Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын, қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар



бет337/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   626
397-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын, қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар

      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.

      2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларға мыналар жатады:

      1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар лицензия негізінде жүзеге асыратын мынадай банк операциялары мен өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргізетін операциялар:

      жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

      жеке және заңды тұлғаларға тиесілі аффинирленген бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың физикалық саны көрсетілетін аталған тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;

      аударым операциялары, оның ішінде пошталық ақша аударымдары;

      банктік қарыз операциялары;

      кассалық операциялар;

      шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

      төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

      аккредитивті ашу (ұсыну) және растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

      банктердің ақшалай нысанда орындауды көздейтін банк кепілдіктерін беруі;

      банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындауды көздейтін банк кепілгерліктерін және өзге де міндеттемелерді беруі;

      банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;

      2) ислам банкінің лицензия негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:

      жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін пайызсыз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;

      банктік қарыз операциялары: мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және сыйақы өндіріп алмай ақшалай нысанда кредиттер беру;

      3) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;

      4) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың көрсетілетін қызметтері;

      5) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) көрсетілетін қызметтері;

      7) банкаралық клиринг бойынша көрсетілетін қызметтер;

      8) төлем карточкаларымен, электрондық ақшамен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;

      9) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельдерді, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін басқару жөніндегі қызмет;

      10) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша көрсетілетін қызметтер;

      11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының әлеуметтік төлемдерді және ерікті зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық кірісті бөлу және есепке жатқызу бойынша көрсетілетін қызметтері;

      12) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды шоғырландыру, денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтері;

      13) қатысу үлесін өткізу;

      14) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;

      15) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтер;

      16) кредиттік серіктестіктер өздерінің қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:

      төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларды орындау түріндегі аударым операциялары;

      ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру түріндегі қарыз операциялары;

      кассалық операциялар;

      кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді және өзге де міндеттемелерді беру;

      17) екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қызмет көрсетілетін заңды тұлғалар санаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған металл шоттар арқылы инвестициялық алтынды өткізу;

      18) кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру;

      19) осы баптың 3-тармағында көрсетілген операциялар.

      3. Ислам банкі сатып алушыға өткізетін тауардың үстеме бағасының Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шарттың талаптарында айқындалатын сомасы қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақтың ережелері:

      1) тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату туралы шарттарсыз;

      2) тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ислам банкі мүлікті берген жағдайда қолданылады.

      Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі жағдайларына қолданылмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет