18
дамыды. Тіл білімі, тарих, география, математика, астрономия, медицина
секілді ғылым салалары бойынша гуманизм идеяларына толы көптеген
еңбектер дүниеге келді.
Классикалық араб тілі көптеген ғасырлар бойы Орта және Кіші Азия,
Таяу және Орта Шығыс, Закавказье, Солтүстік Африка мен Оңтүстік
Испания (Андалусия) халықтарының өзара қатынас құралы болды. Күні
кешеге дейін (1929) қазақ халқы да өзге түркі тектес халықтар сияқты, араб
графикасын пайдаланғаны белгілі.
Араб тілі иран, түркі тілдеріне де едәуір әсер етті. Мысалы, кейбір түркі
мен иран тілдері сөздік қорының едәуір бөлігін араб тілінен енген сөздер
құрайды. Ал, қазақ тіліне енген араб сөздері шамамен он бес мыңға жуық.
Оларды екіге бөлуге болады: біріншісі –қазақ тіліне араб тілінен тікелей
немесе өзге шығыс тілдері арқылы (мұғалім, қала, дін, медресе т.б.), екіншісі
–европа тілдері арқылы кірген сөздер (алгебра, азимут, адмирал, альманах
т.б.).
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар
алмасатын саналы әрекет түрінде жүзеге асады. Өзара хабар алмасатын
саналы әрекет түріне ауызекі сөйлеу тілі мен жазбаша сөйлеу жатады. Жазу
тарихы қай ғасырдан бастау алады деген сауалға келер болсақ, жазу ғасыры
Орхон-Енисей жазбасынан бастау алады.
Тас бетіндегі жеке жазбалар 1722 жылдан бастап пайда бола бастады,
ХІХ ғасырдың соңынан бастап олар үлкен мөлшерде Сібір облыстарынан
(Енисейдің жоғарғы жағынан), негізінен Орхон маңынан және Монғолияның
басқа да жерлерінен табыла бастады [13,168].
Қазақ тілінің қалыптасу, даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі
тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты. Турк (түрік,түркі) сөзінің
мағынасы жөнінде айтар болсақ, ол түркі қағанатының аты, этникалық
термин болуымен қатар, өзінің негізгі байырғы «күшті,қуатты» деген
мағынасын да көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде сақтаған [14].
Орхон жазбалары тілінде орын алған сингармонизм құбылысы, яғни көп
буынды сөздердің алдыңғы буынындағы дауыстының жуан-жіңішкелігі
соңғы буындарға әсер ететіндігі (сөздің біркелкі, бір қатарлы дауыстыларды
қабылдайтыны: өзүм сансыз, атлығ), алғашқы буынында еріндік дауысты
дыбыс келетін сөздердің екінші буынында еріндік емес, езулік дауыстының
келуі (бунсыз, оғлыңа, тутдым), сөз буындарының құрылымдық типтері
(дауыссыздардың
орналасу
тәртібі:
дауысты+дауыссыз+дауысты,
дауысты+дауыссыз, дауыссыз+дауысты+дауыссыз),
Достарыңызбен бөлісу: