Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері



бет237/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   626
280-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері

      1. Бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесіндегі ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар хеджирлеу болып табылады. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтілетін мәмілелерге байланысты ақша ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.

      2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін төмендетуге алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисап жасайды.

      3. Өзі бойынша хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша кіріс немесе залал салықтық есепке алуда хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.

      4. Өзі бойынша хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша кіріс немесе залал мұндай кіріс немесе залал тиісінше осы Кодекстің 278 және 279-баптарына сәйкес танылған салықтық кезеңде тиісінше жылдық жиынтық кіріске қосылады немесе шегерімге жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет