Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін бюджетке берешек есебіне өткізу есебінен өндіріп алу



бет98/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   626
124-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін бюджетке берешек есебіне өткізу есебінен өндіріп алу

      1. Салық органы тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда, оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шығарады.

      Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелері қоса беріле отырып, уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.

      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салықтық берешек шотына өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу арқылы жүзеге асырады.

      Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      3. Уәкілетті заңды тұлға сот орындаушысы тыйым салған, билік ету шектелген мүлікті өткізген жағдайда, осындай мүлікті өткізуден түскен ақша сомасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген борышкер мүлкінің есебінен талаптарды қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет