Сабақтың түрі: жарыс Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап Сабақтың барысы: Ойын үш қақпадан тұрады



Дата25.12.2016
өлшемі46,24 Kb.
#4733
түріСабақ
«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

Сабақтың мақсаты: оқушылардың салт-дәстүр бойынша білім қабілеттерін тексеру, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды қолдау, ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озық болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

Ойын үш қақпадан тұрады:

І. Тас қақпа - «Тәрбиенің тамыры салтымызда» ( салт-дәстүр туралы )

ІІ. Күміс қақпа – «Балбал бүккен сыр» (көркем теңеу, бейнелеуге түсінік)

ІІІ. Алтын қақпа - «Ескірмейтін есті сөз» (ырым-тыйым сөздер)

ІҮ. Алтын сандық – «Көне кебеже» (мақал-мәтел).

Үш қақпаны да ашқан адам Алтын сандықтағы сұраққа жауап береді.

Әр қақпаға жету үшін тапсырма беріледі.

1. «Сонар» деген не? (Қыстың күні алғашқы қар түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күні аңға шығады да, ізіне түскен аңды соғып алады.)

2. «Бастаңғы» деген не? (үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып «Жолаушылардың жолда басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын» деген ниетпен бас қосып ойын-сауық құрады)

3. «Иткөйлек» деген не? (баланың туғанына 40 күн толғанда оны қырқынан шығарады, сәбидің көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы иткөйлекті шешіп алып тәттісін бөліп жейді.)

4. «Ерулік» деген не? (басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады.)

5. «Сүйінші» деген не? (қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл – қуанудың ризалықтың белгісі.)

6. «Енші» деген не? (Үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.)

І. «Тәрбиенің тамыры салтымызда»

Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмыт па» деген мақал бар. Алғашқы қақпамыздың сұрағы ата-баба дәстүрі мен салты, жөн-жоралғысы туралы.

«Тас қақпа» сұрақтары

1. «Құсбегі» деп кімді айтамыз? (Қыранды түрге, топқа жеке айыра білетін адам)

2. «Қағушы» дегеніміз кім? (Қолында құс жоқ, тығылып жатқан аңды үркітетін адам)

3. «Қалау» деген не? (Біреудің жақсы затына, малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйге барып қалау қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға қонақасы беріп, қалғанын орындап қайтаруға тиісті.)

4. «Аманат» деген не? (Бір адамның екінші бір адамға сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептелінеді.)

5. «Салбурын» дегеніміз кім? (Саятшылық және аң аулау кәсібінің түрі, Аң аулау маусымы кезінде аңшылар топтасып аңы мол жерлерге сапар шегеді. Ол жерде жолы болған аңшылар топталып келіп, қуырдақ деп, сорпасын ішіп әңгіме құрады.)

6. «Шарғы» деген не? (Өзіне жасы таяу сіңлісіне басындағы орамалды ұзатылған қыз береді. Бұл «Ендігі кезек сенікі» деген мағына екен. Бұрын қыздар басына орамал тағып шыққан.)

ІІ. «Балбал бүккен сыр»

Тіліміз дүниежүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі, көркем де кестелі тілдерінің бірі екені бәріне аян. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойлау ерекшелігі – дүниені көркем образбен қабылдауында.

«Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Келесі кезең – тұрақты сөз тіркестерінің баламасын табу. Мысалы, ит арқасы қиянда – алыста, қызыл кеңірдек болу – дауласу т.с.с.

«Күміс қақпа» сұрақтары

1. Асығы алшысынан түсті – жолы болды

2. Төбесі көкке жетті – қатты қуанды

3. Екі көзі төрт болды - ұзақ күтті

4. Жүрегі зу етті – қорықты

5. Тонның ішкі буындай – жақын, тату

6. Қолтығына су бүрку – қолпаштау мақтап-мадақтап,, айдап салу

7. Жерден жеті қоян тапқандай болу – қатты қуану

8. Жанын шүберекке түю – қорқу

9. Тайға таңба басқандай – анық

10. Аузына құм құйылу – сөзден жеңілу

11. Қой аузынан шөп алмау – момын

12. Таяқ тастам жер – жақын жер

13. Бет - аузына бес ит тойғандай – нас, лас, кір

14. Екі езуі құлағында – қатты қуану

15. Иығынан су кетті – жолы болмау

16. Қас пен көздің арасында – тез арада, жылдам

17. Ат шаптырым жер – алыс жер

18. Қабағынан қар жауғандай - ашулы

ІІІ. «Ескірмейтін есті сөз»

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл халықтық этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырым-тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т.с.с.

(Берілген нақыл сөздерді сайыскерлер түсіндіріп беруі керек)

«Алтын қақпа» сұрақтары

1. Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)

2. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)

3. Балаға құйымшақ жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек, сабырсыз болады дейді)

4. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)

5. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)

6. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)

7. Аң-құс балалағанда, төлдегенде, балапан өргенде аңға шықпайды (табиғатты аялау, ан-жануар басының көбеюін қадағалау, обалына қалмау)

8. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп-шалам, шіркей түсіп кетеді және жын-шайтан жалап кетеді дейді)

9. Жас балаға, қызға кәрі жілік ұстатпайды (ер бала бойдақ жүріп қалады, қыз бала оң жақ босағада отырып қалады дейді.)

10. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді)

ІҮ. «Көне кебеже»

Ғасырлар бойы сұлуланып, салмақтанған асыл сөз, сөз мәйегі - мақал келесі қақпамыздың мазмұны. Дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы-мақалдар мен мәтел сөздер.

Мына көне кебежеде сары майдай, көздің қарашығындай сақталған асыл дүние – мақалдар жазылған. Берілген сөздерді қатыстырып мақал құрау. Осы мақалды тауып айтуыңыз керек.

«Алтын сандық» сұрақтары

1. Шың


2. Тау

3. Төбе


4. Құз

5. Тәуекел



Жауабы: Тәуекел тау жығады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет