Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет25/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

Прото-жазу 
Орнын 
толтыру 
Із 
Жазу 
Прото- 
із 
Өзгешелік 
Орнын 
толтырушылық 
Сонымен қатар, дыбыстарға байланысты А. Байтұрсынұлы: «Дауысты 
дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы. Дауысты дыбыстар жуан 
айтылса, олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы; 
дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, дауыссыз дыбыстар да жіңішке 
айтылады»,-дейді [1,381]. Мысалы: ұн, үн, тұз, түз, тұр, түн, түр, жүру, жүзу, 
бүр, бүру, сүт, өсу, өну [1,40].«Ұ» мен «Ү» дыбыстарына қатысты берілген 
мысалда екі дыбыстың жуан, жіңішке айтылу ерекшеліктері берілген. Яғни, 
дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынатындығының айғағы осы 
мысалдар болып табылады. 
Жак Деррида «Грамматология жөнінде» атты еңбегінде грамматология 
мен лингвистиканың өзара байланысын, грамматологияны позитивті ғылым 
ретінде қарастырады. Дерриданың еңбегінде «із», «жазу», «прото-із», 
«өзгешелік», «прото-жазу» (сөйлеуге дейінгі жазу), орнын толтыру, орнын 
толтырушылық деген терминдердің барлығы синонимдік қатар құрайды. 
Мысалы, із, жазу, өзгешелік, орнын толтыру терминдерінде уақыттың өту 
мәнін ұғуға болады: аталған терминдердің барлығы басқа терминдерде 
көрініс таба отырып, бірін бірі алмастырады немесе алмасады [90]. 
Жак Дерриданың «Грамматология жөнінде» атты еңбегіндегі 
терминдердің синонимдік қатары 
 
Кесте 2 
Дерриданың пікірінше метафизика ұғымы - негізгі бөлшектеу нысаны, 
деконструкция. Метафизиканың көптеген ұғымдары бар: зат-идея
таңбаланушы-таңбалаушы, құбылыс-мән. Ал, деконструкция - грек тіліндегі 
«талдау» сөзінің латынша аудармасы. Деконструкцияланған ұғымдар 
Дерриданың батыстық пікірінің философиялық дәстүрінде кездеседі: 
мысалы, мән, құбылыс, мақсат, онтология, метафизика, бар болу... 


66 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет