Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу



бет257/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   626
303-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алған кірістерінен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде төленген кіріс немесе пайда салығының немесе корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында – шетелдік табыс салығы) сомалары осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға жатады.

      Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған кірістердің және төленген салықтардың сомасы туралы анықтама болып табылады.

      Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған кірістердің және төленген салықтардың сомасы туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.

      Шет мемлекетте төленген шетелдік табыс салығының сомаларын корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жатқызу кезінде салық төлеуші салық органының камералдық бақылау жүргізу мақсатында талап етуі бойынша осы тармақта көрсетілген анықтаманы ұсынуға құқылы.

      2. Резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған:

      осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған;

      осы Кодекстің 241-бабына сәйкес түзетілуге жататын;

      шет мемлекетте осындай кірістерден шетелдік табыс салығының төлену және (немесе) ұсталу фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын кірістерінен есептелген шетелдік табыс салығына Қазақстан Республикасында шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде есепке жатқызу берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы шетелдік табыс салығының іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төленуге жататын шетелдік табыс салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      3. Осы бапта көзделген, есепке жатқызылатын сомалардың мөлшері әрбір шет мемлекет бойынша жеке айқындалады.

      Бұл ретте, шетелдік табыс салығының есепке жатқызылатын сомасының мөлшері мынадай сомалардың:

      1) резидент-салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алған кірістерден шет мемлекетте іс жүзінде төленген шетелдік табыс салығы сомасының;

      2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төленуге жататын шетелдік табыс салығы сомасының;

      3) Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден корпоративтік немесе жеке табыс салығы сомасының ең азын білдіреді.

      Салық төлеуші осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде көрсетілген кіріс алынуға жататын (алынған) салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізеді.

      Кіріс шет мемлекетте көрсетілген кіріс осы Кодекске сәйкес танылатын салықтық кезеңнен ерекшеленетін салықтық кезеңде танылған жағдайда, резидент-салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осындай кіріс есепке жазылған салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізуге құқылы.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағының ережелеріне қолданылмайды.

      4. Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының мынадай формула бойынша есептелген сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға жатады:

      Се = П х Ү х Мт/100%, мұнда:

      Се – есепке жатқызылуға жататын шетелдік табыс салығының сомасы;

      П – осы Кодекстің 297-бабына сәйкес резидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісіне қосылған, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;

      Ү – осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын, резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу немесе тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау жасау коэффициенті;

      Мт – осы Кодекстің 294-бабына сәйкес айқындалатын тиімді мөлшерлеме.

      Осы тармақтың ережелері мыналар:

      1) бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;

      2) тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания;

      3) өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иеленетін не жанама бақылау жасауға ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген мемлекеттерде бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан 20 пайыздан азды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша шетелдік табыс салығы төленген жағдайда қолданылады.

      Егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі және одан көп шет мемлекетте шетелдік табыс салығы салынған жағдайда, онда тиімді мөлшерлемесі осындай шет мемлекеттерде төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемелерінің ішінен ең үлкен шамасын құрайтын шетелдік табыс салығы ғана есепке жатқызуға қабылданады. Осы абзацтың ережелері:

      1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иелену немесе жанама бақылау жасау кезінде және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы екі және одан көп мемлекетте (осындай жанама иелену немесе осындай жанама бақылау өзі (өздері) арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлға (тұлғалар) тіркелген) төленген кезде немесе

      2) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей иелену немесе оған тікелей бақылау жасау кезінде бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы:

      бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады.

      Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей және жанама иеленген не резидентте осы компанияға тікелей немесе жанама бақылау болған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға жататын сомасы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) әрбір тікелей және жанама иелену не осы компанияны тікелей және жанама бақылау бойынша жеке есептеледі. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей және жанама иелену не осы компанияны тікелей және жанама бақылау бойынша жеке есептелген осындай шетелдік табыс салығы шамаларының сомасы осы тармаққа сәйкес есепке жатқызуға жатады.

      Осы тармақты қолдану үшін резидентте:

      1) осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы қолдану жағдайында – бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында:

      салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс;

      2) осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану жағдайында:

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасының қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      мынадай құжаттардың бірі:

      уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат;

      тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормаларды белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде шет тілде жасалған заңнамалық актінің (актілердің) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігі сегізінші абзацының ережелері мыналар:

      уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат немесе

      шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормаларының белгіленгені туралы резидентте бар мәліметтер уәкілетті органда болмаған жағдайларда қолданылады.

      Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында, резидентте:

      салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс;

      3) осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану жағдайында:

      өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иеленетін немесе оны жанама бақылауға ие болатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иеленетін немесе оны жанама бақылауға ие болатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық пайдасына бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иеленетін немесе оны жанама бақылауға жанама ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      мынадай құжаттарының бірі:

      уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат;

      өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иеленетін немесе оны жанама бақылауға ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына осындай мемлекетте салық салу туралы нормаларды белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде шет тілде жасалған заңнамалық актінің (актілердің) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігі сегізінші абзацының ережелері:

      уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат;

      шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың белгіленгені туралы резидентте бар мәліметтер уәкілетті органда болмаған жағдайларда қолданылады.

      Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында, резидентте:

      салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;

      төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.

      Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында өздерінің заңнамалық актілерінде:

      резиденттердің әлемдік кірістеріне;

      бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалар белгіленген шет мемлекеттердің тізбесін орналастырады.

      Осындай ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру мақсаттарында уәкілетті орган оны қолданыстағы халықаралық шарттар шеңберінде ақпарат алмасу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан сұратуға немесе осындай ақпаратты осындай ақпараты бар халықаралық ұйымдардың интернет-ресурстарынан немесе олардан сұрау салу бойынша алуға құқылы.


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет