Сағаттық белдеулер тақырыбында меридиан градустары арқылы уақыт айырмасын есептеу



бет12/15
Дата16.02.2023
өлшемі247,5 Kb.
#169032
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Гео.есептер

Олимпиада сұрақтары.


1.Жер бетінде ең солтүстік, ең оңтүстік, ең батыс, ең шығыс нүктелер бар ма? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер
Жауабы: Ең солтүстік нүкте солтүстік географиялық полюсте орналасқан. Ол солтүстіктегі меридиан сызықтарын қосады, 90 градус параллель.
Ал, ең оңтүстік полюс географиялық оңтүстік полюте орналасқан. Антарктида материгінің оңтүстігінде орналасқан. Оңтүстікте меридиан сызықтарын қосады және 90 градус параллель.
Ал, Батыс шеткі нүкте қиыр батыста яғни батыс бойлық 180 градуста 0 градустың түйіскен жерінде яғни экватор бойында.
Ал, Шығыс шеткі нүкте қиыр шығыс яғни шығыс бойлық 180 градуста 0 градустың түйіскен жерінде яғни экватор бойында орналасқан.


2.Экватордан солтүстікке Поляр жұлдызын бақылауға бола ма? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.
Жауабы: Экватордан солтүстік ендікке қарай поляр жұлдызын көруге болады. Себебі экватор сызығынан солтүстікке қарай жылжыған сайын полярдың көріну градусы ұлғаяды. Ал, керісінше оңтүстікке қарай жылжығанда көріну шамасы төмендейдіде экватордан оңтүстікке өткенде мүлдем көрінбей қалады. Себебі экватор мен поляр арасы 90 градус ендіктік айырма жасайды ал оңтүстікке қарай ол аданда ұлғаяды. Оңт. Амерка, Африка,
материгінің экватордан оңтүстікке қарай бөлігі, Аустралия толығымен поляр жұлдызын көре алмайды.


3.Талтүсте үйлердің көлеңкесі жоқ болса, көше қандай бағытта құрылған?
Солүстіктен –оңтүстікке қарай көше құрылған. Себебі тал түсте күн түсу бұрышының ең жоғарғысы болады. Онда үйдің көлеңкесі батыстан шығысқа түседі.


4.Жердің қай жерінде магнит тіліне сенуге болмайды, өйткені ол магниттелген ұшымен оңтүстікті, ал басқа жағымен солтүстікті көрсетеді?
Жердің магниттік полюсінде тіліне сенуге болмайды. Жерде екі магниттік полюс бар. Біріншісі Солтүстік магниттік полю ол оңтүстік географиялық полюске қарай орналасқан 660 о.е. - 1410 ш.б. ораласқан. Екіншісі оңтүстік магниттік полюс солтүстік географиялық полюске қарай Канаданың аумағында 750 с.е. – 1010 б.б. орналасқан.
Жоғарыда Жердің магниттік полюсінде тіліне сенуге болмайды дедік себебі солтүстік магниттік полюсте компас тілінің ұшы оңтүстікті көрсетеді. Ал, керісінше оңтүстік магниттік полюсте компас тілінің ұшы солтүстікті көрсетеді.


5.Біздің заманымызға дейін бірегей дәу - атлас сақталған. Оның көлемімен қай кезде болмасын жарық көрген бір де бір кітап тең
келе алмайды. Оған 340 жыл. Осы атлас туралы не білесіздер? Ол қайда сақталған?
Жауабы: Ол карта Берлин кітапханасында сақталған!


6.Картада кейбір көрсеткіштерді белгілейтін қисық сызықтардың 9 кем емес түрін атаңыздар. Олармен нені көрсетеді?
Жауабы:
Изобара «Қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изобат «Тереңдіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изогипс «Биіктігі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изотаха «Желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изохора «Көлемі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изогиета «Жауын-шашын түсуі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изокванта «Өнім өндіруі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изопахита «Таужыныстарының қалыңдығының бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изотерма «Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»


7.Африкадағы Мейірімді Надежда мүйісінің бастапқы аты қалай және кейін ол неге осылай аталды
Жауабы: Бұл мүйісті португалдық теңіз саяхатшысы 1488 жылы Бартолем Диаш ашқан. Ол оны Бурь мүйісі деп атады. Кейіннен поргугалия король ІІ Жуан оның атын Мейрімді Надежан «Үміт»
мүйісі деп өзгертеді себебі Осы мүйіс арқылы Үндістанға баратын жол болсын деп. Кейін Васко да Гама 1497 жылы Мейрімді Надежда мүйісін арқылы Африканы айналып өтіп Үндітанға баратын жолды тауып ІІ Жуанның арманы орындалады.
8.Африкадағы Ақ Нил өзенін неге ақ деп атайды?
Жауабы:
Ніл жер бетіндегі ең ұзын өзен оның ұзындығы 6671 км, суының алабы 2870 мың шаршы шақырым. Ол бастауын Шығыс Африка тауларынын бастау алып сағасы Жерорта теңізіне құяды. Осы сағасында ежелгі Мысыр мәдениеті қалыптасқан. Арабша атауы Аль-Бахр. Ніл ол латынша атауы. Ақ Нілді ағылшын Джон Спик ашқан. Ақ Ніл Сол жақ саласы болып келеді Собатаның етегінен басталады соңы батпақты болып лай болып ағады. Оны Бахр-аль газал деп атайды.


9.Оңтүстік Америкадағы қандай географиялық объектінің аты үндістер тілінен аударғанда «үлкен су» деген мағынаны білдіреді?
Жауабы: Игуасу сарқырамасын үндістер «Үлкен су» деп атаған.


10.Галапагос аралдарында болған пираттар еті деликатес болып саналатын қандай жануарлармен кеме трюмдарын толтырады екен?
Жауабы: Пілтаспақа


11.Антарктидада Ванда көлі бар - әлемдегі ең ғажайып суқоймалардың бірі. Көл мұзының қалыңдығы 4 м. Мұз астында бір қабат тұщы су, ал төменірек ащы су орналасқан, және оның ащылығы теңіз суынан жоғары. Ауа температурасы бұл ауданда әрқашан төмен. Қыста аяз - 40, - 50*С дейін жетеді, ал түбінде шамамен 70 м тереңдікте су жылы - + 25, +27*С. Жылы су көздері көлде жоқ. Ол неге сонда жылы?
Жауабы: Антарктидада Ванда көлі бар - әлемдегі ең ғажайып суқоймалардың бірі. Себебі ол көл антарктиданың қақаған аяздарында жып жылы болып тұрады. Осыған байланысты
ғалымдар көптеген пікірлер кетіреді. Көлдің суында микроорганизмдер жоқ, су өте мөлдір суының бетінде су тұщы болғандықтан ол күннің көзін жақсы сіңіреді. Ал астынғы қабатында судығ тұздылығы жоғары болғандықтан ол бойна сіңірген жылуды сырқа шығармайды. Өйткені судағы тығыздық жоғары яғни жоғарғы бөлікпен астыңы бөлік суралы аралас алмайды ол тек жоғарыдан күн көзінің жылуын қабылдайды. Бойындағы жылуды сырқа шығармай ұстап тұрады.


12.Пойыздың жылдамдығының әлемдік рекорды қай елге жатады?
Жауабы: Қытай


13.Барлық азық-түлік тауарлардың бағасына қарай қандай ауылшаруашылық өсімдігі бидайдан кейін әлемде екінші орын алады?
Жауабы: Күріш


14.Алтыдан кем емес «шеқаралық» өзендерін атаңыз. Ол өзендер қандай мемлекеттерді бөледі?
Жауабы:
Амур өзені (Қытай -Ресей)
Ертіс-Обь (Қытай-Қазақстан-Ресей)
Сырдария өзені (Тәжікстан-Өзбекстан-Қырғызстан-Қазақстан)
Жайық өзені (Ресей-Қазақстан)
Ганг өзені (Үндістан -Бангладеш)


15.«Апвеллинг» терминге түсінік беріңіз
Жауабы: Апвеллинг түсінігі су астынан көтерілу деген мағынаны білдіреді. Яғни су астында тереңдікте байқалады. Әсіресе материктік батыс шекараларында жиі байқалады.
Апвеллингтің 4 түрі белгілі: 1) Жағалық апвеллинг, 2)Ірі масшатбы апвеллинг 3) желдік апвеллинг 4) Мұхиттық апвеллинг




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет