Сүйекті балықтар (лат.Osteichthyes) — омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы.
Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық). Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар. Тұщы су және теңіз балықтарының қысымды реттеуі әртүрлі: тұщы су балықтары артық суды желбезек және тері арқылы шығарады, ал теңіз балықтары, бүйрек және желбезек арқылы. 2 класс тармағы бар: қалаққанаттылар және сәулеқанаттылар, (қазіргі заман балықтарының негізгі бөлігі).