1) Ассимиляция, адаптантты бейімделу барысында ортаның жұтып қоюы. 2)
Аккомодация. Бұл термин әлеуметтік түрде берілетін және индивидуалдық
және топтық әдеттер мен дәстүрлерде жүзеге асатын функционалдық
өзгерістерді бейнелейді. Биолдогиялық және әлеуметтік бейімделу
арасындағы айырмашылықты зерттеген М.Болдуэн аккомодацияны который
считал аккомодацию процессом, при котором «ескі дағдылар әлсірейді және
үйлестірудің жаңа тәсілдері қалыптасатын»процесс деп есептеді. Г.Тард бұл
терминді екі қарама қайшы әрекеттер арасындағы қақтығысты шешуді және
мінез құлықтың жаңа түрінің пайда болуын бейнелеу үшін пайдаланды.
Ф.Гидденс бұл терминді қақтығыстарды шешудің әмбебап әдісі ретінде
суреттейді. Қазіргі кезде аккомодация индивидтер мен топтарды татуластыру
мен компромиске келтіру ретінде түсініледі.
3) Кездесулік не жауап берушілік бейімделу ортаны бейімделу
субъектілеріне қарай қайта құру, ортаны бейімделу субъектісіне икемдеу. 4)
Коадаптация – коррелятивтік икемделу, өзгерген жағдайларға жалпы және
өзара бейімделу. Коадаптация өзіне субъектінің ортаның өзгерулеріне
«тікелей» бейімделуі мен «кездесулік не жауап берушілік» - яғни ортаны
бейімдеуді біріктіреді. Бейімделу бұл топтама бойынша коадаптация
түсінігіне қарағанда мазмқны бойынша кең.
5) Дезадаптация – бейімделудің болмауы не жоғалуы.
6) Реадаптация – бейімделудің қайта қалпына келуі, қайта бейімделу.
7) Бейімделу сатылары. Бұл жерде бейімделудің ұзақтығы ескеріледі. Осы
негізде қысқы, орта, ұзақ мерзімді бейімделу түрлері сипаталады. Қысқа
мерзімді бейімделуде субъектінің ортадағы өзгеріске жауап беруі белсенді
болады. Адам сондықтан да ортадағы өзгерістерге қысқы уақыт аралығында
бейімделе алады. Ұзақ уақытты талап ететін бейімделулер функционалдық
жүйелерді қайта құруды талап етеді. Хронология бойынша бейімделу
бастапқы, аралық, аяқталу сатыларына бөлінеді. Бейімделудің алғашқы
сатысына ортаға әлсіз икемделу тән. Бұл баспалдақ орта мен адаптант
арасындағы қақтығыстармен, қарама қайшылықтармен сипатталады. Бұл
кезеңде бейімделушілік мінез құлық стратегиясы қалыптасып, сана мен мінез
құлықтық стереотиптерді қайта құруға деген үмтылыстар жасалады.
Бейімделудің аралық кезеңі басталған бейімделушілік әрекеттерді дамытады,
беркітеді. Дегенмен, көптеген жағдайда бейімделушілік мінез құлық
стратегиясын өзгертуге тура келеді. Аралық бейімделу біртіндеп
бейімделудің аяқталуы кезеңіне ұласады. Адаптант қоршаған ортамен
үйлесім табады.
8) Бейімделу субъектісінің сипаттамасы. Бейімделу демографиялық,
мәдени, саяси, әлеуметтік психологиялық, діни, әлеуметтік, технотрондық,
экологиялық, экономикалық, этникалық, құқықтық деп бөлінеді. Бейімделу
субъектісіне
қарай
тұлғаның,
әлеуметтік
топтардың,
әлеуметтік
институттардың бейімделуін сипаттауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: