Сайлаугазинова Бибигуль Касенгазиновна
Семей қаласы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сыныптан тыс жұмыс
ОЙЫН САУЫҚ КЕШІ
Тақырыбы:_«Қозы_Көрпеш_–_Баянда...»_Кеш_жоспары.'>Тақырыбы: «Қозы Көрпеш – Баянда...»
Кеш жоспары.
Сипаттау.
Іңкәр сезім. (көрініс, монолог, өнер)
«Махаббат – мәңгі ертегі» (мақал-мәтелден сайыс)
Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер (салт-дәстүр, әдет-ғұрып).
Тақырыбы: «Қозы Көрпеш – Баяндай!....»
Түрі: кеш
Мақсаты:
Білімділік:
Дамыту
Тәрбиелеу
|
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы білімдерін кеңейту. Даналық пен сұлулықтың саф үлгісін көрсету. Тіл байлығы мен ой анықтығын көрсету.
Қазақ қыздарының асқан сұлулығын, ақылдылығын, ибалығын, қазақ жігіттерінің сүйгеніне деген тұрақтылығын, мәрттігін дархандығын яғни жастар бойындағы жақсылық пен жарасымдылықты жиып көрсету.
Ой-өрістерін дамыту. Сананы, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ұлтты рух пен партиотизмді дамыту. Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту.
1. Қозы мен Баянның қасиетті есімін пәк мінезін, таза әрекетін ардақ тұтып, махаббаттың қол жетпестей асқақ үлгісі ретінде көрсету.
2. Асқақ сезім махаббаты қадірлеуге, бірін-бірі сыйлауға, бағалауға тәрбиелеу. Елін, жерін, тілін сүйетін, туған халқының төл мәдениетін, әдебиетін құрметтейтін азамат тәрбиелеу.
|
1-жүргізуші'>«Қозы – Көрпеш – Баяндай!...»
1-жүргізуші
- Сен бүгін қандай күн, білесің бе? Мына жиналған жұрт неге келіп отыр?
2-жүргізуші
Армысыздар аяулы ұстаздар, қадірлі құрбы-құрдастар, достар.
Бүгін ғашықтар күніне арнап біз «Қозы-Көрпеш – Баяндай!...» атты ойын-сауық кешін өткізгелі отырмыз. Бұл қауым соған келіп отыр.
1-жүргізуші
Шынайы сезім, ақ махаббатты біздің ата бабаларымыз мирас етіп, осы күнге дейін жеткізген жырлап өткен. Ол «Қозы мен Баянның, Жібек пен Төлегеннің, Еңлік пен Кебектің, Ләйлі мен Мәжнүннің, Қалқаман мен Мамырдың. Естай мен Қорланның, Ақтоты мен Ақан серінің, Абай мен Тоғжанның» махаббатары.
2-жүргізуші
Ғашық жыры – тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі.
1-жүргізуші
Бұл сезімнің ұшан – теңіз адамзатқа берері
Ғашық соған сенеді.
Құлай сүю – ерлікпен тең себебі.
2-жүргізуші
Махаббат ол - қос жүректің әні ғой
Өзіне сай дауыс керек әр әнге
1-жүргізуші
Қадірлім – ау,
Әнсіз өмір мәнді ме?
Ән түзелсе түзейміз ғой сәнді де
Ал махаббат – таусылмайтын әңгіме.
2-жүргізуші Ән музыкалық нөмер.
1-жүргізуші
Махаббат – сезім. Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Шынайы махаббатқа үлкен ерлік, жүректілік керек.
2-жүргізуші
Семейімнің әр төбесі, әр белесі ертегі,
Топырағын басып қалсаң бір ертегі шертеді.
Көз жіберсең сонау алыс күндерге
Қаншама уыз махаббаттар ұйықтап жатыр бұл жерде.
1-жүргізуші
Енді ортаға қойнауы шежіре мен аңыздарға толы, талай ғашықтарды махаббат бесігінде тербеткен қарт Семейдің бүгінгі ұрпақтарын шақырайық. 10, 11 сынып оқушылары
2-жүргізуші
Бабамыздың арманы
Сендерсіңдер жастарым
Бұдан асқан нұрлы шаттық бола ма?
Ұқсап туған екенсіңдер далаңа
Міне, осындай жаны мұхит жастармен
Бізге сұлу көрінеді замана.
1-жүргізуші
Біздің бүгінгі кешіміздің мақсаты осы жастардың ішінен Қозы Көрпеш пен Баян сұлуын таңдап алу. Оны біздің әділқазыларымыз анықтайды.
2-жүргізуші
Әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік:
Бүгінгі кештің төрешісі сіздерсіздер.
1-жүргізуші
Сұлулығы кем емес қой Баяннан
Ақылдары кем түспейді Жібектен.
Сендерде бар тым сезімтал көз, көңіл
Көңілі мен көздеріндей өзгенің
Ән «Сұлу қыз». Сайысқа қатысушылар орындайды.
2-жүргізуші
Бірінші сайысымыз – сипаттау.
Біздің сайыскерлеріміз бір – бірлерінің жақсы қасиеттерін сипаттап көпшілікке жеткізе білулері керек.Сипаттауда қазақ халқының саф алтындай сөз байлығының мол қорын,ақындық суырыпсалмалық қасиетін пайдаланулары қажет.
Музыкалық номер. би.
1-жүргізуші
Инабатты, албырт әрі ұятты,
Алаулаған желегі
Соңымыздан асау ұрпақ, арынды ұрпақ келеді
Оларға пәс болар әлі
Бізге биік көрінетін төбелер.
Біз сүрінген кезеңдерден
Біз жүзуге жасқанған өзендерден.
Солар жүзіп өтеді деп сене бер.
Бұған күмән келтірудің азаматтық болмаста
Бүкіл адам іздегенмен бақыт жолын, бақ жолын,
Ешкім оңай таба алмайды Абайы мен Тоғжанын.
2-жүргізуші
Біздің қыз-жігіттеріміз «Іңкәр сезім» бөлімінде өз өнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші
Қане ортаға кім келеді біздің жастарға қошемет көрсетіп, қол шапалақтап отырайық.
2-жүргізуші
Көркем дауыс, көркем үн
Ойлы өлеңнің өсіреді-ау өркенін!
1-жүргізуші
Уақытқа сән қосатын өзекті
Енді әнге бермейміз бе кезекті
Музыкалық номер.
2-жүргізуші
Қолданғын мақал-мәтелді
Танылсын әдеп, тектілік
Сөздердің шығып әсерлі
Жүрекке жатсын дөп тиіп.
1-жүргізуші
Мақал мен мәтел ой-көмбе.
Басын айтса, жалғасын
Дәл тауып айтсын өзге
Білімділік, жылдамдық көрсетіп
Асығыңыз бұрын сөйлеуге.
Яғни жалғастырып отырыңыз лезде.
1-жүргізуші
Жандырып сөйле, тап бабын,
Сөзіңде терең мән жатсын
Сананың кезіп соқпаған,
Ұлағат болып жалғассын.
Мақал-мәтел сайысы
2-жүргізуші
Әсем ән көпшілікті әлдилесіп,
Берейік тағы да бір әнге кезек.
Музыкалық номер.
1-жүргізуші
Көктегі жұлдыз – ұл мен қыз
Ата-ана үмітін жалғаған
Бәрі де бабам жүрген із,
Жалғасып жатыр арман-ән.
2-жүргізуші
Атадан қалған мұраны
Жатады жампоз ұл жалғап
Ұл-қияның қыраны,
Қыз құлпырған қызғалдақ.
1-жүргізуші
Өнегелі ұл өсер
Тәлімі жақсы тектіден
Ана көрген тон пішер
Хабардар салт-дәстүрден.
2-жүргізуші
Экраннан өздеріңізге тапсырма таңдап алыңыздар. Ой тереңдігі мен қиял ұшқырлығын көрсетер кез келді.
1-жүргізуші
Көрермен бір серпілмек
Кезек кеп ұлттық дәстүрге
Желбіреп туы желкілдеп,
Кім жеңер екен осы сайыста
2 – жүргізуші
Жарасқан қыз Жібек пен Төлегендей
Көңілді көрікті ойға бөлегендей,
Бүгін сіздерді
Жар болып Алла өзі жібегендей.
1-жүргізуші
Бүгінгі кеш ол да өтті
Түніндей жаздың қас қағым.
Анықтайтын кез жетті
Алатынын кімнің
Қозы мен Баян атағын.
2-жүргізуші
Сөз берейік әділ қазыға
Әділдік үлкен қазына
Лайық деп тапты кімдерді
Баян менен Қозыға
Әділқазыларға сөз беріледі.
1-жүргізуші
Бірліктерің бұзылмастан
Кештіңдер талай сынды бастан
Айналыпты күдік күлге
Үміт гүлге бөленіпті
Әділ қазы өздеріңізді
Қозы мен Баян деп,
Атағанды жөн көріпті
2-жүргізуші
Қара үзіп жеттіңдер бәйгеден,
Сүрінбей өттіңіздер сындардан!
Жүйрікке ғана тән кілең
Алдарыңнан шықсын нұрлы арман
1-жүргізуші
Ғашық көңіл-мәңгі жасыл айдын көл
Ғашықтықпен өткен күндер ған өмір
Ал қалғаны жай күндер.
2-жүргізуші
Біз одан да бүкіл адам аңсаған,
Бүкіл адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,
Аузы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсаған
Кез-келгеннің бақшасында піспейтін,
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Зор махаббат тілейміз біз сіздерге.
1-жүргізуші
Сау болыңыздар!!!!!
Достарыңызбен бөлісу: |