Осыны айтып болған соң хабарды жүргізуші жігіттер әңгіме тақырыбын басқа қызықты мәселелерге қарай ауыстырды. Раушан аң-таң күйде отырып қалған. Күнде үйде, жанында жүрген адамнын мына қылығы қалай? Өзі білмей, елдің білгені тағы да қызық! Бұл Раушанға қатты батты. Бұл іске кімді кінәларын да білмеген еді ол. «Егер Айдынбек бұл мәселені осы кезге дейін білген болса, неге маған айтпаған?» деген де ой туды Раушанға, — оның мені тоққа соққызып өлтіргісі келмейтін шығар-ау. Сәуленің қолын қанша рет ұстадым. Қаншама рет ол жатқан бөлмеге кірдім. Соның бірінде де Сәуленің ондай қабілеттерін байқаған жоқ едім ғой. Әлгі хабардың аты: «Әлемдегі ең қызық...» деп аталған соң хабарды жүргізушілер қызықты етіп, көрермендерді өздеріне тарту мақсатында қоспалап жіберген де болар». Осыны ойлап Раушан орнынан ширақтүрегеп кеткен. Байызтабаалмай, бөлме ішінде айналшықтап ұзақ жүрді. Одан соң ойына бір керемет идея түсе қалғандай тез-тез басып. Сәуленің жатын бөлмесіне келген. Оның барлық заттары ұқыппен жиналған, орын-орнында тұр. Өзгерген ештеме де жоқ. Дегенмен де жаңағы жаңалықтан кейін Раушан Сәуледен шындап-ақ қоркайын деді. Сәуленіңтөсегіне жақындап келгенімен оны қолымен ұстауға батпады. Ұстаса, ток солқ еткізіп, өзін құлатып түсірердейсескенді. Жалпы, бойында жоғары жиілікті электр тогы бар балықтар жөнінде өзі де аз білмейді. Олардың талайын стереотеледидардан нешеме рет қызықтаған. Айдынбек те су асты сапарынан оралған сайын онда көрген қызықтарын түн мезгілдерінде ертегідей етіп айтып, екеуі сонда барғандай әсер алу үшін үйдегі океанариум мен аквариумдағы су асты тіршілік иелерін қызықтайтын. Сонда кейде оларға онша зер салмай да қоятын. Дегенмен де аквариум әлемі Раушанды бейжай қалдырған емес, бұл ғажайып дүниеде. Балық балығымен, ал адам-пенденің бойында мұншалықты көптоқболады деп ол ешқашан да ойламапты. Енді ондай хабарды өз құлағымен естіді. Теледидардан айтылды деген сөз, күллі ел білді деген сөз. Енді болса да, өзіне сұраққоюшылар саны да күрт көбеймек. Сондай жанама сұрақтардан сақтану үшін Раушан дереу бейнетелефон нөмірін өзгерте қойды. Мұндайда ешкім де бейнетелефон қоңырауын соға алмайды. Ал ондай қосымша нөмірді Айдынбек те, Сәуле де біледі.
Раушан не істерін білмей, екі алақанын иегіне шалқалата сүйеп, біраз үнсіз отырды. Қыздың жатын бөлмесінен жаңа ғана шықса да, ол жаққа жиі-жиі қарай берген. Енді стереотеледидардың басқа хабарларын көруге де зауқы болмай қалған. Содан бір кезде біреу түрткендей кенеттен орнына ширақ түрегеп, келесі бөлмеге өтіп, одан лоджаға шықты. Қаланыңтіршілігіне қараған. Сол замат жүрегі тыз ете түскендей болды. Қараса, баяу басып үйге қарай Сәуле келеді. Ойында ештеме де жоқ. Ештемені көрмегендей, ол үшін ештеме болмағандай. Өзі де Сәулеге сондай бір көріністі жасауға тырысты. Ештеме естіген жоқ, ештеме болған емес. Түйін — осы. Өзі де дәл солай болды. Қоңырау бір ғана рет сынғыр етті де, есік құлпының өздері ғана білетін коды теріліп, Сәуле ішке кіріп келді. Раушан оған қарап қабақ шытқан жоқ, керісінше, өзін-өзі көнілдендіріп:
Бүгін күн қандай тамаша! Қалада не жаңалықтарбарекен? Не заттар алдың үйге? — деп оған жасанды жымия қарады.
Ешқандай да жаңалықжоқ,—ол суық жүзін бұрып әкетті. — Керекті нәрсеніңбәрін де алдым! Көшеде адамдар көп. Соған қарамастан жол шетіндегі жасыл шөптерді біраз жалаңаяқ басып жүрдім. Денем жеңілдеп, сондай жақсы болып қалдым.
Жасыл шөпті жалаңаяқ басқаның калай? - деп Раушан таң болды.
Кейде бір мезгіл болса да жасыл шөпті жалаңаяқ басып жүрмесем, басым ауырады, - деді Сәулетөмен қарап тұрып.
Табаныңнан сыз өтіп ауырып қалып жүрме, сіңілім-ау.
Жоқ, Раушан әпке, қайта жеңілдеп қаламын. Басымның ауырғаны да қояды.
Иә, адам баласы алғашқы даму кезеңінде тек жалаңаяқ жүрдіғой.
Солай шығар. Мен өзім жалаңаяқжүргенді қатты үнатамын.
Сонда сен қандай жасыл шөпті басып жүрсің? — деді Раушан енді сәл алға қарай еңкейіп, Сәуленің аяғына көз тастап.
Жаяулар жүретін енсіз жолдың шетіндегі.
Е, тротуар ма? Оның шетіндегі жасыл шөпті басуға болмайды, Сәуле, есіңде болсын бүдан кейін. Ол жол жиегіне сән үшін өсірілген жасыл шөптер.
Сән үшін?
Иә.
Ал маған салқын саз керек!
Оныңды кім түсініп жатыр, сіңілім-ау?! Көшеден әрі-бері өтіп жатқандардың бәрі де қадала қараған болар-ау саған?
Қараса қарай берсін, онда менің жұмысым жоқ. Қара саз менің денсаулығыма қажет.
Салқындау үшін ғой?
Жоқ, Раушан әпке...
Сәуле күмілжіп, төмен қарап тұрып қалды. Осы кезде Раушан «Жарайды, енді бұдан әрі қазбалай бермейін» деген- дей Сәуленің қолындағы заттар салынған сөмкені алды да, асханға қарай кетті. Ал Сәуле жуынып-шайынатын бөлмеге еніп, бет-әлпетін, аяқ-қолдарын жуды. Содан қайта шыққан кезде Сәуле бөлме ішінде байыз таба алмай әрі бір, бері бір жүрген Раушанды көрді. Сәуле оның қандай да бір жаңалықты естігенін сезе қойды. Бірақ стереотеледидар экранынан хабар жүргізушілердің нендей жаңалық айтқанын дәл біле алған жоқ. Тек біраздан сон Раушан стереотеледидарды қосқанда, өзі ішінен сезіктенгендей елеңететүсті. Соның артынша да Раушан «Ал, өз құлағыңмен тында» дегендей Сәулеге бір қарады да, оның әлгі хабарды қажет санағанда қайталап көрсететін жүйені қосатын түймені басты. Сол замат жаңадан хабарлағандай манағы жігіт жаңалықтарын сарнап айта жөнелді. Раушанның айта алмағанын ол дауыстап, мәнерлеп түсіндірді.
Сәуле экранға қараған бойда не дерін білмей бір орында тұрып қалған. Не десін?! Естігі тұрған өз құлағына өзі сенбейді. Бар құпиясы жария болыпты. Раушан болса да Сәулеге қайта-қайта көз салады. Көз салған сайын Сәуле тығыларға жер таппайды. Бар болғаны төмен қарап тұр. Раушан хабар жүргізуші жігіттер сөзін аяқтаған бойда стереотеледидарды сөндірді де, кейін шегініп келіп, жұмсақ диванғаотыра кетті. Сәуле өз кінәсін мойындауға дайындалғандай оған жақын келді.
Раушан әпке, бұл хабарды кімдер дайындаған? - деді жай ғана содан соң.
Өздері де айтқан жоқ па?
Айтты. Тек оны оларға кімдер жеткізді екен дегенім ғой.
Көргендердін біреуі хабарлаған болар.
Ал өзіңіз бұл жөнінде білмейсіз бе?
Бірінші рет естіп тұрмын.
Бұл бір ынғайсыз жағдай болған екен, - деді Сәуле төмен қарап.
Ыңғайсыз дейтін ештеме де жоқ, — деді Раушан қыз көңілін жабырқатпайын деп. Білгеніме шүкіршілік етемін.
Айдынбек аға не дер екен, бұл тележаңалыққа?!
Оны енді кешке жұмыстан келгенде көрерміз.
Бөлме ішіндебір сәткетыныштық орнаған. Екеуі де енді стереотеледидардан беріліп жатқан хабарларға назарларын аударған. Бірақ ойлары шартарапта. Сәуле біраз құпияның ашылғанына ыңғайсызданып, бұл үйден біржолата кетіп қалуды да ойлай бастаған. Раушан болса да енді Сәулеге алғашқыдай қарамайды, оған сескене қарайды. Ол енді «Бірде болмаса да бірде тоққа түсіп қалып жүрем бе» деп те ойлайды. Сөйтіп отырғанда біршама уақыт та өте шыққан. Раушан сағатқа қарады. Оның цифрлары он екіге жақындап та қалыпты. Раушан орнынан жеңіл көтеріліп асханаға өтті. Ондағы автомат жүйелерге әдеттегіше тапсырыс берді. Айдынбек ұнатып, тәбетпен ішеді-ау деген тағамдарды таңдаған.
Ал бұл кезде қатты ұялған Сәуле өзінің жатын бөлмесіне өтіп, төсегіне етбеттей жатып қалған. Асханадан шыққан Раушан да өзінің жатын бөлмесіндегі төсегіне құлады. Екеуі екі бөлмеде, екі төсекте. Бұдан бұрын екеуі бір-бірінедәл бұлай томсырайған емес-ті. Шүйіркелесеәңгімелесіп, әрдемені айтып, кейде күліп те қоятын. Кітап оқитын, стереотеледидардан қызықты-қызықты, ғылыми мәні бар хабарлар көретін. Ендігі жатыстары мынау екі жерде. Төсекте жатса да, екеуінің де ойлары шартарапта. Ендігі әңгімені тек қана Айдынбек жалғастырмақ. Раушан осының алдында ғана бұл әңгімені кешке қозғамақ болған. Ал түскі аста көп сөйлемей, өйтіп- бүйтіп өткізбек-ті. Бірақ ойлай-ойлай келе шыдамы да таусыла бастаған. Енді ол Айдынбектің есік мандайшасының оң тұсындағы қоңырауды іске қосатын кішкенетүймені басуын күтті. Мұндайда уақыттыңда жылжымай тұрып алғандай болатыны бар. Күте-күте сол бойда жатып, көзі ілініп те кетіпті. Бір кезде сыңғыр ете қалған есік қоңырауынан селт етіп, басын көтеріп, одан соң жаймен төсектен тұрды. Ширақ жүріп келіп, есіктің арғы жағындағы адамның тұла бойын түрлі түсті етіп көрсететін шағын экранға да қарамастан есіктің кодты кілтін іске қосып, оны ашып та жіберді. Айдынбектің өзі.
Иә, қалай демалып жатырсыңдар? - деді ол көңілді кейіпте.
Жақсы. Бәрі жақсы. Өзің қалай, жұмысың қалай?
Менде де бәрі жақсы. Тек сенің реңің неге пәс бүгін? Тыныштық па әйтеуір? Дауысың да қарлығыңқы. Ауырып тұрғаннан саумысың?
Жоқ, Айдынбек, ештемені уайым етпе. Бәрі дұрыс, — деді Раушан мәң-жайды жасыруға тырысып, — төсекке кішкене жатып едім, содан шамалы уақытқа көзім ілініп кетіпті. Содан көзім сәл ісініп, дауысым қарлығыңқырап қалыпты. Басқа ештеме де емес!
Айдынбек әңгімені осымен доғарып, аяқ киімін шешіп, төргі бөлмеге өтті. Ондағы айнаға қарап киімін түзеді де, жатын бөлмесіне кірді. Оның ішін әдеттегісінше көзімен баяу шолып қойды. Ондағы мақсаты Раушанның не себепті көңілсізденіп қалғанын зерттеу еді. Сөйтіп ол шынымен-ақ көрегендік жасады. Өзі жоқта Раушанның стереотеледидардан берілген жаңалықтарды көргенін және оны арнайы таспаға жазып алғанын білді. Оған көз жеткізу үшін стереотеледидарды іске қосты. Хабар үшінші рет қайталанды. Мән-жай айтпай-ак түсінікті болды. Айдынбек стереотеледидарды сөндіріп, орнынан ширақ тұрып, Раушанға бармақ болып бұрыла бергенде, Сәуленін қалай жанына келіп қалғанын байқамады. Айдынбек оған қадала қарап тұрып қалған. Қапелімде оған не айтарын да білмеген. Қыз да Айдынбектің жүзінен жүзін тайдырар емес. Бұл екеуінің бұл өмірде бір-біріне алғаш ретдәл осылай бетпе-бетұзаққарағаны шығар. Содан бір кезде Айдынбек оған:
Не жаңалықтар болып жатыр, Сәуле? - деді.
Ешқандай да жаңалық болып жатқан жоқ, үйдеміз, - деді қыз.
Бүгін сыртқа шықтың ба?
Иә, аға, шықтым.
Көшеде, жалпы қалада не жаңалықтар бар екен?
Ештеме.
Айдынбек басын жай ғана изеп, кейін бұрылды. Раушан жатын бөлмеге келген. Ол бұған қарауға ұялғандай тіке қарап алған. Ғалым мән-жайды жақсы түсінді. Тек ештеме демеді. Бәрі белгілі болған соң несіне артық сөз қозғасын. Раушан өзі айтып жеткізе алмағанын стереотеледидардыңқайталап жеткізіп бергеніне қуанған, реңі де шат. Осылайша үй ішін біршама уақытқа тыныштық басқанды. Айдынбек те, Раушан да, Сәуле де үнсіз. Мына жағдайдан кейін Айдынбек келесі су асты сапары жөнінде әңгіме қозғауға да батар емес. Оның әрбір сапары өзінен гөрі Раушанға ауыр. Бұл о бастан түсінікті нәрсе. Сонда да оны жасырып қала алмайды. Бұл - ғылым. Баланың ойыны емес.
Айдынбекті ендігі ойландырған басты нәрсе — Раушанның Сәулемен бірге оңаша қалатыны. Сәуленің құбылмалы мінезі, қылығы мен сыры әлі толығымен ашылып үлгерген жоқ. Сол себепті одан әлі де көптеген құпия істерді күтуге әбден болады. Жаңағы білген нәрселерінің өзі де Раушанға оңай соққан жоқ-ты. Мына жатысының мәнісі де сонда. Өзі жоқ кезде мұнда қандай көріністердің орын алатыны да белгілі сияқты. Айдынбек қанша мықты ғалым болса да өзініңде, өзгенің де тағдырын шеше алмайды.
Айдынбек енді сәлден соң Раушан жатқан төсектің жанына отыра кетіп, оның мөлдір қара шашынан сипады. Өзінің қателігін мойындап, алғаш рет кешірім сұрағанының тілсіз белгісі еді бұл. Раушан да онысын іштей сезіп жатыр. Бұл түста кімнің неге кінәлі екенін айыру да қиын еді. Дегенмен ер адам болған соң кешірімді бірінші сұрауға тиістілігін сезінгендей сөзді өзі бастады.
Раушан, - деді ол жай ғана оның жанына шалқалай жата кетіп, — маған ренжіп жатқан жоқсың ба?
Жоқ-а, - деді Раушан ерінің жан дүниесін тереңнен түсініп.
Ендеше не болды саған? Түскі асың қайда?
Бәрідайын...
Мен... тағы да су асты сапарына аттанатын болып жатырмын, - деді енді Айдынбек тәуекелге бел байлап, Раушанға тіке қарап.
Раушан сол замат басын төсектен көтеріп алды. Жаңағы жаңалық дегені жай нәрсе екен. Ұйқысы да шайдай ашылып кеткен. Айдынбектен көзін алар емес. Бұл не істерін білмей отырып қалған. Сол кезде асхана жақтан:
Айдынбек аға, Раушан әпке, асханаға келіңіздер, тамақ даиын, - деген Сәуленің жіңішке үні естілді.
Екеуі бір-біріне қарап қойды. Сәуленің жаңағы әңгімелерін естіп қойғанын да сезді. Ал мұндай жаңалық Сәуле үшін қызықты жаңалық. Мұхит тереңі - оның екінші өмірі. Өзі де осындай жаңалықты Айдынбектен күтіп жүргеніне көп уақыт болған. Енді бүгін оның болар күні де жеткендей. Ал Раушан үшін мұндай жаналықтан ауыр жаңалық жоқ бұл жалғанда.
Сен енді бармаймын су асты сапарына деп едің ғой? Мұның не? - деді Раушан орнынан тұруға ыңғай беріп.
Бармаймындегенмін. Бірақғалымдарменіңтағыдабасшылық жасауымды қалап отыр. Қалайша бас тартамын?
Бас тартуға себеп аз ба еді? Сен жоқта Сәуле екеуміз қалай күн кешпекпіз?
Оны мендеойлапотырмын, Раушан. Ғалымдардабілмей жүрген жоқ.
Раушан үнсіз. Осы кезде асхана жақтан Сәуленің шақырған үні тағы естілді. Енді отыра берудің де, әңгімені одан әрі көбейте берудің де жөні жоқ еді. Айдынбек пен Раушан асханадағы кеңдастарханға келді. Бірақ екеуідежаңағыәңгімені тіс жарып айтпады. Сәуле оны естіген екен. Оның жүзі әдеттегідей емес, бал-бұл жайнаған. Тек ол Раушанмен бірге үйде қалатынын әзіргебілмейтін еді. Білген бетте оның көңіл-күйі күрт түспек. Қалай дегенде де Сәуле өзін Айдынбекпен бірге су асты сапарына жібермейтінің жақсы білді. Үйде қалатыны анық.
Айдынбек ас үстінде әңгімені қысқа қайырып, жұмысына асықты. Олардың мақсаттары түсінікті еді. Мұхит тереңіндегі баяғы бір аумақты тағы бір барламақ. Тағы басқадай тәжірибелер жасамақ. Ол аумақжөнінде Айдынбек Сәуледен талай рет сұрағанымен одан мардымды жауап ала алмаған. Енді ғалымдармен бірге барып, сол аумақты тағы бір өз көзімен көріп кайтпақ. Сәуле ешқандай да қарсылык білдірген жоқ. Ерлі-зайыптылар не шешсе, соған көніп, өз әрекетімен күнін кеше бермек. Бірақ қыздың көкейінде қандай да бір жұмбақ жоспардың бары анық еді. Айдынбек ендігі әңгімені кешке қалдырып, өзі жұмысқа кетті. Сәуле өз бөлмесіне енген. Раушан да автомат асхананы іске қосатын түймені басып, кен бөлмеге өткен.
Жоқ іздеушілер
Айдынбек үлкен дөңгелек иллюминатордыңалдында ұзақ тұрды. Қараңғыболсада кеменін шамдарынан көрінген мұхит тереңінің көріністері өзін ерекше баурап алғандай. Су астына бірінші рет түсіп тұрмағандықтан, тәжірибесі мол болғандықтан, әдеттегіше бұл құрамның басшысы әрі басты ақылшысы. Құрам мүшелерінін бәрі де бір өзінен ақыл-кеңес сұрайды, бір өзіне қарайды. Бірақ, солай бола тұрса да ғалымның өзіндік ойы, өзіндік үлкен арманы бар. Өзі осыдан біраз уақыт бұрын осы аймақтан Сәулені тапты. Оны елге апарды. Тілүйретті. Бүгіндеол өзініңотбасыныңбірмүшесіндей болыпта кеткен. Сырттағылар не десе, ол десін. Айдынбек үшін Сәуле ерекше жаралған қыз. Өзінің қызға деген махаббаты да оянған. Ерекше ыстықсезім. Өміріндеболып көрмегенсезім. Раушанды да дәл осылай құлай сүймеген. Бірақ отбасы болған соң, осыншамажылдар бойы отасқан соң қалай қисын?! Сәуле жас қыз. Тұрмысқа әлі шықпаған. Пәк сезімі де былғанбаған жан. Айдынбек бұл жағын есіне алғанда өзін одан аулақ ұстауға, суық ұстауға тырысады. Бірақ сезім деген құдірет күшті екен. Арада біршама уақыт өтсе де, сол сезім өзін мазаламай қалар емес.
Енді, міне, қазірде үйден алыстап, су тереңінетүскен кезде де Раушан емес, көз алдына тек сол Сәуле ғана келеді де тұрады. Үйде жүргенде ол қыздың қадірі де оншалықты болмаған екен. Енді уақыт өткен сайын оған деген сағынышы күн санап артып барады. Кей кездерде ол Раушанның орнына Сәулені айтып қалады. Артынша сапарластарынан ыңғайсызданғандай сыңай танытады. Түндегі түсінде де Раушан емес, Сәулені көрген. Енді, міне, мына қараңғылаутұңғиықсутереңінен сол Сәуле өзіне қадала қарап тұрған сияқтанады. Өзін енді ол қыздан бұл жарық дүниеде ешқайда жасыра алмайтынын да сезе бастады ол. Қайтіп жасырсын ол бәрін де тез сезеді, тез біледі. Ойлаған ойын да, айтайын деген сөзін де алдын ала біле қояды. Айдынбектің оған разы болуының бір ұшы да сонда жатыр.
Ендігі тұрысы мынау. Бұл тұрысынан кемедегі бір де бір адам мұны сол Сәулені ойлап, сол Сәулені көз алдына елестетіп тұр деп әсте ойламайды. Бәрі де Раушанды, оның отбасын ғана біледі, соны ғана айтады қашан да. Ал Айдынбектің тұла бойын толқытқан, іштей қайғы-қасіретке тоғытқан перзентсіздігін екінің бірі сезіп, екінің бірі тереңдеп бойлай бермейді. Сол қасіретінің салдарынан балалы-шағалы болып кеткен көптеген достарынан айрылды. Олармен араласа алмайтын күйге де жетті. Меймандық дегеннен де қашқалақтап, ақыр соңы қаңыраған көп бөлмелі үйде тек екеуі ғана қалған. Оған Сәуле ғана келігі қосылды сырттан. Оған үйленудің реті тағы жоқ. Ол — бөтен қыз. Тек бөтен емес-ау, бөтен ғаламшардың қызы. Оның үстіне оның қасиеттері мен қабілеттеріде Жер адамдарына жат. Бір жағынан адамдарды ондай қабілеттерімен тәнті де еткен. Тек оның тікмінезділігі өз елінің де, бұл қаладағы жігіттердің де көңілдерін қалдырған. Енді Сәулеге ешбір жігіт жақындай алмайды. Оған сезіміне сай адам ғана жақындай алмақ. Ол - өзі ғана. Сәуленің жас жүрегі де тек Айдынбек деп қана соғатындай. Қыз өзін бір көргенде ұнатқан. Онда да өзінің құпия кемесінде жүрген кезінде. Әйтпесе, сол кезде кемелеріне қарай сәулесін жіберер ме еді? Шын сезім, шын махаббатдеген осылай болса керек. Мұндай сезімніңадам баласыныңжан дүниесіне қаншалықты тереңәсерберегінін де ғалым енді ғана толық түсінгендей. Тек сол құдіретті сезімін ішінде ғана сақтап, сыртқа сыр шашпай келеді.
Осындай тәтті бір сезім, тамаша ой Айдынбектің иллюминатор алдында ұзақ уақыт үнсіз тұрып қалғанын да сездірмегендей. Ал басқалар үшін бұл шын мәнінде іш пысарлықтай ұзақ көрінген. Манадан күтіп тұрған Жебеуші енді Айдынбекке қарай батыл қадам басып жүрді. Ол мұндай сапарда бір емес, бірнеше рет бірге болғандықтан да Айдынбектің ішкі дүниесін де оқып алғандай күй кешеді. Ол енді жақын келген бетте.
Күрделі құралдарымыз қандай да бір бөтен кеменің бар екенін тіркеді. Бізден онша алыста емес те сияқты. Өзі әрі өткендегі бөтен кемеге де ұқсайтын сияқты ма? Барлық қимыл-әрекетінен соған тән ерекшелікте анықбайқалады, - деді.
Бұл бір жақсы жаңалық екен. Гидробайланысшылар қайда?
Байланыс әрекеті тынымсыз жасалып жатыр. Ғалымдар болса да қарбалас үстінде.
Жақсы, бақылауларын, қадағалауларын мұқият жалғастыра берсін. Қазір мен де сол бөлімге барамын.
Жебеуші әскери адамша басын кілт төмен шұлғып, тез бұрылып, келесі бөлімге өтіп кетті. Айдынбек жарықсәулесі жеткен жерден арғы жағы қара перделерді тұтып тастағандай қаранғыланған су асты әлеміне тағы бір рет жақсылап қарады да, Жебеуші кеткен бөлімге қарай бұрылды. Алдындағы автомат есік сыр етіп ашылған бетте арғы жағынан қарбаласжүріп жатқан іс-әрекеттер айқын көрінді. Әркім әр жерде, мұхиттереңінен бөтен дыбыс ұстайтын түрлі күрделі жүйелердің алдында. Өзінше бір зауыт немесе фабриканың цехы тәрізді. Ол құралдардың ызың қаққан дыбысы да адам әрекетінің күрделілігін таныта түскендей. Ғалымдардың бәрі де ашық аспан түсті ашық көк желең. Айдынбектің үстінде де сондай желең. Ол енді асыға басып кірген бойда бергі шеттегі байланысшы жігітке жақындады. Қабылданып жатқан дабылдардың дыбысын қажет кезде күшейтуге мүмкіндік беретін арнайы құралдар да тұратын онда. Ғалымдар оны да қосып қойған. Айдынбек жақындағанда әркім жаңалығын сол күшейткіш арқылы естіртеді. Жаңағы жігіт те Айдынбекке қарап алып. «Міне, тындап көріңіз» дегендей алдындағы панельден бір түймені нұқып қалды.
Сол-ақ екен, бөлменің ішін ғажайып бір әуен жайлап жөнелді. Қобыз немесе сыбызғының дыбысы сияқты. Таныс әуен, танысдыбыс. Іштегілердіңбәрі деөзді-өзді құралдарының жанында тұрып, ұйып тындап қалған. Айдынбек үшін мұндай әуен тіпті де бөлек. Ғалымдар мұндай ғажайып әуен- дыбысты тек осы мұхит тереңінде ғана естіп жүрсе, Айдынбек үйінде Сәуленің өзінен талай рет естіген. Сол тұрғыдан келгенде, бұл әуен Айдынбекке үйреншікті болып та кеткендей еді. Айдынбек әуенді шамалы тындады да Батырхан есімді жігітке «Жеткілікті» деген белгі берді. Әуен кілтжайлап қалды. Осыдан кейін ғалым Жебеушіге жақындаған. Ол кішкенеғана экраны бар құралға қарай бұрылды. Айдынбек оған көз салғанда экран бетінде бір ақ нүкте зымырап жылжып кетіп бара жатты. Осы заматөзге ғалымдарда Айдынбек пен Жебеушінің төңірегіне жиналып, әлгі жылжығыш ақнүктеге үңілген.
Бәрі түсінікті, — деді сол кезде Айдынбек басын жоғары қарай көтеріп, кеудесін тік ұстап, - бұлар Сәулені іздеп жүргендер. Жақсылап суретке, бейнефильмгетүсіріп алуымыз керек. Ал мүмкіндігі болса, олармен байланыс ұстауға тырысып көрелік.
Ол қалайша жүзеге аспақ? — деді сол кезде Жебеуші, — олар біздің тілімізді, дабылымызды түсінбейді емес пе?
Ол түсінікті нәрсе. Дегенмен де мен біраз уақыт Сәулемен біргетұрдымғой. Олардыңтілінен шамалы болсадахабарым бар. Сондықтан да жатпай-тұрмай олармен қалай деген- де де бір байланыс ұстап қалуға тырысуымыз керек, достар. Бар құпияны ашатын да мезгіл жетті емес пе? Мен өз басым олардың Сәулені қандай себеппен бөлек қалдырып кеткенін білмейтін. Сәуле де ол жөнінде маған ештеме айтқан емес тіс жарып. Бұл қызды олардан адасып қалды дегенге өз басым сене қоймаймын. Олар қызды әдейі адастырып кеткен. Бұл бөлек мәселе.
Бұл пікіріңіз шындыққа саяды, - деді сол кезде жас ғалым Елтай Думанұлы. - Мен сізді толық қолдаймын, аға. Байланыс ұстауға әрекет жасайық, қажет кезде сіздін Сәуледен үйренген санаулы әуенді сөздеріңізді де қолданармыз. Мұхит тереңіне осыншама бойлағанымыз да осыны анықтау емес пе еді?
Жастар батыл, жастар өстеді, — деп Жебеуші сәл жымиып алды.
Елтайдыкі жөн, - деп Айдынбек те оны қостаған.
Соның артынша әлгі бөтен кемеден дабыл беріле бастады.
Ол дабылдар күшейткіштер аркылы арнайы бейне-дыбыс таспаларына жазылып жатты. Енді іште алғашқыдан да қарбалас істер басталып кеткен. Бір жағынан әуен, бір жағынан дыбыс келіп жатыр. Осыдан сәл-ақ бұрын мұхит тереңі тіршіліксізденіп те кеткендей көрінген-ді. Енді бар ғажайып тіршілік жер бетінде емес, тап осы мұхит астында өтіп жатқандай болып та көрінді. Кемедегілер де көптен күткен осы сәтті бекер-бос жібермеуге тырысып бақты. Алыстан көзге ілінбей, тек экраннан көрінген кеме енді шынымен-ақ жақындап қалған. Сырт пішіні ғалымдарға о бастан жақсы белгілі. Тап дельфиннің өзіне ұқсайды. Жүзуі жылдам. Егер қажет болып жатса, олар қас қағым сәтте көзден ғайып болмақ. Бірақ олардың ойында ондай мақсаттың жоқекені анық аңғарылып тұрды. Өздеріне бөтен саналатын «Жайынның» баяу қозғалысына қарап, сол жылдамдыққа сай жүзіп келеді.
Айдынбек кемені экран арқылы да, басқа құралдармен де жақсылап бір бақылап алды. Бөтен кеме уақытсанап жақындай түскен. Енді қорғану да қажет еді. Жебеуші де қарбаласта. Ғалымдар өздерінін жұмыс жасайтын пульттеріне барған. Байланысшы жігітгер келіп жеткен дабыл мен бейнекөріністерді арнайы құралдар арқылы таспаларға мұқият жазып отыр. Енді біраздан соң дабыл өз алдына, кеменің өзіне де қатер төнетіндей. Бір кезде осыдан сәл ғана уақыт бұрын Айдынбек су асты әлеміне қадала ұзақ қараған үлкен дөңгелек иллюминатор бар кең фойе-бөлме жақтан қатты бір дыбыс естілді. Ғалымдар тездетіп сол бөлімге қарай лап қойды. Бұлар бөлмеге жеткен сәтте иллюминатор жақтан жарқ еткен сәуле көзге түсіп, естерін жиғанша қайтадан жоқ болды. Сәуле алғаш кемеге сәуле ғана болып енгенде тап осыған ұқсаған құбылыс орын алған еді. Енді мыналар да сондай бір әдісті қайталаған сияқты. Кемені де олар дәл танығандай-ау. «Бұлар шамасы, Сәулені әдейі тастап кеткен, иә болмаса, жоғалтып алған сапарластары болар» дегі бір ойлап қойды Айдынбек. Бірақ ол ойын сыртқа шығармады. Оны ертелеу санаған. Дегенмен, енді бөтен кемеден де, әлгі жарқылдан да қорғанатын сәт текелген еді.
- Достар, - деді Айдынбек сәл толқып, - ана бөтен кеменің бағыты мен мақсаты суық тәрізді. Сақтанайық. Сәулені бізден көріп жүрмесін.
- Бұлар өзі де сол қызды іздеп жүр, - деді Жебеуші.
- Дәл айтасыз.
- Турасолай.
- Сақтануымыз керек! Кеменің қаруларын атуға дайындау керек! - деп қалғандар да өз пікірлерін қосты.
- Әңгіменің қысқасы мынау, - деді Айдынбек бір қолайсыз жайдың боларын іштей сезгендей, - барлық қорғаныс жүйелерін іске қосыңыздар! Өздеріңіздің жеке қаруларыңызды дайындауды да ұмытпаңыздар.
- Кеме бізге жақындап қалды! - деді сол кезде оны мұкият бақылапотырғандарыңбірі,-сақ болайық!
- Бұлар, бәлкім, Сәуленің біздің елде екенін білетін болар, деп қойды Жебеуші ғалымдарды көзімен шолып өтіп.
- Бұл ойыныз да дұрыс! - Айдынбек он қолын тапаншасы бар қынапқа апарды. - Ал, достар, шешуші сәт те таяды.
Бөтен кеме «Жайынмен» қатарласа жүзе бастады. Сол кезде кемені басқарып отырған жігітгер оған жылдамдық қосты. Бірақ қанша жылдамдық қосса да мына әлемдей кең мұхит тереңінде кеме бір орнынан жылжымай тұрып алғандай да болды.
Ал бөтен кеменің козғалысына көз ілеспейді-ау. Жылт- жылт еткен оттары біресе оның сол жағынан, енді бірде оң жағынан жанады. Іштегілер ол оттардың қандай белгі екенін де ажыратып үлгере алмайды. Тіпті, ең жылдам деген күрделі жүйелердің өздері де оларды түсіріп алып үлгеретін емес. Бірақ ғалымдар еш сасқан жоқ. Кеме жылдам жүзген сайын оның теңселісі де күшейген. Айдынбек басшы болғандықтан мұндай сәтте батылдықтың үлгісін көрсетуге де тиісті еді. Солай жасады да. Ал Айдынбекке қарап қалғандар да сыр бермеуге тырысқан. Бірақ қырсыққанда құбылыс пен қатер күрделене түсті. Кеме қандай да бір кұдіретті күштің әсерінен өз осінде шыр айнала бастады. Әркім әр нәрседен ұстап, ұстай алмағандары еденмен, бүкіл кемемен бірге айналып жатты. Қапе- лімде болған мұндай құбылысқа дәл қазір ешкім де баға бермек емес. Айдынбек те қолы іліккен темірден екі қолымен мықтылап қармап ұстап, екі көзін тарсжұмып алып, айналудың саябырсуын күтумен болды. «Ғарыштағы кеменің кенеттен өз осінде шыр айналғанынан да жаман болды-ау бұл» деп те ойланып үлгере алмады Айдынбек. Кеме іші осылайша астаң-кестең күйге көшкен.
Енді ғалымдарға ана бөтен кемедегілердің қандай ойларының, нендей мақсаттарының барын білу де қазір қиын еді. Оны анықтамақтүгілі, әркім өзінің жанымен қайғы болып та кеткен. Кейбіреулерінің жүректері айнып, құсыптажатыр. Енді бірі әлі де ештемеден қармай алмай, кемемен бірге шыр айналып, әрдемеге бір соқтығысуда. Айдынбектің өз жағдайы да мәз емес. Өзі ұстап үлгерген есік тұтқасынан айрылмайды. Ал мына айналын-төңкерілгендей болған дүние уақыт өткен сайын жағдайын қиындатып бара жатқандай. Ара-тұра кейбіреулері бірдемеге соқтығысып ащы дауыс та шығарып қалады. Ешкім ешкімге көмекбере аларемес. Тек кемені басқару- шы жігіттер ғана белдерін арнайы белдікпен буынып алғандықтан мықты отыр. Олар мына күтпеген қатерлі құбылыс кезінде өздеріне төнген қауіптен гөрі ғалымдардың жайын көбірекойлайды. Шамалары келгеншеоларкеменітұрақтандыруға тырысып-ақ жатыр-ау.
Иллюминатор жақтан құйылған жарық сәулелері енді кеменің бүкіл бөлмелерін жайлап кеткендей де болады. Тек олсәулелер біркелкі түсіп тұрған жоқ. Ол жарық сәулелер кеме шыр айналған сайын жылт-жылт етеді. Ондай сәтте кеме ішіндегі көріністерде мың құбылады. Іштегілер мұндай сәттерде өздерінің бет-әлпеттерінде болып жатқан құбылыстарға таңдана қарайды. Өздерін бейнебір демалыс бағындағы балаларға арналған жылдам айналатын шеңбердің ішінде тұрған- дай сезінеді. Бірақбұл қолы бостыңойыны емес. Мұхиттереңінде, ғаламат су қысымында, аса қараңғылық әлемінде болып жатқан құбылыс. Бұл жердеәрбір минуттың өз қатері бар. Сондықтан да құрамның әрбір мүшесі тезірек есін жинап, оған қарсы әрекет жасауға тырысады. Әсіресе, бұл Айдынбек үшін аса жауапты сәт. Ол бұл қиын сәтте осы сапарға аттанарда Раушанның бірдемені сезгендей қарсы болғанын да ойлап үлгерді. Енді ойлансада, ойланбаса да бәрі кеш.
Айдынбек әлгі тұтқадан мықтылап ұстаған күйде түрегелуге тырысып бақты. Бірақ тұра алатын емес. Айналасындағылардыңжағдайлары да мәз емес. Кемені басқарушыларда дәл қазір ешбір ақыл-кеңессіз, бағыт-бағдарсыз қалған. Жай кезде олар ара-тұра болса да Айдынбекпен, басқа да ғалымдармен кеңесіп, Айдынбектің тапсырмасын бұлжытпай орындап отыратын. Енді қиын сәтте қиын мәселені шешу ісі өздеріне ғана қалған. Ке- менің өзосінен айналуы әлі тоқтайтын емес. Жылт-жылтеткен жарық сәулелер де енді іштегілердіңбір-бірлерін анықтап көрулеріне кедергі келтіргендей. Осы кезде бар күш-жігерін жинақтаған Айдынбек ерліккөрсетті. Ол кемеменбіргеайналсадаана тұтқадан, мына тұтқадан ұстап, кемені басқарып отырған жігіттерге жетті. Олар да бұл кезде кеменің тепе-тендік қалпын сақтау жолында қолдарынан келген әрекеттерін жасап жатқан. Айдынбек келіп жеткенде олар ерекше қуанып, жігерленіп, батылданып та кетті. Кемені сырт куштен гөрі өз дегендеріне көндіруге көшкен. Айдынбек келіп жеткенше олар расында да аса батылдық таныта алмай отыр еді. Аңдынбек келген бойда кемені басқаруды өз қолына алды. Тек содан соң ғана кеменің өз осінен шыр айналуы баяулай берді. Кемені басқарушы жігіттер Айдынбектіңбұл ерлігіне қайран болыптұра бермей, оған қолдарынан келген бар көмектерін көрсетумен болды. Ал бұл кезде байланысшы жігіттер сәл де болса естерін жиып, жер бетіндегі ел-жұртқа болып жатқан оқиғаны хабарлап жатты.
Көп уақыт өтпей су астына бірнеше сүңгуір кеме келіп жетті. Бірақбұл кезде кеменің өз осінен шыр айналуы әбден баяулап, тоқтауға да айналған болатын. Келер жағы соның өзіне де таң болған. Ал бөтен кеме сол заматта-ақатқан оқтай зымырап жүзіп көзден ғайып болған. Оның қай бағытта жүзіп кеткенін ешкім де аңғарып үлгере де алмаған. Өздерінің бастары айналып, жүректері айнып жатса, кайдан байқасын, қайдан барласын. Ғалымдар біршама уақыттан кейін олардың бұл әрекеттерін өздерінен қандай да бір істері үшін алған ақылары деп жорамалдады. Тек не үшін, кім үшін екені ешкім дедәл айтаалмады. Су толқынытынышталған кезде көмекке келген сүнгуірлерден бірнеше адам «Жайынға» қарай өтті. Сол кезде барып манадан бері бар күш-жігерін жұмсап, кеменің басқару тетігін ұстап тұрған Айдынбек босаңсып, сылқ құлап түсті... Келген дәрігерлер оны тез зембілге салып, жедел дәрігерлік жәрдем көрсететін арнайы кемеге кұбыр арқылы алып кетті. Жанағы құбылыста зардап көрген басқа ғалымдар да сонда әкетілді. Кемені басқарушы жігіттердің ішінен де әлсіреп қалғандары бар. Көмекке келгендер тездетіп арнайы тексеру құралдарымен кеменің барлық бөлім, дәліздерін мұқияттексеріп шықты. Манағы сәуле де енді зым-зия. Еш- теме болмағандай. Бейне түсіріліп болмаса, болған оқиғаны ауызбен айтып сендіру де қиынға соғар еді. Ең бастысы, кемеге де, кеменің ішіне де ешқандай зиян келмеген. Тек шыр айналғаны ғана. Айдынбек анандай жағдайға түскен сон Жебеуші ширап кетті. Айдынбек кеме өз осінен шыр айналып тұрғанда соған қармастан тұтқа тұтқадан ұстап, кемені басқара алмай қалған жігіттерге жетемін деп әрекеттенгендеталай тетіктерге соқтыққан. Оның әлсірегені қорыққаннан емес, содан алған жарақаттардан еді. Жебеуші мұныңбәрін деғалымдарға түсіндіріп берді. Содан соң кейін келген кемеден тағы бірнеше жігіт құбыр арқылы мұнда өтіп, кемені басқарушы жігіттердің біразын алмастырды. «Жайын» бірнеше кемемен қоршау-бақылауға алынды. Зерттеушілер мен «Жайынды» басқарған бірнешежігіттездетіп мұхитбетінеәкетілді. Оларға қажетіне қарай сол көтеріліп бара жатқанкезде де дәрігерлік көмек көрсетіліп жатты.