в) Кестелік әдіс
Кейбір елдерде мемлекеттік органдар амортизацияны санауды реттейді. Көбінесе, бұл әдістемелер амортизацияның жалпы мерзімін қысқартуды көздемейді. Олар бастапқы баланстық құнын түсіру үлестерін көрсететін арнайы кестелерді құрастыруға негізделген. Мысалы АҚШ-та он бес жылдық мерзім берілсе, алдыңғы 5 жылға амортизация нормасы 12, 10, 9, 8, 7% құрайды, келесі төрт жыл ішінде ол 6% тең, ал қалған алты жыл ішінде 5% болады. Жою құны есебке алынбайды.
Талдау өлшемі ретінде жабдық құнының жартысы амортизацияланатын мерзімді атауға болады. Бұл мерзімді медианды деп атауға болады.. Бұл шама неғұрлым аз болса, солғұрлым амортизация мерзімі тезірек өтеді. Бұл мерзімді w деп белгілейік. Кейбір жағдайларда оны формула арқылы анықтауға болады, мысалы сызықты модель үшін ол келесі болады:
Егер жою құнын ескермесе w = п/2.
Үлестер әдісі үшін w келесі теңдеуден анықтауға болады
Осыдан
Қосындылар әдісі үшін w шамасын баланстық құнының өзгерісін сипаттайтын мәліметтердің интерполяциясын тауып анықтайды.
Баяулатылған амортизацияға келсек, іс жүзінде ол өте сирек кездесетін құбылыс, оны не кестелік әдіс арқылы не жиналған резерв (төменде сипатталған) әдісі арқылы жүзеге асырады.
Амортизация сомасына процентті есептеу арқылы қолданылатын әдістер
Достарыңызбен бөлісу: |