Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою



бет63/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   626
82-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою

      1. Мыналарды:

      1) мемлекеттік мекемелерді;

      2) резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін;

      3) 01.01.2019 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызметі бойынша қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар осы бапта айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.

      2. Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

      Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей мына тәсілдердің бірімен:

      1) өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште;

      2) электрондық нысанда беріледі.

      Салықтық өтінішті электрондық нысанда беру туралы ереже тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

      Айналым мөлшерін:

      1) жаңадан құрылған резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін солар арқылы жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер – әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;

      2) салық органдарында дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар – салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

      3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер – салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;

      4) өзге де салық төлеушілер – ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап, өсу қорытындысы бойынша айқындайды.

      3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде айқындалады.

      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін бюджетпен есеп айырысуларды шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асыратын салық төлеуші айналымды айқындау кезінде осы арнаулы салық режиміне жататын қызметті жүзеге асырудан түсетін өткізу бойынша айналымды есепке алмайды.

      4. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 мың еселенген мөлшерін құрайды.

      5. Егер құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге де жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарушы орналасқан жеріндегі салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өзі келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беруге міндетті. Өзге жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарушыны міндетті түрде есепке қою осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің бірінші басшысы, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен береді.

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.

      Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

      7. Осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiшті ұсынбаған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген, тұлға анықталған кезде салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 115-бабында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.

      8. Салық төлеушi осы баптың 7-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiшті ұсынбаған жағдайда, осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Кодекстің 118-бабында айқындалған тәртіппен салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

      Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет