Сабақтың түрі Конференция сабақ



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі1,65 Mb.
#31209
  1   2   3

Сыныбы

9в 14.02.2015ж.

Сабақтың тақырыбы


§40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы. Шойын және болат өндірісі. Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушылардың темір құймалырына дейінгі аралықтарды білімдерін еске түсіре отырып, шойын мен болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу;

Дамытушылық: Оқушылардың іздемпаздылығын іскерлігін және маман иесі ретінде жауап беру қабілеттерін бағалай отырып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Оқушылардың темір және оның қосылыстары туралы білімдерін, қара металлургия туралы түсініктерін одан әрі дамыту, жүйелеу.

Күтілетін нәтиже

  1. Темір құймалары және оның қолданылуы туралы теориялық білімдерін жүйелейді.

  2. Қазақстандағы қара және түсті металліргияның даму тарихын біледі..

  3. Металдар тақырыбында есептер шығаруды үйренеді.

Көрнекі құралдар

Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және сызбалар, бейне баяндамалар, тақта ретінде;

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту, біріккен ізденіс сабағы;

Сабақтың түрі

Конференция сабақ

Әдісі


Баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі;

Пән аралық байланыс

География, экология, экономика, тарих.


Сабақтың өтілу барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Тақырыптың (тапсырма) мазмұны

Оқушы әрекеті

Уақыты

1

2

3

4

5

Ұйымдастыру

Оқушылармен

амандасу, түгелдеу,

сабаққа даярлығын

қадағалау.



§39. Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары.


Мұғаліммен амандасады, сабаққа даяр отырады.

1 минут

Үй тапсырмасын сұрау

Тест сұрақтарын береді.


Тест тапсырмасы: (қосымша тіркеуде)

Тест сұрақтарына жауап береді.


5 минут

Жаңа тақырыпты меңгерту

Құрметті конференцияға қатысушы қонақтар, баяндамашылар, журналистер. Бүгінгі «Шойын мен болат» тақырыбына арналған пресс-конференцияны ашуға рұқсат етіңіздер. Алдымен бүгінгі конференцияда сөз алатын баяндамашылармен таныс болыңыздар:

  • Бірінші қатарда отырған тарихшы ғалым Ғаділ Нұрғазы Қабылұлы. Ол кісі шойын мен болаттың ашылу тарихы, ерте кездегі алыну үлгілерімен таныстырып баяндама оқиды.

  • Екінші қатысушымыз шойын мен болат өндіретін өнеркәсіптер мен бүгінгі күннің озық технологияларымен жабдықталған өндіріс ошақтарының тыныс – тіршілігін баяндайтын геогроф маман Ғалым Тілекқабыл Нұрұл.

  • Үшінші баяндамашымыз шойын мен болат өндірісі жөнінде домна пештерінің құрылысы жұмыс жасау принциптерімен таныстырып өтетін технолог маман - Салимгереев Еркебұлан.

  • Төртінші қатардан орын алған қара металлургия өндірісінің импорты мен экспорты жөнінде, қара металлургияның еліміздің эканомикасына тигізетін оң әсерлері, өнеркәсіптердің жұмыс жасауына кететін қаржы мен оның өтелуі турасында мағұлмат беріп өтетін келесі маман иесі экономист – Габдуллина Айымгүл.

  • Бесінші болып сөз алатын осы шойын мен болат өндіріс ошақтарның экологияға әкелетін өзекті проблемаларын және олармен күрес жөнінде сөз алатын конференцияға қатысушы қонағымыз эколог – Сүндеткалиева Гауһар.

  • Алтыншы баяндамашымыз Махамбетұлы Әлішер тұтынушы ретінде сөз алып шойын мен болат өнімдерінің пайдалану аясын, қолданылу салалары жөнінен хабардар ететін болады.




Темір – жер қыртысында таралуы бойынша екінші металл. Басқа металдардың ішінде оның тұтынылу үлесі 95% - ті құрайды. Металлургиялық зауттарда темір кендерін өңдеу арқылы таза темір емес, оның құймалары – шойын мен болат алынады.

Шойын - темірдің көміртек (2%-тен астам, әдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойын қара металлургияның бастапқы өнімі, ол темір оксидтерін көміртек (II) оксидімен CO немесе кокспен тотықсыздандырғанда түзіледі. Шойын морт келеді, соғуға және жаншуға көнбейді. Шойынның екі түрі бар: сұр және ақ. Сұр шойынның құрамында графит түріндегі көміртек бар. Ол техникада құю үшін қолданылады. Көптеген металдардан айырмашылығы - шойын қатайғанда ұлғаяды. Оның бұл ерекшеліктерін күрделі конфигурациялы әртүрлі тетіктер алуға және пішіндеп құюға қолданылады. Мұндай шойынды құю шойыны деп атайды, оның үлесіне шамамен барлық өңделетін құймалардың жалпы көлемінің 10% -і тиеді. Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған шойын, құйма шойын, арнаулы шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.

Болат— темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Болат өндіретін негізгі шикізатқа шойын мен металл сынықтары, қосымша оттекпен байытылған ауағ кейбір қоспалар жатады. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар). Химиялық құрамына қарай көміртекті және легирленген болат болып бөлінеді. Көміртекті болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар — күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады.

(Олай болса ендігі сөз кезегін тарихшы маманға берелік). (Жалғасы қосымша тіркеуде).



Конференцияға қатысып, өз пікірлерін айтады.

Тарихшы Ғаділ Нұрғазы Қабылұлы шойын мен болаттың ашылу тарихын таныстырып кетеді.


Географ Тілекқабыл Нұрұл шойын мен болат өндіретін өнеркәсіптер мен бүгінгі күннің озық

технологияларымен

жабдықталған өндіріс

ошақтарының тыныс –

тіршілігін баяндайды.

Технолог Салимгереев

Еркебұлан шойын мен

болат өндірісі жөнінде

домна пештерінің

құрылысы жұмыс жасау

принциптерімен

таныстырып өтеді.


Экономист – Габдуллина Айымгүл қара металлургия өндірісінің импорты мен экспорты жөнінде, қара металлургияның еліміздің эканомикасына тигізетін оң әсерлері туралы айтып кетеді.


Эколог – Сүндеткалиева Гауһар шойын мен болат өндіріс ошақтарның

экологияға әкелетін өзекті

проблемаларын және

олармен күрес жөнінде сөз

алады.


Тұтынушы – Махамбетұлы Әлішер шойын мен болат өнімдерінің пайдалану аясын, қолданылу салалары жөнінен хабардар етеді.

28 минут

Бекіту

Қосымша сұрақтар қояды.

1) Болаттың құрылымын жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

2) Пайдалану ретіне қарай болат қандай негізгі топтарға бөлінеді?

3) Шойынды болатқа өңдеудің қандай технологиялық әдістері бар?

4) Қазіргі уақытта қандай экологиялық оң шешімін тапқан жаңалықтар бар?

5) Темірді кеннен домна пешін қолданбай тікелей алудың артықшылығы неде?

6) ТМД елдеріндегі қара металлургияның маңызды даму тенденциялары қандай?



Сұрақтарға жауап береді.

3 минут

Қорытындылау

Жаңа сабақты игере, қорыта отырып оның жетістіктері туралы айтады.

Темірдің аса бағалы өнімдері, оның құймалары – шойын мен болат. Олар қазіргі өнеркәсіп пен техникада кеңінен қолданылады.

Мұғалімді тыңдап,

бағаланады.



1 минут

Үйге тапсырма беру

Өтілген жаңа

тақырыпты үйге береді.



§40, 41. Темір құймалары және оның қолданылуы. Шойын және болат өндірісі. Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы.

Үйге берілген тақырыпты оқып келеді.

1 минут

Бағалау

Оқушыларды жауап беру деңгейлері ойынша бағалау.

  1. Мәтінді түсінбеген, тақырыпты аша алмады

  2. Мәтінді түсінген, мазмұндауда жоспардан ауытқу бар

  3. Мазмұны тақырыпқа сай көп фактілер бұрмаланған

  4. Мазмұны тақырыпқа сай келеді, бірақ ойын баяндауда дәлсіздіктер кездеседі

  5. Мазмұны тақырыпқа сай бірақ қажетті қорытындылар жасай алмады

  6. Мазмұны тақырыпқа сай, мәтінді толық түсінген, тақырып ашылған, өзіндік ой-пікірін орынды қолданған.




Бағаланып, үзіліске шығады.

1 минут


Қосымша тіркеу

Үй тапсырмасы:



Қосымша есептер

  1. Заттың құрамы мына төмендегі массалық үлес қатынасымен берілсе:

ω(Na) : ω(S): ω(O): ω(H2O)= 0,1430:0,0994:0,1987:0,5590 заттың молекулалық формуласын табыңдар.

Берілгені: 1- әдіс. x:y = 9/27: 8/16= 0,33:0,5;

m(Al) : m(О) = 9:8 x:y = 0,33/0,33:0,5/0,33 = 1: 1,5 = 2:3

Табу керек: AlxOy - ? Жауабы: Al2O3




  1. 2,33 г темір мен мырыштың қоспасын қышқылға еріткенде 896 мл сутегі алынады. Қоспадағы әрбір металдың массасын анықтаңдар?

Шешуі:

m (Fе,Zn) = 2,33 г

V(Н2) = 896 мл Қоспадағы m (Fе) ) = х г деп, ал m (Zn) = 2,33-х г

деп белгілейміз.

m (Fе,) -? m (Zn) -?

М(Fе) = 56 г/моль х V1 М(Zn) = 65 г/моль Fе + Н24 = FеSО4 + Н2

Vm = 22,4 л/моль 56 г 22,4 л

Пропорция құрып сутегінің көлемін анықтаймыз.

х ׃56 = V ׃ 22,4 ; V1 = 22,4·х /56 = 0,4х

Мырышпен қышқылдың арасындағы жүретін реакция теңдеуін жазып пропорция құрамыз:

22,3 г - х V2

Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2

65 г 22,4 л

2,33 г - х / 65 = V2 / 22,4 ; V2 =( 2,33 г – х) · 22,4 / 65

Бір белгісіз арқылы алгебралық теңдеуді құрып, оны шешеміз:

0,4 х + ( 2,33 – х) · 0,345 = 0,896

0,4 х + 0,804 – 0,345 х = 0,896

0,055 х = 0,092 ; х = 1,68

m (Zn) = 2,33 − 1,68 = 0,65 г

Жауабы: Қоспада 1,68 г және 0,65 г Zn бар.


  1. 20 г МgО құрамында 94,5г НNО3 бар ерітіндісімен әрекеттеседі. Қанша грамм тұз пайда болады.

0,5моль 0,5моль

m( MgO) =20г MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О

m(НNО3 ) =94,5г 1моль 1моль

m(Mg(NO3)2) -? ν ( MgO) = 20г : 40г/моль = 0,5моль

ν (НNО3 ) = 94,5г : 63г/моль =1,5моль

М( MgO)=40г/моль ν ( MgO)=0,5моль=ν (Mg(NO3)2) = 0,5моль

М(НNО3 )=63г/моль Осыдан:

М(Mg(NO3)2)=148г/моль m(тұз) = ν · М = 0,5моль·148 г/моль =74г



Жауабы: m(Mg(NO3)2) =74г


  1. Кальций сульфатының 8,6 г кристалгидратын толық сусыздандырғанда 6,8г кальций сульфаты алынды. Кристалгидраттың формуласын есептендер.

Шешуі:


  1. CaSO4 – тің 1 моліне сай келетін судың моль санын табу керек. Судың белгісіз моль санын n деп белгілеп, кристалгидраттың сусыздану теңдеуін жазамыз:

CaSO4 * nH2O → CaSO4 + nH2O

  1. Берілген судың массасын табамыз:

m(H2O) = m(CaSO4 * nH2O) – m(CaSO4) = 8,6г – 6,8г = 1,8 г.

  1. Заттардың мольдік қатынастарын табамыз:

M(CaSO4) = 136г/моль; М(H2O) =18г/моль;

ν(CaSO4): ν(H2O) = 6,8г/136г/моль : 1,8г/моль/18г/моль = 1:2



Жауабы: Кристалгидраттың формуласы: CaSO4 * 2H2O
Тест сұрақтары:

  1. Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы..?

  1. Жемірілу

  2. Жемірілуден қорғау

  3. Металлургия

  4. Металдық жылтыр

  1. Жемірілуге төзімді металдарды ата..?

  1. Mg, Zn, Al, Cr, Ni

  2. Li, Na, K, Rb, Cs, Fr

  3. Mg, Ca, Sr

  4. Cu, Ag, Au, Pt

  1. Химиялық жемірілу дегеніміз не?

  1. Электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен болады.

  2. Электролит ерітінділердің болуы

  3. Бір металдын электроны басқа металға ауысуы арқылы жүреді

  4. Электролит ортада жүреді

  1. Электрохимиялық жемірілудің жүруінің басты себебі..?

  1. Электролит ерітінділердің болуы

  2. Электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен болады.

  3. Тотығу – тотықсыздану процесі

  4. бұл металдардың тотығуы арқылы жүреді

  1. Металдардың жемірілуі жүретін жерлер..?

  1. Оттегі және сулы атмосфера

  2. Құрғақ жер

  3. Қатты ортада

  4. Топырықта

  1. Жемірілудің түрлерін ата..?

  1. Химиялық, электрохимиялық

  2. Биохимиялық, электрохимиялық

  3. Химиялық, биохимиялық

  4. Химиялық, газдық

  1. Тат дегеніміз..?

  1. Құрамы тұрақсыз өзгеріп отыратын зат

  2. Құрамы тұрақты өзгеріп отыратын зат

  3. Құрамы тұрақты өзгермейтін зат

  4. Құрамы тұрақсыз өзгермейтін зат

  1. Электрохимиялық процесс..?

  1. Электролит ортада электр тогы пайда болуы арқылы жүреді.

  2. Электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен болады.

  3. Тотығу – тотықсыздану процесі

  4. бұл металдардың тотығуы арқылы жүреді

  1. Жемірілуден қорғану жолы..?

  1. Қорғаныш қабаттармен қаптау

  2. Сұйықтықтармен әрекеттестіру

  3. Қышқыл, сілті ерітінділермен жанасуы

  4. Қозғалтқыштың бөлшектерімен әрекеттесу

  1. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдарды қалай атайды..?

  1. Бекзат металдар

  2. Белсенді металдар

  3. Белсенділігі орташа металдар

  4. Сілтілік металдар

Жаңа тақырыпты меңгерту

Тарихшы- шойын біздің заманымызға дейінгі IV-VI ғасырда белгілі болған. Аристотельдің темір өндіру әдістері туралы еңбектеріне қарағанда, шойын біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда Жерорта теңізінің жағасындағы елдерде кеңінен танымал болған. Олар кен орындарынан шағын шахталық пештегі ағаш көмірінің қызуымен темір, болат алуды үйренген.

Қазақстандағы қара металлургия негізі 1938 жылдан бастап қаланып, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан жас сала.

Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Мен сіздергі Соколов-Сарыбай кен орының пайда болу тарихын естерінізге саламын. Ұшқыш Сургутанов өзінің кішкентай ПО-2 ұшағының Сарбай көлінің ұшып жүріп, тұсбағардың тілшесінің өзгеретінін байқайды. Сургутанов Николаевка ауылында орналасқан Аят экспедициясында тасымалдау жұмыстарын жасайтын еді. 12 ақпан 1949 жылы - тарихи күн болды. Сургутанов геологтарға өз ойын айтып, геологиялық және геофизикалық жұмыстар өткізуге сұраныс жасайды. 9 сәуірде Орал геологиялық басқармасында Сарыбай кен орны туралы анықтама жазылады. Геофизик Носиков өткізген геологиялық жұмыстар нәтижесінде Соколов кен орны да ашылды.

Қазақстанда металлургиялық зауыт салу туралы бірінші мемлекеттік құжат 1942 жылдын сәуірінде шықты. Қарағанды қаласының қасындағы Самарқанд ауылының 1944 жылы, қысқа уақытта салынған зауыт, бірінші мартен балқытуын берді. Өндіруді кеңейту мақсатында комбинат салу шешілді. Комбинат арқасында Теміртау қаласы пайда болды- 1 қазан 1945 жылы Самарқан ауылы атауын өзгертіп қала атауына ауысты. 1957 жылы салтанатты түрде домна пешінің кірпіші қаланды. 1 жылдан кейін құрылысты шұғыл кеңестік комсомолдық деп жариялады. Кеңес Одағының түпкір-түпкірінен жастар Теміртауға ақты. Жастардың арқасында Қазақстанның қара металлургиясының тұңғышы пайда болды.

1960 жылы 3-шілдеде Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы шойын қорытылды. Шойын алушылардың ішінде елбасымыз Н.Назарбаев та бар еді. Сол жылдан бері бұл күнді металлургтер мекені ерекше атап өтеді. Бүгінде осынау Қазақстан Магниткасына - 50 жыл.

(Тарихшы маманға сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады. Олай болса рахмет орныңызға жайғасуыңызға рұқсат. Келесі болып сөз алатын геогроф маман.)



Геогроф- қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иінінде Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Жылына 30-40 млн т. темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған. Онда темір концентраты шығарылады. Ал Лисаков, Аят, Қашар кен байыту комбинаттары шығаратын флюс қосылған жентектер шойын өндіру үшін сапалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар бұл кен орындары Оралдың металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Аят кен орындарының темір қорын дүниежүзіне әйгілі Лотарингия (Франция), Кривой Рог (Украина) кен орындарымен салыстыруға болады. Сондай-ақ Торғай иінінде табылған темір кені қорының мол екендігі анықталып отыр. Темір кені ашық әдіспен өндіріледі. Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай, сондай-ақ Аят, Лисаковск және Қашар кен байыту комбинаттары Қазақстан қара металлургиясының маңызды шикізат базалары болып табылады.

1964 ж. Қазақстан магниткасы — Қарағанды металлургия зауытында (1970 жылдан кейін Қарағанды металлургия комбинат, 1997 жылдан “Испат-Қармет”) болат қорытатын екі мартен пеші, ал 1970 ж. әрқайсысының сыйымдылығы 300 т. үш оттекті конвертерлер іске қосылды. Конвертер цехтарының жылдық өнімділігі 5,7 млн. т. Онда ауыр жүк көтеретін автомобильдердің рамаларына керекті аса берік лонжеронды болат балқыту, болаттың оттегі аз және оттегі төмен маркаларынан ақ қаңылтырлы және сортты прокат алу, сондай-ақ, электр техникалық болат алу, т.б. технологиялар игерілген.



Болаттың аса ірі өндіруші елдері.

Елдер

1990

2000

2001

2002

Млн.т.

рейтинг

Млн.т.

рейтинг

Млн.т.

рейтинг

Млн.т.

рейтинг

ҚХР

Жапония


АҚШ

Ресей


Корея Республикасы

Германия


Украина

Бразилия


Үндістан

Италия


Франция

Тайвань ар.



66.3

110.3


89.7

89.6
23.1

44.0

52.6


20.6

15.0


25.5

19.0


9.7

4

1

2



3
8

6

5



9

12

7



10

19


127.2

106.4


101.8

59.1
43.1

46.4

31.8


27.9

26.9


26.8

21.0


16.8

1

2

3



4
6

5

7



8

9

10



11

12


148.9

102.9


90.1

59.0
43.9

44.8

33.1


26.7

27.3


26.7

19.3


17.2

1

2

3



4
6

5

7



9

8

10



11

12


181.5

107.7


92.4

59.8
45.4

45.0

34.0


29.6

28.8


26.0 20.5

18.2


1

2

3



4
5

6

7



8

9

10



11

12



(Журналистер қауымынан маманға сұрақ қоюшылар болса, баяндамаңызға рахмет. Ендігі кезекте арнай өндіріс орындарынан шақырылып отырған қайнаған оттың, қызу жұмыстың бел ортасында жүрген маман иесі технолог. Сол кісіге сөз кезегі беріледі.)

Технолог - қазіргі заманғы домна пеші – металлургия өндірісіндегі ең ірі әрі ең жоғары дәрежеде механикаландырылған агрегат. Ол шихтаны тиеу, ауаны қыздыру, оны пешке үрлеу, қорыту процесінің өнімдерін жинау және тасымалдау үшін қажетті өте күрделі механизмдермен, автоматты құралдармен жабдықталған. Домна пешінде жүзеге асырылатын процестер үздіксіз жүреді. Ең үлкен домна пешінің пайдалы көлемі 2700 м³. Домна пеші темір-бетонды фундаментке орнатылған көлденең қимасы дөңгелек биік шахта түрінде жасалады. Пештің негізгі бөліктері: колошник, шахта, пеш күймесі, пеш иіні және көрік. Шахта, пеш күймесі және пеш иіні жоғары сапалы шамот кірпішінен, ал көрік пен пештің табаны құрамында глиноземнің мөлшері көп кірпіштен немесе көміртекті болатты блоктардан қаланады. Пештің табанынан 600-1000 мм биіктікте шойын мен төменгі шлакты құйып алатын науа, одан 1400-1600 мм биіктікте шлак құйып алатын екі науа, ал көріктің жоғарғы бөлігінде ыстық ауа үрлейтін фурма, пештің күмбезінде домна газын алып кету үшін газ шығарғыштар және екі конустан тұратын шихта тиегіш аппарат орналасқан. Биіктігі 30 м, ішкі диаметрі 12.





Жоғары жағынан алдымен кокс, одан сон қабат-қабат етіп кенді, коксты,флюсті салады, соңынан коксты салады.



Жоғарғы жағындағы шахтасы колошник деп аталатын тесікпен бітеді, ол тесікті колошник воронкасы жауып тұрады.



Домна пешінің кеңірек бөлігін распар, ал төменгі жағын горн деп атайды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет