Гидросфераға байланысты есептер
1. Каспий теңізінің орташа тұздылығы 13 ‰ болса, 1 м³ судың құрамындағы тұз мөлшері қанша болады?
2. Қара теңізінің орташа тұздылығы 21,8 ‰ болса, 1 м³ судың құрамындағы тұз мөлшері қанша болады?
3. Іле өзені бастауының биіктігі (теңіз деңгейінен) 3540 м, ұзындығы 1439 км, сағасының биіктігі 340 м. Өзен құламасы мен еңісігін анықта?
4. Қызылорда қаласының маңында Сырдария өзенінің ені 80 м, тереңдігі 4 м, өзен суының шығыны 703 м³̸с. Табу керек өзен ағысының жылдамдығын.
5. Хан – Тәңірі нүктесінің теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 6995 м. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінен Хан – Тәңірі қанша метр биікте орналасқан?
6. Егер 1 жылда Атлант мұхитына 5 – 10 млн т мұнай қалдықтары төгілетін болса, оның ауданының мұнаймен ластануы қаншалықты өзгереді?
7. Елдегі барлық көлдердің жалпы ауданы 45 мың км² . Бұл ел аумағының қанша пайызын алып жатыр?
8. Каспий теңізінің орташа тұздылығы 13 ‰ , суының көлемі 78200 км³ . Теңізде жалпы қанша тонна тұз қоры бар.
9.Кемеден жіберілген эхолот дыбысы теңіз түбіне 3минутта жетіп,қайтып келсе,теңіздің тереңдігі қанша?
1500м/с-эхолоттың жылдамдығы.
1500•3=4500м.
4500:2=2250м теңіздің тереңдігі.
10.Көлемі 200 куб метр сынып бөлмесінің ауасында +20°температурада қанша литр су буы болады?
Жауабы:200•17=3400г=3,4л
+20°температурада әрбір куб метр ауада 17г су буы болады.
11.Бір тонна мұхит суында қанша тұз болады?
Жауабы:1000•35=35000г.
12.Каспийдің солтүстігінде тұздылық 14промилде 1 тонна теңіз суынан қанща тұз алынады?
а)2800г ә)14000г б)140г в)1000г
Жауабы:1000 л х 14=14000г
2.Іле өзенінің еңістік мөлшерін тап H1=4000 м, H2=350 м
а)3 м; ә)2,6 м: б)0,6; в)2 м.
Жауабы:І={Н1-Н2}:L=4000-350:1700 м=2,6 м
L-өзеннің ұзындығы,І-еңістігі,Н1-бастаудағы h.Н2-сағадағы һ
13.Берілгені.Петропавл қаласында буланушылық мөлшері 500мм,жауын-шашын 500мм.Ал,Қызылорда қаласында булаанушылық 900мм,жауын-шашын 150мм болғанда,ылғалдану коэффициенті қаншаға тең болады?
Табу керек.Екі қаланың ылғалдану коэффициентін табу.
Шешуі.К=Ж:Б формула бойынша есептесек.
Петропавл қаласында-К=500:500=1
Қызылорда қаласында-К=150:900=0,17
Жауабы.Петропавлда К-1-ге тең,ылғал жеткілікті(орманды дала,дала зонасы кездеседі).Ал,Қызылорда қаласында К-0,17-ге тең.Ылғал жеткіліксіз(шөлейт, шөл зонасы орналасқан).
Достарыңызбен бөлісу: |