Пәні: Медициналық-санитарлық тәжірибе жинақтау
Мамандығы: 0105000 – «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105083 – «Ағылшынша білімі бар бастауыш білімберу мұғалімі »
Тобы: ББ-Б-19
Күні: 07.04.20ж
Саламатсызба ағай!
1-тапсырма Сұрақтарға жауап бер
Карантин кезінде қойылатын талаптар
Жұқпалы ауруларды тоқтатуға жасалтын іс-шаралар
Обсервациялық дегеніміз не
Дезинфекция түрлеріне ізденіс жасаңыз
Ескерту: 2 күн ішінде жаукап беру
Карантин кезінде қойылатын талаптар
Уақытылы анықтау мен ауырған адамдарды оқшаулау және алдын-алу шараларын жүзеге асыру үшін зақымдану ошағына бақылау орнатады. Ауырған адамдарды бақылау және күнделікті сұрау арқылы анықтайды.Карантин болған территорияға қарулы күзет тағайындалады, комендантты күзет ұйымдастырылады, іс-қимылдар реттеледі. Адамдардың щығуына, жануарларды алып шығуға және заттарды тасуға тыйым салынады. Кіру (кіргізу) тек азаматтық қорғаныстың арнайы бөлімі мен медицина қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.
Карантин аймағында орналасқан полиграфия нысандары ерекше жұмыс тәртібіне көшіп, эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң орындайды. Жұмыс ауысымдары бөлек топтарға (құрамы азайтылған) бөлініп, бір-бірімен ара қатынасын қысқартады. Жұмысшылардың тамақтануы мен демалуын топтарға ұйымдастырып, арнайы бөлмелерде жүзеге асырылады. Карантин аймағында оқу орындарының жұмысы тоқтап базарлар мен сауда орындары жабылады.Кезекті алдын-алу және санитарлы-гигиеналық іс-шаралар ошақта дезинфекция мен дератизация санитарлы өңдеу жүргізіледі. Ошаққа азық-түлік пен заттарды кіргізу арнайы пункт арқылы медициналық қызметтің қатаң бақылауымен жүргізіледі.Егер қоздырғыш түрі аса қауіпті емес түрге жатса және жаппай ауру қаупі болмаса енгізілген карантинді обсервацияға ауыстырады.
Жұқпалы ауруларды тоқтатуға жасалтын іс-шаралар
Елдi мекеннiң (ауыл, кент, қала) аумағында осы қаулымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес жұқпалы аурулар жағдайлары (iндетi) туындаған кезде, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдар тиiстi аумақтарда мынадай шектеу iс-шараларын жүргізедi:
1) жұқпалы аурулардың ықтимал таратушы көздерi болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық тексерудің терiс нәтижелерi алынғанға дейiн жұмыстан шеттету;
2) жұқпалы аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызу;
3) жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды iндеттiк көрсетiмдерi бойынша инкубациялық кезең мерзімiне ауруханаға провизорлық жатқызу;
4) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылуы жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған объектiлердi пайдалануды тоқтата тұру.
Обсервациялық дегеніміз не
Обсервациялық зерттеу дегеніміз - зерттеуші қандай-да бір айнымалы мәнін бақыламай тек тақырыпты бақылайтын зерттеу. Зерттеудің бұл түрлері негізінен әлеуметтік ғылымдарда қолданылады. Әлеуметтану, антропология және т.б. сияқты пәндерде адамның мінез-құлқын түсіну үшін бақылау жұмыстары қолданылады. Мінез-құлық заңдылықтарын түсіну үшін обсервациялық зерттеулерді жаратылыстану ғылымдарында да жүргізуге болады.
Дезинфекция түрлеріне ізденіс жасаңыз
Дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
дезинфекциялық жабдық – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуге арналған аппараттар мен қондырғылар;
дезинфекциялық құралдар (бұдан әрі – дезқұралдар) – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер.
Сау болыңыз ағай!
Достарыңызбен бөлісу: |