СабырбаеваР.Қ. қазақ әдебиеті кафедрасының доцент м а., ф.ғ. к



бет18/62
Дата22.12.2021
өлшемі2,2 Mb.
#980
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62
Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. «Біржан мен Сара айтысы»

  2. Біржанның өмірі жайлы не айтар едіңіз?

  3. Сараның аяусыз тағдыры қалай өтуде?

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 20, 21, 22. Қосымша әдебиеттер: 6, 7, 9.

Тапсырма1 «.Біржан –Сара» айтысы туралы ғалымдар еңбектерінен пікірлер келтіру

2.Ақан сері,Сегіз сері,Әсет Найманбайұлының шығармашылықтары туралы айтыңыз

Тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі, шығармашылығы.

Мақсаты: Ақан сері Қорамсаұлының өміріне оның шығармашылығына үңілу.Оның махаббат, айтыс өлеңдеріне тоқталу.Олардың көркемдіктері мен бейнелігін, сұлу сырларын ашу.

Тірек сөздер: лирик, махаббат, жастық, жастар, Иран бақ

Жоспар:

а) Ақанның лирикалық өлеңдері, махаббат тақырыбындағы өлеңдері

ә) Ақанның айтыс өлеңдері,көркем тіл кестелері, бейнелігі.

Ақан сері Қорамсаұлы 1843 жылы күзде қыркүйек айында Көкшетау обылысында Володаров ауданында Қоскөлдің жағасында дүниеге келген.Оны жұрты Ақжігіт деп атаған.Қыз ылжардағы Уәли ахун медресесінде оқыған.Ақан сері үш жыл ішінде араб, парсы тілдерін меңгереді, Фердауси, Низами, Хафиз шығармаларымен еркін сусайды.Ақынның жалпы саны 40 тан астам өлеңдері бар.

Ақан сері – лирик ақын.Адамның сезім сырнайын тарта білген сыршыл да шыншыл поэзия.Әрбір сөзі жүректі елжіретер, жаныңды жадыратар жастық лебіне суарылған нұрлы.

Қыз бала болса сұлу, болар қандай,

Ләззаты болса егер шекер балдай.

Күлім көз, оймақ ауыз түссе қолға,

Сүмбіл шаш, қиғаш қасты, жазық маңдай.

Ақанның махаббат тақырыбындағы өлеңдері көп.Мысалы "Сүйген жардан айырылдым" "Біздің көңіл қайда жатыр " " Ұзатылайын деп жатқан қызға" "Нұрила" "Балқадиша" "Мақпал қыз" "Ғалиянұр" "Бибиғайша" "Ақшабақ"т.б.Жастар атынан жыр толғап, көптің көңілін дәл басқан адал жарлардың ең нұрлы өкілі.Аспандағы жұмақты мекендеген қор қыздарының бейнесін жерден іздеп ,Иран бағы ішінде сайраған бұлбұлдың өзі.Ауызынан шыққан сөзі, көмейінен құйылған ән бәрі нағыз ғашықтардың шын сыры, адал ниет, ақ пейілдері.

Ғашықтық мен шығарған мирас емес

Жүсіп пен Зылихадан үлгі қалған

Ізденіп Баһарам да Гүләндәмді,

Мехнатпен ақырында сүйтіп алған.

Көп жүріп, жаһан кешіп Сейфілмәлік,

Жамалға Иран баққа іздеп барған

Біреуі жеті ғашықтың Жүсіп еді,

Зынданға Зылиха үшің түсіп еді

Бұрыннан ғашық болған бір біз емес

Болмайды басқа жанның ісі енді

Баласы падишаның Сейфілмәлік

Неше жыл о да жүрген от боп жанып

Келтірілген жолдардан ақынның махаббаты сүйіспеншілік тақырып ретінде түсінетіндігі, оның отына шарпылмайтын жастың болмайтыны көрініп тұр.Ол өзінің өлеңдері арқылы махаббат деген қорлыққа көнбейтін, қара күшке бас имейтін адамға тән ең қасиетті сезім, теңдесі жоқ рухани күш екенін дәлелдеді.Ақанның бір өлеңінен сұлулықтың, ғашықтықтың толық образын таппасаң ,бәрін тұтас алсаң, сұлудың бейнесінде ғашық жарлардың сыр сыйпаты мүсінделіп шыға келді.Сұлудың сыртқы сымбаты ғана емес, оның ішкі сыры, мінезі, дүниетанымы,ақылы елге қадірі түгел табиғаты танытылады.

Райхандай безіп өстің гүл бау шарбақ

Гүл жүзің зифа бойың етің шәрбәт

Әуелден көңілімді бердім саған

Нәзік бел, қиғаш қасты қалам бармақ

деген жолдардағы сұлудың сымбатын басқа ақындардан кездестіре қою қиын.Адамдардың асыл қасиеттері, жақсы мінездеріне сүйкімді сөзі, әдемі жүзі,сызылған үні бойы мен ой тазалығы мәдениеті білімі сұлудың жан дүниесі түгел бейнелі суретін табады.

Арқаның ардагері атанған Ақан қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақтата жыр нөсерін ақтарып өткен ерекше дарын иесі.Өмір сүрген ортасынан озат шығып, асыл өнерімен де, жеке бас әдет мінездерімен, жүріс тұрысымен, киім киісімен ,сән салтанатымен де дараланып көзге түскен қазақтың ең қадірлі серісі.Асып таспай, жабырқап жасымай әркез арын таза ұстай білген , жақсылық пен әділеттік жолына белін бекем буған ақыл парасаты биік саналы гуманист.Ақанның ақындық талабына дем беріп, оған негіз болған өзге халықтар мәдениеті ғана емес ақын творчествосының негізгі бастау арнасы өз халқының поэзиясында жатыр.

Ақан сері өз заманы ұсынған дәуір талабын таныған, сол жаңа талаптар тұрысында ізденіп оқып білім бұлағынан сусындаған зор талаптың жемісі.Адамның қуатты жас шағы бос өтпей, өнер дүбіріне ілесер шын тұлпар болуы абзал.Кедейлікті намыс қып, мал жиюға ғана талаптанбай ең алдымен білім табуға күш салса деген армандарына меңзейді.

Ер жігіт мақтанады асы болса

Биік тау шаттанады тасы болса....

Жігітке кедейшілік намыс емес

Жігітке ең керекті іс білім деген

Білімсіз ілтипатқа ілінбеген

Ақан сері өлеңдерінде де басқа ұлы ақындарда кездесетін белгілі мөлшерде сүйіспеншілік сезімнің жетегіне еріп, елжірей ынтығу тән азығына құмарту орын алады.Әркімге мәлім Абайдың мынадай сөзі бар:

Етің етке тигенде

Демің тынып сүйгенде

Тән шымарлап бой еріп

Ішім оттай күйгенде

Құмарлықтың шарықтау шегіне жеткен кездегі осындай кездерін Ақан да шебер бейнеленеді.Сүйіскен екі жастың дегендеріне жеткен шақтарын табиғи жырлайды.

Қарағым құшақтасам құмарланып

Қосылған қос ғашықтай жалын шықса

Жан тынып ішімдегі жалын шықса

Ауымнан ақ сағымдай мұнарланып

Ми тамыр ақыл ойдан арман қалмай

Мақтансам қызуыңа тым алданып

Көтеріп гүл бәйшешек көңіл күліп

Семірсе нәпис мұрат бір жалданып

Қардан ақ қаннан қызыл ет пен бетің

Иықтан қолаң шашың гул талданып

От сөнсе жүректегі жанып тұрған

Сорғанда тілден ләззат мейір қанып

Ет пен бет бір біріне еріскенде

Айтысқан шартқа жетсем әбден қанып

1

Ақынның махаббат мәселесіндегі кредосы өзіне барлық жағынан тең, шын жүрегінен берілген, сертке берік адал жармен айырылмас өмір сүру.Көрінген көріктіге көз тастап, жеңілтек мінез көрсетуге мүлде қарсы:



Сүйек тең, ой орайлас, ақыл шендес

Ғаухарсың бағаң қымбат қолға тимес

Қызығар бет табылар ниет табылмас

Таза жүрек шын сөзбен серт беріп ем

Нәпсіме жүрегімді сұлтан қылып.......

Ақан сері адам бойындағы жаман мінездерді, қылықтарды әсіресе жігіттерді сынаған.Таудай талабы бар жігіттер алдына адамгершіл тілектер айтып қоймай, халықтық зор мақсаттар жүктейді.Маңызды әлеуметтік ойлар түйіндейді.Елде етек алған жоқ жітіктер қамын жеуге, сол жолда аянбай адал адам болуға шақырады.

Біліңдер өсиетін ата бабаң

Қараңдар кем кетікке келсе шамаң.....

Өмірінің мағынасына мән бермей , жауапсыз жүріп, дүниеден босқа өтетіндер елге мысал.Асылы ондай адамдардан берекелі іс күту артық.

Әрқашан сондай жігіт тәуір болмас

Бояма шүберектей жасыл болса

Көзі де, көңілі де соқыр қарағанғы

Несі адам түк білмейтін масыл болса

Бұл сияқты жетесіздер өнімді іспен емес, зиянды әрекеттермен шұғылданғыш келеді.Өсек аяңға үйір жүреді: "Ақылсыз кейбірдің мінезі сол бір сөзді екі қылып жүреді" дейді.Жақсы жігіттер сипатын сынап көрсетіп, оларға тән іскерлік, адамгершілік, терең білімділік , парасаттылық еліне халқына деген адал ниет , қажыр қайрат дәріптенеді.Өзі армандаған осындай мінсіз өткір жастардың идеялды образын термелейді.

Нәркестен қайырылмайтын қылыш болса

Мінезі, ақылы, өнері дұрыс болса

Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт

Жорғадай тілі майда жүріс болса

Ақылы, сабырлы ер деп соны айтамыз

Еткені берекелі жұмыс болса

Осындай "бір сабаз өнері көп топ бастаса" деп өзі қалаған асыл азамат туралы ойын түйіндеді.

Ақан серінің үстемдер билеген қоғамға қарсы пікірлер айтқан.Қазақтың болысы, биі, байы, молдасы, қанды балақ қарақшылары шенді шекпенднрі ақынның басын, қатырып қажытқан қарсыластары.Оларға деген ақынның ащы сөздері ел аралап, халықтың арасына сіңіп, өзінің айтушыларының қолдаушыларын күн санап көбейте береді.Ақын өзіне сырлас дос тауып ел арасында мәңгі жасап келеді.Ақан сері қоғам туралы терең толғанып, езілген елмен бірге күңіренеді.Өзінің "Заманға қарап" "Халқым сенген" "Достарыма" "Жақсы мен жаман" "Өсиет өлең" т.б. әлеуметтік мәні зор өлеңдерін шығарды.Аталған шығармаларда ақынның саяси әлеуметтік қоғамдық

2

Көзқарасы прогрессшіл, алдымен адамгершіл екені айқын.Оқу өнер, білім жастар еркіндігі махаббат азаттығын көксеген ақынның басқаша болуы мүмкін емес.Үстемдердің ел мүддесін ұмытып, еңбекші халықты жаныштап, оларды қараңғылық қамауынан босатпай аяусыз қанап жатқанына наразылық үнін шертті.Әр тұста елі, халқымен бірге замана зардабын тартты.Азаттықтың тура жолын іздеп, жарғақ құлағы тиыш таппады:



Болғанда мындай күйде заманамыз,

Жай жатып сахарада қамаламыз

Болыс, би ет пен шайға мәз болуда

Қайткенде тура жолды таба аламыз.......

Халық ел мақсаттарын жеке бас қамынан жоғары ұстай білетін шын қайраткер ғана халқына пана, адасса жол тауып, жаңылса жөн сілтеп, тарыққанда дем беріп отыра алады деп, ел басы болар азамат ердің міндеттерін термелеп, оларды жастарға үлгі етеді.

Төрелер ширатады есіп мұртын

Алмайды еш теңдікке елі жұртын,

деп, ақын менменсіген төрелер тобын да өткір тілін бір сұғып өтеді.

"Науан қазіретке" арнауында да мал үшін дінді пайдаланатын қажыны қатты ажуалайды:

Білмейтін ба ең мал десе

Періштенің азатынын

Мал алудың қамы ғой

Осы салған азаның,

депті оған.

Ақанның әндері мен өлеңдері халқымыздың баға жетпес мұрасы.Оның есімі мәңгі жастықтың символы.Лирикалық шығармалары әдемілік пен махаббаттың асыл өрнектері, поэтик образдардың сарқымас көзі.Ақан серінін көркем бейнесі халқымыздың көз алдында.Онын қазіргі көрермендеріміз театрсахнасынан,кино экранынан жиі көріп тұрады.Ақындарымыз жыр қып, жазушыларымыз том том роман жазып жүр.Серінің нөсерлі әнін үздіксіз тыңдап , құлақ құрышын қандыру мүмкіншілігі өте мол Ақан сері жігіттің мінезін сынап, оған баға берген.Жігіт мінездерін және олардың он үш түрін атап көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет