Сабақтыңтақырыбы. Мәтіндік процессоры туралы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Сабақтыңмақсаты


іске қосуға болады: Негізгі менюден Жіберу → Бағдарламалар→ Microsoft Office → MS Word



бет2/5
Дата05.06.2017
өлшемі3,77 Mb.
#17887
түріСабақ
1   2   3   4   5
іске қосуға болады:

  1. Негізгі менюден Жіберу → Бағдарламалар→ Microsoft Office → MS Word командаларын орындау арқылы;

  2. Жұмыс үстеліндегі таңбашасынан;

  3. Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен.

Мәтіндік процессордан шығу жолдары мынадай:

  1. Файл → Шығу командаларын таңдау арқылы;

  2. Alt + F4 батырмаларын қатар басу арқылы;

  3. Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын басу арқылы.

Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтық терезе шығады. Осы диалогтық терезе арқылы біз файлдағы өзгерістерді сақтай аламыз.

Мәтіндік процессорды іске қосқан кезде экранда 1-суреттегідей терезе пайда болады.



Word терезесінің негізгі элементтері Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Мұның жоғарғы бөлігінде негізгі меню орналасқан. Онда: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама орналасқан.

Жалпы терезе мынадай бөліктерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, «Стандартты» құрал-саймандар тақтасы, «Форматтау» құрал-саймандар тақтасы, сызғыш, жұмыс алаңы, бейнелеу режимін таңдау батырмаларынан, қалып-күй жолынан.



1-сурет



Жаңа құжатты құру.

Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы белгісін басу арқылы ашамыз. MSWord құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc және таңбасымен белгіленеді.



Құжатты ашу.

Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын шертуміз қажет, сонан кейін Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалады.



Құжатты сақтау.

Құжатты сақтау үшін Файл менюінен Сақтау командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын шертеміз.



Құжатты бірінші рет сақтағанда Файл менюінен Қалай сақтау... командасын таңдаймыз, сонда мынадай Құжатты сақтау диалогтық терезесі пайда болады.



Мұндағы Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналасқан өрістен құжат сақталатын буманы, ал Файл типі (Тип файла) өрісінде құжат сақталатын форматты таңдаумызға болады. Ал Файл аты өрісінде файлдың атын жазамыз содан кейін барып қана Сақтау батырмасын басамыз.



Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды. Құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады. 

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

1) Жаңа тақырыпты бекіту үшін электронды оқыту жүйесіндегі е-кітапханасының қорынан дайын 3 жаттығуды оқушылармен орындау.



2)Практикалық жұмыс.

Тапсырмалар: 
А)Жасыл карточкадағы ауызша сұрақтарға жауап беру
Ә)Қызыл карточкадағы техникалық диктант жазбаша орындау
Б)Көк карточка компьютермен жұмыс 

Жасыл карточка сұрақтары: 

  1. ЭЕМ –мен жұмыс жасау кезінде қандай қашықтықта отыру керек. 

2. Сақталған құжатты ашу үшін орындалатын әрекеттер

3. Құжатты қайтадан сақтау үшін орындалатын әрекеттер

4. Негізгі (Главная) қосымша бетінде қандай құралдар орналасқан?

5. Қалып күй жолын көрсетініз

Қызыл карточка сұрақтары: 

Техникалық диктант 
.......кез келген басып шығарылатын ..... ты жасап шығаруға арналған .... компьютерлік программаның түрі. 
Жолақтың алдында .... батырмасы орналасқан. 
....мәзірде бірнеше бұйрық орналасқан. 
Экрандағы төменгі жол қалып –күй жолы немесе .... деп аталады. 
1. ақпарат 
2. ақпараттық жол 
3. программа 
4. Мәтіндік процессор 
5. қолданбалы 
6. Тақырып 
6. Жанама 
7. Оffice 

Көк карточка сұрақтары: 
№1 
1. Жаңа құжат құрыңыз . Вставка – Клип-өзіңе ұнаған суретке қысқаша сипаттама бер 
2. 3 жол 2 бағаннан тұратын кесте құрып, оның үстіне екі рет шертіп, түрлі стилге келтір. 


№2 
1. Жаңа құжат ашыңыз, WordArt жиынтығынан біреуін таңдап, «Информатика» сөзін жазып шығыңыз. 
2. “Информатика” сөзін әр түрлі бағытта бұрып отырып , өзіңізге ұнаған күйде қалдырыңыз. 
3. Абак Ежелгі Римде пайда болды. Ол calculi деп аталды. Оны тастардан, қоладан, түрлі түсті әйнектерден және пілдің сүйектерінен жасады. Кейінірек ол сөзден calculatore-есептеу деген сөз шықты. Одан бізге таныс калькулятор сөзі пайда болды. 
- Мәтінді көрсетілгендей етіп тер. 
- Мәтін әрпінің өлшемі-14. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет