Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау



бет46/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   626
64-бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау

      1. Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жеріндегі салық органына жазбаша хабарлайды.

      Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөлу балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

      1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салықтық есептілігін ұсынады.

      2. Таратудың салықтық есептілігі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салықтық есептiлiгiнде көрсетiлген салықтарды, бюджетке төленетiн төлемдердi және әлеуметтiк төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салықтық есептiлiгi ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.

      Егер таратудың салықтық есептiлiгiнiң алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетiлген салықтарды, бюджетке төленетiн төлемдердi және әлеуметтiк төлемдерді төлеу мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептiлiгi ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрілмей жүргiзiледi.

      4. Салық органы салықтық тексеруді қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық өтінішін алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.

      5. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салықтық тексеру аяқталғаннан кейін өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бөлу балансын ұсынады.

      Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.

      Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

      Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтық берешек болмаған кезде:

      1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде осы Кодекстің 101-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады;

      3) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың бюджетке артық (қате) төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады;

      4) айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде осы Кодекстің 106-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.

      Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды бір мезгілде мынадай шарттар сақталған жағдайда:

      1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаса;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болмаса;

      3) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлды есепке жатқызуды және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініш болмаса, салықтық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салықтық берешек, әлеуметтiк төлемдер бойынша берешек, салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды:

      1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген күннен;

      2) салықтардың, бюджетке төленген төлемдердің, өсiмпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен;

      3) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұсынады.

      6. Салық органы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңадан құрылған заңды тұлғалардың орналасқан жеріндегі салық органына бөлінген заңды тұлғаның жеке шоттары бойынша сальдоны бөлу балансының негізінде береді.

      7. Таратудың салықтық есептілігін ұсынуды қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салықтық мiндеттемесiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.

      8. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеуге қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша оның салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуге негіз болып табылмайды.




Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет