Сафуан Шаймерденов Бір таба нан Кітапсүйер қауым үшін



Pdf көрінісі
Дата04.11.2022
өлшемі235,04 Kb.
#156543
Байланысты:
Бір таба нан
180117, Шыңғыс Айтматов, Манап, Шахеризаданың-мың-үшінші-түні


Сафуан Шаймерденов
Бір таба нан
(
Кітапсүйер қауым үшін
)
Мен туған анамнан сегіз жасымда қалыппын. Сегіз жас
есіңнің кірген шағы. Сегіз түгіл, төрт, бес жасыңдағы
уақиғалардың да жадыңда сақталып қалатындары бар.
1


Айталық, өзімнен төрт жас кіші інім Есмағидың дүниеге
келгені күні бүгінге дейін есімде. Отынағаш атты күздеуде
отырғанда жеті айлығында шала туған інімнің үлкен қара
тымаққа салынып кереге басында ілулі тұрғаны — маған
сондай айқын. Ал бес жасымда көрген бір қорқынышты
түсімді қазір де дəп басып айтып бере алам. Біздің ауылда
орман қорушысы Хамит деген тұрды. Тіпті Рабиға дейтін
əдеміше келген əйелі де менің көз алдымда. Əкем жаңағы
орманшымен дос болатын. Ертеңгі шай, кешкі тамақ
Хамитсыз ішілмейтін- ді. Неге екенін кім білсін, бірде
екеуінің арасынан ала мысық өтіп кетіп, араздасып қалғаны
бар. Сол тұста əкемнің бір шана əкелгені де көз алдымда.
Бұрын дос болып жүрген кезінде бір шана түгіл, он шана
отынға да қыңқ демес Хамит бұл жолы дуылдата келді:
қырамын да жоямын. Кісі бетіне келе бермейтін əкем де
шорт кетті. Қылатыныңды қылып ал! Шық үйден, найсап!
Əйтпесе мына балтамен
табанда жайратамын. Бұл ерегістің аяғы немен тынды,
есімде жоқ. Бірақ, сол күні түнде көрген түсім күні бүгінгідей:
сақалды біреу қуып келеді. Мен қашып келем. Бұл кім
деймін бе, артыма қарасам, қуып келе жатқан сақалдым —
орманшымның өзі. Қолында балта, жалақтатып қояды. Мен
тегі бақырған болсам керек, шошып ояндым… Кішкене
кезімдегі осындай болымсыз елестің өзін жадымда ұстаған
менің, бір өкініштісі, сегіз жасымда дүние салған туған анам
туралы білетінім тіпті бұлдыр, көмескі. Өз ойымша, анам ат
жақты, қызыл шырайлы, əдемі кісі болатын. Күлкісі мүлде
жадымда жоқ. Ал ашулы кезінде қызыл шырайлы өңі
бұзылып, сұрланып кететіні есімде. Күннің бір ыстығында
өзім тұрғылас бір топ баласуға түсіп жүр едік, анам келді.
Өзгеріп тұрған өңінен ашулы екенін бірден
түсіндім. Салмақты дауыспен мені шақырып алды да,
шапалақтап-
2


шапалақтап үйге алып барды. Мен онда бес жаста болсам
керек. Ал Есмағи інім бір жаста. Қанға, ұғымға сіңген тəртіп
бойынша бес жастағы бала өзінен кейінгілерге бас- көз
болуға тиісті. Тəрбиелі үйде жалғызілікті анаға
көмектесу, мал қайыру, өрістен оралған табынның алдынан
шығып, төлдерді жамыратпау секілді міндеттер бар бес
жасар бала пешенесіне жазылған. Ал мен болсам осы
міндеттерімді орындауды ұмытып, ойнап кететін болсам
керек. Дəл осылай ма, анық біле бермеймін. Білетінім —
анамның əйтеуір ұрсатыны, анам ұрысқан кезде əкемнің
сыртына барып паналайтыным. Шынымды айтсам,
шешемнен көрі əкем қайырымдылау секілді. Өйткені,
əкемнің сыртына барып тығылған кездерімде:
Жарайды, бір жолға кешір енді, батыр- екесі, енді
қайталамайды,- деген арашашы дауысты жиі еститінмін.
Бұл, əрине, нені болсын сырттай қабылдайтын бала ұғымы.
Ал есейіп ат жалын тартып мінген кезімде ағайын- туғаннан
да, былайғы елден де: Анаң сенің ел кісісі еді ғой. Сондай
ұкыпты, іскер, таза, біреуді екеу, екеуді он етіп отыратын
өнер иесі- тін. Ұры басынып ұрлайды, қонақ таңдап түседі
деген бар. Дəулеттерің шағын болса да үйлерің сол
ауылдағы таңдап қонақ түсетін санаулы үйлердің бірі
болатын. Қиза марқұм сіздің үйдің құты еді,- дегенді сан рет
естігенмін. Осы пікірді бұл күнде сексеннің төртеуіне
шыққан əкемнің өзі де қостап,қайталап отырудан
жалықпайды.Қиза шешең туралы жұрт тегін айтпайды.
Марқұмның орыны бөлек еді ғой. Туған анамның дүние
салғанына міне елу жылға жақындап қалса да, əкемнің
айнымас пікірі осы. Өзім ес білгелі оның осы пікірден жаза
басқан кезін байқаған емеспін. Ал өзі жөніндегі, менің анам
Қизамен көңіл қосқанткезіндегі ағайын- туғандардың қарым-
қатынастары жөніндегі пікірі əрқилы.
3


Олардың қосылуы да бір хикая. Еңлік пен Кебек
оқиғасындағыдай қантөгіс болмаса да, соған пара- пар.
Менің болашақ анам байғұс əу баста Əмина деген қызымен
жесір қалыпты.Күйеуі Нұрмағанбет əкеме жамағайын.
Əмеңгерлік жолы ма табыстырған, кім білсін, əйтеуір жесір
қалған жеңге мен қайын іні көңіл қосыпты. Ал оларға
екі жақтың да ағайын- туғандары қарсы болыпты. Бұл
қарсылықтың насырға шабар түрі соншалық, тіпті
«айтқанымызға көнбейсің, райыңнан қайтпайсың», — деп өз
ағайындары əкемді арқан байлап құдыққа тастап,
тəуліктеп мұздай суға да ұстапты.Осы оқиға жайында бала
кезімде əкемнің «ағайындарым маған не
көрсетпеді!» — деп ренжіп отыратынына талай куəгер
болғанмын. Ал ағаларының бəрі дүние салып, өзінің де
жасы ұлғайған осы бір шағында: «ағаларымның ол ісінде
зұлымдық жоқ, шешеңді басқа біреуге жөнелткісі
келген мықты нағашыларыңның ырқынан шыға алмай
маған жасаған жəй қоқан- лоққысы ғой», — деп шəйіп- жуып
отыратынды шығарды. Дегенмен құдыққа тастаған кезде
қорықпадың ба? — деп сұраймын менəкемнен.Қорыққан
жоқпын. Себебі шешеңе сендім. Қиза марқұм бүкіл ел
болып қанша азғырып, қанша қинаса да айтқанынан
қайтпады ғой, — деп жауап береді ол кісі.Тегі анам бір бет,
айтқанынан қайтпантын, мынау жақын, анау алыс демейтін
əділ, тура кісі болса керек. Олай дейтінім: басқаны былай
қойғанда өз туғандары — төркін жұртына кейде разы
болмай отыратын- ды.Бір жолы мен қысқы соғымның мүше-
мүшелерінен сыбаға алып нағашыларыма барып қайттым.
Нағашы əжем Сəлиманың сондағы жиен қоржынына салып
жіберген сəлем- сауқаты — жарты таба кепкен нан болып
шықты. Сонда қолы ашық шешем: «Мұны не деп жіберді
екен?» — деп ашуланып
4


есіктен шығарып сыртқа, итке лақтырған еді. Елде
коллективтендіру жүргізілгенде, көрші «Талпын» атты
колхозға, ал біз «Лия» колхозына ауысқанбыз. Менің
нағашы ағам Əбу Файзуллин сауаты ерте ашылған, есеп-
қисапқа жүйрік, əрі өте бір сүйкімді жігіт. Алдымда туған
ағам болмағандықтан ба, əйтеуір мен оны жақсы көретінмін.
Сол нағашы ағам біздің колхозға есепшілік қызметке келді
де, біздің үйде тұрды. Менде ес жоқ, əйтпегенде ше. Жақсы
көрген нағашы ағаңмен бір үйде тұрып, бір төсекте жатсаң,
туған ағасы жоқ балаға одан артық қуаныш бола ма!
Бірақ бұл қуанышым көпке бармады. Бір күні анам тамақ
үстінде өзінің інісіне: Жыл болса жаман, дүниенің бəрі
тарылып кетті. Оның үстіне менің де денсаулығым жоқ.
Жағдайың бола бермеуі мүмкін. Ағайынның алыстан
сыйласқаны жөн. Баска пəтəрге шыққаның дұрыс болар,-
деді.Əбу ала бөтен күтім тілер дейсің бе. Біз не ішсек, соны
ішер, осында- ақ болсын, — деген əкеме де, «Əбу ағамды
жібермеймін»,- деп жылаған мағанда көнген жоқ.
Анамның дүниеден өтер күні де көз алдымда. Ғалым-
синоптиктердің айтуына қарағанда, ол жыл күн белсенділігі
артқан жыл екен. Жазда жаңбырлы қара дауыл үй
шатырларын ұшырып, киіз үйлерді көкке көтеріпкетсе, қысы
бір зымыстан болған. Екі үйдің арасына бала түгіл, ересек
адамдардың өзі арқан байлап жүргендері есімде. Сол бір
ала құйын ақ түтек зымыстан қыстың адам айтса сенгісіз ақ
үлпек қар жауып басылған тып-тынық, жып- жылы, май
тоңғысыз бір күні болатын. Əкем төсекте жатқан
анамның басында отырған- ды. Кенет əлсіз дауыс шықты:
Екі қарғамды шақыршы.Терезе алдында тұрған мен
бұрынырақ жеттім. Анамның салдырап қалған қу
сүйек қолы менің басыма жақындай берді де түсіп кетті.
«Шы… бы… ным…» —
5


деп бір ашылып, екі жабылған шүберек ерні қимылсыз
қалды. Тарамыс қол неге түсіп кетті? Кезерген ерін неге
қимылсыз қалды? — Мен оны түсінбеген болсам керек.
Əйтеуір, əкем байғұстың əлде не деп күбірлеп, анамның
қолын түзеп жанына салып, кірпігін жапқанын ғана білем…
Біз сөйтіп жетім қалдық.Есмағи екеуміздің қолымыздан көп
нəрсе келе бермейтін секілді. От жағып, тамақ пісіру, кір-
қоңды жуу бəрі де енді əке мойнында.Əке жұмысы мұнымен
тынбайды. Неге екенін білмеймін, жетпіс- сексен
үйден құрылған осы «Лия» колхозында белсенділерді
қоспағанда бас көтерер, күрек ұстар жалғыз əкем ғана. Сол
себепті оған тапсырылар жұмыста көп. Таң атпай
тарсылдап терезе қағылады. Өктем дауыс естіледі.
Шəймерден, орталық малы кеше су ішпей қалыпты. Тез
киініп ойыққа айда. Колхоз малына кеше шөп
салынбапты.Ұлып тұр. Бір шана шөп апарып шаш.
Ауданнан келген өкілді көрші ауылға апарып салып кел.
Əкем сөз қайтармайды. Терезе қағылды дегенше киіне
бастайды. Қалай десең де бұл өтініш- жарлықтар қиян-
қилы бұйрықтардың ішіндегі қиналмай, көңілді жүріп
атқарылар түрі. Ал олардың жиі қайталанатын қиын,
суық түрі де бар:Шəймерден, пəлен үйде пəленшекең өліп
қалыпты. Алып шық. Шəкең өзіне серік болар жанның жоғын
жақсы біледі. Сол себепті: «Менен басқа кім барады?» —
деп сұрап жатпайды. Інім Есмағи екеумізге: «мынаны
ішіңдер,
мынаны
жендер»,

деп
қатқан-
құтқан
бірдемелерді көрсетеді де,қар баспаса қақпадан, қар басып
қалса, қора жапсарынан шығып, өлгендерді
жерлеп түннің бір уағында қайтады. Біз болсақ, суық үйде
зарығып əкемізді күтумен боламыз.
Сондай сұрқай күннің бірі. Түнімен жынды боран соқты.
Жел кеулеп азынап кеткен суық үйде ұйықтап та
жарытпадық қой деймін, əкем ерте тұрып от
6


жақты.Үй жылына бастағанда, біз тұрдық. Үлкен кісінің қос
алақанындай ғана кішкене терезенің көзіне тұрған қырауды
қос елі десең де болады. Көсеуді əуелі отқа саламыз. Қып-
қызыл болған кезде оны апарып əйнекке басамыз.
Күнгірт тартқан үй іші ашылайын деді. Қырауы еріп,
шынысы тазарған терезеге қараймын. Үй төбесімен жүріп
кеткен ақ күртікті бір кішкене саңылау бар. Сол саңылаудан
ең əуелі ақ пиманың басы көрінді. Сол пима олай- бұлай
тебініп жаңағы саңылауды кеңейтті де, солбаң етіп біреу
терезе алдындағы қуысқа түсті. Əйнекке тақылдап таяқ
соғылды. Шəймерден, далаға шық. Жанболат өліп қалыпты.
Жанболатты мен жақсы білем. Жауырыны күдірейген құныс
шал болатын.Суық түспей семьясы ішке кетіп, өзі бір үйде
жападан-
жалғыз
қалған-
ды.Қалай,
неге
бардым?
Жадымда жоқ, əйтеуір, мен əкеме еріп Жанболатты
жерлесуге бардым. Жынды боран бұл үйдің де төбесінен
жүріп кетіпті. Қақпаға тіпті жолап болмайды. Əкемнің үй
терезесін қиратуына тура келді. Қара моладай сұрқай
тартқан балшық үйдің төргі бөлмесінің төрінде
аударылған ұзын қораптай болып бірдеме жатыр. Сол
жақтан шыққан сасық иіс қолқаңды атады.
Байқасам аударылған қорап дегенім Жанболаттың өзі екен.
Осы күні көзім жетеді: қаптай болып ісіп, іркілдеп кеткеніне
қарағанда, өлгеніне ай өтпесе де апталар өткен.
Жүрексінер əкем жоқ, өлікті киімшең қалпында арқанмен
шандып байлап, терезеден тартып шығарды да, қол шанаға
салып сүйреп апарып жерледі.
Лия көліне қоныс тепкен осы ел қазірде де сол баяғы
жетпіс- сексен үй құралпы. Өзгеріс мəні санда емес,
басқада. Ат орынын тай басар дегендей, замана зырлап
өткен сайын əке орынын ұл, ұл орынын немере басып
жатқаны айқын. Сан өзгерісі ана мола жақта. Қоныс тепкен
елмен бірге қоныс тепкен ауыл зираты қанатын кеңге
7


салып, далиып жатыр бұл күнде. Ағаштан қиып, цементтен
құйып немесе қызыл кірпіштен қалап, əйтеуір
жұпыны болса да əр қилы ретпен басын қалқайтқан сол
зиратта кішігірім ауыл қотанындай алаң бар. Сол «алаңнан»
қырағы көз жер болып кеткен төмпелерді көре алады.
Басында түк белгі жоқ осы төмпелер — сол жылғы
қыста жалғыз жүріп əкем жерлеген ауыл адамдары.
Дені дұрыс адамдардан əкесін жақсы көрмейтін кім
табылмақ. Мен де əкенің аты əке деймін. Бірақ бұл күнде
қайраты қайтып, қолтоқпақтай ғана кішкене шал болып,
шөгіп қалған, шектен тыс адалдығы мен өтірік
айтпайтындығынан басқа түк өнері жоқ əкемді екі қасиеті
үшін артық бағалаймын. Біріншісі — еңбекқорлығы. Бейнет
атаулыны өз басына тілеп аларлығы. Екіншісі — артық
сөйлемейтіндігі, мақтан қумайтындағы.Артық
сөйлемейтіндігі демекші, елде менен кейінгі балаларының
қолында тұратын ақсақал қыста үнемі Алматыға, маған
келіп, қонақтап кетіп жүреді. Бұл кем дегенде соңғы отыз
жылдың ұрғасы. Осы жылдардың ішіңде ел
жайында, жер жайында, өзінің көрген, білген, естігендері
жайында əкем айтқан əңгімелердің ұшы- қиыры жоқ. Бірақ
бір ғажабы — бір айтқанын, өзім
сұрамасам, қайталап айтып көрген емес. Мен мұны анық
білем. Əрі зеректігіне қайран қаламын. Ал бейнетке
жақындығы қырық шақты адамды жападан- жалғыз өзі
жүріп жерлегендігін айтып та дəлелдеуіме болады ғой.
Əкемнің осы ісін мен елден шыққан ерлік деп бағалаймын.
Жолым түсіп ауылға бара қалсам, қасыма ергендердің бəрін
де сол зиратқа апарып əлгі «алаң» сырын баяндаймын.
Бірақ əкем оған басқаша қарайтын секілді. Үскірік қыста бір
өзі соншалықты адамды жалғыз жүріп жерлесе, онда тұрған
ерлік не деп түсіне ме, «ə, ол бір сондай кез еді ғой», —
дейді де қояды. Мен ырымшыл адам емеспін. Сөйтсе де
8


өзім ес білгеннен бергі жылдардың ішінде біздің семьяның
талай- талай кездейсоқ қатерлерге кезігіп, соның
бəрінен де аман өтіп келе жатқанын байқап, тəуба демекпін.
«Өзім үшін емес, өзгелер үшін», — деп тер төгетін адамды
алғыс, рахмет əманда жебеп жүруге тиісті ғой. Соған бірер
мысал келтіруді жөн көрем: …Ішке аттанған сапарымызда
(Солтүстік Қазақстан қазақтары өзіне іргелес
Омбы, Түмен, Қорған областарын осылай «Іш»- деп
атайды) жақынымыз ағайынды Нығаш пен Қауыштың үйіне
түнедік. Бұлар совхозда қызмет істейді екен. Паек алады.
Тұрмыстары жақсы. Ел жағдайын сырт естігені болмаса,
көзбен көрмеген. Аштық, кісі өлімі дегенді білмейді. Сондай
ақ көңіл, ақжарқын адамдар. Бізді жақсы қарсы алды.
Барын алдымызға қойды. Күтті. Ертеңіне ертемен: «Егер
ауыздарыңның салымы болса, бірдеме атып əкелермін» —
деп Нығаш мылтығын тазалады. — Ол кісінің ел ішінде үш
артық қасиеті ботатын: Бірі- жүзгіштігі. Біздің «Күздік» деген
көлді ортасынан жүзіп өткен. Екіншісі —құралайды көзден
атқан мергендігі. Оның үстіне Нығаштың жауырыны жерге
тимеген балуандығы тағы бар. Біз төсекте жатырмыз. Əуелі
əкем, одан кейін мен, сонан соң Есмағи, өгей шешем
Бейіс… Астымызда төрт қабат текемет… Ал Нығаш болса
əкемнің ар жағында орынбаспайда оқпанып бізге қаратып
мылтығын тазалап отыр. Інісі Қауыш бір кезде:
Əй, Нығаш, байқасаңшы. Мылтығыңды Шəймерденге қарай
кезей бересін, атылып кетіп жүрмесін, — деді.
Оғы болмаса, қалай атылады? Ал міне қара! — деп Нығаш
мылтығын əкеме қарай көтере беріп, шүріппесін басып
қалды. Мылтық гүрс етті…Жаңсақ оқталған құс мылтықтың
оғы əкемнің сол жақ қабырғасынан бір- ақ
елі төмен төрт қабат текеметті тесіп өтіп, жерге кіріпті…
Əкем аман қалды. Мен осы күні ойлаймын: мылтық аузы
бір- ақ елі жоғары көтерілсе… Бір үзім
9


нан үшін ағайынымызды іздеп ішке кетіп бара жатқан біздің
содан кейінгі халіміз не болар еді?!
Екінші мысал: кейін 1935- 1939 жылдар мұғдарында ауылға
қайта оралған соң біздің колхозда егін шықпады ма, əлде
басқа себеп бар ма, əйтеуір, көрші «Қоскөл» деген колхозға
əкемді көмекке жіберді. Көлік те, машина да
жоқ. Əкем төсек- орын, ыдыс- аяғын ит арбаға артты да,
үстіне Есмағи інімді отырғызып, біз жаяу, жиырма шақырым
жерге жол тартты. Аралықтағы «Балуан» колхозынан өткен
кезде бір ақ сары пұшық орысқа кездестік. Аты
жардай. Ойнақшып, ауыздығымен алысын тұрмайды.
Əкем шала орысшасымен айтып жатыр:
Əй, тамыр, біз «Қоскөл» барады. Мен арба таскайт қылады.
Старшый баранчук пен маржа сам ходит, серуана
шаршады. Младше баранчук телешке сидит, серуана
шаршады. День нехороши. Сондай жарко. Пить еткісі
келеді. Скорей приехать надо. Подвозить қылшы. Ақ сары
пұшық сөз айтпастан көне кетті: Ал онда тездетіп отыра
қалыңдар. Өгей шешем — Бейіс екеуміз арбаға отырдық.
Ал артқан жүгі бар, үстінде Есмағи отырған ит арбамызды
не істеу керек? Соны шешкенше болмады, ақ
сары пұшық, «ал кеттік!» — деп делбені қағып қалды. Ит
арбаны сүйреп келе жатқан қалпы əкем тарантасқа қарғып
мінді. Ойнақшып тұрған арғымақ делбе қаққан соң ала
жөнелген… Зырлап келеміз. Есмағи інім отырған арба
да зырлап келеді. Ақ сары пұшық аусар ма, кім білсін, онсыз
да ауыздығымен алысып құйғытып келе жатқан атты «ну,
собака!» — деп бишігімен үйіріп- үйіріп тартып жіберді. Ат
шаба жөнелді. Ит арба үстіндегі Есмағи қорқып жылай
бастады. Əй, тамыр, нехорошой так ехать. Лошадь плохо
будет, мой баранчуку плохо будет. Не гоняй лошадь так! —
деп жалынды оған əкем. Əке өтінішін тыңдаған
10


ол жоқ. Тісін ақсита қарқылдай күлді де, атқа тағы да қамшы
басты. Көрпе-жастық үстінде қолайсыздау отырған Есмағи
енді сыпырылып түсіп қалуға айналды. Сол кезде əкем өзі
ұстап отырған ит арба арысын қоя берді де тарантастан
қарғып түсті. Арысы жер сызған ит арба бұрыла тартты да
тез тоқтады. Ал əкем болса, үш домалап, оң иығын,
арқасын жерге жыртқызып тұрды. Ақ сары пұшықтың ақылы
осыдан кейін кіргендей. Ат басын тартып,
əкем мен Есмағиды енді тарантасқа отырғызды да, бізді
«Қоскөлдің» жол бойындағы дала қосына əкеп салды. Есер
атшыға рахметін айтқанымен,əкемнің он бес — жиырма күн
бойы ауырсынып жүргені күні бүгінгідей есімде. Əкемнің
осы бір еңбек сатпайтыны, бұлдануды білмейтіндігі,
елгезектігі себеп болса керек, сол бір ауыр қысты біз
жүдемей еткіздік. Қыс басында бар малын ортаға салып,
өзіне деп тоқты- торым бірдемелерін қымқырып
қалғандардың үйі тас- талқан тінтіліп, көже- қатық
дегендерінің бəрі сыпырып алынса, біздің үйге белсендінің
қайсысы болсын қол сұққан жоқ. Қол сұқпағаны былай
тұрсын, қайта ілтифат білдіріп қарайласып жүргендері
де болды. Осы орайда ауыл ішінде «Қаһар Жүсіп» атанып
кеткен өкілді еске аламын…Ең алдымен оның біздің ауылға
қалай келгені айна- қатесіз көз алдымда. Парат жегіп, бір
мылтық аз болғандай, екі иығына айқарып екі винтовка
асыныпкелді. Келді де шапқылап жүріп көшелерді аралады.
Жұртты біржолата ығыстырып алайын дегені ме,
тарсылдатып мылтық атты. Өкіл əсері сұмдық: сырттағылар
сыпырыла қашып үйге тығылып, үйдегілер «не сұмдық
болып қалды» деп сыпырыла босып далаға шықты. Сол
Қаһар Жүсіптің өзі əкеме бір пұт бидай берді. Бидай
болғанда да қандай, қып- қызыл… Тұқымдық бидай.
Тұқымдық бидайды алуға бола ма, болмай ма, онда біздің
шаруамыз жоқ. Өйткені ауыл ұғымында Қаһар Жүсіп кісі
11


өлтірем десе де өз еркінде. Бұл оқиға былай болған еді. Қай
жақтан екенін кім білсін, қыс ортасы ауған соң колхоз
қоймасына шана- шана тұқымдық бидай келіп түсіріле
бастады.Соншама көп бидайға қапшық дегенің қайдан
жетсін. Жұрттан алаша жиналады да екі бүктетіліп шеті
сырылады. Сөйтіп қанар жасалады. Қанар
қапты көтеріп қоймаға жеткізу оңай емес, сол себепті
тұқымды жұрт шелектеп тасиды. Бір күні осындай бір іс
үстінде Қаһар Жүсіп келді: Шелектегеннен не өнеді, қаптап
неге тасымайсыңдар?- деді ақырып. Бұл қап емес, алаша
ғой. Оны кім көтере алады дейсің, Жүсеке,- деп
Мəуияның кілтші Құрманы жорғалай жауап берді.
Қаһар Жүсіп менің əкеме қарады.Əй, Шəймерден, сені жұрт
мықты дейді ғой. Мына алашаны көтеріп албарға
жеткізші кəне, ақысына бір пұт бидай аласың. Əкем «рас
па?»- дегендей кішкене көзін күлімдете қарады. Бұл кезде
біздің үйде де қаптың түбі тақырланып қалған еді,
итермелеген сол жай ма,тайынар емес.Шын айтасың ба?
Неменеге бажырайдын? Жүсіп қашан екі сөйлеп еді?
Көтерсем, көтерейін. Тек демесін, иығыма салысып
жіберетін болсын. Əйтпесе құшағым жетпейді.
Қаһар Жүсіптің қабағын бағып тұрған жүкшілер алашаны
əкемнің арқасынақұлата бастады. Менің денем қалтырады.
Қанар қап басып қалып мерт бола ма деймін бе, жасқа
булығып үнсіз тұрмын. Дегенмен ақыры қуанышпен
тынды. Əуелі алаша, шынында да, əкемді басып қалған
секілденіп еді. Қол-аяғын, басын түгел жауып кеткен. Ендігі
сəтте қарасам, алаша қабым жан біткендей қоймаға қарай
сүйретіле қозғалып барады. Сол алаша қаптантəкемнің
қыбырлаған өкшесі ғана көрінеді. Əлі есімде, таразыға
салған Құрман кілтші: Он сегіз пұт, бес қадақ! — деп нəштей
сөйледі. Даусында ырзалық бар. Қанша қатал десем де
Қаһар Жүсіп сөзінде тұрды. Əкем екеуміз бір қап
12


алтын берсең де таптырмайтын бір пұт бидайды алып
қуана- қуана үйге келдік. Менің əкем шапаты келген кішкене
кісі. Сөйтсе де күш атасын танымайды дегендей жасында
сондай қайратты еді. Өз басым əкемнің күреске түскенін
көрген емеспін. Бірақ талай- талай жиын- тойдың туын
көтеріп, желегін ұстағанын, əрі жауырыны жерге тимегенін
ол кісінің өзі осы күнге дейін айтып отырады. Қазақ
күресінде ауыр салмақ, жеңіл салмақ деген ұғым жоқ.
Салмағы жүз килограмм тартатын түйе балуан мен алпыс-
жетпіс килограмм салмақтағы ашаң жігіттер белдесе береді.
Солардың бəрінде де бəйгені ауыр салмақты түйе балуан
ғана алатын еді десек…- қате. Аласасы мен
ашаңдарының да мерейі үстем шығып жатқан. Сол себепті
мен əкем сөзіне кəміл сенемін. Бір қызық жəй: кейін мен
қазақ университетінде оқып жүрген кезімде жазғы
бір демалыста ауылға бардым. Ол кезде жазғандарым
аздап болса да баспа бетін көріп жүретін- ді. Сол жəй
дəнекер болды ма, біздің үйге аудандық орман
шаруашылығының бастығы Ахметжан Нұртазин келді. Ол
өзі асықпай отырып, тілдің майын тамызып сөйлейтін, сөзге
ұста, алды кең, мінезге бай, көшелі кісі болатын. Халық
ақындарының стилінде өлең де жазатын. (Олары кейін С.
Мұқановтың алғы сөзімен кітап болып та шықты.) Сол кісі
шай үстінде айналаға көзін жүгіртіп:Сафуан, сен қызықсың.
Күшім жетпейді дейтін емес, аяқ- колы балғадай
міне жұтынып отырған інілерің бар. Төрт- бес бөлмелі ағаш
үй неге қиып алмайсың? — деді. Олай дейтіні — біздің үй
айналуға келмейтін бір- ақ бөлме болатын.Ауданның орман
қожасынан мынадай ұсынысты күтпесем керек. Ағашты
қайдан алам? — деппін.Ағашты ма? Ағашты тап мына
менен аласың.Осыдан кейін орман аралап бөрене таңдауға
кірістік. Бөрене дегенде бəрін табатын əкем. Осы жерде
туып, осы жерде өскендіктен бе, шоқ- шоқ болыпөсетін
13


орманның «Ана жерінде анадай бөренелік қайың, мына
жерінде мынадай бөренелік қайың бар», — деп дөп басып
айтады да, жаза баспай табады. Біз — мен жəне екі інім
Есмағи мен Еркебұлан пар өгізді жегеміз де
əке соңынан ереміз. Содан кейін бəріміз жабыла жығып,
бұтарлап тастаған жуан бһренелердің өлдім- талдым деп
төртеу- бесеуін арбаға артып, арып-ашып, құр сүлдерімізді
сүйретіп ауылға қайтамыз. Шаршайтынымыз сондай,
жатқан қалпымызда ертеңіне аяғымызды да жия алмай
қаламыз. Ондайда əкем бізді қинамайды, пар өгізін жегеді
де, орманға жалғыз кетеді. Содан кешке қарай кешегі біз
əкелген бөренелерден де жуан бөренелерді алып
келеді. Біз қайран қаламыз. Жалғыз жүріп қалай арттың
бөренелерді? — деп сұраймыз. Əке жауабы əрі келте, əрі
қызық: Ой, тəйірі, со да сөз болып па?!
Ол кісіге сөз болмаса да, бізге сөз, əрине. Өйткені біз үшеу-
төртеуміз жабылып мықшыңдап көтере алмай жатсақ,
көтере алмағандықтан арбаның доңғалағын алып, неше
түрлі айла- тəсіл қолданып жатсақ, ол кісі сырттай
қарап, жəй бақылаушы болып отырмайды. Жаңағы
əрекетіміздің бел шешіп жуан ортасында жүреді ғой. Жəне
аянып та жүрмейтін секілді. Шынымды айтсам, əкемнің «О,
тəйірі, со да сөз болыппасы», — маған күні бүгінге дейін
жұмбақ. Əкем кеуде көтеріп, артық сөйлеп көрген жан емес.
Мен ес білгелі былапыт сөз айтқанын да естіген жоқпын.
Біреуді кекеу, мысқылдау, əжуа ету де оған жат қылық.
Жұрттың бəрінен де өзін кіші санайды. Бірақ
жағымпазданып елбек қағу, жалған айту, алдау дегендерің
де табиғатында жоқ. Ондай достарына өзі де кұлай беріліп,
аузынан тастамай отырады. Сондай ұзақ жылғы созылған
қалтқысыз шынайы достық Сəбит Мұқанов екеуінің
арасында туған еді. Мен елге бара қалсам, не əкемнің өзі
Алматыға келе қалса, «немерелерім аман ба?» — деуден
14


бұрын «Сəбит аман ба?» — деп сұрар еді. Соған орай
Сəбең мұрқұмның да ол кісі десе, жаны қалмайтын. Елге
барса, бұрыс болса да, нөкерлерін шұбалтып «шалыма
сəлем бермей кетпеймін», — деп əдейі соғып өтетін. Ал
Шəкең қалаға келсе, бірінші болып келіп сəлем беретін де,
қара «Зиміне» отырғызып алып қала аралататын, тауға
қыдыртатын да Сəбең марқұм еді. Ондайда əкем үйге
көтеріліп келеді. «Мен кім? Жасым үлкен болса да,
қазақтың жаман қара шалымын. Ал Мықанов ел азаматы.
(«Мұқанов»- демейді. «Мықанов»- деп бұрып айтатын
өз дағдысы. Ал мен болсам, əке сөзіне түзету енгізіп көрген
емен.) Соған қарамастан уақытын бөліп мені анда
қыдыртып, мында қыдыртып жүргені — білімділігі, кісілігі,
кішіпейілділігі емес пе!» — дейтін. Кей- кейде маған
шұқшияқадалып, құдды мен бір басқа пиғылдағыдай- ақ:
Балам, қанша өсіп кеттім десең де, Мықановты сыйлап жүр,
— деп құлағыма құйып қоятын да кезі болған.
Шəкеңнің сол кəдімгі Мықановы үйінде болған бір жолы
əкеме өзінің құндыз бөркін сыйлады. Əй, шал, мынау бір
аса қымбат бөрік. Ана жылы қазақ əдебиетінің он
күндігін өткізейік деп түрікпендерге барған едік. Сонда бір
түрікпеннен басындағы қоқайма сеңсең бөркін сұрап алып
айналдырып көре бастағанымда, қасымда тұрған мына қу
балаң: «Сəбе, тым қызығып тұрған секілдісіз ғой, қызық бір
сауда болып қалсын, ана, басыңыздағы құндыз бөркіңізбен
айырбастай салыңыз. Мынау Сəбит Мұқановтың өзінің бөркі
деп кейін мақтанып жүретін болады», — дегенде
естімегенсіп едім. Түрікпенге қимаған сол бөрікті саған
сыйладым», — деп тарғыл даусымен көңілдене
айтты. Содан кейін əкемнің өз акцентіне салып. —
Мықановтың көзіндей көріп киіп жүр. Жаман айтпай жақсы
жоқ, алда- жалда олай- пұлай болып кетсең, ауылдағы бір
жаман шалдың қолына түсіп кетіп жүрмесін. Мына отырған
15


балаңа есиет ет, — деді.Мен Сəбең үйінен шыққан соң,
əкеме мұның аса бір қымбат жəдігер екенін түсіндіріп,
Сəбең сөзінің астарын аңғарттым. Əкем мақұлдаумен
болды. Жəдігер- реликвия. Бұл Европа халықтарында баға
жетпес асыл дүние. Жыл өтіп, көнерген сайын реликвия
құнының арта түсетіні, тіпті табынарлық киелі, қасиетті затқа
айналып кетерлігі соншалық, атадан балаға, баладан
немере, шөберелерге өтіп, қастерленіп сақтала бермек.
Орыстың ұлы жазушысы Тургеневтің досы, кезінде жер
дүниеге аты кеткен даңқты əнші Полино Виардо қайтыс
болғаннан кейін өзінің жеке басының заттары миллион
сомдық реликвия ретінде аукционға түскені тарихтан
белгілі. Тіпті келе- келе «мынау Виардоның тарағы еді»,
«мынау Внардоның айнасы еді»,- деп кəдімгі дүкендегі жəй
айна, тарақтарды сатып олжаға қарық болғандар да
толып жатыр. Жə болмаса, Потсдам музейіне келушілердің
ішінде кешегі Дүниежүзілік екінші соғыстың қорытындысына
арналған Потсдам конференциясында Сталин отырған
креслоның былғарысын тіліп алып, шегелерін суырып алып
АҚШ- қа апарып сатып, байып кеткендер де болғаны
баспасөз бетінде жарияланған. Мұның бəрі реликвияны
жұрт қастерлейтінін дəлелдейді. Жəдігерлік қазақта
да болған. Көзімдей көріп мініп жүргейсің деп сəйгүлік
мінгізіп, берен-барқын шапан жабатыны, көзімдей көріп
салып жүргейсің деп алтын, күміс сақина- жүзік сыйлайтыны
бұл қазақтың есте жоқ ескі күннен келе жатқан ежелгі
дəстүрі. Бірақ ат өледі. Шапан тозады. Ал сақина- жүзік
болса атаданбалаға мирас болып ауыспайды. Ауыса қалса,
одан кейінгі буынға жəдігер болып жетпейді. Бағаланады.
Бірақ жəдігерлік ретінде бағаланбайды. Алтын
болғандықтан, күміс болғандықтан ғана бағаланады.
Кезінде ақын Сара шолпы тақпады. Əйгерім сақина
салмады деп кім айтады? Жоқ қой сол
16


бұйымдар. Ақан сері, Біржан сал, Құрманғазы салған алтын
жүзіктер қайда? Бəрі де жоғалған. Жоқ, жоғалмаған. Біреу
болмаса біреудің қолында, біреу болмаса, біреудің сандығы
түбінде жатқан да болар. Бірақ енді олар жəдігер- реликвия
емес, көнеден келе жатқан асыл заттар ғана. Бары сол.
Қазақ қауымында жəдігерлік заттар бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа ауыспайды. Сəбең сыйлаған құндыз берік тағдыры
да дəп осылай болып кетті. Кейін жазушының мемориалдық
музей- үйі ашылған кезде баяғы Сəбен бөркі қайда екен деп
сұрау салсам, жоқ болып шықты. Інім Есмағидың ауылда
Зейнеш деген əдебиетші мұғалім қызы бар. Басқаны былай
қойғанда оқыған, көзі ашық сол баламның өзі бөрікті сөгіпті
де, пальтосына жаға жасап алыпты. Сондай өкінішті- ақ.
Тағы да сол Сəбеңе байланысты менің өз басымда болған
тап осындай тағы бір оқиғаны айта кетсек, артық болмайды
ғой деп ойлаймын. 1960 жылы Сəбең алпысқа келді.
Даңқты жазушының бұл мүшелді тойы апрель айынан түу
ноябрьге дейін созылған болатын. Арнайы жиыны
октябрьдің аяғында өткен- ді. Оған туысқан
республикалардан жиырма шақты қонақтар келген- ді.
Сəбеңді, Сəбеңнің соңынан ерген елу шақты дос-жар, іні-
қарындастарына жаңағы сырттан келген қонақтарын қосып,
қазақ өнерінің кəрі тарланы Кенен өз ауылына шақырған-
ды. Облыстық көлемдегі бұл қонақасыда Кенен ақсақал
өзінің Сəбит інісіне күмістеген ер- тұрман, əбзелімен қара
арғымақ мінгізіп, шапан жапқан болатын. Дəн разы Сəбең
берен шапанды киіп, күміс сапты қамшыны қолына ұстап
қара арғымақпен олай- бұлай ойқастап жүрген- ді.
Сол дүрмек той үстінде менің машинама отырып келген
Хамит Ерғалиев қолына қалай түсіргенін білмеймін жаңағы
Сəбең қамшысын алып келді де маған бирді.
Мə, машннаңның бір жеріне тыға тұр. Көрерсің, Сəбең қазір
іздейді қамшысын. Сонысын қызықтайық, — деді.
17


Айтқанындай шықты, Сəбең қамшысын іздеді. Өзінің
дағдылы тарғыл даусымен: «Əй, қамшымды қайсың
алдыңдар?» — деп көпке дейін сұрау салумен болды. Біз
Хамит екеуміз үлкен кісінің мына бала мінезін қызықтаумен
жүрдік. Сөйтіп қамшы менің машинамда кетті. «Əне апарып
берейін, міне апарып берейін» деп жүргенімде қыс түсті.
Біркүні жұмыстан келсем, алты жасар ұлым Саян ілулі
тұрған қамшының таспаларын тарқатып кесіп- кесіп
конькиін шандып байлап жатыр екен…Саяным бұл күнде
атақты хоккейші. Спорт шебері. Жеті дүркін СССР
чемпионы. Көгалдағы хоккейден СССР біріншілігін сегіз рет
жеңіп алған «Динамо» командасының капитаны. Баламның
осындай атақ- даңққа ие болуына мүмкін қасиетті Сəбеңнің
қамшысы тіген шығар?! Қалай ақталсам да, бұл да бір
өкінішті жай. Сөйтіп, 1932 жылдың замыстан қысын да аман
өткіздік- ау, əйтеуір. Ауыз аққа тиді. Оның үстіне тағы да
басқа бір жақтардан аппақ, қып- қызыл жүгері
тиелген арбалар ағылып келе бастады. Жүгері болса да ел
енді паек алатын болды. Арқа кеңиін деді.
Адамның адамдығы қиын кезде анықталады ғой. Ішінде
жатқан кісілік пе, иттік пе, басыңа ауыртпалық түскен шақта
көрінбек. Бала болсам да сол жылғы көктемде егіс басында
болған оғаш бір жай жадымнан күні бүгінге
дейін шығар емес. Халық ат қойғыш. Менің жақын ағам
Мырзахметті жұрт «хатшы бала» дейтін.
Өйткені ол он төрт жасында хатқа зеректігімен, іс басына
іліккенімен елге танылған. Тағы бір нағашы ағам Сейтахмет
үнемі шілмиіп жүретін арық «Кілегей» аталатын. Ал мына
бір көк көз, жалпақ бет жуан сарының лақабы
«Доңыз». Ол Бисараның Рамазаны деген кісі. Біреуге
жасаған қиянат, қастығы болды деп айта алмаймын. Бірақ
ағайын арасында бір бет, қатал, айтқанға көне бермейтін
кісі еді. Екі сөзінің бірінде «Əй, доңыз», — деп
18


сөйлейтін. «Доңыз» аталынуының себебі де осы.
Жұрт ертемен тұрады да, жұмысқа аттанады. Соның ішінде
менің əкем де бар. Ал қос басында осы Рамазанның əйелі
Айша екеуміз ғана қаламыз. Мен баламын. Ал Айша болса,
ас пісіреді. Жұрт оған мысқалдап өлшеп ботқалық
жүгерісін қалдырып кетеді. Кіші бесінде Айша от жағады.
Ошаққа көтерілген кішкене қазандар от үстінде
жапырлай бастайды. Мен де қарап отырмайымын. Шөпшек
теріп əкеліп Айшаға көмектескен боламын. Сөйтіп жүргенде
кеш түседі. Ұзақты күн бас білмейтін арық- тұрақ сиырмен
алысып, арып- ашып шаршап, жер жыртып келген жұрт
жүгері көжелеріне жапырласады. Ал Айша болса, өз
қазанын сонда ғана көтере бастайтын. Өйткені жұрт сенген
Айшаға өз əйелі болса да доңыз Рамазан сенбейтін. Жүгері
салған жəшіктің кілті оның өз қалтасында жүреді. Көженің
татымын байқаймын деп ожаудың сыртын
жалаған Айшаның талай- талай соққыға жығылғанын да
білемін. Сондағы Рамазанның: «Əй, доныз, менен бұрын
ауыз салып, əкетіп бара ма, тартқолыңды», — деген
күжілдек даусы күні бүгін менің құлағымда тұрғандай.
Бұл оқиғаны есіме алып отырған себебім — əкеме
байланысты. Кісі жамандауды білмейтін сол кісінің өзі:
«Рамазанның онысы — қараулығы. Жай
қараулығы емес, қас қараулығы. Жер аяғы кеңіген жоқ па?!
Енді жұрт жуа теріп жесе де өлмейді ғой», — дегенін талай
еститінмін. Соған орай сол доңыз Рамазанға жамағайын
Бостау шалдың ірілігін де таңдана əңгімелейтіні бар.
Кісі деп əне Бостауды айт, — дейді əкем тамашалап.
Өткен қыста көгітен көрінбеген соң халін білейінші деп əкем
сол үйге барыпты. Бостау төрде жатыр екен дейді. Кемпірі
жоқтан- бардан ботқа жасап шалының алдына қойғаны сол
болса керек, əкем сонда ауыз үйде тұрып мынадай
əңгіменің куəсі болған.
19


Шал: — Кемпір- ау, барыңды сен тағы да менің алдыма
əкеп қойдың ба? Кемпір: — Аяқ- қолыңды байқамаймысың?
Ісік бар, өліп қаласың. Сөзді қой да, жеп ал, байғұс.
Шал:- Өй, жазған- ай. Кеше де осыны айтып едің ғой, бірақ
тірімін ғой. Мен өлмеймін. Бүйте берсең, сен сорлы өліп
қаласың. Бүгінгі көжені сен іш. Сенің кезегің, — деп
болмаған. Өмірлік жолдасының жəйін ойлап кезегін берген
сол Бостау шалыңыз сол қысты кемпірімен елбесіп əйтеуір
аман өткізіп, көп кейін қартайып барып өз қазасымен
өлгенін мен жақсы білем. Əне, ерлік деп соны айт, — дейді
əкем.- Тіпті, ондай ерлік қолыңнан келмейді екен, төңірегіңе
қара. Көптің ауқымында бол. Жұрттан ала бөтен жырылып
шығу — ұятсыздық. Амал не, қарау адамдар ұялу дегенді
білмейді ғой. Құдайдан қорықпайды. Ұялатын, қорқатын
болса ондайлар қарау да болмас еді ғой бірақ.
Əкемнің осы сөзі менің əлі күнгі көкейімде. Жұрттан ұялу…
«құдайдан қорқу»..: — Адам бойындағы обырлық пен
қомағайлықты, ынсапсыздықты тежейтін қасиет болса керек
бұл екеуі. Есіме түседі… Мен ұйықтап қалсам керек,
сықырлап ашылған есік пен адам дауысынан оянып кеттім.
Түнделетіп келген — қазанның бір құлағын ұстап
жүретін ауыл белсенділерінің бірі екен. Шəймерден, ояусың
ба? Құдай берді, — деді əлгі кісі жайғасып болмай
жатып.Иə?..Албар күзетшісімен келісіп келіп отырмын.
Ертең түнде бір арба бидайды артып алып шық та, ағаш
арасына апарып тық. Құдай жазса, екеуміздің келер
көктемге дейін мұртымызды балта шаппайды.
Мұртымызды балта шаппайды дегенде,…- деп тоқталды
əкем. Əлдеұйқысын аша алмай отыр ма, əлде ойда жоқта
тап болайын деп тұрған олжадан бас тартқысы келгені ме,
əйтеуір жауабы ықылассыз, салғырт. Соны аңғарған ана
белсенді: Ау, саған не болған? Қабырғаңды бидай тіреп
тұрған жоқ еді ғой…- деп реніш білдірді.
20


Тірегенді айтасың, енді бір жұмадан кейін мына екі бала не
жейді? Соны ойласам, арқам мұздайды тіпті — деді əкем
ағынан жарылып. Бір жұмадан кейінгі мүшкіл халімді
ойлаймын ба, əйтеуір ұйқым шайдай ашылды. Бірақ
қозғалған жоқпын. Енді неге күмілжисің. Ағайын болған соң
сол жəйіңді ойлап келіп отырмын ғой. Басқаға баруды
білмеді дейсің бе?! Қайдам… біреу- міреу сезіп қалып
жүрсе…- деп күмілжіді əкем тағы да. Белсенді кейістік
білдірді. Ой, жоқтан қорқады екенсің. Сезсе не істейді?!
Ауылдағы милиция өзіміздің бала. Ұстап бермейді.
Шынымды айтсам, оған шет жағасын сездіртіп те келіп
отырмын. Мен білмеген болайын деді ол бала. Əкем даусы
енді орнығайын деді. Сотталып кетем деп қорқып
отырғаным жоқ. Пəленшекеңдер дардай басымен бидай
ұрлапты деген қаңқу сөзі жаман ғой. Одан да құрыған
жақсы. Аштан өлмеспіз. Бір жөні болар. Мені қинама.
Шының осы ма? Шыным осы. Жұрттан ұят,- деп əкем үзілді-
кесілді жауап берді. Біздің үйдің сықырлауық есігі қаттырақ
жабылды. (Қазанның бір құлағын ұстаған бұл белсенді кейін
шынында да колхоз құрылысын құрушылардың бірі болды.
Ауылда есепшілік қызмет атқарды. Ұзақ жыл дүкен ұстағаны
да бар. Сөзге ұста, жөн- жобаны білетін, сырттан біреу
келсе, сол кісі деп келетін ел адамы атанған кісі еді. 1955-
56 жылдардың бірінде дүние салды. Аруақты мазаламайын,
өзінен қалған нұсқалы балалары мен білікті немерелерінің
бетіне шіркеу түсірмейін деген ниетпен атауды жөн
көрмедім.) Бұл күнде қайраты қайтып, қолтоқпақтай ғана
кішкене шал болып шөгіп қалған, адалдығы мен тазалығы,
бейнетқорлығы мен өтірік айтпайтындығынан басқа түк
өнері жоқ, сексеннің төртеуіндегі менің əкем
міне осындай кісі. Осы көктемде біздің үйде семья
тағдырын жаңа арнаға салған үлкен
21


жаңалық туды. Біз Есмағи екеуміз шешелі болдық. Аты
Бейіс. Біздің үй осы кісінің қолына көшерде де əкемнің
естілігін байқаймын. Ол кісі онға жақындап қалған мені,
алты жастағы інім Есмағиды қасына отырғызды да:
Міне көрмейсің бе, үй болса азып барады. Маған колхоз
жұмысы да олқысоқпас. Ал үй ішіндік отын- су, тамақ пісіру,
кір- қоңдарыңды жуу секілді шаруаны, сендер қарсы
болмасаңдар, бір əйелге тапсырғым келеді,- деді.
Жəне ол кісінің қақ- соқта жұмысы жоқ, момын, ісіне
тыңғылықты, əрі біздерге дұрыс қарайтын, кеудемізден
итерін, кет əрі демейтін адам екенін ескертті.
Əкем бекер айтпапты. Сол жылғы көктемнен бастап отыз
жыл бойына бар-жоқты, ыстық- суықты əкеммен бірге
бөліскен, бізге ана орнына ана бола білген, əрі Еркебұлан
атты іні тауып берген Бейіс, шынында да, сондай адам
болып шықты.Біз тегі əке сөзіне қарсы болмасақ керек. Сол
күннің ертеңіне көрпе- жастық, шымылдық, алаша, текемет,
ыдыс- аяқ, самауырын секілді дүние артылған кішкене арба
кішкене үйіміздің алдына келіп тоқтады. Біз сөйтіп сордан
құтылдық. Үйімізге тазалық, тəртіп келді. Бөлме іші ақталып,
еден мен терезе шынылары жуылды. Əйнектерге қызыл
ала сисадан шілтертер ұсталды. Бұрын құрым жапқандай
қарауытып тұратын қара пеш енді ақ шаңқай түрге
түсті. Үй еңсесі көтеріліп, самаладай жарық болып жүре
берді. Ең бастысы Есмағи екеуміз көп айлар бойы
уысымыздан шығып кеткен, зарықтырған алақан
жылылығын сезіндік. Көйлегіміздің жағасы тазарды. Бейіс
көп сөйлемейтін, қойылған сұраққа «бар» немесе «жоқ» —
деп жауап беретін кісі. Бізді еркелететін еді, бетімізден
сүйетін еді деп те айта алмаймын. Сырт көзге
салқын да сабырлы. Бірақ жылылығы ішінде, жүрегінің
тереңінде болатын. Бала жүрегі ол жылылықты əу баста- ақ
аңғарған- ды. Бір ересек бала мені жығып салып, асығымды
22


тартып алды. Бет- аузым қан-қан, жылап үйге келдім.
Сондағы өгей шешемнің жағдайын көрсең. Мені жетектеп
алды да, жаңағы баланың үйіне барды. Тентектің құлағын
бұрап, шапалақпен тартып- тартып жіберді.
Жетім деп, жақтаушысы жоқ деп басынбақсыңдар ма?!
Басындырмаймын. Бұдан былай əлімжеттік жасасаң тура
сирағыңды қырқамын, — деді. Содан кейін үйге келе жатып:
«Ондай сойқанға жолағаныңның соңы осы болсын.
Жылағаныңды көрмейін мен енді»,- деп маған ұрысты.
Өгей шешем қанша ұрысса да көңіліме алған жоқпын. Бала
жүрегі тамыршы секілді. Жек көріп ұрсу бар, жақсы көріп
ұрсу бар.- Бірден айырады. Мен де солай. Кектенбеген,
ренжімеген себебім, өгей болса да, Бейістң үлкен
жүрегін, маған деген махаббатын, жан ашырлығын сезіндім.
Бейіс құдды өз анам секілді. Өз анам болып, жаны ашып
ұрсып келе жатқандай болып кетті.
Маған ана болған сол отыз жылдың ішінде өмірдің не
тауқыметін тартпадық. Не қиындықты бастан кешірмедік.
Қандай бір қиямет кезеңде де Бейіс бізгедеген жаңағы бір
ішкі жылылығынан айнып көрген емес. Арып- ашып,
таусылған, мойып жасыған күнін де көрмедім.
Жаратылысында сондай нəзік, ашаң болса да,
ауыртпалықтын бəрін əкеммен бірдей жүріп көтеріскен еді.
Балапанына жемді құсып берер көгершіндей таршылық
кезеңде өз сыбағасын аузынан жырып бізге бергенін ұмыта
алармын ба сірə да. Əлі есімде: сол жылы жаз ортасында
біздің үй ішке көшті. Түменде біздің ағайындар бар.
Соларды сағалап кеткен болсақ керек. Пəлен жерде бақыр
бар. Барсаң бақыр түгіл, сапты аяқ та жоқ дегендей,
ағайынсырап барған біздің онда да қарық болғанымыз
шамалы. Бірақ бір жақсысы, əйтеуір, жұмыс табылды. Əкем
мен шешем, тағы бір елдес ағайындар қалың орман
23


ішінен күрке қалқайтып, құрылыстық қарағай кесті. Ақысына
не алатындарын білмеймін, əйтеуір, екі ай бойы қара
көжеден басқа түк көргеніміз жоқ. Нан дегенің түсімізге де
енбеген. Августің аяғында ол жақта қара бидай орылады.
Қара бидайы орылып алынған сондай егістіктен масақ теріп
Бейістің нан пісіргені бар. Екі айдан бері нан сағынған
Есмағи екеуміз төңіректеп от басынан шыкпаймыз. Таба
жаппайдағы нан иісі бұрқырап біздің сілекейімізді
шұбыртады. Біз шайға бас қойдық. Бейіс буын бұрқыратып
үстіңгі табаны көтерді де, қып- қызыл болып күреңіте піскен
бір таба нанды қолына алып қақ бөлді. Сөйтті де бір жарты
таба нанды: «Ертеден қара кешке көретінің бейнет, үздігіп
кетерсің, жеп ал!» — деп əкем алдына тастайды. Ал қалған
жартысын тағы да қақ бөліп: «Нан бетін ұмытқандарыңа екі
ай болды ғой, мə жеңдер», — деп Есмағи екеуміздің
алдымызға қойды. Есімді біліп қалған мен: «Өзіңе қайда?»
дедім. Мен тағы да барып масақ терем. Тағы да нан пісірем.
Сонда жеймін,- деді менің өгей шешем. Осыдан кейін
қалайша оны өгей шеше демексің? Тумаған деп аузың
барып қалайша айта алмақсың?! Ашаршылықта жеген
құйқаның дəмі аузыңнан кетпейді дегендей, бұл ұлы
оқиғаны — əйел ұлылығын, ана ұлылығын қайтіп
ұмыта алмақсың?! Өгей бала мен өгей ана арасын
жалғастырған осы оқиға ма, əлде күнделікті күйкі тірліктің
қарым- қатынасындағы жадыңда қала бермейтін ұлы
жүректің сен деп соққан лүпілі, аялы алақанның жылуы ма,
мен əйтеуір тумаса да туғандай болған анамды таптым.
1962 жылы Бейіс дүние салғанға дейін сол балалық
махаббатымнан айнып көрген жоқпын. Мен кейін
университетте оқып жүрген кезімде елді сағынатын едім.
Сондай сағыныш тұңғиығына тереңірек бойлап: «Ал нені
сағынасың, ал кімдісағынасың?» — деп көңіл көзіне ой
24


жүгіртсем, балалық шағым өткен сары белдерді, шоқ- шоқ
болып өсетін қайыңды орман мен тана көз мөлдір
көлдерді, өңі салқын болса да алақаны жылы өгей шешем
— Бейісті сағынатын едім. Оқу бітірген соң семья құрып,
Қарағандыда қызмет істеген кезімде де, кейін «Болашаққа
жол» романын жазып бітірген соң Алматыға ауысқанымда
да шешемді жиі- жиі шақырып алып жүрдім. Үнемі қасы мен
қабағына қарайтынмын. Жаным əмəнда сол кісінің үстінде.
«Көңілінен шықпай, бабын таппай қалған жоқсың ба?» —
деп жұбайым Бағдатқа шұқшиған кездерім де бар.
Шешемнің табиғатында өкпешіл адам емес
екенін, неге болса да төзгіштігін, көнтерлілігін бес
саусағымдай білемін. Неге болсын ақыл көзімен қарайтын
сабырлы Бағдатымнын ибалы, қызметшіл келіні ретінде
енесін шашаусыз күтетініне де көзім жетеді. Біле тұра, көзім
жете тұра ойлаған жерінен шықпай қалдық па деген күдік
баурайтын да, бəйек болатынмын. Бəлкім, мен
тумағандығымды осы мазасыздығыммен аңғартып алар ма
екенмін?! Туған анаң туралы дəп осылай шыр- пыр болып
жатпауың да мүмкін ғой. Бейіс онымды ұната бермейді.
Шырағым, бəрі де бар. Күтімім де жақсы. Алаң болмай
жұмысыңды істе,- дейтін. Өстіп жүргенде шешемніц ауылға
қайтар уағы болады. Бейіс жауабы келте: Ауылдағы
қарғаларды сағындым. Еркебұлан ол кезде жаңа ғана
үйленген- ді. Балалы- шағалы бола қоймаған кезі.
Шешемнің «ауылдағы қарғалар» деп отырғаны өзінен
тумаған Есмағидың балалары. Мен бұл сөздің құр көлгірсу
емес екенін түсінемін. Жас кезінде, қайратының бар, дер
шағында мүмкін жетім біздерді алаламағанда, енді өз қолы
өз аузына жеткен ересек балаларының қолына қараған
кезінде немерелерін қайдан алаласын. Есмағидың тұңғыш
қызы Зейнеш пен одан кейінгісі Зейнеп туа осы кісінің
25


бауырында. Сағынатын жөні сол. Сөйтіп, шешеміздің
ауылға аттанар кезі болады. Келіні Бағдат Бейіске айтпай
көйлек- көншек секілді əлде бір сыйлықтар дайындайды
оған. Айтпайтыны — шешеміз біліп қалса, өлердей
қарсылық білдіреді. Шығынданып қайтерсіңдер. Ауысқан
бірдемелерің болса, ана қарғаларыңа жұмсаңдар,- дер еді.
1960 жыл февралінің бас кезінде ауылдан хабар келді:
«Шешең əл үстінде. Қайтсең де жет!» Мен барып самолетке
билет алдым да, бір түнді Қызылжарда өткізіп келер күнгі
бесінде ауылға келдім. Үйге кіріп келсем, толы жан екен.
Төргі бөлмеде оң кабырғада темір кереует болатын. Сонда
беті орамалмен жабулы бір кісі жатыр. Оның Бейіс екенін
мен бірденаңғардым. Қам көңіл жұрттың күбірлей
сөйлегеніне, шешем бетіндегі орамалға қарап мен əуелі ол
кісіні жүріп кеткен екен ғой деп шошынып қалып едім,
«балаң келді ғой», — деп дүр ете түскен жұрт шуылы əсер
етті ме, төсекте жатқан кісінің салдырап қалған қу сүйек
қолы қимылдап бетіндегі шүберекті сырғытты. Жоқ, тірі
екен. Таянып келіп үңіле бердім. Əуелі көргенім
өңменіңнен өтер шарадай үлкен көз. Əуелі естігенім, баяғы
жан тəсілімін қыларда анам айтқан таныс сөз:
«шыбыным…». Содан кейін тың сөз «…келдің бе?!»
Шешемнің көзі жұмылып кетті. Байқасам, нұрға,
жылылыққа, мейірге толы жүрегінің терең түкпірінен жарып
шыққан көз жасы əжім айғыздаған бетіне мөлдір жол салып
домалап бара жатыр екен. Бұл бейнет пен қасіретке толы
осынау бір жиырма тоғыз жылдың ішінде өгей шешемнің
жылағанын тұңғыш көруім еді. Осыдан кейін тіл қатпады.
Жұмған көзін де ашқан жоқ. Сұлық бір күйде қозғалыссыз
жатты да қойды. Жаңа ғана көзі ілініп еді, шаршап қалар,
қасында тұра берме. Былай шық, мына жұртпен амандас.
Бейіс дем алсын,- деді əкем. Ауру жəйін сұрастырсам,
осыдан үш- төрт күн бұрын қан құсқан. Содан кейін
26


əлсіреп қалыпты. Бір кереметі ертеңіне талайдан бері
төсекте қимылсыз жатқан шешем басын көтерді. Белін мата
белбеумен қатты буып, ертеңгі шайға келіп отырды.
«Қалайсың?» — дегендерге: «Бүгін жақсымын»,- деп жауап
берді. Мен аудан орталығынан дəрігер шақырттым. Ол
Бейістің көптен бері көкірек ауруымен ауыратынын, екі
өкпесінің де сау еместігін айтты. Ал егер Алматыға алып
кетсем қайтеді? Дəрігерлер бірден құптады.
Жеткізе алсаң, тамаша болады. Өйткені бұл кісі өмірі дəрі
ішпеген, дəріге еті үйренбеген адам. Тез сауығады.
Мен сөйтіп тəуекел дедім де шешемді Алматыға алып
жүретін болдым. Басында өзі де келісімін беріп еді. Мен
облыс орталығы — Қызылжардан санитарлық самолет
шақыртып қойған кезде, əлде біреу азғырды ма, ол кісі
«Алматыңа бармай- ақ қойсам қайтеді?» — дегенді айтты.
Мен бұл дүдамалдықтың негізін бірден түсіндім де:
Балаңның қуаты жетеді, Бейіс, далада қалып қоям деп
қорықпа. Жаман айтпай жақсы жоқ, егерде олай- бұлай
болып кетсең, сүйегінді осы араға алып келем, — дедім
төтесінен. Байқасам, күдік үстінен дөп түсіппін. Шешем
бірден көнді. Сөйтіп, мен Бейісті Алматыға алып келдім.
(Шешем біздің үйге ес біліп, есейіп қалған кезімізде
келгендіктен бе, мен де, Есмағи да ол кісінің атын
атайтынбыз.)Жолда əуелі Қызылжарға дейін самолетті
көтере алмай қиналғанымен, кейін Алматыға дейін поездың
ауасы тарлығынан мазасы кеткенімен, аман- есен
үйге жетіп, февральдің орта кезінде өгей шешемді
республикалық туберкулез институтына орналастырдым.
Мен əлдеқашан ашылған Американы қайта ашам деп арам
тер болмай- ақ қояйын. Бірақ қайталап айтса көптік етпес
бір шындық: адам өзі өскен ортасымен мықты. Суда
жүйткіген балықты сыртқа шығарып тастасаң,
27


пұшайман. Аспанда қалықтаған қыранды қанатын қырқып
жерге жіберсең, пұшайман. Адам да солай.Бейіс дəрі
ішпеген болса, аурухана бетін де көрмеген жан ғой. Біз
Бағдат екеуміз соны ескеріп, шешеміз ішқұса болмасын деп
күніне бір рет, кей күндері екі рет барып, қасында ұзақ
отырып кетіп жүрдік Бейісті Алматыға алып келгенімнің
бірден- бір дұрыс жол екеніне екі жарым
айдан кейін көзім анық жетті. 1961 жылдың май қарсаңында
егер ауылдан біреу болмаса, біреу келіп шешемді көрсе,
танымай қалуы да мүмкін еді. Осы уақыттың ішінде ол
аппақ манардай болып толығып, сауығып кетті. Қүні- түні
буындыратын жөтел де жоқ. Апталаса қара судан басқа нəр
татпайтын шешеміз əкелген тамағыңды сыпыра соғатын
болды. Емші дəрігерлерінің де, өзінің де, біздің де
көкірегімізді қуаныш кернеді. Емші дəрігер айтады:
Мамаңның беті бері қарады. Бірақ сауығып кеткен жоқ
əлі. Туберкулез — айлап, жылдап жатып емделуді тілейтін
науқас. Бұл кісі əлі де екі- үш ай осында болады. Содан
кейін бес- алты айға мына қала іргесіндегі «Каменское
плато» санаториіне жібереміз. Сонда емделеді.
Біз Бағдат екеуміз дəрігер сөзін қуана қарсы аламыз.
Шешемізге жеткенше асығамыз. Бірақ Бейіс қуана
бермейтін секілді.Иə, дəрігер маған да айтқан- ды,- дейді де
қояды.Осы кезде ол кісінің көңіл күйінен басқа бір өзгерісті
байқағандаймын. Мен бара қалсам, шешемнің үнемі
терезеге қарап, əлдеқайда алысқа көз тігіп
отыратынын көремін. Мені көріп далаға қуана шыққанымен,
əңгімеміз жалғаспайды. Үзіліп қала береді. Мен сол тұста
Бейістің менің сезіме құлақ қоя бермейтінін, көңілі
басқада отыратынын аңғарамын. Осы бір ала көңілділіктің
аяғына көктемнің құлпыра көктеп, өрік ағашы аппақ гүлге
оранған тамаша бір күні (сол кезде институттың көк
шалғыны құлпырған саялы кең ауласында өрік ағашы да
28


көп болатын) нүкте қойылды: шешем сол аулада
орынбаспайда отырғанымызда маған оқыс бұрылды да:
Балам, саған енді өлсем аруағым разы. Мен жазылдым ғой.
Ана қарғаларды сағындым. Ауылға қайтаршы! — деді.Амал
жоқ, Бейіс ауылға аттанды. Кетерде емдеуші дəрігері:
Салқын тиіп қалмасын, ауыр жұмыс істемеңіз. бойыңды
күтіңіз. Сіз əлі түгелдей айығып болған жоқсыз,- деп
ескертті. Ауылға барған соң ауыр жұмыс істемеу, бой куту
қайда. Өмір бақи еңбекпен, бейнетпен көзі ашылған адам
қарап отыра алар ма?! Екі жаз, бір жарым қысты араға
салып 1962 жылдың январінде елу тоғызға қараған
шағында менің өгей шешем дүниеден өтті.
Тағы да: «Шешең əл үстінде, тез жет!» — деген шұғыл
хабар келді. Мен тағы да шұғыл қамданып араға бір күн
салып бесін кезінде ауылыма келдім. Келсем, əкем
бастаған ауыл адамдары шешемді жерлеп келіп отыр екен.
Неге маған қаратпадыңдар? — болса керек алғашқы сөзім.
Қашан келеріңді білмедік. Бүгін күн жұма. Мəйітті ертеңге
қалдыруға болмады. Ендеше хабарды неге кеш бердіңдер?
Мен ауыл арасында жүрген адам емеспін ғой.
Мен, сөйтіп, өгей десең де туған анамдай болып кеткен
үлкен жүректі қадірлі, қасиетті жан иесіне топырақ сала
алмай қалдым. Мен Алматыға қайтып келем. Жол бойы
жегідей жеген ой: Бұл кісі мен ұшқан ұяға отыз жыл қазық
болды. Бақты, қақты. Шаршасам жебеді. Сүрінсем
демеді. Бойындағы бар қызу- қайратын менің жолыма
бағыштады. Ең қызық кезін, жастық шағын маған арнады.
Өссе екен, адам болса екен деп армандады. Ал мен өстім.
Ал мен адам болдым. Ал сонда менің жолымда
бар ғұмырын сарып еткен осы кісіге мен не жақсылық
көрсеттім? Не қызметім өтті? Рас, шеше қызметі сатулы
емес. Түбінде қайтарып алармын
29


деп қарызға берген жоқ ол өмірін. Білем мен оны. Бірақ
тумаса да туғандай болған ана алдындағы, қызметі өткен
аяулы жан иесі алдындағы парыз-қарызың қайда? Халық
ұғымында ананың ақ сүті анаңды үш мəрте жаяу арқалап
Мекеге апарсаң ғана өтеледі деген бар. Ал тумаған ана ақ
сүтін бермесе де туған анаңдай болып еңбек етсе, бағып,
қағып сені қияға қондырса, ондай адамның еңбегі Меккеге
тоғыз рет арқалап апарсаң да өтелмеуі мүмкін ғой.
Өтелмейтін себебі, жаңағы еңбектің сатулы еместігінде.
Менің жасым ұлғайып, араға жылдар түсіп, Бейіс менен
алыстаған сайын өгей шеше ұлылығы айқындала түскендей
болады. Əлі есімде мен Қарағандыда тұрған кезімде Бейісті
сол калаға алып келдім. Алып келер алдында аудан
орталығы Пресновкадан паспорт алу, ал паспорт
алу үшін ол кісінің суретке түсуі керек болды. Паспорттық
суретке түсу үшін тағы бір шарт бар екен: еркек болсын,
əйел болсын суретке жалаң бас түсугетиісті екен. Мен
Бейіске осы шартты түсіндірдім. Жаулығын алуды өтіндім.
Ательеде фотограф, үшеуміз- ақ болсақ та шешем
жаулығын алғысы келмеді. Үгіттеуге тура келді. Ұялатындай
қайын ата, қайын аға дегендердің жоқтығы айтылды.
Шешем жаулығын шешті. Дайын тұрған аппарат сырт етті.
Осы бір қабақ қағыста шешемнің қара терге шомылып жүре
бергенін байқадым. Бұл не? Баласынан, əлде қайдағы бір
фотографтан ұялып, қысылғаны ма сонда? Жоқ, менен де,
одан да емес, өзінің арынан ұялғаны. Адамшылығынан,
кісілігінен қысылғаны. «Бұл ұят болады», — дегеннің ар
жағында ұяты барға қаншама тежеу, шектеулер жатыр. Егер
екі- үш ай бойы нан дəмін ұмытқан біздерге Бейіс аузынан
жырып өз үлесін беріп жатса, өгей шеше мейірімін ар
билемеді деп кім айта алады?! Əу баста екі баламен қалған
менің əкем мен күйеуі өліп, бір баламен қалған менің өгей
шешем уағада байласқанда екеу ара:
30


Менің екі қарғам бар, сыртқа теппейсің. Əрине, сыртқа
теппеймін. Сол қарғаларды өз балаңдай көресің.
Алаламайсың! Əрине, алаламаймын,- деген секілді анттасу
диалогі болуы ықтимал ғой. Ал сондай анттасу диалогі
болды десек, сол ант жолы менің өгей шешемнің
келешектегі іс- харакетін, мінез- құлқын, бізге деген пейілін
анықтап бермеді деп те айта алмайсың ғой. Өз өмірін ар
мен адамшылық белдеуіне байлаған мұндай адамдар біреу
үшін тау қопару керек деп түсінсе, қопарады. Ары, ұяты
үшін отқа да түседі, суға да түседі. Ал өзіне қатер төнген
шақта біреуден жəрдем күтіп жаутаңдамайды. Қызметім өтіп
еді ғой деп салық салмайды. Өлім таянғанға дейін
шешемнің маған телеграмма бергізбегенін мен осылай
түсінемін. Менің өгей шешем — ардың құлы.
Адамшылықтың, кісіліктің құрбаны. Ал осы құрбандыққа мен
немен жауап беруім керек. — Шынымды айтсам, бұл
сауалға күні бүгін де жауап таппай қиналамын. Жалғыз- ақ
сол 1962 жылдың аяқ кезінде жазылғаи өгей шеше
жайындағы «Мезгіл» хикаясы сол сұраққа жауап тапсам ба
деген ізденістен туған туынды екенін айтқым келеді.
31


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет