Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі



бет413/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   626
486-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі

      1. Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы осы Кодекстің 484-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 484-бабының 2-тармағында айқындалған салық салу объектісіне осы Кодекстің 485-бабының 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.

      2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 484-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне осы Кодекстің 485-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді.

      3. Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салықтың сомасынан асып кеткен немесе олардың сомалары тең болған кезде бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

      4. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік салықты осы Кодекстің 709-бабының 9-тармағында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

      5. Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган өз шешімімен өздерінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) аумақтық органдарының мыналар:

      осындай құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу;

      осындай құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың жұмыскерлеріне есепке жатқызылған, төленген төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерді бір мезгілде орындауын тануға құқылы.

      6. Мемлекеттік мекемелер салықтық кезең үшін есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленген еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.

      7. Салықтық кезеңде осы баптың 6-тармағында көрсетілген төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесі салықтық кезеңге ауыстырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет