Дәрі-дәрмексіз емдеу: · Режим: жағдайдың ауырлығына және асқынулардың болуына байланысты. Физикалық жүктемелерден бас тарту, себебі тиреотоксикоз кезінде бұлшықет әлсіздігі және шаршаңқылық артады, терморегуляция бұзылады, жүрекке қысым артады.
· Диета: эутиреоз орнатылғанға дейін қарама-қарсы заттармен ағзаға йодтың түсуін шектеу қажет, себебі йод көп жағдайда тиреотоксикоздың дамуына ықпал етеді. Кофеиннен бас тарту қажет, себебі кофеин тиреотоксикоз симптомдарын күшейту мүмкін.
Дәрі-дәрмекпен емдеу [3-6]: Консервативті тиреостатикалық терапия[3-6]: ҚБ тиреоидті гормондарының бөлінуін тоқтату үшін тиамазол пайдалану қажет [3-6]. Тиамазолды 20-40 мг тәуліктік дозасында қолданады. Ауыр клиникалық және биохимиялық гипертиреоз жағдайында доза 50-100% арттырылуы мүмкін. Қабылдау режимі – әдетте тәулігін 2-3 рет қабылдау, препаратты тәулігін 1 рет қабылдауға болады.
Тиреостатикалық терапияның жанама әсерлері де мүмкін: аллергиялық реакциялар, бауыр патологиясы (1,3%), агранулоцитоз (0,2-0,4%). Безгек, артралгия, тіл жаралары, фарингит немесе айқын әлсіздену дамыған жағдайда тиреостатиктерді қабылдау жылдам тоқтатылуы және кеңейтілген лейкограмма анықталуы қажет [4,5]. Тиреостатиктермен консервативті емдеудің ұзақтығы 12-18 айды құрайды.
*Тиреотоксикозды емдеу кезінде ТТГ (6 айға дейін) жаншылған күйде қалады. Сондықтан тиреостатиктің дозасын түзету үшін ТТГ деңгейін анықтау пайдаланылмайды. ТТГ деңгейін алғаш бақылау эутирезге жеткеннен кейін 3 айдан ерте емес кезеңде жүргізіледі. Тиреостатиктің дозасы еркін Т4 деңгейіне қарай түзетілуі тиіс. Еркін Т4 бірінші бақылау емдеу басталғаннан кейін 3-4 аптадан соң тағайындалады. Тиреостатик дозасы еркін Т4 қалыпты деңгейіне жеткеннен кейін сақтап тұрушы деңгейге дейін (7-10 мг) төмендетеді. Сосын еркін Т4 бақылау «Бұғатта» сызбасын пайдаланғанда 4-6 аптада 1 рет және «Бұғатта және орнын бас» (левотироксин 25-50 мкг) сызбасы кезінде 2-3 айда 1 рет адекватты дозаларда жүргізіледі.
Тиреостатикалық терапияны тоқтату алдында ТТГ рецепторына антиденелердің деңгейін анықтаған дұрыс, себебі бұл емдеу нәтижесін болжауда көмектеседі: тұрақты ремиссияға АТ-рТТГ деңгейі төмен пациенттердің мүмкіндіктері жоғары болады [3-6].
Тыныштық күйінде жүрек жиырылуының жиілігі минутына 100 соққыдан асатын немесе жүрек-тамыр жүйесінің ілеспе аурулары бар пациенттердің басым бөлігіне 3-4 апта ішінде β-адреноблокаторларды тағайындау қажет (анаприлин 40-120 мг/тәул, атенолол 100 мг/тәул, бисопролол 2,5-10 мг/тәул).
ЭОП үйлесімі және бүйрек үсті жетіспеушілігінің синдромдары болған жағдайда кортикостероидті терапия қолданылады: преднизолон 10-15 мг немесе гидрокортизон 50-75 мг бұлшықет ішілік.
Гипотиреоз – организмде қалқанша без гармондарының тұрақты тапшылығымен шартталған клиникалық синдром.
Жіктемесі