75
Демалыс орнының табиғаты қандай?
Дем алушылар Қазақстанның қай жерлерінен келеді?
Дем алушылар көл жағасында не істейді?
Сізге дем алуға барған жеріңіз ұнады ма?
◘
Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды жалғаңыз, аударыңыз.
Демалыс орнына біз автобус... бардық. Мен биыл туристік базаға
пойыз... келдім. Менің əріптесім шипажайға ұшақ... ұшты. Əріптесімнің досы
автобекетке такси... жетті. Менің балам өзінің достары... жорыққа жаяу
шықты. Адамдар жағажайға машина... келді. Біздің мекеменің қызметшілері
демалысқа өздерінің отбасылары... кетті. Біз ұжымымыз... демалыс күні қала
сыртына шықтық.
☻
С$хбат
-
Сіз биыл еңбек демалысына шықтыңыз ба?
- Иə, қазан айында.
- Қай жақта дем алдыңыз?
- Мен биыл күзде Сарыағаш шипажайында болдым.
- Сіз онда жолдамамен бардыңыз ба?
- Иə, жолдаманы мекеме кəсіподағы берді.
- Жолдаманың бағасы қанша тұрады, неше күндік?
- 20 күнге - 15 мың теңге.
- О, жақсы, қымбат емес екен.
- Сарыағашта емделдіңіз бе?
- Иə, асқазан, бауырымды емдеттім.
- Қазір денсаулығыңыз жақсарды ма?
- Иə, өзімді жеңіл жəне жақсы сезініп жүрмін.
- Сарыағашқа немен бардыңыз?
- Мен онда Алматы арқылы пойызбен бардым.
сөздік
шипажай - курорт
жолдама - путевка
◘
Төмендегі үлгі бойынша сөз тіркестерін жазыңыз, дағдыланыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: