Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері



бет321/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   626
380-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері

      1. Егер осы Кодекстің 381-бабында өзгеше көзделмесе, өткізу бойынша айналымның мөлшері, егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле тараптары бағалар мен тарифтерге қосылған құн салығын қоспай қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ретінде айқындалады.

      Тауар төлемді бөліп төлеу талаптарымен өткізілген кезде өткізілетін тауардың құны шарттың талаптарында көзделген барлық төлемдер ескеріле отырып айқындалады.

      2. Үшінші тұлғалар үшін төлеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері комиссиялық сыйақы мөлшерінде айқындалады.

      3. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы:

      1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын беру кезінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсететін осындай акцизделетін тауарды өндірушінің өткізу бойынша айналымының мөлшеріне енгізілмейді;

      2) қалған жағдайларда – өткізу бойынша айналымның мөлшеріне енгізіледі.

      4. Қосылған құн салығын төлеушінің тауарлардың қалдықтары түріндегі айналымының мөлшері қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген), осындай тауарлардың айналымды жасау күніне баланстық құны мөлшерінде айқындалады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін қосылған құн салығын төлеушіде:

      1) қайта ұйымдастыруға байланысты, ол қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған кезде, сондай-ақ бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде – бөлу балансында немесе беру актісінде көрсетілген, бірақ қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген) баланстық құннан төмен емес тауардың айналымды жасау күніне құны;

      2) қалған жағдайларда – қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген), тауардың айналымды жасау күніне баланстық құны тауардың баланстық құны болып табылады.

      Қосылған құн салығын төлеуші тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым бойынша осы Кодекстің 215-бабына сәйкес тауарлардың қалдықтары жөніндегі салықтық тіркелімді жасайды.

      5. Қосылған құн салығын төлеуші бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жасайтын айналымның мөлшері осы Кодекстің 382-бабына сәйкес айқындалады.

      6. Осы бөлімнің мақсатында шетел валютасындағы операция айналымды жасау күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет