Кездейсоқ шамалар туралы жалпы түсініктер
Анықтама. Тәжірибенің нәтижесінде әртүрлі мән қабылдай алатын шаманы кездейсоқ шама деп атайды.
Кездейсоқ шамалар Х, У арқылы белгіленеді де оның мәндерін х1, х2, ..., хn; у1, у2, ..., уn арқылы белгілейді. Кездейсоқ шамалардың қабылдайтын мәндеріне қарап, оларды екі топқа бөледі: дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар.
Х кездейсоқ шамасының қабылдайтын мәндері ақырлы бүтін сандар немесе тізбек түрінде жазылса, онда ондай кездейсоқ шаманы дискретті деп атайды.
Егер Х кездейсоқ шамасы шекті немесе шексіз интервалдың барлық мәндерін қабылдайтын болса, оны үздіксіз кездейсоқ шама деп атайды.
Мысал. Ойын сүйегін лақтырғанда түсетін ұпайлар саны дискретті кездейсоқ шама. Оны Х арқылы белгілесек, қабылдайтын мәндері 1,2,3,4,5,6 болады.
Дискретті кездейсоқ шаманы анықтау үшін әдетте кесте құрады. Оның біріші жолына кездейсоқ шаманың қабылдайтын мәндері, ал екінші жолына сол мәндерді қабылдау ықтималдықтары жазылады.
|
Х, мәндер
|
Х1
|
Х2
|
...
|
Хn
|
Р, ықтималдар
|
Р1
|
Р2
|
...
|
Рn
|
|
|
|
Кесте - 7.1. Х кездейсоқ шамасының үлестірім кестесі
|
|
Бұл құрылған кестені Х кездейсоқ шамасының үлестірім кестесі (заңы) деп атайды. Үлестірім кестесінің екі қасиеті бар:
1) екінші жолда тұрған сандар теріс емес, яғни pi 0;
2) екінші жолда тұрған сандардың қосындысы бірге тең, яғни
ықтималдықтар болғандықтан . Ал екінші қасиетке келсек (7.1) теңдіктің сол жағы Х кездейсоқ шамасының х1, х2, ..., хn мүмкін мәндерінің әйтеуір бірін қабылдайтындығын көрсететінінен шығады, яғни х1, х2, ..., хn бірікпейтін толық топ құрады.
Егер Х кездейсоқ шамасы х1, х2, ..., хn,... мәндерін қабылдаса, онда оның үлестірім кестесі жоғарыдағы сияқты жасалады, бірақ i=1,2,...,n,... болып (77.1) теңдік орнына
теңдігі орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |