Сабақтың түрі: Конференция сабақ Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап Барысы: І кіріспе бөлім


Сапарғали: «Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармауымыздың нәтижесі» деп пайымдады. Н. Гладырь. Нұржігіт



бет3/6
Дата12.01.2022
өлшемі32,11 Kb.
#129257
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зорлык донгелек устел

Сапарғали: «Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармауымыздың нәтижесі» деп пайымдады. Н. Гладырь.

Нұржігіт: Зорлық зомбылықтың түрлеріне тоқталар болсақ:

  • Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

  • Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;

  • Қауіп-қатер- отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немес баласын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

  • Балаларды анасына қарсы-қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, оған балаларды араластыру.

Маржан: Міне, достар осыдан барып Қазақстандағы тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық – зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі азамат әлеуетіне көңіл аудару қажеттігі де туындап отырғандаға ескертеді емеспе?

Жансая: Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді» бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар бұл заңды ұмытып кеткен сыңайлы.

СапарғалиА : «Ата көрген оқ жонар, әке көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсер мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта мен ата- ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады деп ойлаймын.

Дарина: Дұрыс айтасың Сапарғали «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз» демей ме халқымыз. Отбасындағы ата- ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанысы десем артық айтқаным емес шығар.

Асат: Ия достар, сонымен қатар, нашақорлық, темекіге, ішімдікке әуестік, бұзықтық жолға түсіп зорлық- зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиян тигізеді деген ой қосқым келеді.

Өткір: Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақыл есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

Нурила: Зорлық – зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұның дәлілі ретінде ұлы ғұламалардың мынадай сөздерін ұсынамын. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген ұлы бабамыз Әбунасыр «л Фараби. «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген Ж. Аймауытов.

Мұғалім: Зорлық – зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына , оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балны тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқытарының сақталуы жолында аянбай еңбек етуі керек.

Балалардың өмір сапасын жақсарту- ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет