бере отырып,төрт-түлікті аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіріп,баяндау,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Түлкі мен ешкі суреті, сөздіктер
Жұмыс түрлері:топтық,жұптық
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларын тексеру,түгендеу
2.Үй тапсырмасы: тексеру,бағалау
3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
Жаңа сөздер:
Абайсызда-внезапно
Терең апаңға-в глубокую яму
Түсіп кетті-упал
Неге тұрсың-почему стоишь
Жаным жай тауып тұр-душа ликует
Салқын-прохладно
Шөлдедім-сильно хотел пить
Тұп-тұнық су-прозрачная вода «чистая вода»
Секіріп үстіне мінеді-вскакивает,прыгает на него
Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртып,мағынасын ашу.
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетеді.Апаннан шыға алмайды. Бір кезде су іздеп жүрген ешкі түлкіні көріп:
-Ей, түлкі батыр неге тұрсың?-депті
-Ой не қыласың,жаным жай тауып тұр.Қырда әлі шөлдеп,ыстықтадым.Ал апанның іші салқын.Түбінде тұп-тұнық суы бар екен –депті.
Ешкі: «мен де салқындаймын, әрі су ішейін» деп ойлап,апанға секіріп түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мінеді.Одан мүйізіне шығады. Одан ырғып далаға шығады,жөніне кетіпті.
«Өтірікке алдаңба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан шығады.
Бұл ертегі кім туралы айтылған?
Қандай кейіпкерлер бар? Ешкі кімнің сөзіне алданып қалады:
Не себептен?
Оқушылар білімін тексеру,сұрақтар қою арқылы ойларын жинақтау.
Тапсырмалар:
1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтыңдар.
2.Мәтінді дұрыстап түсініп оқыңдар.
3.Орыс халқында осы ертегіге ұқсас ертегі бар ма?
4.Мәтіннен нақыл сөздерді тауып,көшіріп жаз.
5.Қазақ тіліне аударыңдар.
6.Ертегі кейіпкерлері кімдер?
7.Кейіпкерлерге сипаттама беріңдер.
8.Түлкінің ешкіні алдаған жерін тауып оқыңдар.
9.Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?
10.Жоспарға сүйене отырып,ертегінің мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар.
1.Түлкінің апанға түсіп кетуі.
2.Ешкінің апандағы түлкіні көруі
3.Түлкінің өтірік айтуы.
4.Ешкінің алданып қалуы.
Оқушылар сіздер қандай мақал-мәтелдер білесіздер?
Жолдас болсаң қуға,
Басыңды салар дауға.
12.жұмбақты шешіңдер?
Бұлаңдаған құйрығы.
Бір алдарлық қулығы.
Сабақты қорытындылау: Түлкі апанға не себептен түсті? Түлкінің мінезі қандай? Ешкіге сипаттама бер? Кластер әдісін қолдану.
Үй тапсырмасы: Түлкі мен ешкі ертегісін оқып,мазмұнын айту,мақал-мәтелдер жаттап келу.Тақырыбы: Қулық туралы. Түлкі мінезін өмірде бар адамдармен салыстырып,сипаттама беріңдер.
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды .
Сабақ аяқталды.
Сау болыңдар.
Тақырып: С. Бегалин «Шоқан».
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: ұлы ақын С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы жөніндегі оқушылардың
білімдерін тереңдету,білімдерін толықтыру;
2.Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,олардың жазбаша және
ауызша тапсырмалар арқылы тілдерін дамыту,мәтіннің негізгі ойын
түсінуге үйрету,өзіне керекті ақпаратты мәтіннен ала білуге үйрету;
мәнерлеп оқу дағдыларын өлеңнін тақырыбы бойынша ой қорыту, оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту:
3.Тәрбиелік: С.Бегалин шығармаларын түсіну арқылы оқушылардың бойына адами
құндылықтары сіңіру,жаман мен жақсыны айыра білігу үйрету ,
оқушыларды повестің үзіндісмен таныстыра отырып,шығарманың негізгі
идеясы мен тақырыбын ажырату; мәнерлеп оқу дағдыларын өлеңнін тақырыбы
бойынша ой қорыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпы игерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,кесте құрастыру, өлең мәтіні н мәнерлеп оқу,
шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті, С.Бегалин туралы папка, ақынның шығармаларына
тұратын кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: ҚР тарихы, қазақ тілі, орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айту.
Психологиялық дайындық: Мен жақсы адам боламын.
Әдептілікке,сыйластыққа ұмтыламын
Маған қажет білім. Өмірден өз орнымды табамын.
Сабақтың эпиграфы: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
(С.Торайғыров.)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Үй тапсырмасын тексеру.
I.Ой қозғау – побуждение
1. Сынып оқушылары «Инсерт» стратегиясы
арқылы білімдерін қайталайды, жүйелейді,толықтырады.
Білемін
|
Білдім бүгін сабақта
|
Білгім келеді
|
|
|
|
I. Ой қозғау – побуждение.
«Ассоциация» стратегиясы арқылы көрсетуді талап ету. Поэзия разминкасы.
II. Жаңа тақырыптың мағынасын ашу – осмысление.
1. Оқушылар С.Бегалиннің «Бала Шоқан» таныса отырып, шығарма кестесін оқу,аудару
барысынды толтырады.
Шығарманың аты
|
Авторы
|
Кейіпкерлер
|
Әрекет
жемісі
|
Мағынаға
мақал
|
Өз ойым
|
|
|
|
|
|
|
III.Ой – толғау – рефлексия
1.Сұрақ –жауап.
Үйге тапсырма: сұрақтар мен тапсырмалар.
Бағалау.
Сабақ - 24
Тақырып : Тоқсандық бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: өткен материалды қайталау,еске түсіру,бекіту;
2.Дамытушылық: берілген тапсырмаларды тез ойлап,тез шешуге,қатесіз сөйлеп,өз ойларын еркін айту, ауызекі сөйлесу, дағдыларын дамыту, арттыру
3.Тәрбиелік: қазақ әдебиет сабағына қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс,аукцион сабағы
Сабақтың көрнекілігі: ақындар мен жазушылардың портреттері,кітап көрмесі,нақыл
сөздер, баға парағы – ұлттық валюта үлгісі ретінде көрсетіледі.
Топтар аты: «Ынтымақ», «Жұлдыз», «Қыран»
Қазылар алқасы: 1.Акционерлк қогамның президенті - пән мұғалім
2. Акционерлік қоғам есепшісі – келген қонақтардан сайлауға болады
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу, сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айту.
Акионерлік қоғамның президенті:
- мына сіздер отырған әсем қазақ драма театры жекешелендіріледі. Қай қәсіпорынның
мүшелері сұрақтарға толық,дұрыс жауап беретін болса,сол кәсіпорын мүшелері театр
ғимаратына ие болады. Сұрақтың қиын,жеңілдігіне қарай валюта (яғни баға ) саны
өзгеріп отырады.
1-тапсырма:
Ж..Жабаев Жетісу өлкесінің табиғатын қалай суреттелген?
«Қарлы тау, басы биік мұнар кетпес» деген тіркесті қалай түсінесіңдер?
Таудың бөктерінде қандай жемістер өседі екен?
2 – тапсырма:
С.Сейфуллин кім, оның өмірі жөнінде не білесіңдер?
Ақын неге «жас балаша шаттанып құлай кеттім еркелей» дейді?
«Менің далам» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңдар.
3 - таспсырма:
І.Жансүгіровтың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Ақын суреттеп отырған таудың аты қандай? Ол тау Қазақстанның қай жерінде ?
Өлеңдегі «Жомарт тау», «Шипа тау» деген тіркестерді түсіндіріп беріңдер.
Ойынның қорытындысы:
Есепші әрбір кәсіпорынның валюталарын ( ұпайларын) есептеп,қай кәсіпорынның театр ғимаратын жеңіп алғандығын жариялайды.
Сабақ – 25
Тақырып: М.Әуезов өмірі. «Әжемнің әңгімесі».
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру, «Әжемнің әңгімесі» үзіндісін оқыту арқылы бас тақырыбының маңызын,көркемдік идеясын меңгерту;
2.Дамытушылық: есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытып,тыңдай білу және оймен бөлісуәрекеттерін ұштастыру,мәтін арқылы сөз қорын байытып,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: Мұхтар еңбектері арқылы туған елін,Отанын сүю,құрметтеу сезімдеріне әсер ету.
Адамгершілік,эстетикалық тәрбие беруді жалғастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,мәнерлеп оқу,сұхбаттасу,сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: М.Әуезовтың портреті,тірек сызбалар, кітап көрмесі,
М.Әуезов туралы пікірлер т.б.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айту.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
I. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу – побуждение.
* Ұжымдық жұмыс: оқушылардың М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы өткен
тақырыптар бойынша білімдерін тексеру арқылы жаңа мәліметтер беру.
«Инсерт» стратегиясы.
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
Мұғалім мәтінде шағын-шағын оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсіну үшін 3 бөлімге бөліп, беруі тиісті.
1 топ – мәтіннің 1-ші бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады
2 топ – мәтіннің 2 бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады
3 топ – мәтіннің 3 бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады
Мәтіннің мағынасын ашу бойынша сұрақтар дайындау
III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия
Оқушылар өз беттерімен жасаған жұмыстары бойынша әңгімелейді.
1. Бүкіл үш топ оқыған мәтіннің бөлімшесі бойынша, бас кейіпкерлерін іріктеп оларға
сипаттама беруін көрсететін «Ассоциация» құрастырады.
2.Мәтіннен сұраққа сәйкес үзінділерді тауып алып оқиды.
3.«Венн» диаграммасын жасайды.
4. Мазмұндамаға дайындық ретінде «Автордың орындығы» стратегиясы бойынша әр топтан 1-2 оқушы өздеріне берілген бөлімше бойынша түсінгенін өз сөздерімен мазмұндап береді. Әр топ өз бөлімшесіне ат қоюы керек.
Бағалау. Сарапшылар тобына сөз беру.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Үйге тапсырма: мәтінді оқып келу, тапсырмаларды орындау.
1. Сабақтың
тақырыбы : Әдепті балалар
2. .Сабақтың
мақсаты: а)Білімділік: Әдепті болу керектігін оқыту, түсіндіру арқылы білімдерін толықтыру.
ә) Дамытушылық: Сөздермен ой- өрісін, тіл байлықтарын, сөйлеу әрекетін дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды әдепті, сыпайы, тәртіпті болу керектігін түсіндіру.
3. Сабақтың
түрі: аралас
4. Сабақтың
әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап.
5. Жұмыс формалары: Топтық, жұптық, жекелей.
6. Көрнекілігі: Әдепті баланың әрекеттері суреті, сөздік, тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Кабинеттің сабаққа дайындығы.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Оларды ұйымдастыру, амандасу.
II. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Бүгін біз сендермен әдепті баланың қалай болатынын оқимыз, көреміз және жаңа сөздермен танысамыз, оған мына суреттегі баланың әрекетін оқып көреміз, сұрақ- жауап жүргіземіз.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар қәне үйге берілген 5 сөзге фонетикалық талдауды тақтаға орындап көрсету. Сөздерді жатқа айту, мұғалімнің ережеге байланысты қойған сұрақтарына жауап айту.
Екі оқушыдан диалог арқылы сөйлестіру тақырып бойынша.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру:
Сөздік жұмыс
Фонетикалық жұмыс
Мәтінмен жұмыс
Диалогпен жұмыс
Сергіту сәті: Ұқыпты оқушыны суреттеу.
V. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сөздік жұмысын жүргізу
Оқушылар өз бетінше мәтінмен танысады
Сөздік жұмысын бір оқушы мәнерлеп оқиды, тағы бір оқушы оқиды, Сөздікті дәптерлеріңе жазып алыңдар. Ақылды- умный,әдепті- примерный, т. б.
әңгімелеу- разговаривать, шуламау, т.б.
2. Тақтадағы суретке қарай отырып, балалар мына суретте екі баланы көріп отырсыңдар, бірінің оқулығы таза, ал екінші бала оқулықты таза ұстамаған, оқулығы кір екен яғни қай оқушы әдепті, ұқыпты оқушыға жатады? Балаға ат қойып әдепті бала туралы үш сөйлем жазыңдар тақтаға, дайын оқушыны шақыру.
3. Оқулықпен жұмыс: 1-ші тапсырма бойынша диалогты оқытып өзара сөйлестіру
2-ші тапсырма бойынша сұрақтарға жауап жазу , жазған жауаптарын оқыту.
4. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді оқып , аударамыз.
Төмендегі сұрақтар бойынша, мәтін сұрақтарына жауап беру.Қосымша сұрақтар қою. Әдепті балалар қандай болады? Олар үлкендерге жол береме? ауызша жауап алу.
5. Әдепті бала ,ұқыпты , тәртіпті, үлгілі көрсету.
Қазақ әліпбиі туралы қосымша сұрақтар қою?Неше әріп бар? Оның нешесі дауысты? Нешесі дауыссыз?
VI . Сабақты қорытындылау:
Енді 5-ші тапсырмадағы сөз тіркестерін аударамыз: мен таныстым- я познакомился, ол айтты- он сказал, біз сөйлестік- мы разговаривали, оның ермегі- его хобби.Буын түрлерін атау, сөздерді буынға бөлу; Айт-ты, сөй-лес-тік, ер-ме-гі. Мысал келтіру; ашық буын, тұйық буын, бітеу буын тақтаға жазып көрсету.
VII. Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айту, 5-ші тапсырманы жазу, сөздерді жаттау.
Бағалау:
1.Сабақтың
тақырыбы: Өзім туралы
2.Сабақтың
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өзін таныстыра білуіне әсер ету және тақырып бойынша білімдерін тереңдетіп оқыту.
Дамытушылық: Оқушының ой- өрісін сөздік қорын дамыту, тілге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыны ұқыптылыққа, сыпайылыққа, зеректікке баулу.
3.Сабақтың
түрі: сын тұрғысынан ойлау
4. Сабақтың
әдіс- тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
5. Жұмыс формалары: деңгейлік
6.Көрнекілігі: оқулық, тақта, әңгіме
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, түгендеу, олармен аздаған пікір алыса отырып, сабаққа дайындықтарын сұрау.
II. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Сабақта өздерің туралы айта білуді үйрену,және деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдеріңді одан әрі жетілдіру.
III. Үй жұмысын тексеру: монолог сұрау, 5-ші тапсырма бойынша сөйлемдер құрау.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру:
Тірек сызба бойынша жұмыс
Өзі туралы мәлімет айту, жазу
Оқулықтағы деңгейлік жұмыстар
Сергіту: Жаңылтпаштар
V. Жаңа сабақты пысықтау: Тірек сызба бойынша өзі туралы әңгімелеуді түсіндіріп өту. Оқушылар түсінгендері бойынша сызбаға қарай отырып, әр бала әңгімелеуді бастамас бұрын ойлануға уақыт беріледі, содан соң олар баяндайды
2-ші тапсырма бойынша өзі туралы мәліметті толықтыру.Өзіндік жұмысты жазбаша орындау және оқыту.
Деңгейлік жұмыстар: 3- ші деңгей. Өзіңді таныстыр. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар: бүгін, есім, оқушы. Сөздіктегі сөздерге екпін белгісін қойып себебін түсіндіріңдер.
2-ші деңгей: Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар; қазір, үй, ұнатамын.
2-ші тапсырмаға диалог құрастыру.
Сынып, даңғыл, көше сөзін буынға бөліп сипаттап беру.
1-ші деңгей : Танысу тақырыбына әңгіме құрастыру.
Қазақ тілі фонетикасы мен орыс тілі фонетикасын салыстыру, өз ойларын жазбаша түрде жеткізу.
Деңгейлері бойынша дайын оқушыдан тапсырмаларды сұрау;
Тірек сызбаға қайта оралу: Сызба бойынша диалог құру.
Сенің аты –жөнің кім?
Менің атым Дима.
Сенің туған жылың қашан?
Менің туған жылым 1996ж
-----------------------------------
---------------------------------
VI. Сергіту сәті: Шеше кеше неше кесе
Сынды кеше
VII. Сабақты қорытындылау: Құрған диалогтарын оқыту:
Бүгінгі сабақ не жайлы болды? Сұраққа жауап алу.
VIII. Үйге тапсырма: Өзі туралы монолог айту.Сөздік жаттау.
IX . Бағалау.
Қазақ тілі
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыста.
Сабақтың мақсаты: Жазғы демалыста тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын байыту.
Білімділік: Жаңа тақырып туралы білім беру. Жаңа сөздерді меңгерту, осы сөздер арқылы сөз тіркестері мен сөйлем құруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын үрдісті әдіс-тәсілдер арқылы арттыру, танымдық көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қазақ халқының дәстүрін құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер, буклет.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,
білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
Бір жылда қанша жыл мезгілі бар?
Оларды атап шық?
Жаз айларын ата?
Жазда оқушылар не істейді?
Қазір қай жыл мезгілі?
Қазір қай ай?
II. Өткен сабақты қайталау:
1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
1. «Менің атам мен әжем» тақырыбына мәтін жазып келу. №1 дәптерлерін тарату,
№2 дәптерлерін жинап алу. Ережелерді сұрау.
2. Мәтіннен 3-сөзді фонетикалық талдау жасау.
3. Суретпен жұмыс.
Сенің отбасын қандай?
Атаң қанша жаста?
Әжең қанша жаста?
Атаң мен әжең қайда тұрады?
Атаң мен әженнің қанша немересі бар?
Сен атаң мен әженнің қаншасыншы немересісің?
4. Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорыту.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
1) -Балалар, біз сендермен бүгінгі сабақта « Жазғы демалыста » деген тақырыпты өтеміз.
2) Жазғы демалыс туралы кіріспе сөз. 3) Жаңа сөздерді тақтаға жазып қою, таныстыру, айтқызу. Есте сақтауларын қадағалау.
Ыстықкөл - Иссык-Куль
жағажай - пляж
күнге қыздырыну - загорать
қорған, бекініс – замок
құм – песок
түгел - все
Сөздіктерді мұғалім оқиды.
Мұғалімнің артынан қайталап оқу.
Оқушылардың өздері оқиды.
Сөздіктерге сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.
1-тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Диалогты орыс тіліне аудару.
4-тапсырма. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
- Оқушылар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыптың атын дәптерлеріне жазыңдар.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңдар. 5-сөзге фонетикалық талдау жасаңдар (жазбаша жұмыс).
Бағасы аз оқушылар тақтамен жұмыс жасайды.
6-тапсырма. Сызба бойынша сөйлемдер құраңдар.
IV. Жаңа сабақты бекіту: Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:
1. Жазғы демалыста қайда барып демалдыңдар?
2. Жазғы демалыстарың өздеріне ұнады ма?
3. Фонетика дегеніміз не?
4. Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ата?
5. Қатаң дауыссыздарды ата?
6. Үнді дауыссыздарды ата?
7. Ұяң дауыссыздарды ата?
V. Сабақты қорыту:
Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату.
VI. Үй тапсырмасын беру: 10-бет, 5-тапсырма. «Отбасымыз жазғы демалыста» тақырыбына шығарма жазыңдар. Ережелерді қайталау.
VII. Бағалау: Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.
Қазақ тілі
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қанаттың отбасы жазғы демалыста.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаңа тақырып туралы мағлұмат беру. Жаңа тақырыбындағы өтілген сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу. Оқушыларға әңгімені қазақ тілінде сипаттауға үйрету. Өздерінің жазғы демалыстарын білу.
Дамытушылық: Жаңа тақырып арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын үрдісті әдіс-тәсілдер арқылы арттыру, танымдық көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Өз достарың сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, сурет, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,
білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
Бүгін қай күн?
Аптаның қай күні?
Далада ауа-райы қандай?
Қазір бізде қандай сабақ болып жатыр?
Қазір қай жыл мезгілі?
Қазір қай ай?
II. Өткен сабақты қайталау:
1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
1. 10-бет, 5-тапсырма. «Отбасымыз жазғы демалыста» тақырыбына шығарма
жазыңдар. №1 дәптерлерін тарату, №2 дәптерлерін жинап
алу.
2. Үндестік заңына талдау жасау.
3. Суретпен жұмыс.
4. Ережелерді сұрау. Ережелерге мысал келтіру.
5. Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорыту.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
- Оқушылар бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Қанаттың отбасы жазғы демалыста».
Жаңа сабақты түсіндіру әдісін қолдана отырып түсіндіремін, аудармасын айтамын,
оқушыларға қайталатамын, мысал келтіремін. Жаңа тақырыпқа байланысты
суреттер көрсетемін, сол суреттермен жұмыс жасаймыз.
Жаңа тақырыпқа байланысты диалог құрау, өзара сөйлесу.
Карточкалар бойынша сұраққа жауап беру.
- Оқушылар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыптың атын дәптерлеріне жазыңдар.
- Тақтада ілініп тұрған суретке қарап, әңгіме құрандар. Әңгімелерінді дәптерлеріне жазып алыңдар. 5-сөзге фонетикалық талдау жасаңдар (жазбаша жұмыс).
Бағасы аз оқушылар тақтамен жұмыс жасайды.
IV. Жаңа сабақты бекіту:
«Қанаттың отбасы жазғы демалыста» тақырыбына қарап өз отбасының жазғы демалысына әңгіме құрау. Әңгіме ішінен фонетикалық талдау жасау, әңгімені орыс тіліне аудару.
V. Сабақты қорыту:
Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату.
VI. Үй тапсырмасын беру:
Сөздіктерді, ережелерді жаттау.
VII. Бағалау: Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.
Қазақ тілі
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қанаттың отбасы жазғы демалыста.2с
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаңа тақырып туралы мағлұмат беру. Жаңа тақырыбындағы өтілген сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу. Оқушыларға әңгімені қазақ тілінде сипаттауға үйрету. Өздерінің жазғы демалыстарын білу.
Дамытушылық: Жаңа тақырып арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын үрдісті әдіс-тәсілдер арқылы арттыру, танымдық көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Өз достарың сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, сурет, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,
білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау:
1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
1. Суретпен жұмыс.
2. Ережелерді сұрау. Ережелерге мысал келтіру.
3. Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорыту.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
- Оқушылар бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Қанаттың отбасы жазғы демалыста».
Жаңа сабақты түсіндіру әдісін қолдана отырып түсіндіремін, аудармасын айтамын,
оқушыларға қайталатамын, мысал келтіремін. Жаңа тақырыпқа байланысты
суреттер көрсетемін, сол суреттермен жұмыс жасаймыз.
Жаңа тақырыпқа байланысты диалог құрау, өзара сөйлесу.
Карточкалар бойынша сұраққа жауап беру.
- Оқушылар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыптың атын дәптерлеріне жазыңдар.
- Тақтада ілініп тұрған суретке қарап, әңгіме құрандар. Әңгімелерінді дәптерлеріне жазып алыңдар. 5-сөзге фонетикалық талдау жасаңдар (жазбаша жұмыс).
Бағасы аз оқушылар тақтамен жұмыс жасайды.
IV. Жаңа сабақты бекіту:
Достарыңызбен бөлісу: |