Тақырып 2. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары (1 сағат)
Сабақ мақсаты: студенттерді негізгі капитал ұғымымен, негізгі қорлардың құрамымен, тозу түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі қорларды сипаттайтын көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше есеп шығаруды үйрету. Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі.
Есептер
1.1. Жабдықтың бастапқы бағасы 120 млн. теңге. Қызмет ету мерзімі іс жүзінде — 7 жыл. Амортизация нормасы 6 %. Жабдықтың қалдық бағасын анықтаңыз.
1.2. Амортизацияның жылдық нормасын және сомасын келесі мәліметтер бойынша анықтаңыз:
Бастапқы құны — 10 млн. теңге.
Жойылатын жабдықты өткізуден түсетін түсім — 1,2 млн. теңге.
Жоюға байланысты шығындар — 0,5 млн. теңге.
Нормативтік қызмет ету мерзімі — 8 жыл.
1.3. Экономикалық моральдық тозу көлемін анықтаңыз:
Ескі машинаның бастапқы бағасы — 20 млн. теңге.
Ескі машинаның өнімділігі— 10 мың дана жылына.
Ескі машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 10 жыл.
Жаңа машинаның құны — 8 млн. теңге.
Өнімділігі — 30 мың дана жылына.
Ескі машинаның қызмет етуге қалған жыл саны— 2 жыл.
Жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 5 жыл.
1.4. Амортизация нормасы — 10,4 %. Егер нормативтік қызмет ету мерзімі 4,6 жылға қысқарса амортизация нормасы қалай өзгеру керек. Жою құнын ескермеуге болады.
1.5. Тәулік ішінде цехте 50 станок қызмет етті. Оның ішінен бір сменада жұмыс істейтін 20 станок болды, 2 смена істейтін — 10, 3 смена істейтін — 20. Цехте барлығы 60 станок қойылған. Сменалық коэффициентін анықтаңыз.
1.6. Қойманың толық бастапқы құны — 60 млн. теңге, оның ішінде ғимарат 50 млн. теңге, жабдық құны — 10 млн. теңге. Қайта есептеу мезетіне жабдық бағаларының индексы 0,8, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының индексы 1,02. Қойманың қайта есептелінген құнын анықтаңыз және моральдық тозуын табыңыз (абсолютті және салыстырмалы өлшемде).
Әдебиет
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 159-185 б.
Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 150-167 б
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 146-165 б.
Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,
2002 ж., 12-24 б
«Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер
жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 4-8 б
Достарыңызбен бөлісу: |