Сабақтын мақсаты : Күзгі табиғат көрінісін көре білуге, күз айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі484,84 Kb.
#26918
түріСабақ
1   2

IV. Оқушылармен өзіндік жұмыс.

- Шығармашылығын ұштау бағытында табиғат жайлы музыка тыңдату.

- Жылы түстер топтамасын интерактивті тақтаға көрсету.

- Акварель бояуды жағу әдістерін көрсетіп естеріне түсіру.

- Оқушы салған суреттерді қарап тексеріп көмек көрсету.

V. Жаңа сабақты қортындылау.

- Пейзаж дегеніміз не?

- Суретші О.Таңсықбаевтың күз көрінісіне салынған пейзажы қалай аталады?

- Ауа перспективасын пейзажда қалай байқауға болады?

- Ребус шешу.


к

е

н

е

п




к

е

м

е




А

й

ш

а




қ

а

з

а

н




м

а

з

о

к







Қ

о

ж

а


V I. Үйге тапсырма беру. Күз тақырыбында бір планды композиция құру. Монотипия әдісін пайдалану арқылы пейзаж көрінісін беру, қажетті көріністерді контурлау, аралас техника пайдалану.

VII. Оқушының жұмыстарын бағалау. Аяқталған жұмыстардан көрме ұйымдастырып жетістіктерін мадақтап, кемшіліктерін ескертіп бағалау.

КОМПОЗИЦИЯ
Г.А. Шоранова

Райымбек ауданы

№ 2 Кеген орта мектебі

Бейнелеу өнері ,сызу технология пәні мұғалімі


Сабақтың мақсаты. Бір бейнелі композицияны бірнеше бейне салып қосу арқылы түрлендіру әдістерін меңгерту. Композиция жайлы түсінік беру. Оқушылардын композиция құруда шығармашылыққа, ұшқары ойлау қаблетін дамытыу.Ұқыптылыққа,әдемілікке, қоршаған ортаны сүюге, сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Түсінік беру,көрсету, үйрету

Көрнекілігі: Слайд материалдары, интербелсенді тақтамен жұмыс.

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Үй тапсырмасын тексеру бағалау.

Өткен сабақты қайталау

- Қандай суретшілерді білесіндер?

- Бейнелеу өнерінің жанырларын ата?

- Портретте қандай бейне бейнеленеді?



3. Жаңа сабақ.

Өнердің ең құнды түрінің бірі-бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері адамның көркемдік ойлау қаблетін дамытып, әдемілікке деген қызығушылығын арттырады. Бейнелеу өнерін оқып білген сайын айналаны қоршаған ортаның сұлулығы мен ерекше көріністерін байқайтын боласындар және ол сұлу бейнелерді қағаз бетіне дұрыс бейнелей аласындар. Қандайда бейненің көріністерін дұрыс бейнелеу үшін «композиция» жайлы біліміміз болуы қажет. Копозиция-латын сөзі құрастыру,үйлестіру деген мағынаны береді.

Композиция құрылымына қарай бірнеше турге бөлінеді. Слайд арқылы Қазақстан суретшілері шығармаларын көрсетіп композициялық құрылымы жайлы түсінік беру. Үйірме оқушыларының түпнұсқа шығармашылық жұмыстарын көрсетіп композициялық құрылымын оқушыларды қатыстыра отырып талдау. Композициялық құрылымы күрделі және қарапайым шығармаларды салыстыра түсіндіріп, көрсетіп ерекшеліктерін оқушыны қатыстыра отырып баяндау.

4. Практикалық сағат.

Тақта бетіне мұғалім бір бейнелі композиция салады. Оқушы осы бір бейнелі композицияны күрделендіруі түрлендіруі керек. Құрған композициясын суық немесе жылы түске бағындыруы оқушының шығармашылық қаблетіне байланысты.



Мұғалім тапсырмасы Оқушы орындаған композиция


5. Өзіндік жұмыс.

Енді бәріміз парағымызды алып бейнелеуге кірісейік. Ол үшін, ең алдымен көмекші сызықтармен салатын бейнелеріміздің орынын белгілеп, үйлестіру шешіміне мән береміз. Композициядағы басты нәрсеге мән береміз. Суретті бейнелеуле үйлестіріу орталығы компоновка дұрыс болуы қажет.



6. Сабақты қорыту

- Біз бүгін сабақта не үйрендік?

- Композиция нешеге бөлінеді?

- Қарапайым және күрделі композиция айырмашылығын ата?

- Композиция қайсы елдің сөзі?

Білемін


Композиция, композиция құру жайлы.

Үйрендім


Жазықтық бетінде ойлаған бейнелерімді үйлесімді орналастыруды.

7. Бағалау. Сабаққа жақсы белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған жұмыстардан көрме жасап талдап, жетістіктерін атап мадақтап бағалау.

ТАҢБАЛАР КОМПОЗИЦИЯСЫ.

(Үйірме сабағы 3 сағат)

Г.А. Шоранова

Райымбек ауданы

№ 2 Кеген орта мектебі

Бейнелеу өнері, сызу, технология пәні мұғалімі


I. Сабақтың мақсаты. Ертеден келе жатқан таңбалар тарихынан мәлімет беру.Таңбалардан композиция құру,символдық түстер жайлы түсінік беру. Оқушыға тарихи таңбалардан композиция құру ой қиялдарын дамыту. Отанын,елін сүйіюге, өз елінің тарихи мұраларын қадірлеп, құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: түсінік беру, сурет салу.

Көрнекілігі: слайд, иллюстрациялар, энциклопедия т.б.

II.Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Үйге берілген тапсырмадан көрме ұйымдастыру. Жетістіктері мен кемшіліктерін талдау. Жарыққа байланысты түстердің өзгеру ерекшеліктерін қайталау.

III. Жаңа сабақ. Таңбалар туралы ғылымның суретшіге берері көп. Таңбалар тарихын, ерекшелігін жақсы түсініп меңгеріп бейнелеу өнері жанрларында, сәндік өнерде, қол өнерде пайдалана білуіміз қажет. Таңба- бұл кез келген бір түсінікті, құбылысты білдіретін шартты белгі. Ежелден әрбір халықтың, елдің, адамдар тобының тұрған жеріне, тарихына, наным тіршілігіне қарай таңбалары болған. Адамдар ерте кезден бастап көптеген таңбалар ойлап тапққан. Бұл таңбалардын мәнінің ортақтығы соншалықты, тіпті әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар таңба бейнесіне қарап түсіне білген. Ежелгі заманнан бері адам баласы, қоғам дамуының куәсі, оның ішіндеқазақ қазақ халқының тікелей таңғажайып тарихы болып келе жатқан таңбалары әлі де толық зерттелмеген. Таңбаларды жиырмасыншы ғасырдын бірінші ширегіне дейін қолданылып келеді. Дегенмен таңбалар жұмбақ сырға толы. Соның бірі–астрономиялық таңбалар:

1cурет. Астрономиялық таңбалар


Қазақтардың бүкіл ру- тайпаларының таңбалары:


2 сурет. Ру таңбалары 3 сурет.Әлем ағашы төр

Түркі халықтарына ортақ жазу, сызу жоқ кезде пайда болған «Әлем ағашы төр». Жаңа тіршілік жаңа өмір басталғандығын білдіретін таңба «Күн мен түннің теңелуі» таңбалары өміршеңдігімен сақталып келеді және әлі пайдаланудамыз. Сол сияқты «О» мәңгілік айналым,уақыт және қозғалыс Қазақтың үш жүзінің үш киелі Асасының бас қосқан ынтымақтастығының Андалық таңбасы «КӨК-ҮЙ ТАҢБА»

«ҮШ АСА-ҮШ ДАРАҚ-ҮШ БІРЛІК»

«ШАҢЫРАҚ-ӘЛЕМ-КҮН»

«АДАМ–ҚОРШАҒАН ОРТА–ОРДА»



4 сурет. Андалық таңба


деген терең мәнді мағынаны береді. Сонымен қатар таңба екі ел арасында ру мен ру арасында мал дауы болмас үшін, қоғамдық қатынас байланыстарда мөр ретінде де пайдаланған. Таңбаларды пайдалану XYIII –XIX ғасырдын 70 – жылдарына дейін сақталынған. Слайд арқылы тастағы таңбаларды, Байұзақ Жұмабекұлы

Албани зерттеген таңбалар кестесін оқушыларға көрсету түсіндіру.

Қазіргі таңдағы таңбалар жайлы түсінік беріп, өткен ғасыр таңбаларымен

салыстыру, талдау.



IV. Практикалық кезең.

1 топ. Түркі тілдес халықтарға ортақ таңба «Күн мен түннің теңелуі», «Әлем ағашы Төр» таңбаларынан композиция құру.

2 топ. «Көк–Үй таңба» «Үш аса-Үш дарақ-Үш бірлік» таңбасына композиция құру, эскиз жоба сызу.

Композицияны А3 пішімде орындау, гуашь бояуы арқылы жұмысты көркемдеу.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар дайындаған эскиз, жобаларға бағыт беру.

V. Қорытынды.

- Символ дегеніміз не?

- Өз еліңнің мемелекеттік елтаңбасы туралы не білесің?

- Онда қандай символдар бар және олар нені білдіреді?



VI. Үйге тапсырма беру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет