135-бап. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды қарау тәртібі
1. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды қарау "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган алдын ала түсіндірмені дайындау барысында салық төлеушіні алдын ала түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар қосымша мәліметтер алу үшін шақыруға құқылы.
3. Алдын ала түсіндірме салық төлеуші ұсынған мәліметтер мен құжаттардың шегінде жүзеге асырылады.
17-тарау.ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Достарыңызбен бөлісу: |