16
Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір
ұлттың дəстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу
кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу,
сөйлесе білу өнер, мəдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық
сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба əдеби тіл. Жазба əдеби тіл – жазу
арқылы белгілі жүйеге түскен жазу дəстүрі мен əр түрлі жазба əдебиетінің
негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары
бар тілдің түрі.
Екіншіден, сөз мəдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) жəне
сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.
Сөз дұрыстығы қəзіргі əдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан
нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тəн дұрыстықты
ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тəсілдерінің ішінен
мағына, стильдік жағынан аса дəл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді.
Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дəлірек”,
“айқынырақ” деп бағаланады.
Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі
сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мəдениеті төмендігінің
көрінісі, рухани байлығының əлсіздігі.
◘
Достарыңызбен бөлісу: