Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Үлкеншыған ауылы
Үлкеншыған орта мектебінің
Математика пәнінің мұғалімі
Ибраймкулова Бақыт Тоқошкызы
Сабақтың түрі: Топтық сабақ
Пәні: Математика
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшек
Сабақтың мақсаты: а)Ондық бөлшекті натурал санға көбейту алгоритмін
айта білуге үйрету және оны пайдала білуге
дағдыландыру;
ә) ондық бөлшекті разряд бірліктерін көбейтуге үйрету;
б) оқушылардың жеке қасиеттерін дамыта отырып, өз
ойын анық жеткізе білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық сабақ
Әдісі: есептеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: есептер, топтық жқмыстың ұпайлары, суреттер, сөзжұмбақтар,
кесте;
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру «Ой ашар» оқушылар топқа бөлініп, шаттық шеңберге тұрып, бір-бірен тәтті тілектер жолдады.
ІІ. Сабақтың мақсатын түсіндіру
Бүгін біз топтық жұмыс жасаймыз, ол сендерді ұйымшыл болуға, бір-бірімен келісуге, ойларыңды бөлісуге көмектеседі. Әр топ капитан командасын сайлап, топ аттарын қорғайды.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№1019. Ауызша талдау, толықтыру.
Үлестірмелер таратып, қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізу.
ІV. Жаңа сабақ.
Мысал. 4,23 * 2 =21.15
Мысал.
25,85 8, 9 0,009
7 6 7
180,95 53,4 0,063
№1034. Оқулықпен жұмыс
6, 3 *7 9,6 * 8
8,35 * 3 9,5 * 11
4,5 * 12 7,549 * 100
Ауызша есептер топтан бір-бір оқушыдан шығып ауызша есептер шығарады.
Жаңа сабақ бойынша топтарға таратпа карточкалар беріліп сұрақ-жауап алынады.
Әр топ дайындап келген сөзжұмбақтарын басқа топқа жасырады, басқа топ шешіп ұпайларын алады.
V. Бекіту.
Логикалық есептер
а) кез – келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп бос торкөздерді 4,6,7,9,10,11,12 сандарымен толтыр.
ә) неше рет арттырса да өзгермейтін қандай сан? (0 сан)
VI. Қорыту.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Әр топ ұпайларын санап жеңімпаз топ анықталады.
Оқушылардың білімін бағалау.
VІI. Үйге тапсырма беру. №1036
Достарыңызбен бөлісу: |