Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет50/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
05.05.2020 5 сынып бжб
 
Құқықтық тəрбие 
 
Құқықтың  тəрбие  беру  студенттің  жеке  тұлғасын  қалыптастырады,. 
Мемлекетіміз жастарға құқықтың тəрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. 
Қазақстан  заңдарына  терең  құрмет  сезімін  қалыптастыру,  оларды  сөзсіз 
сақтау жəне орындау -ұзақ уақыт тəрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне 
құқықтық  сананың  төмендегі,  материалдық  жəне  рухани  игіліктердің  не 
екенін  жөнді  түсінбеушілік  қоғамға  жат  қылықтарды  туғызады.  Сондықтан 
да  əр  студенттің  санасына  құқықтық  нормаларды  жеткізу,  жеткізіп  қана 
қоймай  оның  күнделікті  мінез-құлық  нормасына  айналдыру  үшін  күресу 
құқықтық тəрбиенің міндеті болып табылады. 


 
41 
Нұрсұлтан 
Назарбаев 
"Қазақстан 

2030" 
стратегиялық 
бағдарламасында  Отан  қорғау  мен  оның  қауіпсіздігіне  ерекше  мөн  бергені 
мəлім.  Қарулы  күштерінің  бір  тармағы  ретінде  ішкі  əскердің  де  іргетасы 
қаланды.  Ішкі  əскер  барлық  қазақстандықтардың,  қарапайым  азаматтардың 
мүддесін қорғаушы - құқықтың тəртіп əскері. Бұл мектеп, отбасы жəне қоғам 
жұртшылығының  құқықтық  тəрбие  жұмысын  жүргізудегі  басты  бағытының 
бірі - оқушылар арасында заң тəртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын 
жүргізуге кең жол ашып отыр. Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары жəне 
қоғамда  өмір  сүру  ерекшеліктерін  құрметтеу,  қоғам  заңдылықтарын  бұзуға 
төзімсіздік, қоғамдьщ тəртілті сақтау да енеді.  
Заңды  білмеу  —  құқықтық  мəдениеттің  елеулі  кемшілігі.  Адамның 
құқықтық  мəдениеті  —  күрделі  психологиялық  құбылыс.  Бұл  құбылыс 
қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы 
адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал 
жасайтын  тəрбие  құралдарының  бірі  -  орынды  тəртіп  жəне  мінез-құлық 
тəрбиесінің жоғары деңгейінде болуы. 
Сонымен адамның құқықтық мəдениеті дегеніміз - орынды тəртіп пен 
мінез-құлық,  жан-жақты  құқықтың  білімдерімен  заңды  құрметтеу,  құқықты 
қорғау іс-əрекетінің терең бірлігі. 
Құқықты 
құрметтеу, 
əділдікті, 
борышты, 
жауапкершілікті, 
заңдылықты,  сезіну  -  адам  тұлғасының  жоғарыдан  көрінуі.  Осыдан  келіп 
заңдылықты сезіну құқықтық мəдениеттің құрамы екендігін түсіну қажет. 
 
Тапсырмалар: 

  Өз  пікіріңізді  білдіріңіз.  Үкімет  заңдары,  олардың  тұлға  тəжірибесіндегі 
рөлі. 
Құқықтық тəрбиенің отбасында алатын орны. 
Заңтану мектептерінің негізгі мақсаттарын білесің бе? 

 Мəтін бойынша жаспар құрыңыз.
 

Құқықтық мəдениет дегеніміз не? Сұрақ төңірегінде өз ойыңызды ортаға 
салыңыз. 

  Мəтіндегі  «Адамның  құқықтық  мəдениетіне»  қатысты  сөйлемге  назар 
аударып, есте сақтаңыз. 

 Монологті сұхбатқа айналдырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет