Сабақтын тақырыбы: Құқық әлеміне саяхат. Сабақтын мақсаты: Қазақстандағы бала құқығы туралы түсінік беру



Дата25.08.2017
өлшемі381,3 Kb.
#26196
түріСабақ
Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Сабақтын тақырыбы: Құқық әлеміне саяхат.

Сабақтын мақсаты: Қазақстандағы бала құқығы туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

1. ҚР Конституциясымен таныстыруды жалғастыру.

2. Өзіңнің еліңнің алдында құқығын білетін және міндеттерін дайындайтын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР конституциясы.

Сабақтың барысы:

1. Жаңа материалдарды түсіндіру.

- Дүниеге адам келсе, ол өз елінің азаматы болады. Азамат деген сөздің мағынасы қандай? Ол адамнын қандай да 6ip елге, біздің елде туылған адамның Қазақстан Республикасының адамы екенін білдіреді. Біздің мемлекетіміз – көп ұлтты. ҚР Конституциясы азаматтардың құқығын қорғайды. Ал балалар үшін қандай құқықтар жазылған? Miне. бүгін біз балалар құқығы туралы окып білеміз.



2. Оқулықпен жұмыс.

1. Мәтінді оқыту.

- Жұппен жұмыс.

- Мәтінді оқып, сендер қолданатын құқықтарды жазыңдар.

- Кесте құрастырып, оны дәптерге жазындар.




Менің құқығым

  • Дүниеге келуге

  • Өмір сүруге

  • Ат қоюға

  • Азаматтыққа

  • Ата-аналарым жайлы білуге

  • Тегін медициналық қызметке

  • Білім алуға

  • Тегін оқулық алуға

  • Тегін тамақтануға

  • Еңбек ету мен демалуға

  • Үйірмелерге қатысуға және т.б.

Құқықтары туралы оқушылардың өздері айтады.



3. Пікip айт.

-Сен қалай ойлайсың, неге адамның қоғам алдында құқыктары ғана емес, міндеттері де бар деп ойлайсың?



4. Сабақты қорытындылау.

Тест жұмысы алынады.



5. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқып келу.



Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________
Сабақтың тақырыбы: Фермерлік шаруашылық.

Сабақтың мақсаты: Фермерлік шаруашылык туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабактың міндеттері:

1. Оқушыларды фермердің еңбек, оның шаруашылығымен таныстыру.

2. Ауылшаруашылық eңбeккepлepiнiң eңбегін құрметтеуге баулу.

Сабактың барысы:

1. Жаңа материалмен жұмыс.

- Ауыл шаруашылығында жеке шаруашылықтар фермалар пайда болды. Ферманың қожасын фермер деп атайды. Фермердің өзінің жеке меншік жері, малы, техникасы бар. Ол шаруашылығын өзі басқарады.



4. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып шығу, сұрақтарға жауап беру.



5. Мағынасын түсіндір.

Қар калың болса, eгін мол болады. Нан - біздің байлығымыз.



6. Пікірталас.

«Жер - біздің асыраушымыз» деп неге айтады?



7. Кел, ойланайык!

Жұппен жұмыс

1-топ.


- Сен фермерсің. Шаруашылығында сиыр өcipeciң. Қандай өнімдер өндіресің?

2-топ:


- Сен кұс өcipeciң. Қандай өнімдер өндіресің? Eкі ферманың өнімдерін салыстыру.

Құс фермасы Сүт фермасы

- Бұл фермалар зауыт пен фабрикаға ұқсай ма? Неге?

- Фермер шаруашылығының өнімдерін қайда жібереді?

- Фермер шаруашылығына кімдер көмектеседі? Қалай?
8. Сабақты қорытындылау.

Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.


9. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқып келу




Бекітемін__________________
Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Ауыл.

Сабақтың мақсаты: ауыл, ауылдың шаруашылығы, адамдардың өміpi туралы түсініктерін калыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1 .Ауыл өмірінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Ауыл адамдарының еңбегін құрметтеуге баулу.

Сабақтың барысы:

1. Жаңа материалмен жұмыс.

а) Ә\Өткен сабақта оқыған фермер шаруашылығы туралы алған 6iлімдерін қайталау.

ә) Қалалықтардың ауылдықтарға көмегі туралы әңгіме өткізу.

б) Ауыл сөзіне ассоциация жасаңдар.




Мал шаруашылығы




Фермер шаруашылығы

Адамдар









Тұрмыс

Еңбек




Ауыл




Техника

Жер



Егіншілік

Құнарлы


4. Оқулықпен жұмыс.

К. Нығметованың әңгімесін оку, сұрақтарға жауап беру.



5.Пікіріңді білдір.

- «Адамдар - ауылдың басты байлығы» дегенді калай түсінесіңдер?

Ауылдың көркейіп, тұрмысының жақсаруы үшін не icтey керек?

5. «Телекөпір» іскерлік ойыны.

Сынып телестудия болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Біреулері -қалалықтар, 6ipeyлepi - ауылдықтар. Tілші ауыл тұрғындарына сұрақ қойып, әңгіме жүргізеді.



  • Ауылдарыңызда еңбектің кандай түрлерімен айналысасыздар?

_ Соңғы жылдары ауылдарыңызда не өзгерді?

_ Ауыл тұрғындарының тұрмысы қандай?

- Шаруашылықөнімдерін кайда жібересіздер?

- Қала тұрғындары сіздердің өнімдеріңізді пайдаланбай өмip сүре ала ма?

Енді тілші қала тұрғындарынан сұхбат алады.

- Қалада қалай тұрасыздар?

- Ауылга қандай көмек бере аласыздар?

- Ауыл тұрғындарының өндірген өнімдері сізздерге қажет пе?



6. Пікірталас.«Туған жерге ештеңе жетпес» дегенді калай түсінесіңдер?

7. Сабақты қорытындылау.

«Мен ауылымның болашағы» такырыбында эссе жазу.



8. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқу. «Қазакстандағы ауыл, қалалар. Онда мекен ететін адамдардың тұрмысы қандай? Экономикамыз дамып жатыр ма?» деген сұрақтар көлемінде зерттеу жұмыстарын жүргізу.




Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылык және мәдени өміріне катысуы.

Сабақтың мақсаты: Қоғамның шаруашылык және мәдени өмipi деген түсініктерді калыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Дұрыс ойлай және қорытынды жасай білуге үйрету.

2. Танымдық қызығушылығын дамыту.

3. Еңбекқорлыққа, адам еңбегін сыйлауга тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Қала, ауылдағы еңбекті бейнелеген суреттер.

Сабақтын барысы:

  1. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы.

Оқушылар республикамыздың ауылдары туралы оқып келгендерін ортаға салады, әңгімелейді.

2. Жаңа тақырыппен жұмыс.

1. Пікір айт.

- Адам не үшін еңбектенеді?



2. Пікірталас.

- Еңбек адамды калай тәрбиелейді?



3. Ауыл мен қаладағы еңбекті салыстырған кесте.

Енбек

Ауыл

Қала








4. Оқулықпен жұмыс.

а) Аялдама бойынша тоқтап оқу.

1-аялдама. Халқымыздыц еңбек туралы айткан нақыл cөзін естеріңе түсіріңдep. Неге олай айтқан?

2-аялдама. Оқушы мектепке, елге, республикасына пайда келтіру үшін не icтey қажет?

3-аялдама. Еңбектің пайдасы туралы сызба құрастырыңдар.

Еңбек - адамдарға пайда келтіреді - қуұаныш пен мактаныштың көзі.



4. Әңгіме құрастыр.

«Мен еңбектенемін. Өйткені еңбек ...».



4. Сабақты қорытындылау.

а) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру,

ә) Бес жолды өлең құрастыру.

5. Үйге тапсырма беру.

Өз отбасыңдағы еңбек туралы жазып кел.

Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________
Сабақтың тақырыбы: Мектеп және өндіріc.

Сабақтын максаты: адам еңбегінің маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Оқушыларға мектептегі және өндірістегі жұмыстар туралы түсінік беру.

2. Танымдық кызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3. Еңбекқорлыққа, мамандық иелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

1. Жаңа материалды меңгерту.

а) Пікірталас.

- Адам не үшін еңбек етеді?



ә) Сызба құрастыру.

2. Оқулықпен жұмыс.

Топпен жұмыс.




Адам еңбек етеді




Мәдениет


Бай болу



Өмір



Достар


Аман-есенділік




Қонақжайлылық

I топ еңбек туралы;

II топ егіншілер туралы;

III топ экономистер туралы;

IV топ программалаушылар туралы бөлікті оқиды.

V топ сарапшылар топ.

Оқушылар өздеріне бөлінген бөлікті оқып, түсінгендерін айтады, өздерінің пікірлерін дәлелдейді. Оқушылар түрлі мамандықтармен танысады. Болашақта осы мамандықтардың бірін таңдайтындарын айтады. Эксперт топ қорытындылайды, олардың айтқандарына толыктырулар енгізеді.

4. Кел, ойланайык!

Мақалдың мағынасын ашу.

Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.

5. Пікірталас өткізу.

- Программалаушы, экономист мамандықтарының жұмысы не үшін маңызды? Мысал келтіріп дәлелдеңдер.



6. Сабақты қорытындылау.

1. Сұрақтарға жауап беру.

2. Болашақ мамандықтары туралы қысқаша әңгіме жазу.

3. Сызба құрастыру:

Eгістік - ата-ана - балалар - өнім - комбайншылар, тракторшылар, агрономдар - мамандық.

Шахталар - шахтерлер - балалар - мамандық.



7. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқу. Ата-анаңның мамандықтары туралы біліп келу.




Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________
Сабақтын тақырыбы: Қазақстан облыстары.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан облыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Қаазакстанның әкімшілік-саяси картасымен таныстыру. Еліміздің басты қалалары жайлы түсіндіру.

2. Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың талдап, қорытынды жасау дағдыларын дамыту, есте сақтау, зейіндерін жетілдіру.

3. Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.



Көрнекілігi: Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы, кескін карта.

Сабақтың барысы:

1. Жаңа тақырыпты меңгерту.

а) Тарихи анықтама беру.

- Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркменстан, Өзбекстан, Қыргызстан респуликаларымен, шығысында Қытаймен шектеседі. Батысында Каспий теңізі орналасқан. Республикада 131 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілі - қазак тілі. Валютасы - теңге.

Елордасы - Астана каласы. Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалык маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа 85 кала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдык округке біріккен 7719 ауылдык елді мекен бар (2003 жылғы есеп бойынша).

ә) Қазақстанның әкімшілік-саяси картасымен таныстыру.

б) «Қазақстан облыстары» телекөпір. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді Оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп, әр топ өзіне тән бөлімді оқып, түсінгендерін айтады. Сондай-ак әр топ белгілі 6ip облыстың атынан сөйлейді. Мысалы:

- Біз Алматы облысында тұрамыз. Біздің облысымыздың табиғаты тамаша.



4. Өз біліміңді тексер.

- Қазақстанда неше облыс бар?

- Облыстар бейнеленген карта калай аталады?

- Әр облыстың географиялық орны және шаруашылығы жағынан ерекшелігі қандай?



5. Кескін картада облыстарды белгілеу.

Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып келу. Қосымша Қазақстан облыстары туралы ізденіп оқу.


Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты: әртүрлі өнер түрлері мәдениет пен поэзия, ғылым мен білім, музыка өнepi, колөнер, театр өнepi, әдебиет туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Өнер адамдарымен таныстыру.

2. Танымдық қызығушылықтарын, бақылау білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3. Еңбекқорлыққа, өнер иелеріне құрметпен карауга тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

  1. Жаңа материалмен жұмыс

Қазақстан қалаларында орналасқан көрікті орындарға: театр, музейлерге сырттай саяхат жасау. Жетекші сайланады. Ол көрікті жерлермен таныстырып отырады.

- Біз бүгін Алматы қаласыньң көрнекті i жерлерімен танысамыз. Мынау қазақ елінің ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіші.

Бір оқушы Абайдың «Адам болам десеңіз» өлеңін оқиды. Өлeңдeгi адам бойындағы асыл бес қасиет және жаман бес қасиет туралы баяндалады.

- Енді Алматы қаласындағы Құрманғазы Сағырбаев атындагы консерваторияға келдің.

Ұлы Композитор Құрманғазы Сағырбаевтың өмipбaянымeн таныстырады. Сонымен қатар өнер қайраткерлері А.Жұбанов, К. Байсеитова, Ә. Дінішев туралы мәлімет беріледі.

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік музей және қазақ бейнелеу өнepiнің негізін калаушылардың 6ipi Ә. Қастеевтің өміpi мен шығармашылығы туралы айтылады.

Оқушыларға «Атамекенім» тақырыбында сурет салуға тапсырма беріледі. Салған cypeттepi бойынша көрме ұйымдастырылады.


  1. Сабақты қорытындылау

  2. «Кел, ойланайык!» айдары.

- Қазақстан мәдениеті неге негізделген?

«Өзіңді тексер» айдары.

Сұрақтар оқулықта берілген



4. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқып, қосымша Қазақстан мәдениеті және қайраткерлері туралы ізденіп оқып келу.



Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – тәуелсіз демократиялық мемлекет
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Президент, Парламент, Үкімет туралы ұғымдарды білуге үйрету, тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында егемен ел Қазақстанға деген мақтаныш қалыптастыру; баланың танымдық белсенділігін арттыру, оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық, жұптық, диалог, сахналық көрініс, рефлексия.
Көрнекілік құрал: интерактивті тақта, флипчарт, карточка.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Жоғары қарадым аспанды көрдім,
Төмен қарадым жерді көрдім.
Оңға қарадым,
Солға қарадым,
Егеменді ел көрдім.
ІІ. Жаңа сабақ: /бейнежазба / Мұғалім: Отан
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Сұрақ - жауап: 1. Осы естіген өлең жолдары, неге арналады?
- Балалардың жауаптары.Мұғалім: Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қазақстан – егеменді ел». Қазақстан еліміз туралы не білесіңдер?
Балалардың жауаптарын, мұғалім кестеге қысқа жазады./1 баған - 2 баған/
Білемін Білгім келеді? Үйрендім
Сонымен бүгінгі сабақта біз басқарушы билік туралы, олардың қызметтері туралы оқып, үйренеміз.
Осы сұрақтарға жауап беру үшін, сендер тапсырманы орындайсыңдар.
Енді үш топқа бөлінеміз. оқушылар топта жұмыс жасап, тақырыпты дәлелдейді.
І топ.
Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Қазақстан – егеменді ел.
16 желтоқсанда біздің елімізде ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Тап осы күні «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған.
1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстанның өзінің Елтаңбасы, Туы, жаңа Әнұраны, өзінің Конституциясы жасалды. Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған заңдар қабылданды.
Балалар үлкендер тарапынан қамқорлық пен көмек алуға құқылы. Олар отбасында, бақыт пен сүйіспеншілік, түсіністік аясында өмір сүруге құқылы. 2002 жылы Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қабылданды.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Орыс тілі ұлтаралық қарым – қатынас тілі.
ІІ топ. Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Президент.1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын басқарады. Үкімет құрады, заңдар мен жарлықтар шығарады. Ол халық мүддесін қорғау үшін халық атынан сөйлейді.
Қазақстан Конституциясында елдің президенті болып 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін және соңғы 15 жылда Қазақстанда тұратын адам сайлана алады деп көрсетеді.
ІІІ топ. Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Парламент. Үкімет. Қазақстан Республикадағы заң шығару жұмысымен Парламент айналысады. Ол екі палатадан, яғни құрамдас бөліктен тұрады. Жоғарғы палата - Сенат, төменгі палата – Мәжіліс деп аталады.
Президенттің Жарлығы мен өкімдерін, Парламент қабылдаған түрлі заңдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырып отырады.
Үкіметті Премьер – Министр басқарады. Осы Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Үкімет құрамына Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Қаржы, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, т. б министрліктері кіреді.
Салалық министрліктерді министрлер басқарады. Олар – Үкімет мүшелері. Олар мемлекеттің дамуы, азаматтардың қауіпсіздігі, еліміздің қорғаныс қабілеті жоспарын жасайды.
ІІІ. Бекіту: Сахналық көрініс:
Мұғалім: балалар, жаңа тақырыпты талдап, бір - біріне түсіндірдіңдер.
Қазір, біз оны бекітеміз. Оны ойын түрінде өткіземіз. Жетондарды таңдау.
- Жетонға жазылған сөздерге қарап топқа бөлінесіңдер. Балалар, мәтіндерді оқып, бір - біріне түсіндіріп, тақтаға шығып, тақырып бойынша түсінгендеріңді рөлдік ойын арқылы көрсетіңдер.
Президент - 1бала
Парламент - 4 бала / Сенат - 2, Мәжіліс - 2/
Үкімет - 8 бала
Денсаулық сақтау министрлігі
Білім және ғылым министрлігі
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келсім министрлігі
Қаржы министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Сыртқы істер министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Премьер – Министр
Әрқайсыларын қызметтеріңді білесіңдер ғой?
Мұғалім: Біздің ауылымызды көркейюіне, дамуына заң шығару керек.
Оны кім шығарады? – Балалардың жауаптары.
Ойын көрсетіледі.
ІҮ. Тест: 1. Біздің мемлекеттің басшысы кім?
2. Президент нені басқарады?
3. Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қашан қабылданды?
4. Парламент қандай жұмыстар атқарады?
5. Үкімет құрамына қандай мүшелері кіреді?
/дәптерлерін ауыстырып тексеру/.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс:
"Менің Отаным" тақырыбына эссе жазу.

Дарынды оқушыларға қосымша "Отан" туралы өлең шығару.

Төмен оқитын оқушыларға карточкамен жұмыс.
Сөйлемді жалғастыру. /төмен оқитын оқушылар/
1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан ----
2. Қазақ тілі -...
3. Үкіметті...
4. Министрлікті министр...

V. С/қорытындысы:
Үй жұмысы «Егер мен Президент болсам» эссе жазу.

"Инсерт" стратегиясын жалғастыру. Кестенің 3 бөлігін толтыру.
Не үйрендік?

Бағалау.
Сабақтың басында берілген бағалау парағының бөліктері бойынша білімдерін бағалап, қорытынды баға қояды.

Рефлексия
Оқушыларға күннің көзі бейнеленген суреттер таратылады. Балалар өз ойларын сол суретте бейнеленген күннің көзі бойынша көрсетеді. Сабақ ұнаса күннің көзін күлімсіретіп қояды, егер ұнамаса түзу сызық қойып, ұнамағанын білдіреді. Парақтың артына өздеріне немен ұнағанын немесе немен ұнамағанын ашық жаза алады.


Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының жоңғар баскыншыларымен күpeci.

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқынын тарихы, жоңғар баскыншылығы туралы түсініктерін қалыптастыру.



Сабақтың міндеттері:

1. Біртұтас қазақ ұлты, тәуелсіз халық туралы түсінік қалыптастыру.

2. Танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық тәрбие беру.



Көрнекілігі:

Тәуке хан, Қабанбай, Райымбек, Қарасай батыр портреттері.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрап,бағалау

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Мұғалім тарихқа саяхат жасайтындықтарын айтады. Қазак халқының тарихымен танысу_

2. Оқулықпен жұмыс.

Мәтіндерді бөліктер бойынша оқу. Әр бөлік бойынша түсінгендерін сұрақтар арқылы пысықталады.



3. Пікіріңді айт.

- Жоңғар басқыншыларымен болған соғысты халықтық деп неліктен айтады?



4. Кесте құрастыру.

Қазақ халқы

Жоңғарлар

  1. Азаттық беруші

  2. Ерлікпен соғысты

  3. Жоңғарлардан азат етті

  1. Қазақ елді мекендерін құртты

  2. Балалар мен әйелдерді өлтірді

  3. Қыздарды тұтқынға алды


5. Сабақты қорытындылау.

«Өзіңді тексер» айдары бойынша сұрақтарга жауап беру.


6. Үйге тапсырма беру.
Мәтінді оку, қосымша мәліметтер карау.

Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Халық батырлары.

Сабақтың мақсаты: Халық батырлары олардың epлігі туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1. Халық батырларының өмipi, ерлік істерімен кеңінен таныстыру.

2. Танымдық қызығушылықты, бақылай білу, талдау, корытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық тәрбие беру.



Көрнекілігі: халык батырларының cypeттepi.

Сабақтың барысы:

1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Оқушылардың үйден оқып келгендерін сұрау.

2. Топпен жұмыс.

1 -топ қазақ халқының қалыптасуы туралы әңгімелейді.

2-топ жоңғар басқыншылығы туралы;

3-топ халық батырлары туралы әңгімелейді

4-топ қорытындылайды.

3. Жаңа сабак.

1. Kipicпe әңгіме.

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, еліміздің жергілікті халқы қазақтардың шығу тегi, ұлт болып қалыптасуы, мемлекеттілігінің қалануы және басқа өркениеттермен өзара байланысының дамуы туралы осы сабақта танысасың.1466 жылы Жәнібек хан мен Керей ханның көрегендігінің арқасында Қазақ хандығы құрылды. Осы кезде қазақ халқының да этникалық жағынан қалыптасып, халық болып құрылуы біржола аякталды.

16-17-ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, шекарасын қалыптастырды. Осы кезде атақты қазақ хандары: Қасым, Хақназар. Ecім, Жәнібек, Тәуке хандар билік жүргізеді.

Қазақ жерін жоңғарлардан түпкілікті тазарту жолындағы күресін Абылай хан (1711-1780) жүргізді. Қатерлі жауға қарсы бүкіл елді көтерген қазақ батырлары: Наурызбай батыр, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Райымбек батыр, Ағыбай батыр, т.б.

Қазақ халқын бірлікке, ынтымаққа шақырған дана билер: Ұлы жүзден Төле би, Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбек би, Kіші жүзден Әйтеке би.

2. Проблемалық сұрақ.

Патриот қандай болу керек?

Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Райымбек батырды патриоттар деп aтауға бола ма?

4. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту.



5. Топпен жұмыс.

Сызба бойынша халық батырлары туралы әңгімелейді.



Аты

Өмір сүрген жылдары

Іс-әрекеті

Халыққа қарым-қатынасы













6. Пікір айт.

- Отанымыз туралы мақтанышпен айта аламыз ба?

- Отанына деген махаббатыңды қалай білдіресің?

7. Сабақты қорытындылау.

«Халык батырлары Қазақстанның болашағы үшін не істеді?» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастыру.

8. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып келу. Қазақ батырлары туралы реферат жазып келу.
Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысында
Мақсаты:
Білімділік: Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте бірте алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытқан емес. Фашизмнің айуандық жоспарының сөзсіз күйрегендігін ашып көрсеткенін 1418 күнге созылған сұрапыл соғыстың соңғы нүктесін қойған. Әкелеріміз бен аталарымыздың ұлылығын тереңірек ұғындыру.
Тәрбиелік: Елін, жерін шексіз тәрбиелеу.
Дамытушылық: Соғысқа байланысты материалдарды ұғыну, батырлар ерліктеріне баға беру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
I. Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар
1. ҰОС картасы
2. Трек схемалар
3. Видео телевизор,
4. Кітап көрмесі
5. Электрондық оқулықпен жұмыс

III. Сабақтың өтілу жоспары:


1. Психологиялық дайындық (Леветанның дауысы, оқушы әсері)
2. Тақырыпқа арналған кинофильмнен үзінді
3. Ой толғаныс (ҰОС-дағы батырлар)
4. Қорытынды
Сабақтың барысы:
I. Мұғалімнің сөзі: Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасиеті мен қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Елбасына кун туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР
Мәскеу үшін шайқасты 316-(Панфилов атындағы 8-гвард. див.) 1941ж. 30/IX 312-атқыштар дивизиясы
Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдулин, Р. Амангелдиев
Ленинград үшін шайқаста 310 және 314 дивизиялар С. Баймағамбетов, Әлия және Мәншүк
Сталинград үшін шайқаста 29 және 38 дивизиялар 1942ж. 17/VII 1943ж. 02/ II Н. Әбдіров, Қ. Сыпатаев
Соғыс бағыты батыс
Берлин операциясы — 2, 5 миллион әскер, 41мың 600 зеңбірек, 6250 танк, 7500 ұшақ
1945ж. 16/IV. → Жеңіс. 1945ж. 02/V. Р. Қошқарбаев
500-дей Кеңес одағының батыры, 98-і қазақ, 1998 жылы 11/XII Б. Момышұлы
2. Ой қозғау
Оқушылар назарын экранға аудару. Көрген фильмдер туралы қорытынды шығару.
3. Үй тапсырмасы
II. «Кім тапқыр?» I топ.
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? /1941ж. 22. 06/
2. Бауыржан Момышұлы қай жылдары өмір сүрген? /1910-1982 жж./
4. Соғыс жылдарында майдандағы әскери бөлімдерге Қазақстан өнер қызметкерлерінен құрылған қанша концерт бригадасы барды? /11/
5. Қай күнді жеңіс күні деп тойлаймыз? /9 мамыр/
9. Екі мәрте Кеңес Одағы Батыры атанған Сергей Данилович Луганский жеке өзі жаудың қанша ұшағын атып түсірді? /37/
2. Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды? /1945 жылы/
4. Бауыржан Момышұлына қай жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді? /1990 жылы/)

Оқулықпен жұмыс

Оқулықта берілген мәтін оқылып,қосымша мәліметтермен толықтырылады.

4. Мұғалімнің қорытынды сөзі


Ж. Жабаевтың ұлы Алғадай да майданға аттанды. Ол 7-гвардиялық атты әскер дивизиясының 19 гвардиялық атты полкіне пулемет расчетін басқара жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.
Жеңіс те жетті. Қаһарман Ленинградтықтар өз қалаларын сақтап қалды. 1944 жылдың қатарында біздің әскерде шабуылға шықты. Қала қоршаудан құтылды. 1945 жылы 9 мамырда Кеңес халқы салтанатпен жеңіс күнін майрамдады. Осы ұлы мерекені біздің еліміздің халқы жыл сайын атап өтеді.
Жеңіс қымбатқа түсті. Еліміздің 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам ауыл мен деревняны өртеп жіберді. Басқыншылар 18502 завод пен фабрикаларды жойды. 1135 мың шахтаны су астында қалдырды. 65 мың темір жол торабын бұзып, істен шығарды. Ауыр шаруашылығындағы 368 миллионға жуық жер бүлінді, 27 миллионға жуық адамнан айырылды. Ересек адам үлесі азайды. Ересектердің тұтас бір ұрпағын жойып жіберді. Соғыс үмітсіз жесірлікпен балалардың жетімдігіне әкелді. Фашистердің істеген қылмысын совет адамдары ешқашан ұмытпайды. Соғыстан кейін бірнеше қалаларда фашизм құрбандарына ескерткіш орнатылды. Біз неміс басқыншыларының баса көктеп кіріп жасаған қылықтарын ешқашан ұмытпаймыз. Ұмытпайтын себебіміз-біздің халқымыз қайғы-қасіретті адам баласы ұрпақтарымыз, енді ешқашан көрмесе екен деп тілейміз.

5. Оқушыларды бағалау


6. Үйге тапсырма беру

Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конститутциясы
Сабақтың мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер:
Мемлекеттік рәміздер суреті, газет материалдары

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ. Ой қозғау
Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.
Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда –
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда -
Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
(Балалардың жауабы тыңдалады)

ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)
1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)
Конституция туралы не білесіңдер?

ІV. Жаңа сабақ: «Санаға сапар»
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.
(1937, 1978, 1993, 1995)
Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру
1 – бап
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
7 – бап
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
27 – бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30-бап
1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
36 – бап
Қазақстан Республикасын қорғау –
оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықта берліген мәтінді оқып,мазмұнын түсіндіру.

V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)
VІ. Қорытындылау.
ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқып келу,қосымша материалдар жинақтау.

Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Қазакстан халкы.

Сабақтын мақсаты: Қазақстан аумағында өміp сүретін халықтар туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Көпұлтгы Қазақстан, олардың достығы туралы білімдерін кеңейту.

2. Танымдық ойлауларын. шығармашылықпен ойлауды, қызығушылықтарын дамыту.

3. Достыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігi: «Қазақстан халкы» картинасы.

Сабақтың барысы: 1. Психологиялык көңіл құй.

Қ. Мырза Әлидің ана тілі туралы өлең оқылады. Оқушылардың пікірi тыңдалады.



2. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Бес жолды өлең құрастырту.Қазақстан сүйеді, достасады, мактан тұтады.

Көпұлтты, тәуелсіз, тату-тәтті. Қазақстан - бұл менің Отаным.

3. Әңгіме жүргізу.

- Елімізде тұратын басқа ұлт өкілдері туралы не білесіңдер?

- Осы айтылғандарды оқулыктағы мәтінді оқып, салыстырыңдар.

- Мәтіннен не оқып білдіндер?

- Казактар түркі тідес халықтар тобына жатады. Аталған тіл тобына қырғыз, өзбек, түркмен, татар, башқұрт. қарақалпақ, т.б. кіреді. Қазақтардың бәрі өз Отанында тұрмайды. 2008 жылдың аяғында Қазақстанда тұратын қазақтардың саны 8,4 миллионға жетті. Қазақтар Ресейдің, Өзбекстанның және Қытайдың іргелес аудандарында тұрады. Алыс шетелдерден Түркияда, Иранда, Монғолияда, Ауғанстанда

қоныстанған. Яғни Қазақстаннан тыс жерлерде 3,6 миллион қазақ тұрады.

Республиканың байырғы халқы - қазақтар. Қазақтардан кейінгі орында сан жағынан көп халық - орыстар. Басқа ұлттардан немістер, татарлаp, өзбектер, ұйғырлар, корейлер, украиндер, т.б. бар. Қазақстан тәуелсіздік мемлекет болып жариялануы нәтижесінде ()16.12.1991 дербес экономикалық өрлеу жолына түсті.

4. «Өз ұлтың туралы әңгімеле» дидактикалық ойыны.

- Ұлт деген не?- Өз ұлтың туралы әңгімеле.- Досың ұлты туралы әңгімеле.

Елімізде барлық ұлт өкілдepi қалай тұрады? Оқушылар елімізде тұратын ұлттар, олардың салт-дәстүрлері туралы әңгімелейді.

5. «Сынып жүрегі» дидактикалық ойыны.

Мұғалім алдын ала қағаздан қиылған «жүректі» оқушыларға береді.. Оқушылар параққа тілектер жазады. Содан соң оқушылардың аттары жазылған қағаздардың ішінен бipeyiн 6ip оқушы суырып алады. Kімнің аты жазылса, жүрек сол баланікі болады. Жүрекке сол оқушынын аты жазылады және тілектер жазылған парақтар сол жүрекке желімденеді.



Қорытынды:

1. Осы «Жүректе» саған не ұнады?

2. Саған өзің туралы тілек ұнады ма?

3. Тілектерді, жылы сөздерді неге «жүрекке» орналастырдық?



6. Сабақты корытындылау.

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, еліміздің жергілікті халқы - қазақтардың шығу тeгi, ұлт болып қалыптасуы, мемлекеттігінің негізі қалануы және басқа өркениеттермен өзара байланысының дамуы туралы осы сабақта және әлі де танысамыз. Еліміздің мәдениеті мен экономикасы өркендеуіне қазақстандықтар аянбай еңбек ету. Осының арқасында Қазақстан егемен мемлекет ретінде дүние жүзіне танылды. Сен де сапалы білім алып, алдағы уакытта Отанымыздың өркендеуіне үлесіңді қоссаң, «Менің Отаным - Қазақстан» деп мақтанышпен айта аласың.



7. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бepin келу.


Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан экономикасы.

Сабақтың мақсаты: еліміздің экономикасының дамуы туралы түсінік қалыптастыру. Сабақтың міндеттері:

1. Еліміздің экономикасының дамуы туралы түсіндіру.

2. Танымдық ойлауларын, шығармашылықпен ойлауды, қызығушылықыктарын дамыту.

3. Патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, достыққа тәрбиелеу.



Kөрнекілігі: картиналар, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

1. Жаңа сабақты меңгерту.

1998-1999 жылдары Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Мұнда барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне қауіпсіздігі, әл-аукатының жақсаруы және eлдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Яғни еліміз 2030 жылға қарай алдыңғы қатарлы мемлекеттердің деңгейіне жетіп, әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосылуы тиіс.



4. Пікірталас

Еліміздің болашағы кімдерге байланыст ы?



5. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқыту.

Қазақстан экономикасы туралы жоспар құру.

1. Пайдалы қазбалар.

2. Ауылшаруашылық.

3. Мал шаруашылығы.

4. Мұнай өндіру.

5. Өндіріс.

6. Сауда.



6. Шығармашылық жұмыс.

Топпен жұмыс.

Біздің елімізді неліктен «Байлық қоймасы» деп атайды? Оқушылардың пікірі тыңдалады.

7. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ-жауап арқылы білімдері пысықталады. Сонан сон мғгалім сабақта айтылғандарды қорытындылап, мынадай қосымша мәліметтер береді.

Қазақстан экономикасы көне заманнан мал шаруашылығына негізделген. Тәуелсіздік алғаннан кейін ауыл шаруашылығының өнімін және оның ұксатылған өнімдерін сату көлемі ұлғайды. Жер жекешелендіріліп, жеке шаруашылык қожалықтары дамыды.

Елімізде ipi өнеркәсіп орталықтары, оның ішінде отын-энергетика, металлургия, химия, машина және ауыр машина жасау, құрылыс өнеркәсібі, т.б. жұмыс істейді.

Кен қазу өнеркәсібі Қазақстан экономикасының жетекші секторы болып табылады. Барланған қор бойынша еліміз әлемде 13-орында тұр. 250-ден астам мұнай-газ кеніштері ашылды. Мысалы, Солтүстік Каспий кайраңында ipi мұнай кеніші - Қашаған ашылды.

Қазқкстан Teміp кентасының қоры жөнінен 8-орында тұр. Мәселен, қарағандыдағы «ИспатКармет» металлургия комбинаты шойын мен дайын қара металдар қақтамасын, болат өндіреді. Сондай-ақ eлiмiздe тазартылған мысты ipi көлемде өндіріп, экспортқа шығарады. Хром, фосфор, титан-магний, т.б. кенді өңдейтін ipi кешендер жұмыс ітейді.



2. «Өзіңді тексер» айдары.

8. Үйге тапсырма беру. Мәтінді жоспар бойынша окып келу.


Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

 Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы туралы конвенция.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Бала құқығы деп жазылған тақырыптың аты. Балалар құқығы тураы Конвенция, Қ. Р. Балалар құқығы туралы заңы.
Сабақтың жүрісі:

І.ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрап,бағалау

ІІІ. Жаңа сабақ


Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- «Ана өз баласын тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, жарық дүниеге әкеледі. Жаңа дүние есігін ашқан баланың алғашқы әрекеті қандай болады? Иә, ол жылап дүниеге келеді екен. Неге бала өмірге келген сәтінде жылап туады. Жаңа өмір әлемін көрген бала жылау арқылы өзінің бойындағы қорқынышын, қорғансыздығын білдіреді. Ол тоғыз ай бойы ана құрсағында жылулықты, жайлылықты, қорғанысты бірге бірге дүрсілдеп соққан жүректі сезінді.
Ал өмірге келгенде ананың дүрсілдеген жүрегі алыстады, қорғаныс аясы шеттеді; осы қорқыныштарын сәби жылауы арқылы көрсетіп, өмірге келген сәтте - ақ өзіне назар аударғанды қалайды. Бала жылағанда біріншіден ана, кейін басқа айналадағы адамдар оған зейіндерін қойып, назарларын аударып, уатады. Жылағанда назар аударатын сәби бейсаналы түрде ұғып, осы позицияны есінде, сақтап қалады. Кейінгі өмірде өзіне назар аударту үшін ол тағыда осы әдіске жүгінеді.
- Жасөспірім кезінде бала өзіне назар аудартуды жылау арқылы көрсете алмайды., себебі ол ұят нәрсе. Жасөспірім кезінде бала өзгере бастайды. Бұрын ашық бала, жарқын мінезді, белсенді болып, енді тұйықталса, ойы басқа да болып, уайымшыл күй кешсе, ұйқысы қашып, тәбеті болмаса т. б. балада қандайда бір мәселе туындаған болу керек.
Бала болса да қазіргі кезеңде әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруі мен тәрбиеленуге құқығы бар. Ал ата - анасы қайтыс болған, ата - ана құқығынан айырылған жағдайда оларға мемлекет тарапынан қорғаншы және қамқоршы орган тағайындалады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бала құқығы туралы конвенция тақырыбына арналады.

Оқулықпен жұмыс жүргізіледі.


Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін мынадай сұрақтарға жауап береміз:
1) Бала құқығы дегенге қалай түсінесің?
2) Баланың қандай құқықтары бар?
3) Бала құқығын қорғалуына жауапты адамдарды ата?
4) Бала құқығына байланысты қандай заңдарды білесің?
Оқушылар өз білгендеріңше сұрақтарға жауап береді.
Әрі қарай мұғалім оқушылардың айтқан жауаптарын толықтырады.
1989 жылы БҰҰ қабылданған «Бала құқығы туралы Конвенциясы» заңнамасымен, 2002 жылы 8 тамызда қабылданған « Қ. Р. Бала құқықтары туралы Заңымен» таныстырады.
Қ. Р. Бала құқығы туралы заңының «Балалардың құқықтары мен міндеттері» атты тарауындағы балалардың негізгі құқықтарымен таныстырып өтеді.

- Сонымен қатар елімізде бала құқығының сақталмауы, яғни бұзылуына байланысты келеңсіз оқиғаларда кездеседі. Солардың бірімен танысайық. Сіздерге ақпарат құралдарында жарияланған «Темірланның хатымен» таныстырғым келеді.


«Темірланның хаты»
«Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция!
Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру»
Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ.
Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін.
Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.
Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.
Сәлеммен Темірлан.»
- Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Темірланға қандай сипаттама берер едің?
Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі?
Өздеріңмен қатар Темірлен атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
Балалар, әркім өз атына Темірланға хат жазып, жүректер шыққан сөздерімізді қағаз бетіне түсірейік.
«Темірланға хат» жазу. Оқушыларға 5 - 6 мин уақыт беріп, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік беру.
Сабағымызды қорытындылау үшін оқушылар арасынан өздерінің жазған хатын оқуға тілек білдірген оқушыларға жазған хатын оқыту.
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Бала құқығы үнемі елімізде сақталсын. Балаларымыз ешқашан қиындық көрмей, бақытты балалық шағында оқып, білім алып, еліміздің абзал азаматтары болсын деп тілеймін.

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Ү. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқып келу.

Бекітемін__________________

Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________
Сабақтың тақырыбы: «Невада-Семей» қозғалысы.

Сабақтың мақсаты: «Невада-Семей» козгалысы және оны баскарган акын О. Сүлейменов туралы түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

1. «Невада-Семей» қозғалысымен таныстыру.

2. Танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту.

3. Өз Отандарынын патриоттарын тәрбиелеу.



Kөрнекілігі: ҚР Конституциясы, «Невада-Семей» қозғалысы жайлы құжаттар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мұғалімнің түсіндіруі

- 30 желтоксан 1991 жылы Минск қаласында Қазақстан ядролы қару қолданбайтын мемлекет болуға тырысады деп хабарланды. Бұл - маңызды шешім. Білім еліміз бұрынғы ТМД елдерінің ішінде бipiншi болып ядролы қаруға қарсы шықты. Семей полигоны туралы естігендерің бар ма? Семей ядролы полигоны 1947 жылы 21 тамызда құрылған болатын.

Оны ядролы қаруды сынақтан өткізу үшін салды. Алғашкы сынақ 1949 жылы болды. Содан 40 жылдай сынақ өткізіліп тұрды. Сынақ Каспийден Алтайға дейін өткізілді. Сынақ өткізген жерде өсімдіктер құрап, елі жер қалды. Адамдар ауруға шалдықты. 1989 жылы 28 ақпанда ядролы қаруға қарсы қозғалыс пайда болды. Ол «Невада-Семей» қозғалысы еді. Оны акын О. Сүлейменов басқарды. 1991 жылы 29 тамызда Н.Ә. Назарбаев өзінің жарлығымен полигонды жапты.



3. Оқулықпен жұмыс.

1. Дөңгелек үстелге дайындық: мәтін оқу; сұрақтарға жауап беру.

2. Оқушылар полигонный әкелген зиянын әңгімелейді

4. Топпен жұмыс.

Оқушылар «Таза ауа», «Қазақстан -салауатты ел» деген тақырыптарда сурет салады, эссе жазады. Салған суреттер тақтаға ілінеді, эсселерді оқиды.



5. Сабақты қорытындылау.

- Бұл қозғалыстың мақсаты не болды?



6. Зерттеу жұмысы.

Тақырып бойынша ізденіп оқып келу.



Бекітемін__________________Дүниетану

Мерзімі___________ Сыныбы:______

Пән мұғалімі: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - ғарыштық мемлекет.

Сабақтын мақсаты: Қазақстан - ғарыштық мемлекет деген ұғымды кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

1. Оқушыларды ҚР ғарышкерлерімен, Байқоңыр айлағымен таныстыруды жалғастыру.

2. Танымдық ойлауларын, шығармашылықпен ойлауды, қызығушылықтарын дамыту.

3. Денсаулығы мықты, ақылды, білімді балаларды тәрбиелеу.



Көрнекілігі: суреттер, бояу, қарындаштар.

Сабақтың барысы:

1. Жаңа материалмен жұмыс.

1. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

2. Ғарышкер Ю. Гагарин және қазақ ғарышкерлері Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев туралы әңгімелеу.

Қосымша мұғалімнің мәліметі



  • «Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда.

  • Дәл осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Васток» кемесі 28000 шақырым шамасындағы жылдамдықпен ұшты.

  • Ғарышта ғарышкерлер міндетін ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевта ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талғат Мұсабаев «Союз ТМ - 27» ғарыш кемесінің басшысы болып, ғарышта 200 күнге жуық жүрді. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады.

  • Олар: 1. Қазақстан жерінің табиғи ресурстарын зерттеу, астықты аймақтың мүмкіндігін болжау;
    2. Ғарыш жағдайында материалтану;
    3. Жер асты пайдалы қазбаларын іздестіру;
    4. Атмосферамен қатар, ионосфера және мезосфера қабаттарын да зерттеу;
    5. Биотехникалық және биомедициналық зерттеулер жасады.

2. Оқулыкпен жұмыс.

1. Сынып үш топқа бөлінеді.

1-топ Байқоныр туралы оқиды. 2-топ ҚР ғарышкерлері туралы оқиды.

3-топ Ғарыш, ғарыш айлағы туралы оқиды.

2. Оқушылар оқығандарының мазмұнын айтады, пікіp алмасады.

3. Сұрақ-жауап әдісі арқылы мәтінді қалай түсінгендері тексеріледі.



4. Пікір айт.

- Қоғамға ғарыштық зерттеулер қандай пайда әкеледі? Сызба құрастырылады.

Астрономиялык бакылау

Зерттеу


Ғарышты игеру ҒАРЫШ

Ғаламшарларды зерттеу

Ауыл шаруашылығына пайда

Туризм


4. Пікірталас өткізу Ғарышка не үшін ұшады? Осы керек пе?

Егер басқа ғаламшарға тап болсаңдар, не істейсіңдер?



  1. Сабақты қорытындылау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет