Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың кірістеріне салық салу тәртібі



бет262/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   626
309-бап. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың кірістеріне салық салу тәртібі

      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың осы Кодекстің 307-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кірістерінен корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстің 72-тарауында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.



310-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін кірістер бойынша салық агентінің салықтық міндеттемені орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару тәртібі

      1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді резидентке – кірісті түпкілікті (нақты) алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде салық агентінің бір мезгілде мынадай шарттар орындалған:

      1) мыналар:

      депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғалардың атаулары;

      депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпарат;

      депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атаулары және деректемелері немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірлері мен күндері қамтылатын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімі немесе депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжат болған;

      2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты болған кезде осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен мұндай кірістерге төлем көзінен табыс салығын салмауға немесе резидент-жеке тұлғаның кірістеріне осы Кодекстің 320-бабының 2-тармағында көзделген табыс салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат салық агентіне осы Кодекстің 666-бабының 4-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей ұсынылады.

      Егер депозитарлық қолхаттарға меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың резидент-эмитенті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тізімін Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым жасайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген, депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес номиналды ұстау қызметтерін көрсететін мынадай тұлғалардың бірі береді:

      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым;

      клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасын есепке алуды және оларға құқықтарды растауды, олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, клиенттердің құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша қызметтер көрсететін, сондай-ақ осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарына құқықтарды есепке алу мен растауды және бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын өзге де ұйым.

      2. Салық агенті салық органына ұсынатын салықтық есептілікте осы Кодекске сәйкес есепке жазылған (төленген) кірістердің және ұсталған, ұстап қалудан босатылған салықтардың сомаларын, табыс салығының мөлшерлемелерін көрсетуге міндетті.

      3. Салық агенті осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртіппен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді бейрезидент – депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы резидентке төлеу кезінде осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстап қалуға міндетті.

      Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 647-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде аударуға жатады.

      4. Салық агенті резиденттің – түпкілікті (нақты) кіріс алушының кірістерінен ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, осы Кодекске сәйкес мұндай резиденттің төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқығы бар.

      Бұл ретте резидент өзі дивидендтер түріндегі кіріс алған кезең үшін салық агентіне:

      1) депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаттың;

      3) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістің алынғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды резидент төлем көзінен ұсталған табыс салығының бюджетке соңғы аударылған күнінен бастап осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін ұсынады.

      Бұл ретте резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.

      5. Салық агенті өзінің тұрған жеріндегі салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі резиденттің кірістерінен табыс салығын ұстап қалу және аудару жүргізілген салықтық кезең үшін резиденттер үшін көзделген салықтық мөлшерлеме қолданылған кезде салық салуды азайту немесе одан босату сомасына төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисап ұсынуға құқылы.

      Аталған жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын есепке жатқызу салық агентіне осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет