Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет25/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
05.05.2020 5 сынып бжб
 
 
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ 
 
 
Қазақ  жазуы  –  қазақ  тілінің  əріп  таңбаларынан  тұратын  жазу  жүйесі. 
Көне  заманнан  бері  қазақтар  əртүрлі  жазу  жүйесін  пайдаланып  келген. 
Олардың алғашқысы қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына ортақ болған 
руна жазуы. Осы жазу үлгісінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты 
көне  түркі  мұралары  сақталған.  V-ХІІ  ғасырларды  қамтитын  руна  жазуы 
Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылып отыр. Мұның өзі біздің ата-
бабаларымыздың  өмір  сүрген  географиялық  орындарын  көрсетеді.  VІІІ-ІХ 
ғасырларда қазақ даласына мұсылман дінінің келуі – араб жазуын ала келді. 
Араб графикасына негізделген жазу үлгісі 1929 жылға дейін сақталып келді. 
Яғни  осы  тұсқа  дейін  жазылған  еңбектер  араб  жазуы  негізінде  хатқа  түсті. 
Оны Махамбет, Шоқан, Абай, Мəшһүр Жүсіп, Шəкəрім сияқты ұлы тұлғалар 
қолданды. 
ХХ  ғасырдың  басында  А.Байтұрсынұлы  араб  жазуын  қазақ  тілінің 
заңдылықтарына орай бейімдеп, қазақ əліпбиін жасады. Осы əліпби негізінде 
кітаптар  жарық  көрді,  шəкірттер  білім  алды.  Мағжан,  Мұхтар  сияқты 
алыптардың  еңбектері  осы  əліпби  негізінде  жазылды.  1929-1940  жылдар 
аралығында  халқымыз  латын  графикасы  негізіндегі  əліпбиді  пайдаланды. 
1940  жылдан  бастап  қазіргі  қолданыстағы  кирилицаға  негізделген  əліпби 
қолданылуда.  Қазіргі  кезде  қоғамда  латын  əліпбиіне  көшу  мəселесі 
талқылануда.  Түркия,  Əзірбайжан,  Өзбекстан,  Түркіменстан  сияқты 
мемлекеттілігі бар туысқан халықтар осы латын əліпбиін қолданады. 
 Дүниежүзілік  ақпаратта  латын  əліпбиінің  орны  ерекше.  Сондықтан 
латын əліпбиіне көшу мəселесі өз кезегінде шешімін табуы мүмкін. Əлемдегі 
қазақтар  өздерінің  тұратын  мемлекеттеріне  қарай  араб,  латын,  кирилица 
таңбаларына  негізделген  əліпбиді  қолдануда.  Осы  тұрғыдан  келгенде  ортақ 
əліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне оң ықпал етпек.  
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет